Дипломдық жұмысы Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында дарынды балалармен бастауыш сынып мұғалімінің жұмысының ерекшеліктері


Қазақ тілі сабағын оқытуда кіші мектеп жасындағы дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері



жүктеу 0,86 Mb.
бет3/5
Дата21.12.2017
өлшемі0,86 Mb.
#5256
түріДиплом
1   2   3   4   5

2.2. Қазақ тілі сабағын оқытуда кіші мектеп жасындағы дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері.
Қазір республикамыздың білім мекемесі педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет теуіне мүмкіндік алады.Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұнымен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес таңдап, тәжірибеге енгізудің маңызы зор.Осының бәрі қазіргі бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-шығармашылық деңгейіне анағұрлым жоғары талаптар қойып отыр.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Оқыту мазмұнын жетілдірудің бір жолы ретінде көлемді тараулар мен тақырыптарды іріленген бөліктерге біріктіріп оқытуды жүзеге асыруға болады. Оқытудың табысты болуы әр сабақтың мазмұны, құрылымы, әдістері талапқа сай болып, оқушылардың білімді игеру деңгейлерін анықтау бір-бірімен байланыста жүреді.

Педагогикалық технологиялардың қайсысы болсын оқытудың тың әдістемесі немесе мүлдем жаңаша жолдарын қарастырады деп түсінбеу керек. Керісінше, адамзат баласының өзі ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, ең тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, жеңіл жолдарын іздеу,классикалық педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту болып табылады.

Білім беру технологияларының мынадай принциптеріне сүйену керек:


  • барлық сабақта оқушы ролінің жоғары да нәтижелі болуы, ол әрекеттену субъектісі, оқу үрдісінің басты кейіпкері.

  • оқушының жеке қабілеттерін есепке алу/ зерттелген талант түрлері, зерделіе ерекшеліктері, қызығушылығы, бейімділігі.

  • оқу үрдісіндегі жоғары шапшаңдығы, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Педагогикалық технологиялардың қайсысы болмасын оқушылардың өз бетінше, дербес ізденуіне жол ашады, шығармашылық жұмыстарға баулиды.

Біздің мақсат оқушының бірінші сатыдан шығармашылық сатыға жетуіне жол ашу, жағдай туғызу.

Ал оқушылардың қаншалықты дәрежеде дамығандығы әр тарау бойынша жүргізілген өзіндік жұмыстары, тест тапсырмалары және бақылау жұмыстары арқылы анықталады.

Сонымен қатар қазақ тілі сабақтарында ұлттық ойындар оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруда, шығармашылық қабілетті дамытуда өте тиімді екенін айта кеткеніміз жөн. Сабақта пайдаланылған жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, алуан мәлімет, дағды мен шеберліікті меңгертеді. Алға мақсат қоя білуге төселеді, білгенін соған жұмсайды. Алайда, ойынды үнемі пайдаланып отыруға да болмайды. Ойынның белгілі бір уақыттарда жүзеге асырылып,сабақ кезеңдерінде нұқсан келмейтіндей жымдасып жатуын көздеу қажет.

Сондай-ақ И.П.Ивановтың ұжымдық шығармашылық технологиясы бойынша мұғалім мен оқушы арасындағы демократиялық ашық қарым-қатынас орнатылады. Себебі бұл сабақтарда түрлі әдістерді, соның ішінде «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын дамыта оқыту жүйесінің элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың бойында бізге беймәлім қасиеттер мен қабілеттерінің бар екендігін және оны сыртқа шығарудың жолдарын табуға болатындығын байқауға болады.Сабаққа енжар қатысып отыратын оқушылардың бойында ерекше белсенділік пайда болады. Жеке-дара жұмыс жасап ізденетін оқушылар көппен, яғни топпен бірге жұмыс істегенде шешуші бір мақсатқа, нәтижеге жететіндігін түсінді.Өзара қарым-қатынастары нығая түседі.

Технологияның мақсаты: Оқушылардың ұйымдасқан түрде белгілі мақсатта жұмыс істеп, жан-жақты дамыту, балалар санасында бір-біріне деген жанашырлыққа, бауырмалдыққа, көмек беруге, ұйымшылдыққа баулу. Бұл технологияны қолдана отырып, жеке өз қамын ғана ойламай барлық ұжымның бірігіп ұймдасып жұмыс істеуіне жетелейді. Нәтижесінде «Бізге өткізді, бізге ұйымдастырды емес», «Біз өткіздік, біз ұйымдастырдық» деген сана-сезім қалыптасады. Ұжымдық шығармашылық технологиясы 6 деңгейден тұрады:



  1. Жұмысты өткізу жайлы шешім қабылдау.

  2. Ұжымдық жоспарлау.

  3. Ұжымдық дайындық.

  4. Жұмысты өткізу.

  5. Ұжымдық анализ жасау.

  6. Нәтиже жасау.

Белгілі жұмыс өтуізуге ұжым шешім қабылдаған соң, ұжым бірнеше топқа бөлінеді. Топтар өзара ақылдаса отырып, басшы сайлайды. Үш стол дайындалады.Столды айнала бір топтың оқушылары отырып ақылдасады. Сабақта ұйымдаса отырып кестелер шешіледі.Венн диаграммасын толтыра отырып, қабілетін жан-жақты дамытады. Осы технология бойынша тақырып бала санасында еркін орын алу үшін ойын әдістерін пайдаланып сабақ өткізу өте тиімді.

Сабақта барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы керек. Оқушыларды «жақсы, жаман» деп бөлмей нашар оқушының өз шамасына қарай, қабілеті жеткенге дейін еңбек етуі ойластырылуы тиіс. Әрине оның қателесуі, жаңылуы мүмкін. Мұғалім тарапынан көрсетілген байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді.

Сонымен, бүгінгі таңдағы мақсат – білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау, өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Мұғалім елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жаупкершілігі киелі мамандық. Ондай мамандық иесі әрқашанда өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан ілтипаттылығы мен парасаттылығы, біліктілікке ұштасқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары жайсаң адам болуы керек.

Оқу жұмыс ұйымдастырудың көптеген формалары бар.Сабақ – солардың негізгісі. Сабақ – оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінің құрамдыс бөлігі.

Әрбір мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру.

Осыған орай,мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңа түрлерін дамыту.

Сондықтан педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған, әдіс- тәсілдердің бәрін еркін игеріп, оны нақтылы жағдайға байланысты тиімділігін пайдалану әрі шығармашылықпен қолдану- әрбір мұғалім шеберлігінің айнасы. Мұғалім сабақты тартымды,қызықты етіп өткізу үшін талапты, теориялық білімін практикамен ұштастыра алатын шебер болу керек.

Егер мұғалім әр сабағында тақырыптарды оқытуда оқушыны ойландыратын, ізденетін ғылыми тілде сөйлейтін, ұғым- түсінігін өмірмен байланыстыра алатын,танымдық мақсат қоятын, адамгершілікпен ізгілікке назар аударатын болса,ондай оқушы өз-өзіне сын көзбен қарауға өз жетістігін сезе білуге, өз бетімен ізденуге дағдыланады.

Сабақ – оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың өз мәнінде өтуі – мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Мұғалім шеберлігі мұғалімнің сабаққа мақсатты айқын қойып, оқытудың таңдаған әдісін жетік біліп, жаңа білімнің өткенімен байланысын, оқушылардың жас ерекшелігі мен қабілетін ескеру сияқты талаптарды басшылыққа алғанда ғана өз нәтижесін бермек.

Қысқасы, сабақ үрдісінің сәтті нәтижелі болуының басты себептерінің бірі – оқушылардың қызығуын арттыратындай әдіс-тәсілдерді шеберлікпен таңдай білу.

Яғни,барлық әдістерінің негізі- мұғалімнің сөзі, ал мұғалім сөзі- білімнің көзі. Сондықтан барлық әдістер бір-бірімен ұштасып, тығыз байланыста қолданылады,көрнекі құралдар, тәжірибелер, сарамандық сабақтар жүргізу, өзіндік жұмыстартар өткізу,мұғалімнің түсіндіруі, әңгімелесуімен қатар жүреді. Қазіргі кезде сабаққа қойылатын мақсаттың үш түрі белгілі, олар:



  1. Жалпы педагогикалық (тәрбиелеу мен дамыту)

  2. Дидактикалық (оқу білу дағдысын меңгеру)

  3. Әдістемелік (әр пән бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру,қорытындылай білуге үйрету)

Жалпы педагогикалық мақсат оқушыларға тәрбие беру және жан-жақты дамытуды көздейді.

Дидактикалық мақсатта оқу жүйесінің қай кезеңі сабақта орындалатынына бағыт береді.

Әдістемелік мақсатта оқушылар сабақта қандай білім мен іскерлік дағдыны игеру керектігін айқындайды.

Үнемі өзгеріп тұрған заманда адамнан да қабілеттілер мен қажеттіліктерді толасыз дамытуды талап етеді. Сондықтан мектеп әрбір оқушыны жеке тұлға етіп тәрбиелеуде білім мен білігіне сай келетін оқыту бағдарламасын таңдай отырып, олардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту керек. Осыдан мұғалімнің негізгі мақсаты айқындалады:



  • Өз бетінше дами алатын жеке тұлға қалыптастыру;

  • Танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгерту;

  • Ойлау қабілетін жетілдіру;

Сабақ тақырыбы заман талабына сай жаңарып отырса, оқушыға оның әсері ерекше болады. Оқушылар сабақ үстінде еркін сөйлеуге, ойын дәлелдеуге, жолдастарымен бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Мұғалімнің басқаруымен олар бір-біріне көмектесіп, ортақ тапсырмалар орындайды, топтық,жеке жұмыстар жасайды. Мұндағы негізгі мәселе- оқушының өзіне деген сенімін тудыру, өзін-өзі басқаруға, бағалауға ұмтылдыру, өзін-өзі сыйлауға, құрметтеуге, жан-жағындағы оқушылармен санасуға, ой бөлісуге ынталанады.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта қолдану оқу бағдарламасындағы ақпараттар (түсініктер,ұғымдар, ережелер) ағымын сыни ойлаудың жобалары арқылы пайдаланады. Яғни, пәнді оқытуда мұғалім басшылыққа алатын сыни ойлау әдісі мына жағдайда тиімді:



  • Оқушылардың ойлау жүйесі дамуының бақылауына мүмкіндік береді.

  • Оқушылар сын көзбен қарап ойланады немесе іс-әрекетті терең ойлануына жағдай жасайды.

  • Талқылау және шешім табу кезінде оқушылар өз-өзімен шектеліп қалмай басқалармен де ашық пікірлесіп ой түйіндеуге мүмкіндік алады.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі дамыта оқыту технологиясы оқушыларды өзін-өзі тани алатын, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейді. Өзін-өзі бағалай, өзін-өзі түзете отырып шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталған және міндетті түрде өз көзқарасын қорғай білуге тұжырым жасай білуге үйренеді. Нәтижесінде – неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады.

Бұл бағдарлама мақсаты:

Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым, екі пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім қабылдауға үйретеді.

Баланың танымдақ белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға ықпал етеді.

Оқушыларды ұжыммен, топпен жеке жұмыс жасауға үйретеді. Осы СТО-ның стратегияларын неғұрлым көбірек пайдалансақ, соғұрлым нәтижеде жоғары болады деп ойлаймыз.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда қазақ тілі сабағы ерекше орын алады. Өйткені оның әрбір жаттығуы ой жұмысын қажет етеді. Сондықтан сабақты оқушыларға бұрыннан таныс ережеге, берілген жаттығулардан бастап, бірте-бірте күрделендіру бағытында жұмыс жасадық.

Қазақ тілі сабағында оқушыларды ең алдымен ережелерді және грамматиканы жақсы меңгеруіне назар аударамыз.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін ой шапшаңдығын, сөз байлығын, мәтін құрастыруын, құрастырған мәтінді талдауын, өлең шумақтарын құрастыруы арқылы жүзеге асырамыз.

Сабақта көбінесе суреттермен, плакаттармен жұмыс істейміз. Мысалы: суретке қарап әңгіме құрастыру.

Бастауыш сынып оқушыларының ойын дамытуда салыстырудың маңызы зор. К.Ушинский салыстыру ойлау атаулының негізі болып табылатынын атап көрсеткен. Оқудың табысты болуы оқушылардың салыстыра білуі, ұқсастық пен әр тектілікті байқау қабілетінің қалыптасуымен анықталады.

Оқушылардың таным, ой-қабілеттерін дамыту үшін сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз.Әсіресе, оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне және олардың сабаққа белсенділігінің арттырылуына ерекше көңіл бөлеміз.

Сабақ үстінде «өз бетінше жұмысқа» уақыт көп бөлу керек деп ойлаймыз. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге баулу және олардың алған білімін іс жүзінде пайдалана білуге үйретеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге көмектеседі. Өздігінен орындайтын жұмысты сабақтың барлық процесінде іске асыруға болады. Өткен материалды қайталау, бекіту кезінде жаңа материалды түсіндіру барысында, үй тапсырмасын орындауда оқушының өздігінен жұмыс істеуі қажет. Алайда берілген тапсырманы баланың шамасына лайықты болуын үнемі назарда ұстау керек.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар, нұсқаулар беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу,мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшерін, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер ететін мотивтер т.б.

Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы – осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданылып жасайтын шығармашылық жұмыстар жатады. Шығармашылық жұмыстар – оқушының өздігінен шығарма, баяндама, реферат, өлең шығару, көрнекі құралдар жасауы т.б.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілетін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:


  1. Тақырыпты мазмұнға қарай жинақтау.

  2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.

  3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен бірге берілген тапсырмаларды орындау. (анаграмма,сөзжұмбақ,ребус,суретке қарап әңгіме құрастыру т.б.)

  4. Берілген тапсырмаларды түрлендіру бағытындағы жұмыс (мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме құру т.б.)

  5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

  6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.

  7. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

  8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығарамшылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:

  1. Орталық мұражайға апару.

  2. Әртүрлі кездесулер өткізу.

  3. Әртүрлі тақырыпта сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жаздыру.

  4. Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.

Қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. Мысалы:



  1. Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз.

Қыран қала Дархан

Мұз бұлақ есек

Қысым сүт киім


  1. Берілген сөздерге бір әріп қосып мағынасы өзгерген сөз жаз.

Қала+қ таба+н

Ат+а ел+у

Бақа+н өр+т

Осындай сөздікпен жүргізілген жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.

Осы алдымызғы қойған мақсатымызды жүзеге асыру жолында сан қилы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы, сабақтың сапасын арттыруға көңіл бөлуіміз қажет. Іс-тәжірибеден өту барысында сабақта жекелей оқытудың элементтерін енгізе отырып, әр оқушының білім деңгейінің бірдей өсуін ескереміз.Әр оқушының шығармашылық күш-қуатын толық пайдаланып жұмыс істеуін өз күшіне сенімді болуын, еңбегінің қуанышын сезіне білуіне жетуді көздейміз. Өткен сабаққа қайталау жұмысын жүргізгеннен соң жеке тапсырмалардың түрлеріне қарай деңгейлік тапсырмалар бере отырып шығармашылық ізденіске баулыдық.

Мысалы: ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару.

Сөйлемдегі кейбір сөздерді көркем сөзбен ауыстыру.

Берілген тірек сызба арқылы мәтін құрастыру.

Мақалдың жалғасын табу.

Сабақты қызықты ойын түрінде жүргізу оқушылардың білімге ынта-ықыласын арттырады. Н.К.Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.Программаның талаптарында, қазақ тілін оқытуда қолданылатын ойындарға ерекше мән берілген.Өйткені программаның негізгі тақырыптарын оқып үйренуде қолданылатын ойындар оқушылардың қазақ тіліндегі ұғымдарды кеңейтеді, баланың белсенділігін арттырып, олардың ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейте, білім сапасын тереңдете тиянақтай түсуге жәрдемдеседі. Бұл жөнінде көрнекті психолог, профессор А.В.Запорожец: «Дидактикалық ойын жекелеген білімдер мен бейімділіктерді игерудің формасы ғана болып қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін жағдайға жеткізуіміз қажет» - деген .

Ойындарды дұрыс ұйымдастыру және өткізу мұғалімнің шеберлігін талап етеді. Ойынды бастамас бұрын ойынның мазмұнымен таныстыру керек және қажетті көрнекіліктерді дайындап алу керек. Сабақ түрлеріне байланысты оның түрлері таңдалынып алынады.Енді қазақ тілі сабағында өткізіп жүрген кейбір ойындарға тоқталсақ:

1-топ. «Кім дұрыс табады?» ойыны.

Шарты: Бірнеше ертегінің суреті беріледі. Оқушылар сол суреттердің атын айтып, «Ертегілер әлемінде» атты плакатқа іледі.

2-топ. Карточкалар таратылады.

1. Бес жуан дауысты дыбысы бар сөздерді ойлап жаз.

2. Берілген сөздерден жуан және жіңңішке сөздерді ажырат.

3. Дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жаса.

3-топ. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты борышы. Кейбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбіреулері жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат – бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт ойына сіңіру. Сыныпта барлық баланың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының білім деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін тауып, сол тақырыпты игертуді көздейді.

Сонымен қатар, ұлттық ойындарды сабақта пайдалануда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға үлкен үлес қосады. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар.Сабақта ойын түрлерін күрделендіріп « Ойлап тап» ойынын ойнатуға болады. «Сан есім» тақырыбына байланысты «Сен білесің бе?» ойынын ойнатуға болады. Мұнда мұғалім бір әңгіме оқитынын, олардың ондағы сан есімдерді атауларын ескертеді. Балалар топқа бөлініп, мұғалім оқып тұрғанда көңіл қойып тыңдаулары шарт. Қай топ әңгімедегі сан есімді көбірек тақтаға жазса сол топ озады. Бұл ойыннан оқушылардың алары көп. Дара, күрделі сан есімдерді жазуға үйреніп дағдыланады, сауатты жазуға дағдыланады.

«Қайда менің өз орным?» ойынында оқушыларға бірнеше сөздер беріліп, олардың сөйлемдегі байланысына қарай әрқайсысын өз орнына қою тапсырылады.

Халық ойынын қазақ тілі сабағында пайдалану оқушылардың еркін сөйлеуін, тіл байлығын, сөздің дәл мағынасын бағдарлай білу қасиеттерін жетілдіру.

Сондай-ақ грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Ойын сабақтары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.

Сабақ өту барысында грамматикалық ойын түрлерін, әсіресе қазақ тілі сабағын меңгерту мақсатында жиі пайдаланамыз. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздейміз.

Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқыту барысында тақырыпқа сай әртүрлі әдіс-тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.

Мысалы: «Фонетика» саласы бойынша:



  1. А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар.

Алматы, Астана, Арыс. (ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп, қала туралы не білетіндерін сұрау).

  1. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жазыңдар.

Мысалы: Азиза, нан, қырық.

  1. «Кім көп тауып айтады?» ойыны.

  1. Басы да, аяғы да «қ» немесе «к» дыбысынан келетін 5 әріптен аспайтын сөздер тауып айтыңдар.

Мысалы:

Қазақ, қонақ, қасық ...

Керек, күрек....


  1. Оңға оқыса да, солға оқыса да мағынасы бар сөздерді жазыңдар.

Мысалы:

Нарық – қыран, қал – лақ, ескек – кексе.



  1. «Дыбыс таңдау» ойыны

  1. Ойынның шарты. Құралбайдың құрған сөйлемдері мынадай: Қойдан қалып қойған қара қозыны Қосай қораға қамап қойды. ( ал сен осындай сөйлем жаза аласың ба?)

«Сөзтізбе» ойыны

Шарты: Әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасаңдар. Мысалы:

Көйлек – кеме – емен – наурыз - ...

( бұл ойында кімде-кім белгілі бір уақыт ішінде (5 минут) 20 сөз жазып шықса, сол жеңімпаз болып саналады).

«Лексика» саласы бойынша.

«Жалғасын тап» ойыны.

Тақатаға белгілі мақалдардың 2-2-ден сөздер жазылады. Олардың қалған сөздерін оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.


  1. Ұяда ......

Ұшқанда....

  1. Көп......

Терең.....

  1. Істі......

Икемді....

«Кім білгір» ойыны.

Тақтаға заттардың, жан-жануарлардың суреттері ілінеді. Суретке байланысты айтылған мақал-мәтелдерді кім біледі?

( Көп айтқан оқушы жеңімпаз болады)

«Кім дұрыс пайдалана алады?» ойыны.

Плакатқа жазылған тұрақты тіркестерді тақтаға іледі.

Ойынға қатысушылар оларды қатыстырып, әрқайсысына бір сөйлемнен ойлап жазулары керек. Тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайдаланып, сөйлем құрай білген балалар жеңіске ие болады.

Тұрақты тіркестер:

1.Ат ізін салмау.

2.Шаш ал десе, бас алу.

3.Қолын жылы суға малып отыру.

4.Бетінен қақпау.

Ш.Амонашвили айтқандай, дидактикалық ойындарсыз оқушыны білім әлеміне қызықтыру мүмкін емес. Қызықты ойындар бұл сабақтарда белгілі бір орын алады. Мысалы: «Қызық сөздік» ойынында оңынан да, солынан да оқысақ бірдей болатын сөз табу . «Жоғалған буын», «Өз орныңды тап», «Сөз құра», «Дұрыс орналастыр», т.б. ойын түрлері. Ойын жасөспірімнің өзінше еңбегі. Жалпы өмірде ойынның да қоғамдық мәні бар. Ойын барысында белгілі бір әрекет жасай отырып, жасөспірім қоғамдық өмірге қатысудың алғашқы үлгісін алып, ересектер арасындағы қарым-қатынас құрылымын түсінеді. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп, дамып отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы әрекетті қабылдайды.

Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы да оқушы мен мұғалімнің шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған: оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады.Оқушының жеке қабілеті анықталады, іштей бір-бірінен қалмауға тырысып,талпынады. Төртінші деңгейді шығармашылықпен жұмыс істейтін, яғни дарынды оқушылар орындайды.

Шығармашылық жұмыстың нәтижесінде кез-келген оқушы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Сабақтың түрін өзгертіп өткізу де оқушылардың қызығушылығын арттырып,шығармашылық іс-әрекеттерін дамытады.

Оқытудың нәтижелерін, оқушылардың алған білім деңгейін тексеру, бағалау-пәнді оқытудың ең негізгі бағыттарының бірі. Осы мақсатта тест жүргізу әдісін жүйелі пайдалануда оң нәтижелерге жеткізеді. Тестік бақылау жүйесі оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі әрекетін арттырады,оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді. Осыларға қоса оқушылар біліміндегі олқылықтарды анықтайды,уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-ші бабында «Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектісін байыту», - делінген. Сондықтан бүгінгі таңда әрбір оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, білімді азамат етіп тәрбиелеу – біздің парызымыз.

Әрбір сабақта оқушы белсенділігін арттырып, өзіндік ой-пікірін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру – бүгінгі өмір талабы.

Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының сабақтан басталатыны ежелден белгілі. Олай болса, сабақ - әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, ғылыми негізге сай білім беру. Ол үшін сабақта алдымен мына мәселелер ескерілуі тиіс деп ойлаймыз.



  1. Ол - өтілетін материалдың ең негізгі мазмұнын, мөлшерін табу. Өйткені, оқушыға берілетін жаңа ұғымның мөлшері тым көп болса, ол шаршайды, жалығады, ынтасы кетеді. Ал, материал аз болса, оқушы өз мүмкіндігін толық пайдалана алмайды. Осыдан оқушыда қанағаттанбағандық сезім пайда болады.

  2. Мұғалім барлық уақытта сабақтың өзі анықтаған мақсаттарын үнемі есте сақтап, тиісті кезеңдерінде оқушылардың назарын аударып отыруы керек.

  3. Сабақта айтылатын әрбір негізгі ойдың айқын, нақтылығын күшейту керек. Нақтылы мағлұмат, деректер, фактілер сабақтың білім деңгейін көтеріп, оқушылардың белсенділігін арттырады.

  4. Оқытудың белсенді әдістерін ендіру керек. Мұның ең бастысы – білімнің жаңа мазмұнын меңгертуде оқушылардың өздерінің белсенді араласуы.

  5. Бағдарламалық нақты материалдың және қосымша материалдың негізінде жатқан адамдық қасиеттердің түрлерін ескеріп, сезім арқылы оқушылар санасына жеткізуді ойластыру керек.

  6. Әрбір сабаққа дайындалар алдында «Осы өтілетін мәселе оқушыларға қайда кездесуі мүмкін.Оны қалай пайдаға асыра алады? Ол үшін менің не істеуім керек?» деген сұрақты өзіне-өзі қоя отырып, соған жауап беруге, оны меңгертудің әдіс-тәсілдерін, керекті қосымша материалдар мен көрнекіліктерді іздестіру тиіс.

Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуінің нәтижесінде ынтымақтастық педагогикасын негізге ала отырып, мектеп өмірін демократияландыру тұрғысында оқытудың белсенді түрлері өмірге көптеп енуде. Сабақтың тиімділігін арттырудың басты шарты – мұғалім мен оқушының бір-біріне көзқарасы, ілтипаты.Бұл ертеден келе жатқан педагогиканың басты мұраты мен көбіміздің жете алмай жүрген арманымыз. Өмірдегі сан-қилы әлеуметтік мәселелерге байланысты жоғалуға айналған адам бойындағы рухани көздердің ең негізгісі. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың үйлесімінсіз осы заманға сабақ жөнінде сөз ету – бос сөз. Сабақ тиімділігінің негізгі шарты – мұғалімнің жеке басының адамдық қасиетіне, оның дүниетанымына, шәкіртін иландыра білуіне байланысты. Оқушыларға ықпал етуді әкімшілік күшпен емес, олармен тұрғылас адамдай сөйлесіп, оқушылардың санасына әсер етумен қатар, сезіміне де әсер ете алса, педагогикалық еңбек жемісті болар еді. Балаларға жүрек жылуын жайып салатын талантты да ақылды ұстаздардың іс-тәжірибелері сабақтың талай түрлері мен әдістерін өмірге әкелуде, дамыта оқытудың талай жолдарын ашып көрсетуде.

Педагогикалық еңбектің шеберлерінің тамаша қасиеттерінің бастысы – баланың тауын шақпай, өзіне сенімін арттырып, өз күшіне сенуіне көз жеткізу. Көп оқушылардың осал тұсы - өз күштеріне сенбеуі. Сондықтан әр уақытта оқушылардың өздеріне деген сенімдерін күшейтуіне көңіл аударғанымыз жөн. Ол үшін тағы да жүректің жылуы, жан мырзалығы мен биік адамгершілік қажет.

Қорыта айтқанда, еліміздің өркениетті елдер қатарынан орын алып, дамудың жоғарғы сатысына көтерілуі үшін ең алдымен келер ұрпаққа оң тәрбие, терең білім берілуі керек. Ал, білімнің қайнар көзі мектептен басталса, оның кәусарынан сусындатуда ұстаз еңбегінің рөлі ерекше.

Сонымен дарындылық – туа біткен қабілет деп айтып өттік. Дарынды балалардың ақыл-ойы жоғары дәрежеде дамиды.

Дарынды балалардың, ең алдымен есте сақтау қабілеттері жоғары болады.Сол себепті олар бір оқығанын жаттап алып және мүдірмей айтып береді.Тіл байлықьары да ерекше дамиды, өте аңғарғыштығымен ерекшеленеді.

Дарынды балалар мектепте осындай қасиеттерімен ерекшеленіп алға шығады. Оны мұғалім бірден байқайды. Бірақ мұндай оқушылардың өзге оқушылармен достасуы қиындау болады. Көбіне оларда өзгенің сөзін бөліп,өз әңгімесін айтып кетуі орын алады. Ал, бұл өзгелерге ұнамайды, сондықтан олар достарынан алыстай бастайды.

Дарынды балалар берілген тапсырманы орындауға бар күш-жігерін салады, оны бәрінен артық орындауға тырысады және еңбегінің жоғары бағаланғанын қалайды. Сондықтан ұстаздар олардың еңбектерін бағалап, мадақтап отыру керек.Оның одан әрі өсуіне жағдай жасап, жол ашу керек.

Дарынды балалардың милары ерекше дамыған, қабілетті, энергиясы мол болады. Сондықтан дарынды балаларды дамыту үшін ұстазға көп еңбектенуге тура келеді. Оларға ненің әсері көп болса, сол жағын ұнатуы мүмкін. Бұл жағынан қарағанда дарынды балаларға ұстаздардың әсері де мол болмақ.

Дарынды балалар математика, қазақ тілі мен ана тіліне қабілетті, музыка мен сурет салуға, спортқа ерекше бейімділік көрсете алады. Дарынды балалармен жұмыс сітейтін ұстаздар мынадай талаптарды есте ұстағаны дұрыс:


  1. Сабақтарын әртүрлі әдіс-тәсілдермен өткізе білу.

  2. Пәнін жақсы білу, баланы жалықтырмау.

  3. Шығармашылықпен жұмыс істеу.

  4. Өзіндік көзқарасын үнемі айту.

  5. Әзілді түсіне және қолдана білу.

Адам бойында өзі туралы ой көбіне өзгелердің көзқарасы арқылы қалыптасады. Сол себепті әркім өзі туралы жақсы ойда болуы, өзінің ұжымда керек адам екенін сезіне білуі қажет. Көпшілік алдындағы жауапкершілігін жақсы сезінуі тиіс, әсіресе бұл ұстаздарға тиіс.

Мұғалімнің басты мақсаты – оқушының дарындылығын тани білу, оның дарынын көрсетуіне, қабілетін дамытуына көмектесу, олардан көшбасшысын тәрбиелеу.

Қазақта: «Әке - балаға сыншы» деген мақал бар. Мысалы, Шоқанның ерекше қабілетін, Абайдың басқа балалардан өзгеше екендігін аңғарған олардың әкелері болатын. Сонымен қатар, болайын деп тұрған бала екен, көзінің оты бар бала екен деп қазақтың билері,ақсақалдары дарынды балаларға батасын беріп, оларды ерте таныған.

Таудың аласармауын, бұлақтың сарқылмауын мұрат тұтқан әр би өзінен кейінгі ұрпақтың да ел ұйытқысы боларлықтай азаматтар болуын ешқашан қаперінен шығармаған. Көкірегінде сәулесі, көзінде оты бар жастарды алыстан танып, тәрбиелеп, баулып, баққан. «Өсер елдің баласы – он бесінде баспын дейді, өспес елдің баласы – он бесінде жаспын дейді», - деген сияқты баланы он бес жастан ел билігіне, дау-шардың шешімін айтуға баули бастаған. Мәселен, Қаракесек Келдібек би өз баласы Қазыбекті жастайынан шешендікке,тапқырлыққа баулиды. Қазыбек сыннан толық өткен соң оны шаршы топқы салады.Осындай талапты жастарды ширата түсу үшін атақты танымал билерге бата алуға, тәрбие үйренуге жіберетін болған.

Қазір ел егемендігін алып, еңсесі биіктеп тұрған кезде дарынды азаматтардың ел экономикасын көтеруде, мәдени-рухани өсуіміз үшін ролі зор болмақ. Осы ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаев дарынды жастарды қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл күнде жас таланттарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары жасалды.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Ақбота » интеллектуалдық марафонының өткізіліп тұруы – жас дарындардың дамуына үлкен үлес қосып,оларды қолдап отыр деп ойлаймыз. Қазіргі кезеңде елімізде көптеген дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар ашылуда. Соның айғағы ретінде осы Түркістан қаласында ашылған Нұртас Оңдасынов атындағы дарынды балаларға арналған мектепті айтуға болады. Алайда бұл мектептер дарынды балаларды тек қана 6-7 сыныптан бастап қана қабылдай алады. Біздің ұсынысымыз, неге осы мектептерге дарынды балаларды қабылдауды бастауыш сыныптардан бастамасқа. Болашақта бұл мәселе қолға алынады деген үміттеміз.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушының ой-өрісін,рухани өсуін,өмірге бейімділігін,дарынымен адамгершілігін тәрбиелей отырып халқын, салтын, дәстүрін,жерін,ғылым мен өнерді сүйетін ұрпақ тәрбиелесек, ел ертеңі, ұлт болашағы, ұлттық бәсекелестікке қабілетті ұрпақ дегеніміз осы.

Қайсы қоғам,

Қай елде,

Қай кезде де

Өзгермейтін саф алтын – дарын ғана,- деген екен озық ойлы ақынымыз Қадір Мырза Әли. Өзгермейтін сая алтынымыз қабілетті,дарынды балаларымызды тани біліп, тәрбиелеп,білім, адамгершілік шыңына жеткізу- барша ұжымымыздың қасиетті міндеті. Алла сол биіктен көрінуге жазсын.


жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау