Дипломдық жұмыс Autodesk 3d max негізінде жасалған. Бұл дипломдық жұмыста персонаждың қозғалысын имитациялау жасалды


  2 Қолданылатын программалық қамтама



жүктеу 2,74 Mb.
Pdf просмотр
бет12/35
Дата18.05.2022
өлшемі2,74 Mb.
#38636
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Omarbek AUES

 


23 

2 Қолданылатын программалық қамтама 

 

2.1 Autodesk 3ds mах программасы және оның даму тарихы 

 

Autodesk 



3ds 

max 


–  3D  модельдеуге,  анимациялауға  және 

визуализациялауға  арналған  программа  болып  табылады.  Оны  дүние  жүзі 

бойынша мыңдаған дизайнерлер, аниматорлар және архитекторлар үш өлшемді 

ойындарды,  Web-бетінің  тамаша  үш  өлшемді  графикалық  элементтері, 

архитектуралық жобаларды және анимациялық видеороликті жасау үшін осы 

программа қолданылады. 

Autodesk 3 ds max 2017 визуалды эффектілер мен дизайн, арнайы түрлі 

ойындар  аумағында  3D  модельдеуді,  анимациялауды  және  рендерингтің 

интегрирленген шешімінің арнайы кешенін ұсынады. Оның ерекшеліктері: 

 



Autodesk  3ds  max  анимация  моделі  мен  құрылуы  Autodesk®  FBX® 

файлында экспорт және Unreal® Editor импорт жасай алады. Autodesk 3ds max 

Design  2017  программасы  түрлі  визуализациялауда,  конструкциялауда, 

архитектура  мен  құрылыс  салаларында  3D  модельдеуі  мен  анимациялауда 

өзіндік кешенді ұсынуы; 

 



3D Studio Max Design – табиғи жарықтандыру мен жарықты түсірудің 

эффектілі есебі мен талдауы үшін негізгі құралдарың бірі бола алады. Бұдан 

басқа  нақты  уақытта  экран  бетіне  тікелей  жарықтандыруды  үйренуге 

болатындығы; 

 

3D  модельдеу  мен  текстурдың  қосылуына  эффектілі  әрі  жылдам 



жұмыс жасау үшін кеңейтілген құрал-жабдықтардың жиынтығы; 

 



бейнелерді 

анимациялау 

мен 

өңдеуде 


құрылымды 

құрал-


жабдықтардың жиынтығы анимация мен кеңейтілген жүйені ұсынуы; 

 



ағындағы  өндірісте  3ds  max  C++  пен  .NET  өңдеулерінің  арқасында 

қосымша кеңейтілген өндірістік үрдістерді қолдауы; 

 

3D  Studio  Max  scan  line  мен  mental  ray®  модулінің  желілік  бірнеше 



құрылымды  рендерингі  арқылы  суретшіліер  стабильді  әрі  шынайы  түрде 

жұмыс істей алуы; 

 

жоғары  сапалы  визуализация  ретінде  толық  тексерілген  технология 



дизайнерлер  мен  мамандарға  визуализацияның  бейнелі  киноматографиялық 

сапасын құрауы және келесілерге жетудің мүмкіндіктерін беруі: полигональді 

модельдеу  үшін  жіберілетін  құрал-жабдық  жиынтығы;  бейне  мен  эффект 

құруда анимация ортасын тұрғызуы; mental ray көмегімен желілік рендерингтің 

шексіздігі [8]. 

Autodesk  Kinetix  тобына  1993  жылы  3D  Studio  программасы  қорында 

жаңа  программа  құрастыруды  тапсырды,  ол  Windows-ты  қолдау  қажет  және 

графикалық  интерфейсі,  сонымен  қатар  үлкен  көлемдегі  жаңа  қосымшалары 

болуы керек. Сөйтіп, 1995 жылы Autodesk 3D Studio Max 1.0 нұсқасы шығады. 

Оның бәріне ұнаған себебі, ішіне С++ орнатылған еді, яғни әркім өз қалауынша 

қосымша модуль (плагин) жаза алатын болды. Ең бірінші плагин  – Character 

Studio. Ол бейнелердің сүйектік анимациялары үшін арналған. Сол уақыттың 




24 

өзінде  программаны  құрастырушылар  бұрынғы  модельдеу  мен  анимациялау 

«құбыжықтарымен»  (Alias  Pawer  Animator  және  Avid  Softimage)  бәсекелес 

болатыны жайлы пікірлер айтты.  

Біраз  уақыттан  соң,  яғни  1998  жылы  пакеттің  келесі  нұсқасы  өмірге 

келеді.  3D Studio  Max 2.5  нұсқасында мөлдір  және айналық беттерді  тордық 

модель  құралдарына  қосымша  ретінде  сәулелер  арқылы  жасау  пайда  болды.  

Сол сәттен бастап программа ойын құрастырушыларды өзіне тарта бастады.  

Ал,  1999  жылы  пакеттің  үшінші  нұсқасы  Autodesk  3D  Studio  Max  3.1 

шықты.  Бөлшектік  жүйелерде  табиғи  қозғалыстарды  жасауға  арналған 

бөлімдері пайда болды, визуализатор қайта орнатылды, бұл басқа да қосымша 

визуализаторларды (ең танымалдары – mental ray, vray, final render, brazil, render 

man) қосуға мүмкіндік берді. Керемет эффектілерді жасау – жарық көлеңкелері, 

тік  емес  жарықтандыру,  сәулелерді  бағыттау  мүмкіндіктері  одан  әрі  жақсара 

түсті.  100%  нақты  көріністерді  жасау  мүмкін  болды.  Енді  бұл  программа 

дизайнерлер  мен  архитекторларды  да  қызықтыра  түсті.  Ары  қарай  Autodesk 

программаны  өңдеуге  discreet  ішкі  бөліміне  тапсырады.  Осы  оқиғаға 

байланысты пакеттің келесі нұсқалары 3ds max деп аталады [9].  

2001 жылы 3ds max 4 нұсқасы шығады. Бұл нұсқада көптеген өзгерістер 

пайда болды. Бір нұсқасына сәйкес келетін плагиндер екінші нұсқасына сәйкес 

келмеді.  Сондықтан  қосымшалардың  жаңа  нұсқалары  пайда  болды. 

Дискритовтер  интерфейсті  жақсартты,  қасиеттерін  (салмақ,  жұмсақтық  және 

т.б.) бере отырып қатты және жұмсақ денелердің анимациясын оқуға мүмкіндік 

беретін reactor модулін қосты. Charakter studio заттардың үлкен тобын басқару 

кәдімгідей  ыңғайлы  болды.  Осыдан  бастап  3ds  max  анимациялық  және 

ойындық фильмдер құрастырушыларының қызығушылығына ие болды. 

Программаның  бесінші  нұсқасы  2002  жылы  пайда  болады. 

Жарықтандыру тікелей 3ds max ортасында есептелді және нәтижесі вьюпортта 

көрінді.  Бөлінулердің  жаңа  беттері,  трансформация  контейнерлері,  объектіде 

сурет  салу  және  тағы  да  басқалары  сол  кездегі  ең  атақты  программа  Alias| 

Wavefront Maya жақындатты. 2003 жыл пакеттің алтыншы нұсқасының жылы 

болды.  Кәсіптік  қолданушыға  арналған  жаңа  өзгертулер  енгізілді.  Желідегі 

визуализация метасұйықтықты жасау алгоритмі 3ds max ортасына орнатылды. 

2004  жылы  3ds  max  7  нұсқасы  жарыққа  шықты.  Жаңа  нұсқаға  жаңа 

құрылғылар  қосылады,  атап  айтсақ,  бейнелерді,  анимацияларды  құрастыру 

үшін төртінші нұсқаға дейін character studio орнатылған модулі жаңартылады. 

Жазықтықты тегістеуге арналған Skin шейдері, жаңа EditPoly және SkinMorph 

модификаторлары  пайда  болады.  3ds  max  7  нұсқасында  mental  ray  3.3 

интегралданған визуализаторының жаңартылған нұсқасы қосылған [10]. 

Программаның 3ds mаx 8 нұсқасы 2005 жылы қолданысқа енді. Оның ең 

негізгі  жаңалығы  –  шаш  және  мақта  жасауға  арналған  плагин.  Шашты 

сплайндармен сызып, қысқа уақыт ішінде жақсы шаш үлгісін жасап шығаруға 

болады. 

Уақытты  үнемдейтін  анимация  мен  мэпингтің  жаңа  функциялары 

енгізілген,  визуализацияның  алдыңғы  қатарлы  технологиялары  орындалған 



25 

нұсқасы  –  3ds  max  9  болып  табылады.  3ds  max-тың  Maya  облысында 

қолданылатын сияқты басқа программалық өнімдермен байланысы жақсарды. 

Визуализацияның  жаңа  технологиялары  ішінде  Reveal  құрылғылар  жинағын 

атап  көрсетуге  болады.  Ол  рендерингтің  итерациялық  дайындығы  мен  тез 

орындалуын, нақты беттерге имитация жасауға мүмкіндік беретін ProMaterials 

материалдар  кітапханасын  қамтамасыз  етеді.  Тірі  объектілерді  модельдеудің 

жаңа  үрдісі  жобаға  адам  мен  жануарлардың  көрінісін  тез  әрі  эффективті 

орнатуға  мүмкіндік  береді.  Hands  Like  feet  функциясын  және  тағы  басқа 

көптеген  жаңа,  жаңартылған  үрдістерін  қолдану  бейнелер  мен  мэпинг 

анимациялары  үшін  потенциалды  еңбек  үрдістерін  рационалдайды.  Жаңа 

нұсқада OBJ және FBX-тегі импорт пен экспорт бар. Бұл 3ds max-тың Mudbox, 

Maya,  MotionBuilder  және  шеттегі  қосымшалар  даярлайтындармен  байланыс 

дәрежесі әлдеқайда жақсартылады. 

Үш өлшемді графика программада 3ds max программасы – редакторлары 

тізімінде  алдыңғы  қатардағы  орынды  алуға  толық  құқығы  бар.  Ол  әмбебап 

редактор болып табылады. Яғни бұл оның ішінде шығармашылыққа ешқандай 

шектеулер  болмайтынын  білдіреді.  Шынымен-ақ,  кәсіптік  қолданушы 

шығармашылығы  программамен  жұмыс  жасау  кезінде  шектелмейді.  Онда 

интерьерлерді  орындау,  сыртқы  жарнама,  анимациялық  фрагменттер, 

видеороликтер,  экстерьерлер  және  т.б.  орындауға  мүмкіндік  береді.  3ds  max 

компьютерлік ойындар моделдерін құрастыруда кеңінен қолданылады. 

3D модельді жасау қызықты үрдіс өзіңнің қиялыңды, қағазға түсірілген 

арманыңды  жасауға  болады.  Үлкен  модельді  құрастыру  алдында  үлкен 

дайындық  қажет.  Дайындыққа  мыналар  кіреді:  құрылымын  толық  анықтау, 

материалдар мен текстураларды дайындау, сонымен қатар мүмкін объектінің 

өлшемін нақтылау  керек. 3D модельді жасаудың бірнеше әдістері бар. Оның 

әрқайсысы  уникальді  және  білімді  талап  етеді.  Сонымен  қатар,  ол  сол 

модельдеу үрдісі жүретін программаға да байланысты. Ереже бойынша әр түрлі 

программалық  кешендерде  модельдерді  құрастыруға  арналған  ұқсас  әдістері 

бар,  ал  өзгешелік  модельдеу  құрылғыларын  қолдану  ыңғайлылығына 

байланысты сезіледі [11]. 

Программадағы ең оңай әдіс – бұл примитивтерді жасау. Әдіс қарапайым 

және  3D  модельдеуде  терең  білімді  қажет  етпейді.  Ол  жеңіл,  әрі  тез 

қабылданады  және  үлкен  жылдамдықты  модельдеуде  нәтижесі  жаман  емес. 

Себебі  примитивтер  әр  түрлілікке  бай  емес,  сондықтан  объектілер  мынадай 

формалардан:  шаршы,  параллелепипед,  шар,  цилиндр,  пирамида  және  т.б. 

тұрады. 


Сонымен  қатар,  жақсартылған  примитивтер  де  бар,  оларды  қолдану 

модельденетін  3D  объекттің  нақты  формасын  беруге  мүмкіндік  береді. 

Примитивтерден 3D объект құрастырғаннан кейін оны полигондардан тұратын 

арнайы  торларға  өзгертуге  болады.  Ал  әрбір  полигонның  бұрыштық 

нүктелерінің  орналасуын  өзгерте  отырып,  нақты  объектінің  нақты  әрі  шын 

формасын формасын алуға болады. Көлемді модельді құрастыру үшін полигон 

төбелерінің орналасуларын өзгерту қиын әрі көп еңбектенуді қажет ететін әдіс 



26 

және 3D модельдеудің осы немесе басқа да программаларын жақсы меңгерген 

адамдарға арналған. Алайда, осы әдіспен жасалған объект қиынырақ және әр 

бөлігі жақсы қарастырылады.  

Autodesk  3ds  max  үш өлшемді  графика  редакторының  күшті  редакторы 

әрқашан көріністермен жұмыс жасаудың оңай болуымен ерекшеленеді, оның 

ішінде үлкен көлемді полигондары бар объектілерден тұрады. Барлық қосымша 

қосылған  модульдер  (plug-ins)  қосылған.  Direct3D  айналу  драйверін  қолдану 

кезінде  көп  полигонды  модельдерді  орналастыру  және  өңдеу  проекция 

терезелерінде  OpenGL  қолдануға  қарағанда  жылдамырақ.  Бірақ  кейбір 

видеокарта режимдері түрлерімен Direct3D режимі 3ds max  бұрынғыдай дұрыс 

жұмыс жасамайды. Модельдеудің ең қарапайым әдістерінің бірі объектілерге 

параметрлі  модификаторларды  қолдану.  Модификатор

 

дегеніміз  3ds  max 

кешеніңің  арнайы  операциясы,  оны  объектіге  қолданады.  Сплайн  дегеніміз 

жазық фигуралар, олар үш өлшемді объектіні дайындау үшін қолданылады. 

Бұл  программа  Autodesk  компаниясының  3D  программаларының  ең 

танымалы  болып,  видео  ойындар,  модельдер  жасау  индустриясында  басым 

түседі. Қолданылатын облыстары:  

 



архитектуралық жобалау мен интерьерлік конструктрлеу; 

 



теледидар  үшін  жарнамалық  және  ғылыми  танымал  роликтер 

дайындау; 

 

компьютерлік  мультипликация  және  фантастикалық  сюжетті 



фильмдер түсіру; 

 



компьютерлік ойындар мен кітаптар үшін иллюстрация дайындау; 

 



 көркем компьютерлік графика, Web-дизайн;  

 



кеңістіктегі бейненің дамуы; 

 



арнаулы эффектілер. 

3ds  max    ыңғайлы  модельдеу,  анимация  және  рендерингті  бір  ғана 

флаконда  ұсынады,  дегенмен  жүйе  қуатының  көп  бөлігі  плагиндер  мен 

қосымшаларға  кетеді.  3D  модельдеу  және  анимация  технологиясында  келесі 

бөлімдер болуы тиіс: 

 



базалық және жетілдірілген модельдеу; 

 



базалық және бейнені анимациялау; 

 



интерактивті 3D графика және виртуалды шындық. 

Үш  өлшемді  кеңістіктегі  технология  архитектуралық  визуалдауда, 

автомобиль  жарнамалары  мен  компьютерлік  ойындар  жасауда  қолданылады. 

Үш  өлшемді  компьютерлік  графика  –  өте  кең  сала,  ол  машина  жасауда, 

архитектурада,  құрылыста,  медицинада,  археологияда,  тренажерлар  құруда, 

кино  мен  теледидарда  қолданыс  тапқан.  Адамдар  үш  өлшемді  әлемде  өмір 

сүретіндіктен,  олардың  үш  өлшемді  модельдер  жасауы  табиғи  нәрсе. 

Техниканы  жетілістіру  және  3D  модельдермен  жұмысты  қарапайымдастыру 

арқылы үш өлшемді графика үйреншікті жазық бейнелерді ығыстыра отырып, 

өмірдің ажырамас бір бөлігіне айналары сөзсіз.  




27 

Autodesk  3ds  max  программасының  мүмкіндіктерін  әр  түрлі  салаларда 

қолдана  отырып,  онымен  айналысушылар  статикалық  жарнама  және 

динамикалық қоюлардан бастап, апаттар мен үш өлшемді анимацияларға дейін 

жасады.  Мысалы,  ғимарат  құрылысын  ұжымдық  жоспарлау,  оның  барлық 

қатысушылары  –  жоспары  бойынша  мамандар,  жобалаушылар,  инвесторлар, 

үкімет  өкілдері  және  басқа  қызығушылар  оны  нақты  іске  асыруға  дейін 

ландшафтқа әсерін бағалайтын құрылыс жобаларын талдаудың жаңа әдістерін 

табуға ұмтылады [12].  

Жобалық  циклды  басқаратын  шешімдер  жобаның  орындалуына 

қызығушы барлық тұлғаларға оған оның кез келген сатысында қосылуына және 

олардың  компетенциялары  шегінде  жобалық  мәліметтер  қосуға  мүмкіндік 

береді.  Осылардың  бәрінің  негізі  мәліметтердің  сандық  кеңейтілуі  болып 

табылады.  Программалық  өнімнің  өзінің  көзқарасы  тарапынан  ғимаратты 

модельдеу, DVD-роликті қалыптастыру немесе интерьер жоспарын дайындау 

орындалатынына бұл жерде үлкен ерекшелік жоқ.  

Қолданылатын программалар күрделі графика мен арнаулы эффектілерді 

қолдана отырып, интерьерлер дизайнын құрады және визуалдайды. Сондықтан 

бұл  үшін  аппараттық  құралдар  қуатты  болуы  тиіс.    Kinetix  ішкі  бөлімі  бұл 

программалық  өнімді  кәсіби  қолданушыларға  арнап  құрды,  дегенмен  бұл 

өнімге ие бола алатын кез келген қызығушы өз арманын программаның кейбір 

сырларын  үйрене  отырып  шындыққа  айналдыруға  болады.  3ds  max 

программасында  пакеттің  функционалдығын  арттыратын  орнатылатын 

құрылымдар, басқаша айтқанда плагиндер жиыны бар.  

Архитектуралық жобалау, media өндіріс және game индустрия бойынша 

сенімді  және  функционалды  шешімдер  ұсынатын  3D  компьютерлік 

модельдеуге қызығушылықтың артуына байланысты бұл өнім экономиканың 

құрылыс, жобалау, интерьерлер мен экстерьерлер, ландшафт дизайны сияқты 

салаларында тиімділікке ие.  

 


жүктеу 2,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау