Дипломдық жұмыс кәсіби-техникалық коллеждер мен лицейлерде



жүктеу 2,24 Mb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата27.12.2019
өлшемі2,24 Mb.
#25084
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

Аталған  пәндерді  оқытуда  диалогтық  технологияны  іс  жүзіне 

асырудың маңыздылығы зор болып табылады [2;14-18].  

      Қазақ  ұлттық  энциклопедиясында  «Диалог  (гректің  dialogos  –  сөйлесу, 

әңгімелесу),  сұхбат  –  ауызекі  әңгімелесу  пішіні,  екі  не  одан  да  көп 

адамдардың пікір алысуы» деген анықтама беріледі [4;231]. 

      Ғалым  К.И.Саломатов:  «Диалог  тілі  сөйлеудің  ең  кең  тараған, 

адамдардың  бірін-бірі  түсіну  негізі,  олардың  арасындағы  қарым-қатынас 

шарты, адам тілінің қажетті құралы. Тілдің монолог түрі диалогқа қарағанда 

аздау орын алады, монологқа диалог жол салады. Диалог дегеніміз екі немесе 

одан да көп адамның сөйлескен сезі», – дейді [5;92]. 

Қазақ  әдебиеті  энциклопедиясында  «Диалог  арқылы  кейіпкерлердің  сез 

саптауынан,  оның  ой  толғанысынан,  сөйлеу  өзгешелігінен  жан-дүниесі 

айқын елес береді» деп анықталады [6;89]. 

Ғалым  А.А.Бейсенбаева  «диалог»  ұғымын:  «Диалог  кез  келген  пән 

бойынша 

педагогикалық 

фасилитация 

идеясын 


жүзеге 

асыруга 


қабілеттендіретін,  тәрбиелеу  мен  оқыту  процесін  ізгілендірудің  маңызды 

ортасы  болып  табылады»,  –  деп  тұжырымдайды  [7;32].  Яғни  диалогты 

оқушылардың  жеке  қабілеттіліктерін,  жас  ерекшеліктерін,  таным 

мүмкіндіктерін  ескере  отырып  құру  керек.  Сонда  ғана  дұрыс  құрылған 

диалогта оқушы өзінің осы немесе басқа құбылыстарға деген бағасын дұрыс 

бергендігін,  дұрыс  пайымдағанын  тексереді,  өз  мүмкіндігін  бағалайды, 

(кейіпкер  бейнесін,  жағдайын,  уақытын)  байқайды.  Осындай  диалогтардан 

мұғалімге диалогқа түскен оқушының ізгілікті-өнегелі мүмкіндігін айқындап, 

оның өз  жолдастарының  жауабын  қалай  бағалайтынын,  өз  ой-пікіріне  қалай 

қарайтынын анықтау маңызды болады. 

Диалог  құрылымындағы  сұрақтардың  жүйелілігі,  олардың  біртіндеп 

оңайдан  қиынға  әкелетін  бірізділігі  диалогтың  жетістігін  көрсетеді. 

Оқушылардың  белсенді,  танымдық,  өз  бетінше  әрекет  етуіне  негізделген 

диалог  қана  окушы  белсенділігінің  дамуын  қамтамасыз  ете  алады. 

Сондықтан  мүндай  диалогтарды  оқытушы  жоспарлы  және  жүйелі  түрде 

күрделендіріп отыруға тиіс.  

Жоғары сынып оқушыларының диалогқа қажетті өз бетінше қорытынды 

жасай алуы, оқу- танымдық іс-әрекетке түсе білуі, керекті жерінде өз бетінше 

шешім  қабылдай  алуы,  сол  іс-әрекет  арқылы  адам  бойына  қажет  ізгілік 

қасиеттерді өз бойына жинақтай білуі болып табылады. 

Сондықтан  диалог  мұғалім  тарапынан  оқыту  процесін  ұйымдастыру 

кезінде үлкен педагогикалық жұмысты талап етеді.  

Психологиялық-педагогикалық 

әдебиеттерде 

(И.А.Зимняя, 

Қ.Жарықбаев,  Т.С.Сабыров,  т.б.)  жоғары  сынып  оқушыларының  оқыту 

процесінде  диалогтық  іс-әрекетке,  диалогтік  қарым-қатынасқа  түсу 

мүмкіндігінің ерекшеліктері олардың таным ынтасы болуы, ғылыми ұғымдар 

мен  заңдылықтарды  терең  түсінуі,  қарым-қатынас  жасауға  ықыластылығы, 

оқу  іс-әрекетінің  мазмұнында  өз  бетінше  оқу-танымдық  әрекет  жасауы, 

шешім қабылдау іскерлігі, өмірде болған оқиғаларға деген өзіндік көзқарасы, 

талдауы, бағалауы айтылған. 




10 

 

1.2 



Диалогтық 

оқытудың 

басты 

ұстанымдары 

мен 

педагогикалық негізі 

 

Бейіндік  пәндерді  оқыту  мәселесі  –  педагогикадағы  өте  күрделі 

мәселелер  тізімінің  қатарынан  орын  алады.  Осы  мәселені  шешуде  оқыту 

ұстанымдарының алатын орны ерекше. 

Педагогика теориясында ұстаным біртұтас педагогикалық үдерістің аса 

маңызды  категорияларының  біріне  жатады.  Соңғы  жылдарға  дейін  ұстаным 

«принцип» делініп келді. 

Ұстанымдар  –  бұл  педагогтың  өзінің  тәжірибелік  іс-әрекетінде  және 

мінез  –  құлқында  басшылыққа  алатын  негізгі,  бастапқы  жағдайлары.  Оқыту 

ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне 

қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар. 

Принцип латын  сөзі,  қазақша  «негіз»  деген  сөз.  Оқыту  принциптері 

(ұстанымдары)  –  мұғалім  мен  оқушылардың  жұмысын  реттеп  отыратын 

ережелер.  Сондықтан  ол  барлық  пәндерді  оқытқанда  қолданылады.  Оқыту 

ұстанымдарына  сәйкес  оқытуға  қойылатын  талаптар  тұжырымдалады. 

Оларды орындаған педагог өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді. 

Оқыту  ұстанымдарының  жүйесін  тұңғыш  ұсынған  –  Я.А.Коменский. 

Ол  адам  табиғаттың  бір  бөлігі  болғандықтан,  оқыту  да  табиғат  пен  адам 

тәуелді  болатын  заңдарға  байланысты  екенін  дәлелдейді.  Сондықтан  оның 

пікірінше,  оқытудың  ең  басты  принципі  –  табиғатқа  сай  болу  принципі. 

И.Г.Песталоцци  оқытудың  көрнекілік  принципін  ерекше  бағалап,  оны 

логикалық  ойлауды  дамытатын  маңызды  құрал  деп  санаған.  К.Д.Ушинский 

оқытудың  халықтық  сипатына  баса  назар  аударып,  оқытудың  принциптерін 

психологиялық  тұрғыдан  қараған.  Ы.Алтынсарин  оқыту  ережелерін  қазақ 

мектептеріндегі  білім  берудің  ерекшеліктеріне  байланысты  қолдану 

керектігін  айтқан.  Г.И.Щукина  «Оқыту  принципін  дидактиканың  тұғырлы 

ережелері,  оқыту  процесіне  қойылатын  негізгі  талаптар»  –  деп 

тұжырымдайды.  П.И.Пидкасистый  «қазіргі  заманғы  дидактикада  оқыту 

ұстанымдары  оқытушылық  іс-әрекетке  қажет  болатын  нұсқаулар  ретінде 

қарастырылады»  десе,  Е.И.Щербакова  «ұстаным»  ұғымына  мынадай 

анықтама  береді:  «принцип  (латынша  prinsipium  –  бастапқы,  негіз)  –  іс-

әрекеттің  әр  түрлі  аумағында  басшылыққа  алынатын  негізгі  бастапқы 

ережелер». 

«Принцип  –  латын  сөзі  –  негізгі,  бастапқы»  деген  ұғымды  білдіреді. 

Оқытуға  қойылатын  талаптардың  белгілі  жүйесін  оқыту  үдерісінің 

принциптері» – деп жазады педагог, ғалым Р.М.Қоянбаев [8;61]. 

Жоғарыда  келтірілген  оқытудың  ұстанымдарын  саралай  келе, 

оқытудың төмендегідей түрлерін жүзеге асыруға болатыны байқалды:

  

 

Бейіндік  пәндерді  диалог  арқылы  оқытудың  ғылымилық    ұстанымы. 



Белгілі бір пәнді оқыту ғылыми фактілерге, дәлелдеулерге, ұғымдарға, екінші 

сөзбен  айтқанда,  ғылыми  принципке  негізделеді.    Сонымен  қатар 

меңгерілетін  тақырыптарды  өзіндік  белгілерінің,  анықтамалар  мен 

ережелерінің,  берілетін  практикалық  дағдылардың  дәл,  анық  болуы  мектеп 




жүктеу 2,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау