Кесте №5.
«Құрал-жабдықтар бойынша мәліметтер».
Құрал-жабдықтар
|
Базистік жыл
|
Есептік жыл
|
Ауытқу
|
1. Нақты бары, бірлік
|
59
|
68
|
+9
|
1.1. Орнатылған, бірлік
|
41
|
51
|
+10
|
1.1.1. Қозғалыстағы, бірлік
|
26
|
31
|
+5
|
1.1.2. Қозғалысқа түспегендігі, бірлік
|
15
|
11
|
-4
|
1.2. Орнатылмағаны, бірлік
|
18
|
17
|
-1
|
Таблица мәліметтерінен 2001 жылы кәсіпорынның 17 бірлік орнатылмаған құрал-жабдықтар бар екенін көріп отырмыз. Бұл құрал-жабдықтар 2 жылға тоқтатып қойылған. Есепті жылды базистік жылмен салыстырғанда әрекеттегі құрал-жабдықтар 5 бірлікке көбейген, бұл өндірісте оң мәнге ие. Әрекетте жоқ құрал-жабдықтардың саны бұрын жөндеуде, модернизацияда жатқан құрал-жабдықтарды іске қосу есебінен 4 бірлікке қысқарған.
Қолда бар құрал-жабдықтарды өндіріске қатыстыру дәрежесі және оны өндірісте қолдануды келесі көрсеткіштер сипаттайды, ол көрсеткіштерді есептеу үшін №5 кесте мәліметтерін пайдаланамыз.
Пайдаланымға берілген құрал-жабдықтардың үлесі – бұл орнатылған құрал-жабдықтардың нақты бар құрал-жабдықтарға қатынасымен анықталады.
2000 ж. = 41/59 = 0,69 2001 ж. = 51/68=0,75
Іс жүзінде жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың үлесі – қозғаалыстағы құрал-жабдықтардың орнатылған құрал-жабдықтарға қатынасымен анықталады:
2000 ж. = 26/41 = 0,63 2001 ж. = 31/51 = 0,61
Паркте бар құрал-жабдықтардың пайдалану дәрежесі – бұл қозғалыстағы құрал-жабдықтардың нақты бар құрал-жабдықтарға қатынасымен анықталады.
2000 ж. = 26/59 = 0,44 2001 ж. = 31/68 = 0,46
Бұл есептеулерден көріп отырғанымыздай есептік жылы пайдалануға берілген құрал-жабдықтар үлесі 0,06(0.75 – 0.69) көбейген, бұл орнатылмаған құрал-жабдықтар санының азаюына алып келеді.
Нақты жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың үлесі 0,02 (0,61–0,63) төмендеген, берілген жағдайда бұл көрсеткіштің төмендеуі құрал-жабдықтардың тозуы және пайдалануға жарамсыздық себебінен үлкен көлемде құрал-жабдықтардың жұмыстан шығу есебінен болып отыр.
Нақты бар құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесінің көрсеткіші 0,02 (0,46 – 0,44) өскен, бұл көрсеткіштің өсуі кәсіпорын паркте бар құрал-жабдықтарды тиімді қолданатынын сипаттайды
Бірақ та паркте бар құрал-жабдықтарды пайдалану деңгейінің өсуі құрал-жабдықтардың қайтарымының өсуіне алып келмейді. Материалдық өндіріс сферасында күрделі проблема болып құрал-жабдықтардың толық сменалық және ішкі сменалық тұрып қалуларын қысқарту табылады.
Жұмыс жасап тұрған құрал-жабдықтарды тиімді арттыру 2 жолмен жүргізіледі: экстенсивті (уақыт бойынша) және интенсивті (қуаттылығы бойынша).
Құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті жолын сипаттайтын көрсеткіштер - құрал-жабдықтар саны, соның ішінде әрекетте жоқ еңбек құралдарының үлесі, істен шыққан уақыты (машина уақыт), машина және станок паркінің құрылымы.
Құрал-жабдықтарды интенсивті пайдалану 1 машина/уақытта өнім шығару көрсеткіштерімен сипатталады, яғни оның өнімділігімен. Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалануды талдау оның жұмысының уақыт балансын қарастырумен байланысты, ол келесі уақыт қорларын қосады:
|