Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi. Несие қамтамасыздығы


Несиелеу барысындағы банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар



жүктеу 1,49 Mb.
бет6/6
Дата05.03.2018
өлшемі1,49 Mb.
#11639
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

Несиелеу барысындағы банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар (%-да)
3.2 -кесте

Ішкі факторлар

67%

Сыртқы факторлар

33%

Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі.

22

Компанияның банкроттығы.

12

Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында ақпаратты дұрыс бағалауы.

21

Кредиторлық қарызды қайтаруын талап етуі.

11

Алдын ала ескерту белгісіне кеш көңіл бөлуі және операциялық бақылаудың әлсіздігі.

18

Жұмыссыздық/Жанұя мәселелері.

6

Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы.

5

Ұрлық/Алдау.

4

*көзі: С.Б. Мақыш. «Коммерциялық банктер операциялары», Алматы, 2003ж.
Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан, қарыз алушының несиелік қабылетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайындағы өзгерістр мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстарының жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және зайымдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.

Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады.

Несиелердің қайтарылмауынан зиян шегу - кез келген банк қызметінің негативті жағы. Оларды толық жою мүмкін емес, бірақ ең төменгі мөлшерге жеткізуге болады. Американдық коммерциялық банктерде проблемалық несиелердің пайда болу себептерін айқындауға көмектесетін, сол сияқты олардың пайда болуын болжайтын толық жүйе жұмыс жасайды. Бұл жүйеге сәйкес күмәнді несиелердің пайда болуына әсер ететін банкке байланысты және байланысты емес факторлар келтіріледі. Бірінші факторларға несиелік процеспен байланысты, яғни несиелік өтінішке, несиелік құжаттарға және т.б, жасалатын талдауды қамтитын барлық аспектілері жатады. Екінші факторларға қолайсыз экономикалық жағдай және төтенше оқиғалар жатады.

Несиелік қабілетін талдағаннан кейін несиелік келісім-шарт жасалады. Әр түрлі елдердің банктерінің клиенттермен жасайтын келісім – шарттарының негізгі ерекшеліктеріне: хұқықтарына мәдениеттің жоғарғы деңгейі ; несиелік мәміле шарттарының егжей – тегжейлі сипаты; несиелік құралдардың түрлеріне байланысты несиелік келісім- шарттар формаларын типтеу жатады.

Несиелік келісім – шарт мазмұнын қарастыру олардың көлемді болып келуін көрсетеді. Кейбір несиелік келісім- шарттар 20 бетке дейін болады. Бұл олардағы шарттардың кеңдігін көрсетеді. Мысалы, АҚШ-тың бір банкінде ұзақ мерзімді несиеге немесе несиелік линия ашу негізінде ағымдағы қажеттіліктерге берілетін несиелерге қатысты неғұрлым ашық формада құрылатын несиелік келісім- шарт бар. Егер несие 30 күнге дейін берілсе, не қысқартылған келісім- шарт, не қарыздық міндеттеме қолданылады.

Германияда бір жүйенің банктері үшін ( жеке, жинақтаушы т.б.) бірдей несиелік шарттар белгіленген. Заңдармен қатар олар несиелік операциялардың хұқықтық негізін құрады. Ортақ несиелік шарт белгілеу- банктердің тәуекелден қорғану шараларының бірі. Ортақ несиелік шарттар банк клиенттеріне жеткізіледі. Несиелік келісім – шарттарда олар қайталанбайды, бірақ қарыз алушының олармен келісімін нақтылацтын пункт жазылады. Олардың толық мәтіні несиелік келісім-шарт бланкісінің келесі бетінде беріледі. Германияда несиелік келісім-шарттар бір түрге келтірілген. Олар кесте макеттері түрінде типографиялық формада көрсетілген, ал қатардағы бөлімдер қысқартылып толтырылады . Несиелік келісім-шарт жасалып, ссуда берілгеннен кейін соңғы кезеңде несиенің қайтарылуын бақылайды. Заңды тұлғаның өтімділігі, қаржылық құрылымы, рентабельділігі тұрақты талдау обьектісі болуға тиіс. Әсіресе, несие қабілеттілігінің аспектілерін талдау кезінде айқындалған әлсіз жерлері үздіксіз талданып отырғаны жөн. Несиелік келісім-шартқа сәйкес несие құрылымы қиындықтар туындаған жағдайда теріс салдарын жоюға мүмкіндік болатындай анықталуы керек. Яғни, мониторингте қолданылатын құралдардың ішінде несиелік келісім-шарт негізгі құрал болып табылады. АҚШ-ның банктеріндегі несиелік мониторингтің маңызды элементі сенімді ақпарат жинап, оны талдап отыру болып табылады.

Негізінен, банктегі жоғарғы буын басшыларының бірін несиелік мониторинг үшін жауапты еткен жөн. Бұл функция, әсіресе кіші банктерде банктік қызметін басқа бағыттарының мониторингі қызметімен біріктірілуі мүмкін . АҚШ конгресі тұтынушылары пайыздық төлемдердің мөлшері және басқа да төлемдер туралы толық ақпараттандыруға қол жеткізу мақсатында несиелеу аясында дәйекті ақпарат туралы бірқатар заңдар қабылдаған. Сонымен қатар, несиені орналастырудағы мүмкін болатын теңсіздікті жою, несиені өтеу кезіндегі қателерді түзеуді заңдастыруды енгізу үшін де заңдар қабылданған .

3.2. Екiншi деңгейдегi банктердiң несиелiк процесiнiң даму болашағы
Қазіргі кезде елімізде банктік несиелеуге байланысты жақсы шарттар бар. Атап айтсақ, біріншіден, бұл – инфляцияның төмен деңгейімен, теңге курсының тұрақтылығымен, нақты ЖІӨ-нің өсуімен және мемлекеттік бюджеттің профицитімен байланысты макроэкономикалық шарттардың елеулі жақсаруы. Екіншіден, ел тұрғындарының жеке бизнес дағдыларын үйреніп, менталитеттің тұтынушыдан кәсіпкерлікке өзгеруі болып табылады.

Елiмiзде несиелендiрудiң үш деңгейлi жүйесi дамып келедi. Қор рыногының, оның iшiнде iшкi институционалдық инвесторларды дамыту және инвестициялау мүмкiндiктерiн кеңейту, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды күшейту, корпоративтiк басқаруды жақсартуға арналған ынталандыруды көтеру жөнiндегi құқықтық негiздерi жiетiлдiруде.

Қазiргi кезде қазақстандық банктер өз капиталдарын сыртқы рынокқа шығаруға және тартымдылық жағдайда займдар тартуға мүмкiнiктерi бар. Олардың ресурстық базаларының артуы экономиканы несиелеу бойынша қызметiн белсендi жүргiзуге мүмкiндiк болып отыр. Отандық банктер халықаралық операциялар, әсiресе ТМД аумағында жұмыс iстеуге ынта таныта бастады. Бiрақ, бұл мәселеде қаржы жүйесiнде тәуекелдiлiк жүйесiнiң өсiп отырғандығын айта кеткен жөн.Егер олар басқара бiлмесе, оның соңы қаржы дағдарысына соқтыруы мүмкiн.

Осыған орай, бiрнеше факторларды атап айтқан жөн: Бiрiншiден, несие берудiң шектен тыс жоғары қарқынмен өсiп бара жатқандығыжағымсыз салдарға ұрындыруы мүмкiн. Мысалы, 2004 жылы экономиканы несиелеу 52 пайызға өскен болса, 2005 жылы 75 – пайызға, ал ағымдағы жылдың тоғыз айында, несиелеу – 50 пайызға өсiп отыр. Жалпылай алғанда, жыл iшiнде экономикалық өсiм 10 пайызды құрайды. Несиелеудiң өсуi қарыз портфелiнiң сапасын нашарлатады. Өткен жылы банктердiң күдiктi және сенiмсiз мiндеттемелерiнiң көлемi 61 пайызға, ал, үстiмiздегi жылдың тоғыз айында 47 пайызға артқан. Олардың қарыз портфелiндегi үлесi 40 пайызды құрап отыр. Екiншiден, банктердiң қарыз портфелi қажетiнше әртараптандырылмаған. Несиелер негiзiнен тауар өндiрiсi экономиканың экспортталмайтын секторындағы немесе қызмет көрсету жобалары үшiн берiлiп келедi. Бұлар құрылыс пен сауда салалары. Дегенмен, ол секторлар белгiлi бiр деңгейде шикiзат өндiрiсiне тәуелдi. Банктер халықаралық рынокта байланыстар жасауға мүмкiндiк алып отыр,бүгiнде соны белсендi пайдаланып келедi.

Алайда, ҚР-сы ЕДБ-нің ресурстық базасының ерекшеліктері, сондай-ақ сапалы жобалардың болмауы осы мәселені шешуге мүмкіндік бермей отыр.

ҚР-сы ЕДБ-нің ресурстық базасының қазіргі жағдайын сипаттай келе, банктерде «қысқа мерзімді ақшалар» жинақталып қалғанын атап өту керек. Ал, экономиканың нақты секторына 3 жыл және одан да ұзақ мерзімге несие қажет. Сонымен қатар, ҚР-ның коммерциялық банктері беретін несиелерінің валюталық құрылымы мен мұнай бағалары арасындағы байланыстылықты көруге болады. Мұнай бағасы төмендегенде шетел валютасындағы несиелердің үлес салмағы өседі.

Осылайша, нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеу перспективасы коммерциялық банктерде ұзақ мерзімді несиелік ресурстардың болуына тікелей тәуелді. Сондықтан, орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағының тұрақты өсуіне қарамастан, ҚР-сы ЕДБ-нің ресурстық базасы экономиканың нақты секторының сұранысын толық қанағатандыра алмайтынын атап өту керек.

Банктердің нақты секторды несиелеудегі қаупін түсіндіруге болады. Әрине, макроэкономикалық тұрақтылық, экономикалық өсудің жоғары қарқыны банктерде ұзақ мерзімді ресурстардың қалыптасуына әсер етті.

Алайда, бұл ресурстар әлі де жеткіліксіз болып отыр. Себебі, банктердің меншікті капиталының үлесі дамыған нарықтық экономикада жұмыс істейтін банктердің меншікті капиталының мөлшеріне жетпейді.

Әлемнің көптеген елдерінде несие берушілер несиелік бюролар арқылы тұрақты негізде қарыз алушылардың төлем қабілеттілігі жайлы хабар алысып тұрады. Мұның қажеттілігі көптеген экономистермен қаржылық-делдалдық қызмет аясындағы ақпараттардың ассиметриясы мәселесін зерттегенде дәлелденген болатын. Экономикалық әдебиеттерде ақпараттың ассиметриясы ретінде несиелік ресурстарды бөлуде тиімсіздікке әкелетін мәміле жасалған кезде серіктесі жайлы мәліметтердің жеткіліксіздігі танылады. Бұл жағдайда несие беруші қарыз алушы ссуда алған инвестициялық жобамен байланысты алдағы табыс пен тәуекелді болжай алмайды.

Сонымен қатар, несие берушілер ссуда алғаннан кейін қарыз алушылардың іс-әрекеттерін бақылай алмауы мүмкін. Қарыз алушы төлем қабілетсіздік тәуекелін арттыратын қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін немесе қарыздары бойынша төлемеу үшін өзінің инвестицияларынан алатын табысын жасыруы мүмкін. Осының нәтижесінде несиелердің көлемі азайып, жоғары пайыздық мөлшерлемелер қойылады. Бұл құбылыс ғылыми әдебиеттерде «жаман қылық» атауын алды.

Қаржылық емес секторда жалпы жағдайдың төмендеуі кезінде тәуекелді бағалау және қарыз алушыларды таңдау қиынға түседі, пайыздық мөлшерлемелер көтеріледі, бұл сенімді қарыз алушыларды нарықтан кетуге мәжбүр етеді. Сонымен қатар, қаржылық жағдайына байланысты сенімсіз қарыз алушылар жоғары пайыз мөлшерін төлеуге келіседі, себебі ссуданы қайтара алмауы мүмкін екенін біледі. Мұның нәтижесінде тәуекелдің несиелік саясат жүргізе отырып, несие берушінің өзінің қаржылық жағдайына қауіп төнеді немесе нарықта сенімді қарыз алушылар бар екендігіне қарамастан, берілетін несиелер көлемі шектеледі. Бұл қаржы нарығының да, нақты сектордың да жағдайына кері әсерін тигізеді .

Әлемдік тәжірибенің көрсетуі бойынша бұл мәселені тек несие берушілер арасында қарыз алушылар туралы ақпарат алмасу үшін құрылған несиелік бюролар көмегімен шешуге болады. Бұл жағдайда үш түрлі нәтиже байқалады.

Біріншіден, несиелік бюролар банктердің нарықтағы қарыз алушылар жайлы мәліметтердің деңгейін жоғарылатып, ссудалардың қайтарылуын нақты болжауға мүмкіндік береді. Бұл несие берушілерге ссуданың мақсаты мен бағасын тиімді анықтауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, несиелік бюролар банктерге өздерінің клиенттері туралы ақпаратты іздеу бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл несиелік нарық ішіндегі ақпараттарды теңестіруге және осы арқылы несие берушілермен несиелік ресурстар үшін бәсекелік бағаларды қоюға әкеледі. Төмен пайыздық мөлшерлемелер қарыз алушылардың таза табысын арттырып, олардың қызметін ынталандырады.

Үшіншіден, несиелік бюролар қарыз алушылар үшін тәртіптілік механизмін құрады. Қарыз алушылар өздерінің міндеттемесін нақты орындамаса, оның несие берушілер алдындағы беделі түсіп, несиелік ресурстарға жолын жабатындығын және несиелік ресурстар ол үшін қымбаттайтындығын біледі. Сонымен қатар, бұл механизм қарыз алушыны несиені уақытында қайтаруға ынталандырады .

Алайда, осының бәрі үлкен қиындыққа тірелді: кәсіпорындар мен ұйымдар – коммерциялық банк клиенттері өздері туралы мәлімет бергісі келмейді. Батыста мұндай ақпаратты беруден бас тарту берілген компанияны теріс жағынан көрсететін маңызды көрсеткіш болып табылады. Яғни, Қазақстанда жалпы ақпараттық желі болмайынша, несиелік тәуекелдер әлі жоғары болып табылады.

Отандық банк жүйесінде несиелік келісім-шарттардың жетілмегендігі мәселесін атап өту керек. Осы орайда несиелік келісім-шарттар негізгі қарыз және пайызды өтемеудің алдын алу шараларын қамтымайды. Ал, құқықтық жағынан келісім-шарттар берілген ссудалардың қайтарылуын қамтамасыздандырмайды. Көптеген келісім-шарттар заңи дұрыс құрылмаған, кейде оларға құзыреті жоқ адамдар қол қояды. Батыста несиелік келісім-шарт маңызды құжат болып саналады. Осыған байланысты несиелік келісім-шартты құрған кезде несиеленетін мәмілені терең зерттеп қана қоймай, сонымен қатар барлық мүмкін болатын тәуекелдерді есепке алып, оларды келісім-шартта көрсете білу керек.

Несиелеу мәселесінде кепіл механизмінің жетілмегендігін атап өту керек. Кепіл шартына сәйкес несие берушінің талаптары кепілге қойылған мүлік құнынан орындалады. Кепілді сатудан түскен сома банк алдындағы қарызды жабуға жетпесе, банк жетіспеген соманы қарыз алушының басқа мүлкінен алуға құқылы. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен келесідей кезектілік қарастырылған. Ең алдымен, банкрот болған кәсіпорын мүлкі арбитражды соттың шығындарын жабуға кетеді. Содан кейін әлеуметтік орта: алимент, мүгедектік жәрдемақы, жұмысшыларға берілмеген жалақы т.б. төленеді. Осыдан кейін бюджет алдындағы міндеттемелер: салықтар бойынша қарыздар өтеледі. Соңында ғана несие берушілерге кезек беріледі. Көп жағдайларда банкрот кәсіпорынның бұған дейін мүлкінен түк қалмайды. Басқаша айтқанда банктер түксіз қалады. Айтылғандардың бәрі кепіл құқының негізгі қағидаларының біріне қайшы келеді – кепілдік талаптардың басқа несие берушілер алдында бірінші кезекте қамтамасыздандырылуы. Яғни, несиелік тәуекелдердің болу мүмкіндігін төмендету үшін, ең алдымен, кепіл механизмін жетілдіру қажет .

Осы орайда заңды тұлғалардың ішінде, әсіресе, кіші және орта бизнес субъектілерінің несие алуға кепілі жетіспейтінін де айтып кету қажет. Яғни, дұрыс кепілінің жоқтығынан оларға несие алу қиынға соғады. Ал, әрбір елдің тәжірибесі көрсеткендей, нарық өздігінен кіші және орта бизнесті қаржыландыру мәселесін шеше алмайды.

Кепілмен қамтамасыз ету шағын және орта кәсіпорындар үшін айрықша проблема болып отыр. Кепілге несие мөлшерінен 2 есе қымбат мүлік алынады. Ал, «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде кепілді қамтамасыз ету ретінде коммуналды меншік объектілерін қолдану сұрақтары туралы» №1028 2000-жылғы 7-сәуірдегі Үкімет Қаулысы тек ұсынымды сипатқа ие.

Банктер шағын бизнесті тек жоғары мөлшерлемелермен және қамтамасыз етудің қатаң шарттары негізінде несиелеуге дайын. Алайда шағын кәсіпкерлердің көбісі үшін бұл қолайсыз, әсіресе, өз бизнесін жаңадан бастағандар үшін. Сондықтан, нарықтық экономикада шағын және орта бизнестің несиелерге сұранысы түрлі қаржыландыру көздері мен сызбаларын пайдалану арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру мен қолдаудың арнайы механизмін құрусыз елдің қаржы институттары тарапынан қанағаттандырыла алмайды .

Бір жағынан қандай-да болмасын жобалардың құны әр түрлі болғанымен, оған кететін банк шығындары бірдей болып табылады. Яғни, жобаның құны қаншалықты көп болса, банктің оны қаржыландыруға кететін шығынының үлес салмағы соншалықты аз болады. Және, керісінше, жобаның бағасы қаншалықты аз болса, соншалықты оны қаржыландыруға кететін шығынның үлесі көп болады. Бұл ірі жобаларға несиелеу мөлшерлемесінің төмен болып, кіші жобаларға жоғары болатынына әсер етеді. Екінші жағынан, кіші және орта бизнестің тұрақсыздығына байланысты ірі жобаларға қарағанда кіші жобаларда банктердің тәуекелі де жоғары болады. Бұл банктердің кепілге байланысты кіші және орта бизнеске қоятын талаптарының қатаң болуына әкеледі.

Несие қабілеттілігін қаншалықты нақты бағалап, несие беру туралы шешімі қаншалықты негізделіп қабылданғанымен, бір де бір банкир өзі берген ссуданың мерзімінде қайтарылмауын болжай алмайды. Несиенің қайтарылуына бақылау жасау кезінде несиелік қызметкер жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның жағдайын тұрақты түрде талдап отыруы қажет. Әсіресе, талдау кезінде айқындалған әлсіз жерлері үздіксіз талданып отырғаны жөн. Осы орайда, белгілі бір жобаны несиелеу кезінде болжанатын ақша түсімінің ағымына шамадан тыс тәуелді ссудалардан қауіптену керек. Баланста көрсетілген өтімсіз активтерді дисконттап, тек тез өтетін активтерді есепке алған жөн. Яғни, мониторинг үрдісінде кепілге алынатын затты аса мұқияттылықпен талдап, кейбір мүліктердің пайдаланылу аясы мен мерзіміне көңіл бөлген жөн. Негізінен, клиенттің несие қабілеттілігін талдау коэффициенттерінен бұрын баланс баптарына аса көңіл бөлген жөн. Бұл жерде ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер баптарына ерекше қарау керек. Себебі, олардың өзгерісі несиенің қайтарылуына тікелей әсер етеді. Клиенттің қаржылық жағдайын қарау кезіндегі тағы бір маңызды ақпарат көзі – төлейтін салығы туралы мәліметтер болып табылады. Яғни, несиелік қызметкер осы ақпарат көздерін бір бірімен салыстырып, несиенің мақсатты іске асырылуын бақылап, барлық несиелеу үрдісіне ұйытқы болып отырады.

Екінші деңгейлі банктердің беретін ұзақ мерзімді несиелерінің жалпы несиелік портфельдегі үлесінің аз екені белгілі. Осыған байланысты коммерциялық банк ресурстарын экономиканың нақты секторына инвестициялау мәселесін шешудің екі жолы бар: біріншіден, банктердің ресурстық базасының нақты өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес балансталуы; екіншіден, экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді несиелеуді ынталандыру. Қазіргі кезде банк жүйесінің ресурстық базасының көбеюі екі

көзден тұрады: депозиттер және жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері. Салыстырмалы түрде «арзан» және «ұзақ мерзімді» ақша көзі ретінде зейнетақы қорларының активтерін банк депозиттеріне тарту үшін олар қазіргі жағдайды сәтті пайдалануда ( мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының шектелуі мен табыстылығының төмендеуі, корпоративтік бағалы қағаздар нарығының дамымағандығы) .

Жалпы, банктердің ресурстық базасының балансталуына байланысты шаралардың келесі бағыттарын бөлуге болады. Біріншіден, банк банкрот болған жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру Қоры тарапынан мерзімді салымдар бойынша толық компенсациялық неғұрлым жоғары соманы белгілеу. Екіншіден, ұлттық валютадағы шоттарға қарағанда шетел валютасындағы шоттар бойынша резервтік мөлшерлемені жоғарылату. Ал, мемлекет тарапынан кәсіпорындардың мерзімді депозиттен алатын пайызына салықтық мөлшерлемені төмендету, яғни олар талап етуге дейінгі депозиттерінен төмен болу керек. Қазіргі таңда кәсіпорындар депозиттен алған пайызының 15%-ын салық органдарына төлейді. Оны бір жылдан көп мерзімге салынған депозит болса 10%, екі жылдан жоғары мерзімге салынған депозит болса 5% қойған жөн. Сондай-ақ, қаржылық мекемелердің пайдасына салынатын салық бойынша қысқа мерзімді несиеден ұзақ мерзімді несиеге қарай дифференциалданған мөлшерлемелерді қою қажет. Бұл жерде ұзақ мерзімді несиеден алынған табыстарға салық мөлшерлемесі қысқа мерзімді несиеден алынған табыстарға қарағанда аз болуы тиіс. Сонымен қатар, экономиканың нақты секторындағы маңызды жобаларға ұзақ мерзімді несие беру кезінде мемлекет тарапынан кепілдік жүйесін дамыту да несиелеуді ынталандыруы шарт. Оны Қазақстан Даму банкі арқылы немесе несие алып отырған саланың табиғи ресурстарын кепілге ала отырып жүзеге асыруға болады.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қызметінің жылдан жылға дамып келе жатқанына байланысты ең басты қызметі болып табылатын несиелеу опрациялары да даму үстінде.Биылғы 2007 жылдың көрсеткіштері бойынша экономикамыздағы банктердің несиелері бұл кезеңде 7,2% - ға өсіп, 5 трлн. теңгеге жетті. Банктердің несие портфелінің жоғары өсу қарқыны несиелер сапасына байланысты. Жылдың басымен салыстырғанда стандартты несиелер үлесі бірнеше өсіп, күмәнді несиелер үлесі төмендеген. Республикамыздың банктері 28,3 млрд теңге көлемінде пайда алған, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,3 есеге көбейген.

Банктік займдар негізінен, айналым қаражаттарын толтыру мен негізгі



құралдарды сатып алуға бағытталған.Олардың мерзімі бойынша сыныпталуында оң өзгерістер бар. Сондай – ақ салалық құрылымы бойынша несиелердің көп үлесі өнеркәсіп және сауда саласына келеді. Ал, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салалары берілген несиелердің ішінде аз үлес алады. Жалпы алғанда, қазіргі несиелеу жүйесінің әрі қарайғы дамуын ынталандыру үшін келесідей шараларды ұсынамыз:

  • несиелік ресурстардың көзі ретінде жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін, соның ішінде зейнетақы қорларының салымдарын ынталандыру;

  • несиелік келісімшарттарда негізгі қарыз бен пайыздың қайтарылмауының алдын алу баптарына көңіл бөлу;

  • кепіл механизмін жетілдіру,соның ішінде банкрот болған кәсіпорынның мүлкін таратуда банктің талаптарын бірінші кезекте орындау;

  • кейбір салаларды, мысалы, ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі тәрізді салаларды несиелеу кезінде мемлекеттің қатысуы маңызды болып табылады. Атап айтсақ, оларды мемлекеттік банктер арқылы жеңілдетіліп қаржыландыру, салықтық ынталандыруды жүзеге асырған жөн;

  • несиелік тәуекелді басқаруда маңызды рөл атқаратын провизияны құру кезінде шетел тәжірибесіне сүйену.

Банктің несиелік менеджерлері қарыз алушылардың жалпы қызметін және қаржылық жағдайын талдау кезінде несиелік меморандум толтырады. Онда қарыз алушының қызмет түрі, қызмет ету кезеңі, географиялық жағдайы, байланысты компаниялары, қызмет көрсететін банктермен қарым – қатынасы, несиелік тарихы, менеджменті көрсетіліп, қаржылық жағдайына: балансына, пайдасы мен зияны туралы есебіне толық зерттеу жүргізіледі де, соған байланысты коэффициенттері бағаланады. Сонымен қатар, несиелік қаражаттарды жұмсайтыны туралы жоба, тәуекелдер талданады, оң және теріс жақтары қарастырылады. Соңында мониторинг жоспары мен несиенің берілуі туралы оң шешім қабылданған жағдайда несиелеуді оптималды құрылымы көрсетіледі. Осы жерде, біздің ойымызша банктік несиелеу тәртібіне байланысты келесідей жетілдіру жолдарын енгізген жөн:

  1. Бөлшектелген талдауларды біріктіре келе несие қабілеттілігін рейтингтік бағалаудың бірегей сызбасы бойынша жұмыс жүргізу;

  2. Несие қабілеттілігін бағалау кезінде анықталатын коэффициенттердің белгілі бір түрін біріктіретін оптималды жүйесін енгізу;

  3. Несиені беру мүмкіндігінің баллдық бағасын қолдану;

  4. Ссуда берілгеннен кейін қарыз алушының қаржылық жағдайна мониторинг жасау кезінде баланс баптарының, соның ішінде ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерінің өзгерісіне аса көңіл бөлген жөн;

  5. Ақша қаражаттарының қозғалысына толық талдау жүргізіп, өзгеру мүмкіндіктерін болжау;

  6. Қарыз алушыдан міндетті түрде жобаның іске асырылуына толық талдау жасалған бизнес – жоспарын талап ету;

  7. Потенциалды қарыз алушылар қызмет ететін аймақтағы нарық сегменттерін зерттеу бойынша жұмысты жақсарту.

Жалпы алғанда, банктік несиелеу процесін жетілдіруге Қазақстан Ұлттық банкі және екінші деңгейлі банктердің несиелік менеджерлерінің тарапынан жан – жақты ат салысу қажет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халқына жолдауында Қазақстанды жан – жақты жаңартудың басты басымдықтары ретінде ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындап өткен болатын. 30 бағыттың алтыншы бағыты банктік секторға қатысты – Ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы елбасының ұсыныстары отандық банктердің ары қарай жетілуіне өз ықпалын тигізеді: Біріншіден, біздің банктеріміз жергілікті рыноктағы, сондай – ақ өңірлік әрі халықаралық жобалардағы тартысқа әзір болуы керек.

Екіншіден,Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет.

Үшіншіден, екінші деңгейлі банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы, әсіресе энергетикалық, инфрақұрылымдық және «серпінді» жобаларды іске асыру үшін тарту туралы маңызды мәселені шешу қажет.

Төртіншіден, капиталдың қозғалысы саласындағы негізсіз шектеулерді алып тастау жайындағы мәселеге тағы да оралуымыз қажет. Бұл мәселені Қазақстанның оңтайлы жиынтық сыртқы қарызын қолдау қажеттігін есепке ала отырып қарастырған дұрыс. Біздің банктеріміз сыртқы қаржыландыруға шектен тыс иек артады , мұның өзі еліміздің сыртқы жиынтық қарызының бақылаусыз ұлғаюына әкеп соқтыруы мүмкін.

Бесіншіден, біз тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесі бойынша нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу қажет.

Алтыншыдан, электрондық банк қызметтері инфрақұрылымын кеңейту үшін заңнамалық негізді одан әрі жетілдіру электрондық сауданы дамытудың қуатты факторына айналмақ.

Қорыта айтқанда, еліміздегі банктердің несиелік операцияларын жоғарыда айтылған шараларды жүзеге асырған кезде әрі қарай жетілдіруге болады деген ойдамыз. Сонымен қатар, банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамсыз ету – жалпы экономика дамуының басты шарты. Мұндағы банктік несиені кеңейту, қолдау және халық сұранысын қамтамасыз ету экономикамыздың дамуына өз үлесін қосады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2007-жылғы 28-ақпан // Президент және халық – 2007, 02 наурыз.

  2. ҚР президентінің1995 жылдың 31-тамызындағы Қазақстан Республикасындағы « Банктер мен банк қызметі туралы» жарлығы

  3. 27.10.1994ж. №26 «Қарыз алушының несиеніөтеу жарамдылығын банктердіңталдауыбойынша әдістемелік нұсқау» Хаттамасы

  4. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы:Қазақ Университеті, 2000.

  5. Лаврушин О.И. Банковское дело. – Москва: Финансы и статистика, 1999.

  6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.

  7. Банковское дело / Под редакцией Сейткасимова Г.С. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.Банковское дело / Под редакцией Колесникова В.И. – Москва: Финансы и статистика, 1995.

  8. Нурсеит Н. Расширение банковского кредитования производства // АльПари. – 2006. - №6.

  9. Эдвин Дж. Долан, Колин Д. Кэмпбелл, Розмари Дж. Кэмпбелл. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – Москва-Санкт-Петербург, 1993.

  10. Банковское дело: стратегическое руководство / Под редакцией Платонова В., Хиггинса М. – Москва: Консалтбанкир, 2005.

  11. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт. – Москва: Финансы и статистика, 2006.

  12. Ұлттық банктің Жылдық есебі. – Алматы, 2006.

  13. ЕДБ-де тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық // Егемен Қазақстан. – 2004, 11-ақпан.

  14. Стратегия индустриаьно-инновационного развития Республики Казахстан: проблемы и перспективы ее реализации: Материалы конференции / Под редакцией Елемесова Р.Е., Джумамбаева С.К. – Алматы: Қазақ университеті, 2003.

  15. Хавьер М. Пиедра. Система кредитного бюро в Казахстане. Расширение доступа к кредитным ресурсам. Успех сбалансированного подхода // Банки Казахстана. – 2003.- №9.

  16. Хамитов Н.Н, Банк ісі, Алматы Экономика,2006

  17. Хамитова К.Н. Современные проблемы и перспективы краткосрочного кредитования в Казахстане // Банки Казахстана. – 2002. - №2.

  18. Нурсеит Н., Нурсеитова Р. Текущее состояние развития и кредитования малого бизнеса // Экономика и статистика. – 2003 - №2.

  19. Бобаканова Ж.О. Кредитные риски в банковской сфере и критерии рейтинга банков // Банки Казахстана. – 2002.- №7.

  20. Халитова М. Система кредитования в условиях реформирования экономики Казахстана // Саясат. – 2003.- №7.

  21. Симановский А.Ю. Резервы на возможные потери по ссудам: международный опыт и некоторые вопросы методологии // Деньги и кредит. – 2004.- №1.

  22. Калкабаева Г. Новые подходы к определению возможности предоставления банковского кредита // Қаржы-қаражат. – 2002.- №2.

  23. Баймуратов У.Б., Каирленов М.А. О ресурсной базе и стимулировании долгосрочного кредитования реального сектора экономики банками второго уровня РК // Банки Казахстана. – 2002.- №6.

  24. Финансы и кредит №9 қыркүйек, 2006 ж.

  25. Мир финансов қаңтар, 2006 ж.

  26. Мир финансов қыркүйек, 2006 ж.

  27. Мир финансов ақпан, 2007

  28. Мир финансов наурыз, 2007

  29. Банки Казахстана №5 (107) 2006 ж.

  30. «Қазкоммерцбанк» АҚ 2006 жылғы жылдық есебі.

  31. www. Kitel.kz.

  32. www.nationalbank.kz.

  33. www.khabar.kz

  34. www.kkb.kz.

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау