9. БИЗНЕС-ЖОспар
1. Аннотация
Бизнес-жоспар тақырыбы: Слесарлы-механикалық бөлімшесінің жұмысының бизнес-жоспары
Фирма аты: «Бек-сервис» ЖШС
Мекен-жайы: Шымкент қ., Таштракт көшесінің орналасқан
Телефон: 8(3252)571589;
Кіммен жасалған: Усембаев Ж.Е.
Бизнес сферасы: Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Қызметтің негізгі түрлері: Автомобильдерді жөндеу
Басталу мерзімі: 01.07.2008ж.
Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептеліп жасалған: 1 жыл.
2.РЕЗЮМЕ
Бизнес-жоспардың мақсаты – «Бек-сервис» ЖШС автобус паркінің слесарлы-механикалық бөлімшесінің өнімінің сапасын жақсарту, сұранысты толық қанағаттандыру және бәсекеге қабілетті ету болып табылады.
Бизнес-жоспардың стратегиясы:
- жөндеу процестерінің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізу және өнімнің өзіндік құнын төмендету;
-инновациялық технологиялар мен инфрақұрылымды кластерлік дамыту есебінен кәсіпорынның автомобильдерге қызмет көрсету және жөндеу қызметінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; жөндеу процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-экологиялық қауіпсіздікті және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
-көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру.
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері: жаңа жобаны ұйымдастыру және енгізу үшін 300145 теңге көлемінде инвестиция қажет. Көрсетілген қаражат жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалады. 1,9 жылдан кейін кәсіпорын алған қаржыны қайтару міндетіне алады.
Іске асыру мерзімі: 2008-2009 жылдар
Күтілетін нәтижелер:
қолайлы инвестициялық ахуал жасау арқылы кәсіпорынның барлық ұзақ мерзімді активтері жаңартылады, еңбекті ұйымдастыру мен өндірістік процестің прогрессивтік технологиялары енгізіледі, отандық салалық өндірістер құрылады;
жөндеу қызметінің тиімділігі арттырылады, бұл кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді.
көліктің техногенді және экологиялық қауіпі төмендейді.
3. Кәсіпорынның, саланың қысқаша сипаттамасы
Кәсіпорын бойынша 2007 жылғы жұмысының қаржылық көрсеткіштерін келтіреміз.
Кесте 9.1.
№
|
Көрсеткіштердің аталуы
|
Өлшем бірлігі
|
Мәні
|
1
2
3
|
ТҚК мен АЖ шығыны, жалпы
соның ішінде:
жұмысшылар еңбек ақысы
қосалқы бөлшектер шығыны
материалдар шығыны
ТҚК мен АЖ нормативтік шығыны
Түскен пайда, жалпы
соның ішінде:
жолаушы тасымалдаудан
ТҚК мен АЖ өткізуден
|
мың теңге
теңге/1000км
мың теңге
|
12783
5760
4095
2928
58,5
22000
17500
4500
|
Автомобиль жасаудың әлемдік өндірісінің дамуы нәтижесінде және автомобильдерге деген сұраныстың артуының нәтижесінде автожөндеу бизнесі қарапайым қызмет көрсетуден күрделі жөндеу жұмыстарын орындауға көшуде, сонымен бірге қазіргі заманғы өнеркәсіп елдерінің экономикалық факторының негізі бола отырып, тиімді бизнес түрі болып келеді. Соның ішінде, Қазақстан Республикасы үшін автомобиль жасау және оның бөлшектерін өндіру төмен деңгейде дамып келе жатқандықтан, автомобильдерді жөндеумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысына сұраныс жоғары. Оны жаңа автомобильдер мен қосалқы бөлшектердің бағасының қымбат болуымен түсіндіреміз. Автомобиль жөндеу кәсіпорындарының дамуының негізгі тенденциялары мен оларға қойылатын талаптар:
мамандар біліктілігін арттыру;
қарапайым қызмет көрсету түрлерінен күрделі жөндеулерді орындауға көшу;
жабдықтар мен жаңа приборларларға инвестиция көоемін арттыру;
қызмет көрсетуге дайындықты кеңейту;
жаңа технологиялар мен химико-технологиялық жаңалықтарды қолдану.
Жоғарыдағы аталғандардың нәтижесінде жетуге болады:
автомобильдің жөндеуде тұру ұзақтылығын азайтуға;
өндірістік құралдар шығынын қысқартуға;
материалдар мен қосалқы бөлшектерге қажеттіліті қысқартуға;
еңбек құны мен жалақыны арттыруға.
Автомобиль жасаушылар мен автомобиль пайдаланушылардың қызығушылығы, талпынысы және талғамы барлық тенденцияларда сәйкес келеді. Соның ішінде, автомобил жөндеу бизнесі де барлық тенденциялармен толық сәйкес болып, белсенді түрде дамуы қажет.
Сондықтан, «Бек-сервис» ЖШС автобустарды жөндеу және пайдалану нарығында алдыңғы қатарға шығуы қажет . Ол үшін кәсіпорынның толық мүмкіндігі бар. Бұл кәсіпорын пайдалануға 1993 жылы берілген, соңғы үлгідегі жобамен салынған. Қазіргі уақытта жеке меншік халықаралық және қалааралық қатынастағы Ман, МАН, Сетра, Неоплан автобустары жөндеу жұмыстарын орындау үшін осы кәсіпорынға келеді. Ол автобустар үшін жөндеуді ұйымдастыруға мұнда басқа кәсіпорындарға қарағанда мүмкіндіктер жоғары.
Кәсіпорынға жаңа автобустар мен жабдықтар сатып алумен бірге жұмысшылар мен қызметкерлердің де саны артып отырады.
4. Өнімнің сипаттамасы
Жобаланатын слесарлы-механикалық учаскесі автомобильдерді жөндеу кезінде қажет болатын қарапайым бөлшектерді, атап айтқанда, бұрандаларды, болттарды, гайкаларды, шпилькаларды, шайбаларды, тойтармаларды және т.с.с. әзірлейді және қалпына келтіреді, сондай-ақ мұнда металды кесу, өңдеу жұмыстары орындалады. Осы бөлімше жұмысының ұйымдастырылуы бойынша станоктық (метал жону, фрезер және тегістеу) және слесарлық жұмыстар бөлшектерді әзірлеу және қалпына келтіру кезіндегі соңғы өңдеу жұмыстары болып табылады.
«Бексервис» ЖШС слесарлы-механикалық учаскесі өндірістік ғимаратта орналасқан және ТҚК-2 мен АЖ аймақтарымен, агрегаттар бөлімшесімен, орталық қоймамен шектеседі. Учаскеде 3 және 4 разрядты 4 автослесарь жұмыс істейді. Бұл слесарьлардың білімі орта және орта арнаулы. Жұмыс стаждары 2 жылдан 10 жылға дейін. Олардың қазіргі еңбек ақысы 22134,9 теңге болса, жоба бойынша 26861,2 теңгені құрады. Болашақта слесарьларды жоғарғы оқу орындарына қазіргі заманғы жөндеу әдістерін меңгеру бойынша курстарға оқыту жоспарланады. Кәсіпорында жоспарды толық орындайтын жүргізушілер мен слесарьларға тоқсан сайын қосымша ақы тағайындалған. Ұжымды басқару кезінде жұмыс сапасына емес, санына көп көңіл бөлетін қызметкерлер кездеседі. Олармен тек еңбек ақыны төлеудің баллдық жүйесіне көшуді қарастыру қажет, яғни жұмысшының еңбек ақысы орындалған жұмыс сапасы мен мөлшеріне байланысты болады.
Учаске 5-күндік жұмыс аптасы бойынша ұзақтығы 8 сағат бір ауысыммен жұмыс істейді. Учаскенің технологиялық жабдығы орындалатын жұмыстарға сәйкес келеді.
Орта және жоғары сыйымдылықтағы автобустарды жөндеу бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар жұмысын талдай отырып, олардың ішінде «Бек-сервис» кәсіпорнының сапа мен бағаның жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндігі жоғары екендігін көруге болады. Бұл кәсіпорынның қызметіне сұранысты арттырады.
5. Маркетинг жоспары
Қазіргі кездегі қаладағы тұрғындар санының өсуіне байланысты жолаушы тасымалдау нарығы да өсуде. Сонымен қатар, жылжымалы құрамның санының өсуімен және ескіруіне байланысты оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бизнесі де қарқынды түрде өсуде. Бұл кәсіпорында автомобильдерге жол полициясымен бірге техникалық байқау өткізуге де мүмкіндіктер бар.
Слесарлы-механикалық учаскесі төбесі жабық ғимаратта орналасқан. Осыған байланысты қалааралық және халықаралық қатынастағы автобустарға қызмет көрсетуге жағдайлар жасалған. Ол үшін қосымша жаңа жабдықтар сатып алу үшін үш жыл мерзімге несие алу қарастырылған. Есептелген өзіндік құнның төмендеуінен түсетін пайда күрделі салымды 2,9 жыл ішінде қайтаруға мүмкіндік бар екендігін көрсетті
«Бек-сервис» ЖШС сияқты кәсіпорындарда автобус иелері арасында жұмыстың маркетингтік бағдарламасы жүргізілмейді. Мұндай кәсіпорындарда сервис-менеджерлер штаты жоқ, жүргізушілер қандай да бір жолмен (басқалардан есту, кездейсоқ келу) біліп келеді. Көп жағдайларда автобус жөндеу орындарында білікті маман жоқ болғандықтан, жүргізушіден автомобильді тез арада қабылдап, ақауды жөндеу процесін жасырын орындауға тырысады. Автомобиль иесі жөндеу сапасын, жұмыстың орындалуын толық білмегендіктен, ол кәсіпқой мен жаңадан үйренушінің жұмысының арасындағы айырмашылықты көрмейді де, автомобилін кез-келген неғұрлым арзан жерде істетуге тырысады.
Мен автобус иелерін шақыруға көмек беретін және кәсіпорын имиджін тұрақты кәсіби көмекші ретінде көрсетуге маркетинг бойынша бірнеше іс-әрекеттерді ұсынамын:
1.Кепілдік мерзімі көрсетілген, орындалған жұмыс туралы жазулары ьар сервис кітапшаларын беру. Бұл автобус иесіне кәсіпорынға негізделген шағымдарын беруге құқық береді, ал біз өз жағымыздан орындаған жұмысымызға толық заңды жауапкершілік аламыз.
2.Егер автобус иесі біздің кәсіпорында 30000 теңгеден жоғары сомаға қызмет пайдаланса, онда келесі бір жыл ішінде 20%-тік төмен бағамен қызмет көрсетуге жеңілдіктер алады.
3.Автобустар мен бөлшектер сататын орындарға олардан келетін клиенттерге біз 15%-тік жеңілдік беретініміз туралы ұсыныстар айту.
Жарнама мақсатында алғашқы айларда кәсіпорынның қала ішіндегі 6 автобусын ерекше түске бояп, ол жарнамалардың дизайнын ерекше етіп көрсетеміз.
6. Өндірістік жоспар
Жобада ғимаратты стаып алу немесе қайта салу қарастырылмаған, яғни жұмыс істеп тұрған ғимаратта жобаларды енгізу жүргізіледі.
9.2-кестеде сатып алынатын жаңа құрал-жабдықтардың құны, тасымалдау және орнату бағасы келтірілген.
Кесте 9.2
Жабдықтың атауы
|
Са-ны
|
Бір жабдық құны, тенге
|
Жалпы құны,
тенге
|
Сдм,
тенге
|
Стр,
тенге
|
1. Тежеу барабандарын жонуға арналған стенд
|
2
|
22500
|
45000
|
4500
|
2250
|
2. Қайрау станогы
|
1
|
21750
|
21750
|
2175
|
1090
|
3. Фрезер станогы
|
1
|
34500
|
34500
|
3450
|
1725
|
4. Тежеу барабандарын тегістеуге арналған құрал
|
1
|
12000
|
12000
|
1200
|
600
|
5. Тегістейтін станок
|
1
|
21750
|
21750
|
2175
|
1090
|
6. Токарлы станок
|
1
|
34500
|
34500
|
3450
|
1725
|
7. Бұрғылау станогы
|
1
|
35000
|
35000
|
3500
|
1750
|
8. Гидравликалық пресс
|
1
|
14100
|
14100
|
1410
|
705
|
9. Технологиялық құрал-сайман
|
–
|
30000
|
30000
|
–
|
1500
|
10. Ұйымдастыру құралдары
|
–
|
15000
|
15000
|
1500
|
750
|
Барлығы:
|
-
|
241100
|
263600
|
23360
|
13185
| 9.3-кестеде қосмша шығындар сметасы, ал 9.4-кестеде ағымдағы жөндеу аймағындағы өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы есептеліп, келтірілді.
9.3 – кесте
Қосымша шығындар сметасы
№
|
Шығындар статьясы
|
Сомасы, тенге
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
|
Қосымша материалдар
Күш беретін электр энергиясы
Өндірістік бөлімшені күтуге жұмсалатын шығындар
Жабдықтың ағымдағы жөндеуіне кететін шығындар
Жабдықтың амортизациясы
Құны төмен материалдық құндылықтарды жөндеуге кететін шығындар
Еңбекті қорғау статьясы бойынша шығындар
Басқа да шығындар
|
27701,4 21566,7 16745,7
13180
31632
23724
38680,1 8661,5
|
|
Барлығы:
|
181891,4
|
9.4-кесте. Өндірістік аймақ жұмыстарының өзіндік құнының калькуляциясы және шығындар сметасы
№
р/б
|
Шығындар
статьясы
|
Сомасы,
тенге
|
Меншікті шығындар, тенге
|
Әрбір статьяның үлесі, %
|
1000 км
жүріске
|
1-ад-сағ
|
1.
2.
3.
4.
5.
|
Жұмысшылардың еңбекақысы
Әлеуметтік сақтандыруға қосымша сома
Материалдар
Қосалқы бөлшектер
Қосымша шығындар
|
1023283,8 266053,8
594995,2 923380,5
181891,4
|
94,4
24,5
54,9
85,2
16,8
|
120,9
31,4
70,3
109,1
21,5
|
29,5
7,7
21,4
33,3
8,1
|
|
Барлығы:
|
2989604,7
|
275,8
|
353,1
|
100
|
7. ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Ұйымдастыру жоспарында кәсіпорын жұмысын басқаруды ұйымдастырудың жүйесі суреттеледі. Басқаруды ұйымдастыруға қалыптастыру құрылымы, оны қамтамасыз ету кіреді. Жобаны жүзеге асыруға кәсіпорынның техникалық қызметі, өндірісті басқару орталығы, өндірістік бөлімшелер мен аймақтар қатысады.
Бөлімшелер мен ағымдағы жөндеу аймақтары арасында тығыз байланыс орнатылған. Ағымдағы жөндеу аймағында автомобильден шешіп алынған агрегаттар сәйкес бөлімшелерде жөнделіп, қайта автомобильге орнатылады. Бұл ағымдағы жөндеу аймағы мен бөлімшіліер бір-бірінсіз жұмыс істей алмайтынын көрсетеді.
Өндірістік жұмысшылар саны басқа осындай кәсіпорындардағы қызметкерлер санына байланысты анықталады. Еңбек ақы төлеу жүйесі сыйақы қорын қолдануға негізделген. Келешекте еңбек ақы төлеудің баллдық жүйесіне көшу қарастырылған, яғни жұмысшының еңбек ақысы орындалған жұмыс сапасы мен мөлшеріне байланысты болады. Алғашқы үш айда сыйақы қарастырылмайды. Басшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы қызметтік төлем ақы мен істеген уақыт мөлшеріне және соңғы нәтижеге сәйкес анықталған.
Ұйымдастыру жоспары мамандар саясатының негізгі бағытымен анықталады:
1. Жоғары класты мамандарды қабылдау
2. Сынау мерзімі негізінде жұмысшыларды іріктеп алу
3.Сыйақыға материалдық төлемдер мен моральдық сипаттағы шаралар кіреді.
Кәсіпорынның өзінің жылжымалы құрамына сәйкес ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді орындайтындықтан, өндірістік процесс таныс. Қосымша құрал-жабдықтарды тікелей завод-дайындаушылардан алдырған дұрыс – бұл арзан әрі тиімді болады.
8. Қаржылық жоспар
9.5-кесте
КӨРСЕТКІШТЕР
|
Өткен мерзімді бағалау
|
Болашақты бағалау
|
Күрделі салымдар
|
-
|
300145
|
Өзіндік құнның төмендеуінен жылдық үнемделу
|
-
|
160846,4
|
Күрделі салымдардың өтелу мерзімі
|
-
|
1,9
|
Жылдық экономикалық тиімділік
|
-
|
115824,7
|
Тиімділік коэффициенті
|
-
|
0,5
|
Жобаны жүзеге асыру үшін жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға 300145 теңге қажет. Біз бұл несиені 2 жыл мерзімге Казкоммерцбанкінен жылына 25 пайызбен алуды жоспарлаймыз. Алынатын сома аз болғандықтан, біздің осы банктегі есеп шоттарымызды кепілдікке қоюға болады. Сонымен бірге кәсіпорын ғимараты мен жылжымалы құрамды да кепілдікке алуға бұл банкте бағдарламалар жасалған.
Біздің бизнесіміздің қысқа мерзімді мақсаты – бұл алынған жабдықтарды пайдалана отырып, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу сапасын арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату, жұмысшылардың еңбек ету жағдайларын жақсарту болып табылады.
Біздің бизнесіміздің болашақтағы мақсаты – қала ішіндегі және қаларалық жолаушы тасмалдау нарығында алдыңғы қатарлы орынға шығу үшін жұмысқа білікті мамандар тарту, ғылым мен техниканың жетістіктерін өндіріске енгізу, жылжымалы құрамды жаңарта отырып, қызмет көрсету мәдениеті мен жолаушылар үшін ыңғайлы жағдайлар жасауға шара қолдану болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылай орнықтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін альтернативті бағыттар:
1 Жылжымалы құрамды және пайдаланылмайтын ғимараттарды жалға беру.
2 Қолданылмайтын территорияда жаңа өнім шығаруды қолға алу.
3 Қолданылмайтын ғимараттарда жылжымалы құрамға ТҚК мен жөндеу үшін жұмыс орындарын ашу.
9. Жұмыстардың орындалу тізбесі
Жоспарлау мен құрастырудың соңы осы жылдың 1-тамызына белгіленіп отыр. 01.08.2008 жылдан бастап сатып алынған құрал-жабдықтар тиісті жұмыс орындарына орнатылып, жұмысқа кіріседі. Бизнес-жоспарды жүзеге асырғаннан кейін тұрақты жұмыс режиміне шығып, өндірісті жоспарлау мен жобалаудың жаңа элементтерін өндіріске енгізеді. Жасалған бизнес-жоба бұл кәсіпорын автобустарға ТҚК мен жөндеу бойынша нақты түрде қызмет көрсете алатынын көрсетті.
10. Жобаның тәуекелділігін талдау
Бұл тараудың мәні – бұл кәсіпорын алдына қойған мақсаттарының қауіптілігін бағалау және оларға қаншалықты жетуге болатынын (толық немесе жартылай) көрсету. Бағалау жоба кезеңдері бойынша жүргізіледі: дайындық, өңдеу, қорытынды. Тәуекелге бару дәрежесі бағаланғаннан кейін оны азайтуға баңытталған іс-шаралар жасалады. Сипатына байланысты тәекелдер қарапайым және құрамалы болып бөлінеді. Құрамды тәуекел қарапайым тәуекелдің композициясы болып табылады.
Сатып алушылардың төлеуге қабілетсіздігі тәуекелі – бұл өнім сапасына, сатып алушылар орналасқан аймаққа, өнімнің бағасына, жобаның сипатына, бәсекелестердің санына және сапасына байланысты болады. Мұндай тәуекел кез-келген жаңа жобаны енгізген кезде болады, бұл жағдайдан қашып кету қиын, алайда оны тез арада максимал бағалау қажет. Егер баға мен сатып алушылардың төлеуге қабілеттілігінің арасындағы теңдікті тапқан жағдайда, тәуекелден құтылуға болады.
Күшті бәсекелестік тәуекелі – егер барлық ірі және ұсақ бәсекелестердің жұмысын дұрыс бағалай білсе, бұл нарықтың болу ықтималыдғы да минимал болады. Бәсекелестерді толық бағаламай қоюға болмайды. Біз көп бәсекелестер арасында стандарттық параметрлер кезінде сапасы жоғары қызмет көрсетумен ерекшеленуге немесе тұтынушыларды нақты қызықтыратын стандарт қызмет түрінен басқа жаңалықтармен бөлініп тұруға үйренуіміз керек.
Кездейсоқ жағдайлармен байланысты алдын-ала көрінбейтін мүмкін шығындарды кеміту үшін кәсіпорын мүлкін сақтандыруымыз қажет. Бұл белгілі бір шығындармен байланысты болады, алайда жаман жағдайларда кәсіпорынның тарауынан құтқарады.
Инфляция көрсеткіштерінің өзгеруі де жобаның жүзеге асырылуына әсерін тигізеді.
8. ОЦЕНКА РИСКА
Тәуекелділікті бағалау міндеті – бизнес-жоспарда қойылған мақсаттарға жетуге ықпал жасайтын экономикалық, әлеуметтік, техникалық және т.б. факторларды анықтау болып табылады. Осы факторларды анықтау кәсіпорынның дамуын болжауға және кәсіпорынның қызметіне әсер ететін қауіп-қатерлердің ықпалын төмендететін іс-шараларды алдын-ала дайындауға мүмкіндік береді.
Қаржылық-экономикалық қауіп-қатерлер
Таблица 8.3
Қауіп-қатер түрі
|
Жобаның тиімділігіне теріс әсері
|
1. Сұраныстың тұрақсыздығы
|
Бағаның өсуіне байланыстың сұраныстың төмендеуі
|
2.Альтернативті өнімнің пайда болуы
|
Сұраныстың төмендеуі
|
3. Бәсекелестердің бағаны төмендетуі
|
Бағаның төмендеуі
|
4. Бәсекелестердің өнімді көбейтуі
|
Қызмет көлемі азайып, бағаның төмендеуі
|
5. Салықтың өсуі
|
Таза пайданың азаюы
|
6. Тұтынушылардың төлем жасау мүмкіндігі
|
Қызмет көлемінің азаюы
|
7. Шикізат, материалдар, тасымалдау бағасының өсуі
|
Бағаның өсуінен пайданың азаюы
|
Стадия функционирования. Социальные риски
Таблица 8.4
Вид риска
|
Отрицательное влияние на прибыль проекта
|
Вид риска
|
Отрицательное влияние на ожидаемый объем инвестиций и прибыль проекта
|
1. Трудности с набором квалифицированной рабочей силы
|
Увеличение затрат на комплектование
|
2. Отношение местных властей
|
Дополнительные затраты на выполнение их требований
|
3. Недостаточный уровень зарплаты
|
Текучесть кадров, снижение производительности
|
4. Квалификация кадров
|
Снижение ритмичности, рост брака, увеличение аварий
|
5. Социальная инфраструктура
|
Рост непроизводственных затрат
|
Стадия функционирования. Технические риски
Таблица 8.5
Вид риска
|
Отрицательное влияние на прибыль проекта
|
Риски
|
Отрицательное влияние на ожидаемый объем инвестиций и прибыль проекта
|
1. Изношенность оборудования
|
Увеличение простоев и затрат на ремонт
|
2. Нестабильность качества сырья
|
Уменьшение объемов производства из-за переналадки оборудования, снижение качества продукта
|
3. Новизна технологий
|
Увеличение затрат на освоение, снижение объемов производства
|
4. Недостаточная надежность
|
Увеличение аварийности технологии
|
5. Отсутствие резерва мощностей
|
Невозможность покрытия пикового спроса, потери производства при авариях
|
Стадия функционирования. Экологические риски
Таблица 8.6
Вид риска
|
Отрицательное влияние на прибыль проекта
|
1. Вероятность залповых выбросов
|
Увеличение непредвиденных затрат
|
2. Выбросы в атмосферу и сбросы в воду
|
Затраты на очистные сооружения
|
3. Близость населенного пункта
|
Увеличение затрат на очистное оборудование и экологическую экспертизу проекта
|
4. Вредность производства
|
Рост эксплуатационных затрат
|
5. Складирование отходов
|
Удорожание себестоимости
|
ҚОРЫТЫНДЫ
Берілген дипломдық жобада ЖШС «Бек-сервис» автотранспорт кәсіпорнының тасымалдау және өндірістік жұмысына талдау жасалып, жоба тақырыбы негізделді. Технологиялық бөлімде жылжымалы құрамның қазіргі тізімдік саны және келешектегі толықтырылуы ескерілген технологиялық есептеулер жүргізілді. Технологиялық есептеулер нәтижесі бойынша АТК агрегаттар учаскесіндегі жұмыстардың ұйымдастырылуы мен технологиясын жетілдіру бойынша іс-шаралар ұсынылды және агрегаттар учаскесінің реконструкциясы орындалды. Ұйымдастыру бөлімінде автомобильдердің ТҚК мен жөндеу сапасын басқару жүйесінің жұмысы, автомобильдердің ТҚК мен АЖ ресурс үнемдейтін технологиясы сипатталған. Техникалық жобада учаскедегі жұмыстардың сапасын және өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін техникалық деңгейі жоғары технологиялық құрал-жабдықтар таңдалды және олардың технологиялық принциппен орналасуы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ бұл бөлімде агрегаттар бөлімшесіндегі еңбекті ұйымдастырудың кешенді картасы берілген.
Конструкторлық бөлімде автомобильдердің беріліс қорабын жөндеуге және сынауға арналған стендтің жобасы ұсынылды. Стендтің өндіріске ендірілуі бөлшектеу-жинау жұмыстарының сапасын арттыруға, еңбек мөлшерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Жобада тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері де қарастырылған. Қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны ластауды төмендету бойынша іс-шаралар ұсынылды.
Экономикалық бөлімде жобада ұсынылған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың экономикалық тиімділігі тиісті есептеулермен дәлелденді.
Сондай-ақ жобаның бизнес-жоспары да жасалған.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Напольский Г.М. Технологическое проектирование автотранспортных предприятий и станций технического обслуживания. - М.: Транспорт, 1985-232с.
Суханов Б.Н., Борзых И.О., Бедарев Ю.Ф. Техническое обслуживание и ремонт автомобилей. Пособие по курсовому и дипломному проектированию.- М.: Транспорт, 1985-224с.
Техническая эксплуатация автомобилей. Под редакцией д.т.н., профессора Е.С. Кузнецова. Издание третье.- М.: Транспорт, 1991-416с.
Клейнер Б.С., Тарасов В.В. Техническое обслуживание и ремонт автомобилей. - М.: Транспорт,1986-237с.
Положение о техническом обслуживании и ремонте подвижного состава автомобильного транспорта. - М.: Транспорт, 1986-73с.
Проект рекомендаций по организации труда на рабочих местах ремонтных рабочих автотранспортных предприятий. Министерство автомобильного транспорта Казахской ССР. - Алма-Ата, 1987-147с.
Муха Т.И. Приводы машин. Справочник. Л.: Машиностроение,1975-343с.
Анурьев В.Н. Справочник конструктора машиностроителя. - М.: Машиностроение, 1980.
Курсовое проектирование деталей машин. - М.: Машиностроение, 1987-415с.
Салов А.Н. Охрана труда на автотранспортных предприятиях М.: Транспорт, 1985.
Ю.М.Кузнецов. Охрана труда на автотранспортных предприятиях М.: Транспорт, 1990-288с.
Аксенов И.Я., Аксенов В.И. Транспорт и охрана окружающей среды. - М.: Транспорт, 1986-176с.
Борисова В.М., Сергейчик Л.В., Шелопут Ю.В. Экономика, организация и планирование автомобильного транспорта. Пособие по курсовому проектированию М.: Транспорт,1987-192с.
Туленов А.Т. Методические указания к дипломному проектированию по технической эксплуатации автомобилей. - Шымкент: Южно-Казахстанский технический Университет,1996-45с.
Автобусы Икарус. Под редакцией Е.С. Кузнецова - М.: Транспорт, 1976-288с.
16. Положение о техническом обслуживании и ремонте подвижного состава автомобильного транспорта. Автобусы ПАЗ. - М.: Транспорт, 1979-47с.
Достарыңызбен бөлісу: |