Кілттік сөздер: әлеуметтік желілерді талдау, киберқауіп, кибершабуыл, спам, фишинг, машиналық оқыту алгоритмдері, data mining.
Жұмыстың өзектілігі. Әлеуметтік желілердің қарқынды дамуы және олардан ақпарат жинау мүмкіндігі әлеуметтік желілерді талдауға қызығушылықтың артуына және оның жаңа әдістерінің пайда болуына себеп болды. Әлеуметтік желілерді талдау – жеке мәліметтерді ұрлаумен, интернеттегі алаяқтықпен, ақша жымқырумен, кибершабуылдармен қарсы күресуде маңызды рөл атқарады. Осылайша, ақпарат жинау, әлеуметтік желілерді талдау және мониторинг жасау міндеті ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды және өзекті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |