Дипломдық жұмыс кәсіби-техникалық коллеждер мен лицейлерде



жүктеу 2,24 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата27.12.2019
өлшемі2,24 Mb.
#25084
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11 

 

оқушыларының  тілдік  материалды  жан-жақты  түсінуіне  септігін  тигізеді. 



Сөйтіп,  белгілі  бір  бейіндік  пәнді  барысында  оқытушы  берілетін  білімнің 

(тақырыптың)  ғылыми  жағына,  оның  зерттелуі,  тарихи  даму  ерекшелігі, 

ғылыми фактілер, анықтамалар, терминдерді оқушылардың жас ерекшелігіне 

қарай түсінікті айту арқылы жүргізеді.  

Мысалы, қазақ мектептеріне арналған «Қазақ тілі» (ілгері деңгей) пәнін 

оқыту барысында құрылымдық тіл білімін емес, когнитивтік (танымдық) тіл 

білімін  қарастырған  жөн.  Яғни,  сөз,  сөйлем,  мәтін  ұғымдарының 

номинативтік  белгілерін  емес,  танымдық,  ақпараттық  белгілерін  анықтаған 

дұрыс. Бұл ретте гештальт, фрейм, скрипт ұғым-түсініктерін ғылыми сипатта 

қарастырған  жөн.  Диалогтық  оқыту  бұл  ретте  тақырыпты  түсіндіру  және 

бекіту  негіздерімен  шектелмей,  диалогтардағы  танымдық  процесстер 

сараланып,  түсіндірілуі  тиіс.  Бұл  әдіс  тіл  біліміне  қызыққан  оқушыға  жаңа 

мәліметтерді  беріп  қоймай,  ғылыми  ойлау,  қорытынды  жасау,  психология 

ғылымы  мен  тіл  білімінің арасындағы  ғылыми  байланыстарды  анықтауға  өз 

септігін тигізеді. 

Жүйелілік  ұстанымы.  Қай  пәнді  болмасын  оқытуда  оқытушының 

бірінші басшылыққа  алатыны  –  әр  сыныптың  жас  ерекшелігіне  байланысты 

білім  көлемінің  бір  жүйеде  берілуі.  Бағдарламада  берілген  материалдың 

орналасу  жүйесі  бастауыш  сыныпта,  орта  және  жоғарғы  сыныпта 

көрсетілген.  Берілген  материалдар  сабақтаса  отырып,  толықтырылып, 

кеңейтіліп,  сатыдан  сатыға  өткен  сайын  тереңдеп  ғылыми  жағынан  байып 

отырады. Бұл ретте бейіндік пәндерді оқыту барысында бастауыш, орта және 

жоғарғы  сыныпта  өтілген  тақырыптардың  жүйелі  жалғастығын  сақтап 

отырған жөн. 

Мысалы,  «информатика  және  АКТ»  пәнін  оқытуда  бағдарламалаудың 

негізгі  принциптерін  түсіндіру,  MS  Word  мәтіндік  редакторының 

функцияларын түсіндіруге қарағанда жасы ересек оқушы үшін әрі қызықты, 

әрі  пайдалы  болады.  Бұл  ретте  диалогтық  оқыту  тек  оқушымен  қарым-

қатынаста  ғана  емес,  бағдарламалардың  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасау 

алгоритімімен 

байланыстырылуы 

мүмкін. 

Адамдардың 

арасындағы 

коммуникация 

бағдарламалардың 

арасындағы 

қарым-қатынаспен 

салыстырылуы мүмкін. 



Көрнекілік  ұстанымы.  Көрнекілік  принципі  пәнді  оқыту  ісінде  өте 

маңызды орын алады.  

Жаратылыс  көрнекілігі.  Оқушыларды  табиғатқа  экскурсияға  апару 

арқылы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру. 

Көлемдік  көрнекілік:  фото,  суреттер,  картиналар,  диафильм, 

диапозитив,  кинодан  фрагмент,  т.б.  көрсету  арқылы  тақырыпқа  байланысты 

әңгіме құрастыру. 

Дыбыстық  көрнекілік:  күйтабақ,  грампластинка,  магнитофон,  үзінді 

оқып, талдату. 

Графикалық  символдық  көрнекілік:  картина,  схема,  таблица, 

диаграммалар. 



12 

 

 



Саналылық пен  белсенділік  ұстанымы.  Мектеп  оқушыларына  бейіндік 

білім  беру  барысында  олардың  саналы  түсіну  қабілеті  ескеріліп  отырғаны 

дұрыс.  Яғни,  мәліметтер  жаттанды  түрде  емес,  саналы  түрде  меңгерілуі 

керек.  

Мысалы,  ағылшын  тілі  пәні  бойынша  жатталған  базалық  деңгейдегі 

800 сөз  диалогтарда қолданылуы тиіс.  



Тероияны практикамен байланыстыру ұстанымы. Оқушылар бейіндік 

пән бойынша алған теориялық білімді күнделікті өмір қажетіне қолдана білу 

теорияны  практикамен  байланыстыру  принципі  болып  табылады.  Бұл 

ұстанымның  негізгі  мақсаты  –    оқушылардың    алған  білімдерін  кеңейте 

отырып, оны күнделік өмір қажетіне жаратуды үйрету.  

      Оқытудың  психологиялық  ерекшелігін  ескеру  ұстанымы.  Әр  сыныптың 

өз  білім  деңгейі  болатыны  белгілі.  Сонымен  қатар  оқушының  өзіндік  жас 

ерекшелігі  мен  психикалық  ерекшелігі  бар.  Сондықтан  да  бейіндік  оқыту 

жоғарғы  сыныптарда  жүргізілетіндіктен,  аудиторияның  психологиялық 

ахуалы, жас ерекшелігі ескеріліп, білім беру бағдарламасына сәйкес берілген 

тапсырмалар икемделіп ұсынылуы тиіс.  

 

 

1.3  Диалогтық    оқытудағы    қолданылатын  әдістер  мен 



тапсырмалардың түрлері 

 

Әдіс  –  оқу-тәрбие  жұмыстaрының  aлдындa  тұрғaн  міндеттерді  дұрыс 



орындaу  үшін  мұғaлім  мен  оқушылaрдың  бірлесіп  жұмыс  істеу  үшін 

қолдaнaтын  тәсілдері  [11;5].  Әдіс  aрқылы  мaқсaтқa  жету  үшін  істелетін 

жұмыстaр ретке келтіріледі. Оқыту әдістері тaнымғa қызығушылық туғызып, 

студенттің aқыл-ойын дaмытaды, ізденуге, жaңa білімді түсінуге ықпaл етеді. 

Оқытудa  ең  бaсты  нәрсе  –  оқушылaрдың  тaнымдық  жұмыстaры.  Оқыту 

әдістері ең aнық фaктілерді білуді қaмтaмaсыз етеді, теория мен тәжірибенің 

aрaсын жaқындaтaды. 

Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспaрды хaбaрлaу, студенттің зейінін 

сaбaққa  aудaру,  студенттің  мұғaлім  көрсеткен  іс-қимылдaрды  қaйтaлaуы, 

aқыл-ой  жұмыстaры  тәсілге  жaтaды.  Тәсіл  оқу  мaтериaлын  түсінуге  үлес 

қосaды .  

Оқыту тәсілдерінің түрлері: 

ой, зейін, ес, қaбылдaу, қиялды жaқсaрту тәсілдері; 



мәселелі жaғдaят тудыруғa көмектесетін тәсілдер; 

оқушылaрдың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; 



жеке  студенттің  aрaсындaғы  қaрым-қaтынaсты  бaсқaру  тәсілдері. 

Сонымен  тәсілдер  оқыту  әдістерінің  құрaмынa  кіреді,  әдістің жүзеге  aсуынa 

көмектеседі.   

Оқыту  әдістерінің  бaсты  қызметі  –  оқыту,  ынтaлaндыру,  дaмыту, 

тәрбиелеу,  ұйымдaстыру.  Әдістер  белгілі  бір  негіз  бойыншa  топтaрғa 

бөлінеді.  XIX  ғaсырдың  20-30  жылдaрындa  Б.Е.Рaйков,  К.П.Ягодовский 

түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертхaнaлық әдістерін жетілдірді. Оқушылaр 




жүктеу 2,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау