«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорлар қозғалысы және техникалық жағдайы
Көрсеткіштер
|
Белгіленуі
|
Көрсеткіштер деңгейі
|
2000 ж.
|
2001 ж.
|
1. Негізгі қордың бастапқы (баланстық) құны, мың тенге:
а) жыл басына
б) жыл аяғына
|
Қб
Қа
|
66651
67460
|
67460
83046
|
2. Негізгі қор тозуы:
а) жыл басына
б) жыл аяғына
|
Т
Тб
Та
|
5063,2
4493
|
4493
5346
|
3. Есептік жылда негізгі қор түсімі, мың тг.:
а) барлығы
б) соның ішінде енгізілгені
|
Түсім
|
1090
1090
|
17227
17227
|
4. Есептік жылда шыққаны, мың тг.:
|
Ш
|
281
|
1641
|
5. Тозу коэффициенті:
а) жыл басына
б) жыл аяғына
|
Ктозу
Ктозу, б.
Ктозу, а.
|
0,76
0,67
|
0,67
0,64
|
6. Жарамдылық коэффициенті:
а) жыл басына
б) жыл аяғына
|
Кжармд.
Кжарамд. б.
Кжарамд. а.
|
0,924
0,933
|
0,933
0,936
|
7. Енгізу коэффициенті
|
Кенгізу
|
0,0162
|
0,2074
|
8. Жаңарту коэффициенті
|
Кжаң.
|
0,162
|
0,2074
|
9. Шығу коэффициенті
|
Кш
|
0,0042
|
0,0243
|
10. Ауыстыру коэффициенті
|
Кауыст.
|
0,258
|
0,095
|
11. Құрал-жабдықтар паркін кеңейту коэффициенті
|
Ккеңейту
|
0,742
|
0,905
|
Жоғарыда келтірілген негізгі өндірістік қорлардың қозғалысы және техникалық жағдайын талдаудан біз 2001 жылы «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ көп мөлшерде жаңа негізгі қорлар сатып алынған, ол 17227 мың тенгені құрады, соның ішінде оның көп бөлігін машиналар, құрал-жабдықтар және көлік құралдары алып отыр. Негізгі қорларды толықтырулар есебінен құрал-жабдықтарды енгізудің есебінен жарамдылығы жоғарылауы байқалады.
«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорларының механикалық жағдайын талдауды қорыта келе тиімді пайдаланудың факторы ретінде негізгі қорлардың техникалық жағдайы ұсынылатын талаптарға сай келеді және еңбек өнімділігін арттыратын, оны тиімді пайдалануға, кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндіктер туғызады.
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау.
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылығын тиімді пайдалану оның барлық технико-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік туғызады, соның ішінде өнім шығаруын көбейтеді, өзіндік құнын, еңбек сыйымдылығын төмендетеді және т.б.
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды талдау өткізудің методикасы оны қолданудың ең тиімді нұсқауды таңдауға көзделген. Сондықтан талдаудың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:
Негізгі қорларды пайдаланудың нұсқаулық шешімдері; және
2) перспективаға мақсатталу.
Перспективалық анализ – бұл инвестицияларды талдаудың негізгі түрі, оған баланста бар негізгі қорлардың және оларды тиімді қолдануының бағалануы барлық ресурстар түріне қолданылатын технологиялық бағалануға негізделген, ол қайтарымдылық және сыйымдылық көрсеткіштерін есептеуді және талдауды болжайды. Сонымен қатар негізгі қорлардың рентабельділігі және салыстырмалы үнемдеуін бағалау жүргізіледі.
«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ бойынша негізгі қордың қор қайтарымы келесідей:
2000 жылы ФОо = 56997,8/66735 = 0,854 тенге
2001 жылы ФО1 = 152617/73855 = 2,066 тенге
2001 жылы пайдаланылған негізгі қорлардың 1 тенгесінен 2,066 тенгеге өнім көріп отырмыз.
Қор қайтарымның өзгерісін сипаттайтын индекс:
Iфо = ФО1/ФОо
Iфо = 2,066/0,854 = 2,4 немесе 241%
яғни, қор қайтарымдылық коэффициенті 2001 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өскен.
Қор қайтарым нәтижелерін салыстырғанда базистік жылға қарағанда есептік жылы қор қайтарым көрсеткіштері айтарлық көтерілген. Қор қайтарым көрсеткішінің 1,212 (2,066 – 0,854) өскенін 2 негізгі фактордың әсерінен деп түсіндіреміз, біріншіден негізгі қорлардың көлемінің өсу есебінен және екіншіден кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды жақсартудан.
Қор қайтарымның өсуі дәл қай фактордың есебінен өсетінін анықтау үшін келесі есептемені жүргіземіз. Бұл үшін келесі кестеде қор қайтарымға және оның өсу қарқынына әсер ететін негізгі көрсеткіштердің абсолютті өзгерулерін көрсетеміз.
Кесте 4
Достарыңызбен бөлісу: |