А Н Н О Т А Ц И Я
Осы дипломдық жұмыс «Бек-сервис» ЖШС жылжымалы құрамына ТҚК мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару тәсілін жетілдіріп, слесарлы-механикалық бөлімшені қайта жобалауға арналған.
Жұмыстың есептік-түсіндірме жазбасы аннотациядан, мазмұнынан, кіріспеден, негізгі бөлімдерден: техника-экономикалық негіздеме, технологиялық бөлімнен, өндірісті ұйымдастыру және басқару, ғылыми-зерттеу, конструкторлық бөлімнен, тіршілік қауіпсіздігінен, қоршаған ортаны қорғау және экономикалық бөлімнен, бизнес-жоспардан сондай-ақ қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың графикалық бөлімі А1 үлгісінің 7 бетінде орындалған, оның құрылымына кіреді: техника-экономикалық негіздеме, өндірістік ғимарат, слесарлы-механикалық учаскесінің технологиялық жоспары, технологиялық және еңбекті ұйымдастыру картасы, автомобильдердің беріліс қорабын жөндеуге және сынауға арналған стенд сызбасы, стенд бөлшектерінің сызбасы, жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері. Жобада технологиялық есептеу нәтижесінде слесарлы-механикалық учаскесінің реконструкциясы жасалып, автомобильдердің агрегаттарын жөндеуге және сынауға арналған стенд жобаланды және осы стендпен жұмыс істеуге технологиялық карта құрастырылды, ұйымдастыру бөлімінде жылжымалы құрамның ТҚК және жөндеу өндірісін ұтымды ұйымдастыру және басқару бойынша ұсыныстар келтірілген, сонымен қатар жобаланатын АТК слесарлы-механикалық учаскесі үшін жөндеу жұмыстарының ресурс үнемдейтін технологиясы ұсынылған, іс-шаралардың тиімділігі экономикалық есептеулермен дәлелденді.
Дипломдық жұмыс түсіндірме жазбасы ____беттен, ____кестеден, ___ формуладан, 16 әдебиет көзінен, ал графикалық бөлігі ____ сызба беттерінен тұрады.
КІРІСПЕ
Елдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайында автомобиль көлігін қолдану саласы тұрақты кеңейіп отырады. Қазіргі уақытта бұл саладағы қызметтерді ұсыну бәсекелес ортаға толығымен берілген.
Осы факторлар автомобиль көлік саласында тасымалдарды жандандыруға ықпал етеді. Атап айтқанда «Көліктік-логистикалық қызметтер көрсету» Пекин-Берлин-Брюссель бағдарында жүктерді тасымалдау бойынша NELTI жобасы..іске..асырылуда.
Республика автокөлігінің маңызды проблемасы көрсетілетін қызметтер сапасына, тасымалдау қауіпсіздігіне әсер ететін оның паркінің едәуір ескіруі болып табылады. Автокөлік құралдарының басым көпшілігі олардың пайдалану мерзімінің шегіне жеткен, атап айтқанда бұл жүк автомобильдерінің 77 пайызы және автобустардың 65 пайызы.
Автокөлік санының көбеюі атмосфераға зиянды шығарындылардың көлемінің ұлғаюына байланысты, әсіресе Алматы қаласында осындай шығарындылардың үлес салмағы ластанудың жалпы көлемінен 80 пайызды құрайды, экологиялық жағдайдың нашарлануына әкеліп соқтырды.
Осыған байланысты автомобиль көлігі саласында жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында автокөлік паркін жаңартуды ынталандыру жөніндегі шараларды мемлекеттік деңгейде қабылдау маңызды.
Атап.айтқанда.осының:
- амортизациялық есептеулердің ставкасын, жөндеуге шегерістерді ұлғайту және автокөлік паркін уақтылы жаңартуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін шығаруға.кеден.баждарын.төмендетуге;
- шығынды болып табылатын жолаушылар автокөлігінің әлеуметтік маңызы бар маршруттарын облыстық бюджет есебінен қаржыландыруға қатысы бар.
1. ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ
Жобаланатын кәсіпорнының жалпы сипаттамасы
Шымкент қаласындағы «Бек-сервис» ЖШС автобус паркі 1999 жылы №4 автобус паркі базасында құрылған. Автобус паркі Шымкент қаласында Таштракт көшесінде орналасқан. Кәсіпорынның негізгі атқаратын қызметі қала ішінде жолаушыларды тасымалдау болып табылады, сонымен қатар кәсіпорын автобустарға техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлерін, ағымдағы жөндеуді және сақтау қызметтерін көрсетеді.
Бүгінде «Бек-сервис» ЖШС автобус паркі ЛАЗ-695Н, ПАЗ-3205, МАН және ГАЗ-3221 автобустарымен № 22 –«Жұлдыз-Жоғарғы базар», 32- «Жоғарғы базар- АТК №4», 34- «Қазығұрт- Ордабасы алаңы», 60- «Жоғарғы базар- Құрсай ауылы» қалалық бағыттарында жолаушыларды тасымалдайды. «Бек-сервис» ЖШС жылжымалы құрамының құрылымы 1.1-кестеде келтірілген. Кестеден парктің басым бөлігінің ескіргенін байқауға болады. Автобус паркі соңғы уақытта қалалық қатынаста жүретін жеке иеліктегі 44 шетелдік автобусқа келісім-шарт бойынша ТҚК, АЖ және сақтау қызметтерін тұрақты көрсетеді. Бұл мақсатта кәсіпорын қажетті технологиялық құрал-жабдықтармен және білікті жұмысшылармен қамтамасыз етілген.
АТК жылжымалы құрамы пайдалану жағдайының 3-ші категориясында жұмыс істейді.
АТК жылумен, сумен, электр энергиясымен жалпы қалалық тораптан қамтамасыз етіледі.
Автобус паркінің құрамына келесі өндірістік, қоймалық және қосалқы жайлар қарастырылған (кесте 1.2).
Кәсіпорынның өндірістік ғимараты 2 блоктан тұрады. 1-ші блокта қозғалтқыштарды жөндеу, агрегаттар, электротехникалық, карбюраторлық, слесарлы-механикалық, аккумулятор жөндеу және тыс қаптау учаскелері орналасқан.
2-ші блокта ТҚК және АЖ аймақтары (барлығы 20 бекет), шанақ жөндеу учаскесі орналасқан.
.«Бек-сервис» ЖШС жылжымалы құрамының құрылымы
«Бек-сервис» ЖШС жылжымалы құрамының құрылымы 1.1-кестеде келтірілген.
Кесте 1.1
Жылжымалы құрам маркасы
|
Барлығы
дана
|
Соның ішінде
|
КЖ дейін
|
КЖ кейін
|
1. ЛАЗ-695Н
2. ПАЗ - 3205
3. МАН
4.ЛиАЗ
5.ГАЗ-3221*
6.Форд-Транзит*
7.ЗиЛ ММЗ-555
8. ГАЗ-2401
9.ГАЗ-53А
10.КрАЗ-256
11.Урал-НЗАС
12.УАЗ-452
13.Автокран
|
46
2
3
1
23
33
2
2
1
1
1
1
1
|
15
1
-
-
20
23
1
2
-
-
1
-
-
|
31
1
3
1
3
10
1
-
1
1
-
1
1
|
Жиыны:
|
117
|
63
|
54
|
Ескерту:ГАЗ-3221 және Форд-транзит автобустары «Бек-сервис» ЖШС бағыттарында келісім-шарт бойынша жұмыс істейді.
Кесте 1.2
№
| Ғимараттар мен құрылыстардың атауы |
Жоспардағы өлшемдері,м
|
1
| Өндірістік ғимарат |
72´145
|
2
| Әкімшіліктік-тұрмыстық ғимарат |
24´42
|
3
| Бақылау-техникалық бекеті |
18´18
|
4
| Автобустарды жуу учаскесі |
18´54
|
5
| Тазалау құрылыстары |
12´24
|
6
| Трансформатор подстанциясы |
12´18
|
7
| |
2
|
8
| Орталық жылу тарату пункті |
9´12
|
9
| Өрт сөндіру насос станциясы |
6´12
|
10
| Өртке қарсы резервуарлар |
9´6
|
11
| Жанармай құю бекеті |
9´6
|
Достарыңызбен бөлісу: |