Оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру және оның мазмүны, білім құрылымы.
Техникалық жабдықтың бұл функциясы мынадан тұрады: ғылыми техникалық процесстің дамуына байланысты мұғалім және оқушы еңбегі де жанама мәнге ие болады, класс және кластан тыс тәрбие жұмыстарының
жүргізілуі мен ұйымдастырылуыда өзгереді. Осыған байланысты академик С.Я. Батышев: Мұғалім қызметі өзгерсе, бала жұмысы өзгереді, - деп атап көрсетеді. Мұғалім берілген тапсырманы дұрыс шешу үшін сабақ ұйымдастырушысы, бастысы, кеңесшісі бола түседі. Ол оқушылардың әр түрлі хабар құралынан алған білімін бір жүйеге келтіреді. Мұғалім қызметінің ауырлығы сонда, ол оқыту тәсілінен оқу тәсіліне көшеді, яғни ол жай орындаушыдан жасампаз қалыпқа ауысады, техникалық жабдықты пайдалану, оның жұмысын өзгертеді. Оқушы өзі үшін беймәлім факты мен заңдылықтың ашушысы ретінде болады. Ол оқу процесінің мүшесіне айналады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тілі бойынша кластан тыс жұмысы оқушылардың өзіндік ойөрісін дамытуға, білімге қызығушылығын арттыруға үйретеді; оларды өзбеттерінше жаңа ғылымның жетістіктерін үйренуге жетелейді. Босуақыттарын дүрыс пайдалануға талпындырады.
Әр түрлі кластан тыс жүмыс қазіргі таңдағы балалардыңшығармашылық қабілеттерін арттырып, жаңа заман талабына бейімдейдіқанағаттандыра. Сондықтан да, үйірме және топтық жұмыстардыұйымдастыра білудің маңызы зор.
3. Қазақ тілі бойынша кластан тыс жұмыс негізінде жас жеткіншекке тәрбие беру және оқыту барысында, бірінші орынға оқушының қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Осыған байланысты тапсырмалар мен жаттығулардың құрамы кездейсоқ, ғажайып дүниелерге толы болуы тиіс, ал эмоцианалдық таным мен даму таным қызығушылығын арттыра түседі.
4. Кластан тыс жұмыс пен оның жүргізу әдісінің мәні, балаларды
өмірлік тәжірибе жинақтауға ұмтылдыру, олардың жаңа ілімдерді
зерттеуге қызығушылығын арттыруға лайық болуы тиіс .
Қазақ тілінен өткен класс сабағының байланысы кластан тыс
жұмыспен ұштасуы үшін білімге мән беріп, мектеп курсындағы әртүрлі
пәндердің өзара байланысын, білім және тәрбие тапсырмаларын
ұштастыра отырып бала бойына дарыту.
Ана тілі бойынша кластан тыс жұмыс формаларын кеңейту
төмендегінше көзделеді:
Үйірме - бұл кластан тыс жұмыстың кеңінен тараған түрі, ол бір
немесе паралель класс оқушыларынан құрылады, оқушы саны
жиырмадан аспауы тиіс.
Үйірменің алған тақырыбынан өзгеше аты болуы тиіс: "Қызықты
грамматика", "Сөйлеу мәдениеті үйірмесі" және т.б. Біздің жүргізген
тәжірибе жұмысымыз оқу жылының барысында 14-15 сабақ , әр
қайсысының ұзақтығы 1-1,5 сағат болуы тиіс екенін анықтады.
Кластан тыс жұмыс оқушылардың ұжымға, қуаныш пен өкініш мәнінтүсінуге, ұжым мүддесін жеке мүдде деп үйретуге итермелейді ,сондай форманың бір түрі - жарыс (КВН) . Мүндай жарыстардыкласаралық немесе паралель кластар арасында өткізуге болады. Әркласс командасында 10-12 адам болады. КВН - ді әр ай сайын өткізукөзделеді.
Білімде өзіндік жарыс және оқушылардың жұмыс нәтижесі ретінде -олимпиадалар класс, мектеп, аудан масштабында, оқу жұмысында 1 -2рет өткізеді.
Оқушылардың шығармашылық білімін дамытуда әртүрлі конкурстарүлкен орын алады: мәнерлеп оқу конкурсы, түрлі шығарма бойыншаинсценировка өткізу, өте жақсы шығарма, қазақ тілінен жақсы дәптер,өте жақсы қабырға газеті конкурстары.
Қазақ тілі апталығы, алдын-ала дайындалған мейрам ретінде өткізіледі. Кластан тыс жұыстың бұл түрі әтүрлі болады:
әгімелесу, баяндама, конкурстар мен олимпиадалар, кештер мен
жарыстар. Қазақ тілі апталығы бойынша жылына бір рет өткізіледі.
Әр жарты жылдықта көрме өткізіледі, мүнда өте жақсы орындалғанжаттығулар, сынақ хат, мазмүндама, шығарма, қазақ тіліне арналғанқабырға газеттері, көрнекі қүралдар, баяндамалар, мәнерлеп оқудыңмагнитофонға жазылған нүсқалары қойылады.
Тіл бойынша кластан тыс жүмыстың кең тараған түрі кештер болыптабылады, ал үйірменің жарты немесе толық оқу жылындағы жүмыснәтижесін тексеру мақсатында жүргізіледі. Тақырыптық кештер оқужылында 4-рет өткізілді.
Қазақ тілінен кластан тыс сабақ бойынша эңгіме, хабар, баяндама,лекция, ерекше орын алады. Лекцияны арнайы шақырылған маманоқиды, хабар мен баяндаманы оқушы жасайды.
Қазақ тілі сабағында көп көңіл бөлінетін жаттығу жүмыстары кластан тыс жүмыста өз мэнін жоғалтады, мүнда тілге талдау жасау әдісі кеңінен қолданылады жэне жаттығу алған білімді толықтыру үшін қолданылады.
Кластан тыс сабақтарда оқушымен жеке жүмыс жүргізу ерекше орын
алады. Таныс емес тақырыптарды оқуда оқулық пайдаланылмайды.
Кластан тыс жұмыс тақырыбы бағдарламамен сәйкес келсе, ол база
ретінде қызмет атқарады.
Кластан тыс жұмыста техникалық жабдықтарды пайдалану
оқушылардың жеке дамуына эмоционалдық түрде эсер етеді, мұғалім
жұмысын жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |