Әлеуметтік желілердің қарқынды дамуы және олардан ақпарат жинау мүмкіндігі әлеуметтік желілерді талдауға қызығушылықтың артуына және оның жаңа әдістерінің пайда болуына себеп болды. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерді талдау маркетинг, коммуникация, жарнама жасау, іздеу жүйелері сияқты экономикалық және әлеуметтік салаларда қолданылады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерді талдау – жеке мәліметтерді ұрлаумен, интернеттегі алаяқтықпен, ақша жымқырумен, кибершабуылдармен қарсы күресуде маңызды рөл атқарады.
Осылайша, ақпарат жинау, әлеуметтік желілерді мониторинг жасау және талдау міндеті ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды және өзекті болып табылады. Бұл жұмыста әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлерді анықтау, болдырмау және күресу үшін қолданылатын әлеуметтік желілерді талдаудың негізгі міндеттері мен әдістеріне шолу жасалды; қазіргі уақытта ең танымал әлеуметтік желілер сипатталған.
Достарыңызбен бөлісу: |