Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы:«Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері және түрлері»


Салық бақылауында мынадай әдістер қолданылады



жүктеу 420 Kb.
бет2/4
Дата19.11.2018
өлшемі420 Kb.
#21505
түріДиплом
1   2   3   4

Салық бақылауында мынадай әдістер қолданылады


  • Салық төлеушілерді тіркеу есебі;

  • Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;

  • Бюджетке түсімдерді есепке алу;

  • Қосылған құн салығын төлеушілерді есепке алу;

  • Салық тексерулері;

  • Камералдық бақылау;

  • Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметі мониторингі;

  • Фикальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері;

  • Акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;

  • Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;

  • Уәкілетті органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады;

Кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді алу жөніндегі салық бақылауын осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырады.Енді осы жоғарыда аталған әдістерге тоқталып өтелік.

Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу


1. Қазақстан Республикасында мыналар:

  • орналасқан немесе қызметін жүзеге асыру орны бойынша – заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент еместер;

  • тұрғылықты жері бойынша – салық және бюджетке төленетеін басқа да міндетті төлемдерді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;

  • Қазақстан Республикасындағы болатын орны бойынша – тұрақты мекеме арқылы жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалар;

  • Салық салу объектілері орналасқан жері бойынша және (немесе) тіркеу орны бойынша – ҚР салық салу объектілерін иелентін резидент еместер салық төлеушілер ретінде тіркелуі тиіс.

Салық төлеушілердің мелекеттік тізілімін уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.

Салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімін жасау және жүргізу тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді.

Салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу бірінші рет тіркеу есебіне қою кезінде жүргізілуі мүмкін және тіркеу есебін жүргізу үшін белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырылады.4

Салық төлеушілерді тіркеу есебі.

1. Салық төлеушілерді тіркеу есебі салық төлеуші салық органдарында салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткеннен кейін жүзеге асырылады.

Салық төлеушілердің мемлекеттік тіркеудің және тіркеу есебінің тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Салық төлеушілерді мемлекеттік тізілімінен шығарып тастау.


  • Салық төлеушіні Салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен шығарып тастау осы Кодектсің 57,58 баптары негізінде салық міндеттемелерінің тоқтатылуына байланысты жүзеге асырылады.

  • Салық төлеушіні Салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығарып тастау салық төлеуші ҚР заң актілерімен белгіленген әрекетсіз заңды тұлға мен жеке кәсіпкер белгілеріне сәйкес келген және салық берешегі жоқ жағдайда тіркеу нөмірі сақтала отырып жүргізіледі.

Банктердің немесе банк оперцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндеттері.

Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдар:

1) Салық төлеушіге (резиден емес жеке тұлғалар мен шетелдік банк–корреспонденттерден басқа) банк шоттарын ашу кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірін ескеруге, салық төлеуші заңды тұлға мен жеке кәсіпкерге аталған шоттарды ашу туралы үш жұмыс күні ішінде салық органдарын хабардар етуге;

2) Вексельді және банктің резидент емес жеке тұлғалардың банк шоттарынан колма–қол ақшаны қабылдауы мен беруі негізінде жүргізілетін төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында салық төлеушінің тіркеу нөмірін қоймай банк шоты бойынша операцияларды жүргізбеуге;

3) Салық төлеушінің банк шотынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге арналған төлем тапсырмаларын клиенттің банкте ақшасы жеткілікті болған жағдайда бірінші кезектегі тәртіппен орныдауға міндетті. Белгіленген мерзімде енгізілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын, өсімпұлдар мен айыппұлдарды салық органдары нұсқамаларын алған күннен бастап бір операциялық күннен кешіктірмей алуға арналған салық органдарының инкассалық өкімдерін осындай тәртіппен орындауға;

4) Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылығының шотына салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күні аударуға;

5) Нұсқамасы болған ретте, тексерілетін зағды тұлға мен жеке кәсіпкерлердің банк шоттары бойынша жасалатын операцияларды, осы шоттарда ақша бар–жоқтығын тексеруге салық органдары қызметкерлерін жіберуге;
Уәкілетті органдардың салық төлеушілерді тіркеуді жүзеге асыру кезіндегі өзара әс-әрекеті.

Салық төлеушілерді тіркеу есебін жүзеге асыру кезінде салық қызметі органдары мынадай:

1. Заңды түлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды жүзеге асыратын;

2. Статистика жүргізетін;

3. Салық салумен байланысты объектілерді және салық салу объектілерін есепке алу және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын;

4. Лицензиялар, куәліктер немесе рұқсат беру мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретін;

5. Жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүргізетін;

6. Азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын;

7. Нотариаттық іс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;

8. Қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын уәкілетті орындармен;

9. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін басқа да уәкілетті органдармен өзара іс-әрекет жасайды.

Салық тексеруі – салық қызметі органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңдарының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеуші салық тексерулеріне қатысушылар болып табылады. Салық тексеруін салық қызметі органдары ғана жүзеге асырады.

Салық тексеруі мынадай түрлерге бөлінеді:


  1. Құжаттық тексеру;

  2. Рейдтік тексеру;

  3. Хронометраждық;

Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Кешенді тексеру – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;

  • Тақырыптық тексеру – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жеке түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;

  • Қарсы тексеру – егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байлансты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жайғдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;

Рейдтік тексеруді салық қызметі органдары жекелеген салық төлеушілерге қатысты олардың Қазақстан Республикасының заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда:

  1. Салық төлеушілердің салық органдарында тіркеу есебіне қойылуы;

  2. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;

  3. Лицензияның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы;

  4. Акцизделетін өнімді өндіру, сақтау және сату ережесін сақтауы талаптарын орындауы мәселелері бойынша жүргізеді.

Хронометраждық зерттеуді салық органдары салық төлушінің нақты кірісін және кіріс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатымен жүргізді. Хронометраждық зерттеу уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.

Салық тексеруін жүргізу, Қазақстан Республиксының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатпауға тиіс.

Салық органы заңды тұлғаның өзіне салық тексеруінің жүргізілуіне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.

Салық тексерулері мынадай мерзімділікпен жүргізіледі:



  • Кешенді – жылына бір реттен жиі емес;

  • Тақырыптық – салықтың және бюджеткке төленетін басқа да міндетті төлемнің белгілі бір түрі бойынша жарты жылда бір реттен жиі емес.

  • Осы баптың бірінші тармағында көзделген шектеулер мынадай жағдайларда қолданылмайды:

  • Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға және жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатуға байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізу кезінде, сондай-ақ салық төлеушінің өтініші негізінде қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен алып тастаған жағдайда. Бұл орайда тексеру салық төлеушінің өтінішін алғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізілуге тиіс;

  • Жер қойынауы пайдалануға арналған келісім-шарттың қолданылу мерзімі өтуіне байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізе кезінде ;

  • Қарсы тексеруді жүргізу кезінде;

  • Қайтарылуға қойылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығына салық төлеушінің өтініші негізінде тақырыптық тексеру жүргізу кезінде;

  • Салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарайтын органның шешімі негізінде жүргізілетін қосымша тексерулер кезінде;

  • Нақты салық төлеушіге қатысты уәкілетті мемлекеттік орган басшысының бұйрығына сәйкес жүргізілетін кезектен тыс құжаттық тексеру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген негіздер бойынша.

Берілетін нұсқамаларда көрсетілетін салық тексерулерін жүргізудің мерзімі, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаға салық тексеруін жүргізген кезде салық тексеруін жүргізудің мерзімін салық органы алпыс жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

Ерекше күрделі мәселелерді тексеру кезінде салық тексеруін жүргізудің мерзімін салық қызметінің жоғары тұрған органы құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлға үшін елу жұмыс күніне дейін, құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін сексен жүмыс күніне дейін арттыруы мүмкін. Ерекше күрделі мәселелер салық қызметінің жоғары тұрған органының салық төлеушіге тапсырылатын негізделген жазбаша шешімімен расталады.

Салық тексеруін жүргізу мерзімі құжаттарды тапсыру туралы салық органының талаптарын салық төлеушіге беру кезі мен салық тексеруін жүргізу кезінде сұралатын құжаттарды салық төлеушінің табыс етуі аралығындағы уақыт кезеңінде, сондай-ақ салық органының мәліметтер мен құжаттарды сұратып алу кезінде тоқтатыла тұрады.

Хронометраждық зерттеулерді жүргізу мерзімі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен хронометраждық зерттеулер жүргізу тәртібіне сәйкес белгіленеді.5

Салық тексеруін жүргізу негіздемесі.

1. Салық тексеруін жүргізу үшін мынадай деректемелерді:



  1. Нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірін;

  2. Нұсқама шығарған салық органының атауын;

  3. Салық төлеушінің толық атауын;

  4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

  5. Тексеру түрін;

  6. Тексеретін адамдардың лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын;

  7. Тексеру жүргізілетін мерзімін;

  8. Құжаттық тексерулер кезіндегі тексерілетін салық кезеңін қамтитын нұсқама негіздеме болып табылады.

2. Рейдтік тексеру тағайындалған кездегі нұсқамада аумақтың тексерілетін учаскесі, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, көрсетілуге тиіс.

3. Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің тексерілетін түрі көрсетіледі.

4. Нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрімен расталуға және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнаулы журналда тіркелуге тиіс.

5. Тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда қосымша нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні көрсетіледі.

6. Бір ұйғарым негізінде бір ғана салық тексеруі жүргізілуі мүмкін.

Салық тексеруін жүргізудің басталуы.

Салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқама берілген кез салық тексеруін жүргізудің басталуы болып есептеледі. Салық органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамдарды салық төлеушіге (салық агентіне) қызмет куәлігін көрсетуге міндетті. Салық органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамы, рейдтік тексеруді қоспағанда, салық төлеушіге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етеді. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші (салық агенті) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгі қояды.

Рейдтік тексеру жүргізілген кезде салық төлеушіге танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшірмесін алғаны туралы түпнұсқаға белгі қояды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқаманы алудан бас тартуы салық тексеруін жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.

Салық тексерулерін жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне салық төлеушінің өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

Салық тексеруі аяқталған соң салық қызметі органының лауазымды адамы мыналарды:



  • салық тексеруінің жүргізілген орнын, акті жасалған күнін;

  • тексерудің түрін;

  • салық қызметі органының салық тексеруін жүргізген лауазымды адамдарының қызметін, тегін, атын, әкесінің атын;

  • салық төлушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын не толық атауын;

  • салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның тіркеу нөмірін;

  • салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге тексеру жүргізуге жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын;

  • алдыңғы жүргізілген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;

  • тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;

  • Қазақстан Республикасының салық заңдарының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, салық бұзушылығын егжей-тегжейлі жазылған сипаттамасын;

  • салық тексеруінің нәтижелерін көрсете отырып, салық тексеруінің актісін жасайды;

Салық тексеруінің актісі салық төлеушіге тапсырылған күн салық тексеруі мерзімінің аяқталуы болып есептеледі. Салық тексеруінің аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеру актісіне тиісті белгі қойылады. Салық тексеру актісіне қажетті құжаттардың көшірмелері, салық қызметі органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және салық тексеруі барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі. Салық тексеруі актісі кем дегенде екі дана етіп жасалады және оған салық тексеруін жүргізген салық қызметі органының лауазымды адамдары қол қояды. Салық тексеруі актісі салық тексеруі актілері мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы журналда тіркеледі, ол нөмірленуге, бау өткізілуге және салық қызметі органының мөрімен куәландыруға тиіс.

Салық тексеруі актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады. Салық төлеуші салық тексеруі актісін алған кезде оны алғаны туралы белгі қоюға міндетті.



Камералдық бақылау .

1. Камералдық бақылау – салық төлушілер берген салық есептілігін және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде тікелей салық органы жүзеге асыратын бақылау.

2. Камералдық бақылау тікелей салық органының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

Салық органы салық есептлігін қателіктер тапқан, салық есептілігінде келтірілген мәліметтердің арасынан қайшылық табылған, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін көзделген шарттарды асыра пайдаланған кезде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес салық төлеушіге жіберілген қателіктерді өз бетінше жоюы үшін, сондай-ақ салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшуі үшін хабарлама жіберіледі.



Салық төлеушілер мониторингі .

1. Салық төлеушілер мониторингі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау және тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құнын қалыптастырудың негізділігіне талдау жүргізу, қаржы, валюта заңдарын, қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметін байқау жүйесін қолдану жолымен жүзеге асырылады.

2. Электронды мониторинг – осы баптың 1-тармағында белгіленген электронды қол қоюмен расталып, электрондық құжат нысанында ақпарат беретін мониторинг түрі.

3. Салық төлеушілердің мониторингі республикалық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.

Республикалық мониторингке жататын салық төлушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Аймақтық мониторингке жататын салық төлушілердің тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Мониторингке жататын салық төлеушілер уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен салық есептілігін тапсырады.

Фискальдық жадысы бар бақылау-касса машиналарын қолдану.

1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша, банктік төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысу міндетті түрде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану және тұтынушының қолына бақылау чегін беру арқылы жүргізіледі.

Осы аталған ереже:


  • жеке кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа): қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі шеңберінде бір жолғы талон немесе патент негізінде жүзеге асыратындарының; егер салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бері алты ай өтпеген болса; қызметін шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратындарының;

  • салық төлеушілердің: қызметін осы Кодекстің 391-397-баптарында белгіленген арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратындарының; квитанцияларды, билеттерді, талондарды, пошта төлемі белгілерін немесе ҚР Қаржы министрлігі бекіткен нысан бойынша есептесу чектеріне теңестірілген қатаң есептіліктің басқа да құжаттарын бере отырып, халыққа қызмет көрсету бөлігінде жүзеге асыратындарының;

  • Адвокаттардың ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

Фискальдық жадысы бар бақылау-касса машиналарын қолдану мен пайдалану тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді. Фискальдық жадысы бар бақылау-касса машиналары – тауарлар сату мен қызмет көрсету кезінде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды тіркеу үшін пайдаланылатын, ақпараттың ауысым сайын түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін, фискальдық жады блогы бар электронды құрылғылар және (немесе) банктік компьютерлік жүйелер. Уәкілетті мемлекеттік орган ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін бекітеді.

Фискальдық жадысы бар бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:



  1. қызмет басталғанға дейін фискальдық жадысы бар бақылау-касса машиналарын тіркеу қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында жүргізіледі;

  2. техникалық қызмет көрсетуге фискальдық жадысы бар бақылау-касса машиналарын қою жүзеге асырылады;

  3. фискальдық жадысы бар бақылау-касса машиналарының чегін беру жүзеге асырылады;

  4. фискальдық жадысы бар бақылау-касса машиналарына салық органдарының енуі қамтамасыз етіледі.


Тарау 2. Қазақстан Республикасында салықтық құқық

бұзушылықтар және салық санкцияларын қолдану аясы


    1. Қазақстан Республикасында салық санкцияларын қолдану механизмі

Салық санкцияларын қолдану мемлекет үшін өте маңызды роль атқарады. Мемлекеттің қаржылық жағдайы және мемлекеттің қызмет етуінің қаржылық қамтамасыз етілуі тікелей салықтарға байланысты болады. Сондықтан мем­лекет салықтардың тиімді қызмет етуіне, барлық салық төлеушілердің салықтық құқық нормаларын орындауына ерекше көңіл бөліп отырады. Осындай мақсатты көздей отырып мемлекет заңдарында салық заңын бұзғаны үшін белгілі бір жауапкершілік түрін бекітіп, құқық қорғаушы нормалар арқылы салықтық қатынастардың қозғалуын қамтамасыз етеді.

Салық заңын бұзу үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар бұзушылықтың құрамынан (диспозиция) және осы бұзушылық үшін жауапкершілік өлшемінен (санкция) құралады. Салық заңын бұзушыларға заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға әртүрлі санкциялар қолданылады. Олар мынадай:

- Жедел түрде шаралар қолдану: банк шоттары бойынша операцияларды тоқтату, қаржы - несие мекемелеріндегі қаржы қаражаттарына шектеу қою;

- Қаржылық - құқықтық санкциялар: төленбеген салықтың бүкіл сомасын өндіріп алу, табысын жасырғаны үшін, қаржы және салықтық құжаттарын тапсырмағаны үшін айыппұл; салық төлемін уақытында төлемегені үшін өсімақы, сондай-ақ жасырылған салық салу объектісін тартып алу;

- Әкімшілік жаупкершілік өлшемі: салық заңын бұзғаны үшін және тұлғалармен кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларға айыппұл белгілеу және т.б.

- Қылмыстық жауапкершілік өлшемі: заңда белгіленген мөлшердегі айыппұлдар, бас бостандығынан айыру, түзету жұмыстары, салық төлеушілердің мүлкін тәркілеу.

Ал енді осы санкциялардың әрбіреуіне жеке-жеке тоқталып өтеміз.

Қаржылық-құқықтық жауапкершілік Қазақстан Республикасы Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заң күші бар жарлығында бекітілген. Қаржылық-құқықтық жауапкершілік төлем көзінен салық ұсталынбағаны үшін, салықты белгіленген мерзімнен кеш төлегені үшін, декларацияларды уақытында тапсырмағаны үшін, салықтарды, ағымдағы төлемдерді, аванстық төлемдерді және салық салу объектілерін төмендетіп көрсеткені үшін белгіленеді.

а) төлем көзінен ұсталынбаған табыс салығы сомалары табысты төлеген заңды және жеке тұлғалардан өңдіріп алынады.

б) салықты белгіленген мерзімінен кеш төлегені үшін өсімақы. Мерзімі өткен салық міндеттемесінің сомасына есептелетін мөлшер өсімпұл болып танылады. Өсімпұл салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есептеледі. Қайта қаржыландыру ставкасы басқару ақпарат құралдарында ай сайын жарияланып отырады. Мысалы, ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасы 20%-ды құрайды десек, онда оны 2-ге көбейтіп, 365 күнге бөлеміз. Яғни, (20*2)/365күн 0,11% бір күнге шығарып аламыз. Салық төлеуші көлік салығын 30000 тт мөлшерінде 5-ші шілдеде төледі, төлеу мерзімі 1-ші шілде. Өсімпұл 5 күнге есешгелінеді. Бұл жағдайда өсімпұл сомасы 165тг-ні құрайды ((30000тг*0,11%*5күн)/100)6

в) Декларацияны уақытында тапсырмағаны үшін айыппұл белгілеу.

Заңды және жеке тұлға белгілі бір себепсіз декларацияны белгіленген мерзімде тапсырмаса, онда декларацияда көрсетілген төленуге тиіс, бірақ төленбеген соманың 5 % мөлшерінде кешіктірілген әрбір айына айыппұл салынады.

Салық декларациясын тапсыру мерзімін салық органының басшысы төлеушінің өтініші бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

Бірақ та, декларацияны тапсыру мерзімін ұзарту салықты төлеу мерзімін өзгертпейді.

г) Салықтарды, ағымдағы және аванстық төлемдерді, салық салу объектілерін төмендеткені үшін айыппұл.

- Декларацияда салық мөлшерін төмендетіп көрсеткені үшін төмендетілген салық сомасынан 100 % мөлшерінде айыппұл салынады. Егер де салықты төмендетіп көрсетуі салықтың төленбеуіне әкелмесе, онда санкция қолданылмайды.

Мысалы: Қосылған құн салығы бойынша декларацияда есептелінген таза салық сомасы 250000 тг, ал тексерудің нәтижесінде 300000 тт белгіленді, онда 100 % мөлшерінде 50000 тг-ге айыппұл салынады. (300000-250000)

- Ағымдағы төлемдер сомасын төмендеткені үшін бір айға төмендеткен соманың 100 % мөлшерінде айыппұл салынады.

- Тауарларды (жұмыстар, қызметтер) өткізу бойынша жүргізген операцияларды есеп беру құжаттарында бейнеленбегені үшін сол тауарлардың кұнынан 100 % мөлшерінде айыппұл салынады.

- Бір жылға нақты есептелінген табыс салығы жыл бойы төленген аванстық төлемінен жоғары болса:

1) 10 %-дан асып кетсе, салық төлеушіге салық салынатын табысынан 2 % мөлшерінде айыппұл салынады.

2) 25 %-дан асса, салық салынатын табысынан 5 % мөлшерінде айыппұл салынады.

- ҚҚС бойынша есепке тұрмаған түлға ҚҚС-ғының есебімен шот-фактура жазып берсе, онда оған салық шот-фактурасында көрсетілген ҚҚС сомасынан 100 % мөлшерінде айыппұл салынады.

д) Кейбір банктік операцияларды жүзеге асыратын банктер және басқа мекемелерге мынанадай жағдайларда кейбір санкциялар қолданылады:

1) Өз талаптарын орындамаған жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттары бойынша жасаған шығыс операциялардың сомасынан 5 % мөлшерінде;

2) Салықтармен санкция сомаларын занды тұлғалардың банк шоттарынан өндіріп алу кезектілігін орындамағаны үшін, бюджет кірісіне салық төлеушілердің шотынан аударымдар жасауды кешіктіргені үшін өсімпұл.

е) Сондай-ақ банктерге салықтық төлемдерді аударуды кешіктіргені үшін, әрбір кешіктірілген күнге ұлттық Банк белгілейтін қайта қаржыландыру ставканың 2 еселенген мөлшерінде өсімақы салынады.

Сонымен, салықтық құқық бұзушылық және оны жасаған үшін жауапкершілік салық төлеушінің мойнына жүктеледі. Ол жауапкершіліктің өлшемі - әртүрлі салықтық санкциялар болып табылады. Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылықтарың” туралы Кодекспен белгіленеді. Онда қарастырылатын салық заңын бұзу мынадай түрлерде бейнеленуі мүмкін:

1. Салықтың есепке тұру мерзімін бұзу;

2. Салық салу объектісіне есебін жүргізбеу немесе оны бекітілген тәртібін бұза отырып жүргізу;

3. Салық салу объектісін жасыру;

4. Салық декларациясын тапсырмау немесе уақытында тапсырмау, не декларацияға жалған мәліметтер енгізу;

5. Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептемеу;

6. Заңды және жеке тұлғалардың табысынан төлем көзінен ұсталынатын табыс салығын дұрыс емес ұстау;

7. Салық сомаларын толық және уақытында төлемеу;

8. Салық органдарын салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеумен байланысты құжаттарды тексеруге жібермеу немесе тексеруді жүзеге асыруға кедергі жасау;

9. Салық органдарының талаптарын орындамау және т.б.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке адамға мынадай әюмшілік жазалар қолданылуы мүмкін:

- Ескерту жасау;

- Әкімшілік айыппұл салу;

- Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;

- Әкімшілк құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, акдіаны немесе бағалы қағаздарды тәркілеу;

- Арнаулы құқықтан айыру;

- Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне, не белгілі бір іс - әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;

- Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

- Өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

- Әкімшілік қамауға алу;

- Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен өюмшілік жолмен кетіру.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды тұлғаларға жеке адамдарға сияқты бірінші алты пункгісі, сондай - ақ заңды тұлғаның қызме-тін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкін.

Солардың ішінен әкімшілік айыппұлға тоқталып кетейік. Әкімшілік айыппұл әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза. Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептік көр-сеткіштен, лауазымды тұлғаға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен, заңды тұлғаға - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

Айыппұл зацдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады.

Әкімшілік өндіріп алу әділетті, яғни құқықбұзушылық сипатына, оны жасау жағдайына және әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаға сай болу керек. Жоғарыда қарастырып өткен әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша істерді салық қызметі органдары қарастырады, ал әкімшілік айыппұлдарды бедгілеуге Қазақстан Республикасының салық органы басшылары мен орынбасарлары құқылы.

Қазақстан Реслубликасында қылмыстық жауапкершілік - мемлекетке біршама залал келтіретін салықтар мен баска да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарута белгіленеді. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекспен реттелінеді.

Қылмыстың объектісі - мемлекеттің қаржы жүйесі, салықтарды есептеу мен өндіріп алу жағынан мемлекеттің бекіткен тәртібі, сондай-ақ, мемлекетке салықтардан түспей калған табысы түріндегі мемлекеттің меншігі болып табылады.

Қылмыстьщ субъектісі - Қазақстан Республикасынъщ азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, он алты жасқа толған адамдар болып табылады.

Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:

- айыппұл салу;

- белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

- қоғамдық жұмыстарға тарту;

- түзеу жұмыстары;

- әскери қызмет бойынша шектеу;

- бас бостандығын шектеу;

- қамау;


- тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

- бас бостандығын айыру;

- өлім жазасы қолданылуы мүмкін. Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:

1) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;

2) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.

Жалпы, салық кодексі белгіленген мерзімдерде салық міндеттемесін орындауды көздейді. Белгіленген мерзімде олардың орындалмау жағдайында салық органы мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдануға міндетті:

1. Төленбеген салықтар мен бюджетке міндетті басқа да төлемдердің сомасына өсімді есептеу;

2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

3. Салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікті иелік етуін шектеу.7

Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің аталған тәсілдерін қолданудан кейін салық міндеттемесін орындамау жағдайында, салық органы салық төлеушіге салық берешегін күштеп өндіріп алудың шарасын қолдануға міндетті.

Салықты еріксіз өндіріп алу дегеніміз салықтар бойынша барлық төлемдерді (аванстық, ағымдағы), сонымен бірге, айыппұлдармен өсімдер бойынша пайда болатын берешек мөлшерінде салық төлеушінің келісімінсіз қаражат өндіріп алу болып табылады.

Салық төлеуші салық қызметі органдарының тсксеру актісі бойынша есептелінген салықпен, алымдармен басқа да міндетті төлемдер және айыппұлдармен келіскен жағдайда осы сомаларды төлеу мерзімдері 60 күнге ұзартылады және салық төлеуші салық органымен келісілген графикке сәйкес, салық төлеуші осы кезең ішінде әрбір 15 күн сайын теңбе-тең үлестермен төлеп отыруға тиісті. Салық төлеуші тексеру актісі бойынша есептелінген салықтарды, алымдарды, басқа да міндетті төлемдерді, айыппұлдар мен өсімақыларды төлеудің өтеу графигінде белгіленген мерзімдерін бұзған кезде өтеу графигінің қолданысы тоқтатылады және салық органы салық төлеушінің банктік шоттарынан акт бойынша есептелінген және төленбеген сомаларды өндіріп алады.

Тексеру актісі бойынша анықталған және есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдармен өсім сомасына байланысты салық қызметінің шығарған шешімдерімен салық төлеуші келіспеген жағдайда салық қызметінің бөлімшелеріне оны әкімшілік тәртіппен қайта қарау жайында 5 банк күні ішінде өтініш жасай алады. Өтініште салық төлеуші өтінішін негіздейтін дәлелдерін баяндап, кұжаттарын көрсету керек.

Салық қызметінің салық төлеушінің қайта қарау туралы негізделген шешім шығарады және бұл жайда салық төлеушіні 10 күн ішінде хабардар етеді.

Салық қызметі органдарының шешіміне салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе сотқа шағым жасауға болады.

Егер бұл шағымға 10 күн ішінде жауап бермесе, онда салық қызметінің жоғары тұрған органына өтініш бере алады.

Егер салық төлеушіге тексеру актісі бойынша есептелген салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсім туралы хабарланған күннен 30 банк күні ішінде салық төлеушінің өтініші қанағаттандырылмаса немесе салық төлеуші сотқа шағымдалмаса, аумақтық салық органының салық төлеушінің келісімінсіз оның банктегі шоттарынан тиісті соманы өндіріп алуға құқылы.

Егер 30 күн ішінде салық төлеуші салық қызметі органдарының шешіміне байланысты сотқа шағымдалса және сот шешімімен дұрыс (заңды) деп танылған салық, алым, айыппұлдар, басқа да міндетті төлемдер, өсім сомалары хабарланған күннен бастап өсімді есептей отырып өндіріп алуға құқылы. Соттың шешімі бойынша негізсіз өндіріп алынған сома салық төлеушіге оларды салық қызметінің органдарының өндіріп алған кезден бастап, әр күн үшін бұл сома төленген күнгі ұлттық Банктің қайта каржыландырудың 2 еселенген ресми ставкасы мөлшерінде өсім есептеле отырып, 3 күн ішінде қайтарылады.

Егер салық төлеушінің банктегі шоттарында каражат болмаған жағдайда немесе олардың дебиторларының шотында қаражат болмаған жағдайда үкімет белгілеген тәртіппен салық төлеушінің мүлігіне билік етуді шектеу туралы шешім шығаруға құқылы.

Салық міндеттемесінің мерзімінде орындалмағанын орындаумен қамтамасыз ету төсілдерін қолданғаннан кейін салық органы мынадай салық берешектерін мәжбүрлі өндіріп алу шараларын қолданады:

1. банктік шоттарда болып табылатын ақша есебі үшін өндіріп алу;

2. қолма - қол ақша есебі үшін өндіріп алу;

3. дебиторлар есебі үшін өндіріп алу;

4. шектелген иелігіндегі мүлікті сату есебіне өндіріп алу;

5. қосымша акция эмиссияларын мәжбүрлі шығару.1

Салық кодексіне сәйкес жоғарыда санамаланған шаралар болып табылатын салық берешегін мәжбүрлі өндіріп алу жөніндегі шаралардағы жалғыз жаңашылдық кезең кезеңімен қолданылатын болады. Яғни, бірінші кезекте, банктік шоттармен, екіншіден - қолма - қол ақша, үшішпіден -дебиторлармен, төртіншіден - шектелген мүлікті өткізу, бесішігіден -акциялардың қосымша эмиссиясының шығуы және соңғы кезекте -банкроттыкты қолдану. Бұл орайда, міндетті тәртіпте салық берешегін мәжбүрлі өндіріп алу шараларын қолдану туралы салық төлеушіге хабарлайды. Осылайша, салық төлеуші салық органынан хабарлама ала отырып салық берешегін мәжбүрлі өндіріп алу шараларын салық органы қолданғанға дейін өзінің салық берешегін тағы бір рет өтеуге мүмкіндігі бар.

Салық төлеуші мәжбүрлі өндіріп алу шараларын қолдану туралы хабарлама алғаннан кейін салық берешегін өтеген жағдайда, салық органы кезең - кезеңімен салық төлеушінің келісімінсіз мәжбүрлі өндіріп алу шараларын қолдануды бастайды.

Салық берешегін мәжбүрлі өндіріп алу шараларының бірінші кезеңі салық төлеушінің банктік шотында болып табылатын ақша есебінен жүргізіледі. Декларация және (немесе) есеп бойынша, сондай ақ салық тексеруі нәтижесінде (шағым жасалмаған) салық төлеушіге есептелген салық берешегінің сомасын төлемеген жағдайда, салық органы мүндай салық төлеушіге оныц банктік есебіне инкассолық өкім қояды.

Салық төлеушінің банк шотында теңгедегі ақша жоқ болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алу теңгеде салық органдары қойған инкассалық иелік ету негізінде салық төлеушінің валюталық банк шотынан жүргізіледі.

Өз кезегінде салық органына банк шоттарындағы ақша есебінен салық төлеушінің салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуды қолдану кезінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйымға қойылған инкассолық иелік ету үшін есеп жүргізу қажет, өйткені Салық кодексі бір банкте ашылған басқа банк шоттарына салық органдары қойған инкассалық иелік етуді орындау бойынша банк операцияларының жеке түрін жүзеге асыратын банк немесе ұйым қызметін шектейді. Бұдан әрі, практикада салық органдарына салық берешегін өндіріп алу бойынша әртүрлі банктерде инкассалық иелік етуді қоюға жол беріледі. Қойылған инкассалық иелік етулер үшін есеп жүргізу мен бақылауды жүзеге асыру салық органдарына бір уақытта салық берешегінің сомасын артық өндіріп алуға жол бермеуге, ал салық төлеушіге салық органдары тарабынан оның құқықтарын сактауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Күштеп өндіріп алу шарасының екінші кезеңі салық төлеушінің қолма -қол ақшасы есебінен жүргізіледі. Қолма - қол ақша есебінен салық берешегінің сомасын өндіріп алу банк шотында ақша жоқ болған жағдайда жүргізіледі. Бұл жағдайда, салық органы салық төлеушіге салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолдану тураны, яғни қолма - қол ақша есебінен салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы хабарламаны жібереді. Салық төлеушіде тексеріс жүргізу кезінде салық берешегін өтеу есебіне қолма - қол ақшаны алып қою туралы актіге сәйкес бухгалтерлік (кассалық) құжаттар (оның ішінде,шетел валютасында) бойынша көрсетілген қолма - қол ақша алып қойылады. Салық берешегін өтеу есебіне қолма - қол ақшаны алып қою туралы акт нысанын уәкілетті мемлекеттік орган, яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бекітеді. Алып қою туралы актіде салық төлеушінің салық берешегінің сомасы мен салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің накты түрлерін көрсете отырып, оны өтеу есебіне салық органы алып қоятын сома көрсетіледі.

Мәжбүрлеп алудың үшінші кезеңі дебиторлардың шоттарынан жүргізіледі.

Салық төлеушінің банк шоттарында ақшасы және қолма - қол ақшасы болмаған жағдайда, салық органы жиналып қалған салық берешегі шегінде салық төлеушіге берешегі бар үшінші бір тұлғалардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алуға құқығы бар. Салық төлеуші мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актісінде мынадай мәліметтер болуға тиіс:

1. салық төлеуші мен оның дебиторының атауы, олардың тіркеу нөмірлері;

2. салық төлеуші мен оның дебиторы тіркеу есебінде тұрған салық органының атауы;

3. салық төлеуші мен оның дебиторының банк шоттарынан деректемелері;

4. дебитордың салық төлеушіге берешек сомасы;

Салық төлеуші хабарлама алған күннен бастап салық төлеушімен бірлесіп жасалған өзара есеп айырысудың салыстыру актісін табыс еткен жағдайда, салық органы салық төлеушінің салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді дебитордың банк шотына ұсынады. Алайда, салық органы салық төлеуші мен оның дебиторы қол қойған салық төлеуші мен оның дебиторы арасындағы өзара есеп айырысудың салыстыру актісін алмай қалу жағдайлары болуы мүмкін. Бұл жағдайда салық органы дебитордың банк шоттарындағы ақшасын өндіріп алу туралы хабарламасын алған кезден бастап жиырма жұмыс күні өткен соң, салық төлеушіге мәжбүрлеп алудың келесі кезеңі қолдануға құқылы, яғни салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі есебінен өндіріп алуды жүргізеді.

Мәжбүрлеп өндіріп алу шарасының төртінші кезеңі иелік етуіндегі шектелген мүлікті сату есебінен жүргізіледі.

Салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің келісімінсіз оның дебиторларының банктік есептерінде ақша болмаған жағдайларда, салық берешегінің сомасы шегінде салық төлеушінің иелік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуға құқығы бар. Бұл ретте, салық төлеушінің иелік ету шектелген мүлкін сату мамандандырылған аукционында жүзеге асырылады. Салық берешегі есебіне салық төлеушінің иелік ету шектелген мүлкін сату бойынша аукцион жасаушы Қазақстан Республикасы үкіметінің уәкілетті үйымы болып табылады. Мамандандырылған аукционда аукцион ұйымдастырушының өкілі, салық төлеуші немесе оның заңды немесе уәкілетті өкілі міндетті түрде қатысуы қажет. Иелік ету шектелген мүлікке сату жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының ұкіметі айқындайтын мамандандырылған аукционда жүзеге асырылады.8




    1. Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларындағы салықтық құқық бұзушылыққа салық санкцияларының қолдану тиімділігіне баға беру және оны талдау

Салық төлеушілердің салықтар, алымдар мен бюджете төленегін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы төлемеуі, салықты төлеуден жалтаруы экономикаға үлкен мөлшерде зиян келтіреді. Біздің елімізде қалыптасқан қазіргі жағдайды қарастырсақ, тәуелсіздігімізді алған кезден бастап салық заңын дамытуда көптеген жетістіктерге жеттік. Соның ішінде, салықтың жиналуын қамтамасыз ететін, салық бұзушылықтармен күресетін салық полициясьшың кұрылғаны жөнінде айтып кетуге болады. Өйткені, қолданылатын салық санкцияларын экономикалық жағынан талдауды осы салық полицияның, қазіргі кезде қаржы полицияның және салық комитеттерінің жүргізетін жұмыстарына суйене отырып жасаймыз.

Қаржы полиция органдары Мемлекеттік Кірістер Министрлігіне кіреді және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштердің құрамдас бөлігі болып табылады.26

Қаржы полицияның негізгі мақсаттары мынадай:

- экономикалық қылмыстар мен құқық бұзушылықтармен күресу;

- жемқорлық сипаты бар қылмыстарды анықтау, ескерту және жазалау;

- салықтық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу, ескерту және жазалау;

- акцизделетін өнімнің заңсыз айналымымен күресу;

- экономикалық қылмыстармен күресу жағынан жүргізетін мемлекеттік саясатын құру мен жүзеге асыруға қатысу;

- экономикалық қылмыстармен күресу саласында халықаралық

ынтымактастықта болу.

Ең өзекті мәселе - ол салықтан жалтарудың экономикаға ірі мөлшерде зиян келтіруі болып табылады. Ол көбінесе, салықтық түсімдердің жеткілікті түрде түспеген жағдайда, бюджет тапшылығын тудыруы болып табылады.

2003 жылдан бері біздің елімізде бюджет тапшылығының көрсеткіштерін қарастырғанымыз жөн.
Кесте-1

Салықтық түсімдердің бюджет тапшылықына әсері.


Жылдар

2003

2004

2005

Салықтық түсімдер

624058

735792

850777

Бюджет тапшылығы

-3278

-12998

+991

*Автордың құрастыруымен
Жалпы, 2004 және 2005 жылдардағы салықтық түсімдердің белсенді түрде көбейіп, бюджет тапшылығының едәуір қысқарғанын көруге болады. Бұнымен қоймай, 2004 жылы бюджет табыстары 2003 жылмен салыстырғанда 18%-ға өскенін көріп отырмыз, сонымен қатар бюджет тапшылығы азайып, оң дәрежеге көтерілді. Мемлекет бюджетінің табыстарының ұлғаюына мынадай факторлар әсер етті:

- салық заңының жетілдірілуі;

- салықтардың әкімшілік етуінің жақсартылуы, оған өткен жылдардағы салық бересі сомасының азаюы дәлел бола алады;

- салық органдарының экономикалық бақылау қызметінің жақсаруы. Өндіріп алу коэффициенті (тексеру нәтижелері бойынша есеіттелінген сомалардың ішіндегі өндіріп алынған сомалардың үлес салмағы) өткен жылдарға қарағанда біршама көтерілді;

- кәсіпорындардың қаржылық жағдайының жақсаруы және т.б.факторлар.

Міндетті төлемдерді өтеу жолындағы жұмыстарды барынша жетілдірмейінше, бүгінгі күні орын алып отырған қаржы тапшылығын және бюджетті толықтыру мәселесін шешу мүмкін емес.

Мерзімінде төленбеген төлемдерді азайту мәселесі - бұрынғысынша негізгі және бірінші кезектегі міндет болып саналады.Экономика саласында жасалған қылмыстар экономиканың дамуына үлкен зиян келтіріп отыр. Оның салық саласында жасалған бөлігі аз емес. 2003-2004 жылдар аралығында экономика саласындағы жасалған қылмыстардың келтірген залалын төмендегі кестеден көруге болады:

Кесте-2.

Келтірілген залал мен Өтелген залал мөлшері


Жылдар

2004жыл

2005жыл

Келтірілген залал (млн.тг)

4094,7

5445,9

Өтелген залал (млн.тг)

2252,1

3267,5

Сәйкесінше экономика саласында жасалған қылмыстарының келтірген залалының өтелу динамикасын қарастырамыз.


Диаграмма-1. Экономика саласында жасалған қылмыстарының келтірген залалының өтелу динамикасы

Алыну көзі: Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері 2004-2005жж.


Бұл жағдай кейде салық органдарының жіберген қателерімен байланысты болуы мүмкін. Ол салық инспекторларының тексерулерді салық заңы нормаларын сақтай отырып жүргізуге байланысты болады. Көптеген жағдайларда салық тексерушілер салық органдарының шешімімен келіспей қалады.

Диаграммадан көріп отырғанымыздай 2004 жылғы экономикаға келтірілген залалдың /4094,7 млн.тг/ 55%-ы өтелді. Ал 2005 жылғы экономикаға келтірілген залалдың 60%-ы өтелген. Яғни қаржы полициясы органдары экономикалық қылмыстармен және олардың экономикаға келтірген залалына қарсы күресін күшейтуде. Осы қаржы полициясының көмегімен көлеңкелі бизнестен бюджетке қайтарылған сомаларын мемлекет соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүгедектерге, яғни зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге жұмсайды. Қаржы полициясы спирттік, ішімдік және темекі өнімдеріне байланысты көлеңкелі бизнеспен күресуін күшейтуде. Сондай-ақ, жалған банкроттылықты және басқа да заң бұзушылықтарын ашуға бағытталған жұмыстар кең көлемде жүргізіліп жатыр.

Сол жылдардағы салық комитеттерінің жасаған жұмыстарының нәтижелері туралы айтып кетейік.


жүктеу 420 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау