Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Шымкент, 2022 ф-19-01/02


Бастауыш класта қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс ж



жүктеу 126,83 Kb.
бет6/13
Дата14.09.2022
өлшемі126,83 Kb.
#39249
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
работа

1.2 Бастауыш класта қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың жалпы сипаттамасы.
Оқушының әдебиеттен сабақта алған білімін тереңдетуде, эдебиет арқылы оқушыны тәрбиелеуде, оқушының әдеби қабілетін, дамытуда әдебиеттен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың атқаратын қызметі орасан зор. Бүл мәселеге кіріспес бұрын жалпы кластан тыс жұмыс туралы түсінік берген дүрыс, өйткені ол эдебиеттен жүргізілетін кластан тыс жүмыстарға да қатысты және оны түсінуге де көмектеседі.
Кластан тыс жүмыс оқушының адам ретінде қалыптасуына, білім, білік дағдыларының дамуына, класта оқылатын сабақтан кем қызмет атқармайды. Сондықтан ол оқу-тәрбие жұмысында жоғары бағаланып, оған мэдениеті дамыған елдерде ғылыми- тәжірибелік тұрғыдан ерекше мән беріледі. Өйткені кластан тыс жұмыс оқушының сабақтан бос уақытысында жүргізіледі. Оқушының сабақтан бос уақытын пайдалы жұмысқа жұмсауы оның дүрыс өсуіне, қалыптасуына үлкен әсер етеді. "Мектеп білім алудың кілтін ғана береді, Мектептен тыс, білім алу, бос уақытты орынды пайдалану- бүкіл бір ғүмыр!" -деген А.В. Луначарский сөзінде үлкен мән жатыр /90/.
Кластан тыс жұмыс оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, белгілі мақсатқа бағыттай отырып, олардың езі қалаған істерге қызығуын арттырып, қабілетінің жан-жақты дамуына эсер етеді. Кластан және мектептен тыс жұмыстардың мектепте жүйелі, сапалы түрде үздіксіз , үзіліссіз жүргізілуі мәселесі - үлкен педагогикалық проблема. Ол үшін әрине, бұл жұмыстардың іске асуына қажетті негіз жасалу қажет. Бұл мәселе ең алдымен, бос уақытты ұтымды пайдалана білу проблемасына әкеліп саяды. Сондықтан да "Проблема свободного времени учащихся -это проблема в первую очередь педагогическая , направленная на формирования все сторонне развитой личности, подготовленной к труду, учебе, к содержательному, интересному , полезному отдыху"- дейді Н.К. Крупская /230/.
Сондықтан да бала тәрбиесінде кластан тыс жұмыстың алатын орны ерекше . Оқушының мектептен , сабақтан тыс уақыты мол . Оны кластан


тыс жұмыстар арқылы пайдалы іске жұмсамаса, оқушы бос уақытын қолайсыз іске жұмсауы да мүмкін, ондай жағдай өмірде кездесіп жүргені көпшілікке белгілі . Оқушылардан сабақтан тыс ұйымдастыру мэселесі аса ерекше жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Күнделікті сабақтан кейінгі кез , демалыс, мереке, каникул күндері бәрі тоғысып тәрбие мақсатын көздеп, балалардың рухани мүдделерін байытуға қызмет атқару қажет. Сабақтан тыс іс - әрекетті ұйымдастыруда қазір мектебімізде әртүрлі маңызды міндеттер қойылуда, балалар мен жасөспірімдердің сабақтан тыс уақыттарында тиімді педагогикалық басшылық жасалып, талаптар қойылғанда ғана олардың әрқайсысының жеке басын дұрыс қалыптастыруға жағдай туындап , оқушылармен тәрбиешілер арасында мызғымас одақ пайда болады.
Әдістемелік еңбектердің талдай, зерттей келе, сонымен қатар көп жылдық тәрбиелік байқау, бақылау нәтижелері оқу процесін кластан тыс және мектептен тыс жұмысты, оқушылардың жан-жақты қоғамдық пайдалы іс әрекетінен бөліп қарастыруға болмайтынына көзіміз жетті. Бүкіл оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім мен оқушының үнемі , шынайы рухани қатынаста болуы, балалар ұжымындағы өзара дұрыс қалыптасқан тәрбиенің табысты болуын қамтамасыз етеді. Сабақта берілетін тәрбие мектептен тыс жұмыста да жалғастырылады, толықтырылады.
Сабақтан тыс бос уақыт оқушылардың өмірінде едәуір орын алатыны белгілі. Бүл кездерде оқушылардың көпшілігі өз ықыластарымен пәндік сабақтардан алған білімін тереңдетуге, оның бір қызықты саламен тереңірек шұғылдануға, қоғамдық іс-әрекеттерге араласуға өз бойындағы ерекше қабілеттін дамытуға, ата-аналарына көмектесуге мүмкіндіктері бар. Осының бәрі оқушыдан ұйымдастырушылық қабілеті, ерік-күшін, қажырлы еңбекті талап етеді.Бұл істе оған мектеп және кластан тыс жұмыстар көмек беруге тиіс екені белгілі. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетін нақтылы жүйемен ұйымдастырудың қажеттілігі де осында. Демек, оқушының жан-дүниесіне көбірек үңіліп, оны жете білуге және сол арқылы тәрбиелік ықпал ету мүмкіндігін артыруда кластан және мектептен тыс жүргізілетін жұмыстардың ролі зор. Балаға ықпал ету,
олардың неге ынтық, қандай ерекшіліктері мен өзіндік ұмтылыстары бар екенін жете білуіне қажетті жағдайлар сабақтан гөрі кластан, мектептен тыс жұмыстарда мол. Сондықтан бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін , тәрбиені оқушылар игілікті іс жасайтындай , өз белсенділігін танытуға мүмкіндігі болатындай, нағыз белсенді азамат болып өсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Оқушы жастардың мектептен тыс өмірі мен жан-жақты іс-эрекеттері жанұяда, мектептен тыс тәрбие орындарында, көшелерде, әлеуметтік қатынастың кең өріс алған жерлерінде өтіп жататынын кереміз. Демек , кластан тыс жұмыстар демалыссыз, үздіксіз барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен , сабақпен шектеуге болмайды.
Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқушылардың жас ерекшіліктері ғана емес, жеке-дара ерекшіліктерін ескерудің маңызы зор. Балалар бір-бірінен мінезімен, қабілетімен, мүддесімен, білімділіктерімен ерекшеленеді. Әркімнің өз ойы, толғанысы , арманы болады. Сондықтан тәрбиелік әсер етудің неғүрлым тиімді жолдарын іздестіріп белгілеу қажет болды.
Кезінде француз үлы ағартушы Жан-Жак Руссо: "Тәрбие мақсаты- бала бойындағы табиғи дарын мен қабілеттің көзін ашып, адамның творчестволық қалыптасуына көмектесуі деп қарады. Баланы күш көрсетіп, зорлаумен емес, дұрыс бағыт беру, ез еркімен құлшындыру арқылы тәрбиелеу керек" - деп орынды көрсетті /207/.
Қабілет дайын нәрсе емес. Ол тәрбие арқылы дамиды. Қабілетті дамыту қалыптастырудың алғашқы кезеңі оқу әрекетімен басталып, кластан тыс жұмыстар арқылы жалғастыра түседі.
"Білмекке құмарлықты сақтап, оны дамыту - өздігінен жұмыс істеудің, білудің жолын, тәсілдерін үйрету - қабілетті тұрақты дамытудың шарты" -деп /139/ керсетеді әдіскер ғылым
Р. Сүлейменова. Демек , оқушыда белгілі бір қасиеттердің негізі, көрінісі болған күнде де ол тәрбие мен оқусыз қабілетке де, дарынға да айнала алмайтыны белгілі. Бұл мәселеде оқу мен тәрбиенің бірлігі ерекше маңызға ие болады. мұғалімдерінің кластан тыс жұмысын ұйымдастыруына, класс жетекшілеріне, кітапханашыға көмектесіп отырады.
Осы тұрғыдағы тағы бір ұстаз пікірін келтірейік: "Әзірге қазақ мектептерінің саны көбейгеніне мәз болып жүрміз, тәрбиеміз тәлімді, біліміміз сапалы дей алмаймыз . Алайда, білім, тәрбие беру жүйесін әлемдік өлшемдерге жақындата түсу, тілімізге қамқорлық , тарихымызға таразылық, халықтық педагогикаға шындап бет бұру міндеті тұр"- деген ұстаз Н.Наурызбаевтың /121/ пікірі өте орынды.
Тәрбие тамыры - халық даналығында, жас ұрпаққа жан өнегелі, жарасымды тәрбие беруде ата - бабалар дәстүрін өнеге етудің үлкен тәрбиелік маңызы бар екендігіне бүгінгі таңда анық көзіміз жетіп отыр.
Жасыратыны жоқ, халқымыздың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жастарға тәрбие беру процесінде өз дәрежесінде пайдаланып жүргізе алмадық. Баланы сәби кезінен бастап-ақ ұлттық тәрбиені санасына сіңіре беру керектігін қазіргі кезеңде де ғана сезінудеміз. Халықтық салт-дәстүр негізінде жүргізілетін тәрбие жұмыстары соңғы жылдары ғана мектеп тәжірибесіне еніп, мұғалімнің шама-шарқына, ізденісі мен іс-әрекетіне, шеберлігі мен ықыласына қарай әр түрлі деңгейде өткізіліп жүр.
Бәл тақырыпта ең алдымен мектептегі "Атамекен" бағдарламасын алуға болар еді, сол халықтың ондағы тәлім-тәрбие негізі халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын құрайды. Соларды үйрете отырып, баланы дәстүр негізінде дамыту, азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған. Осы бағдарлама бойынша мектептерімізде Қазақ тілімен "Ата-мұра" үйірмелері жұмыс істей бастады. Бірақ бүл бағдарламаның іске асуы осы бағытта жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие жұмыстары барлық мектептерде бірдей өз дәрежесінде толық іске асырылуда дей алмаймыз.
Жас ұрпаққа ұлттық , халықтық тәрбие берудің қайнар көзі қазақтың бай әдебиетінде жатыр. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары, бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде, мақал – мәтелдерде көптеп кездеседі. Халықтық педагогиканы қазақ тілімен тығыз байланысты қарау мәселесінің негізі де осында жатқаны белгілі. Қазақ тілі мен әдебиет - бала жанының оның сана-сезімін, мінез-құлқын, өмірге көзқарасын тәрбиелейтін бапкері, адамдар арасындағы қарым қатынасты реттейді.
Қазақ тілінің тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңші. Оның қолында адам өмірінің тағдыры тұр деген В.Г. Белинскийдің сөзі жоғарыдағы пікірімізді дәлелдей түседі.
Қазақ тілінің байлығын сабақ жоспарында бөлінген сағат көлемінде меңгерту, оқушының оны игеруі мүмкін емес. Сондықтан қазақ тілі бойынша материалдың бірсыпырасын оқушыға игертуде қазақ тілінен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың маңызы өте зор екені дәлелдене түседі.
Демек, өсер ұрпақтың рухани жан-дүниесі халық тілі мен әдебиетінен сусындап, бойына сіңіріп, оның ой санасының толуы үшін сабақта және кластан тыс уақытта жүргізілетін сан-алуан жұмыс түрлерінің маңызы ерекше. Елдің елдігін, ұлттық намысын, халықтың қастерлісін, абзал ардақтысын, жүрегіндегі нәрін оқушылардың бойына сіңіріп, тәрбиелеуде әдебиетке байланысты жүйелі түрде өткізілетін ұтымды ұйымдастырылған кластан тыс және мектептен тыс жұмыстар ерекше мәнге ие болары сөзсіз.
Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытудың білімдік, тәрбиелік жақтарына үлкен баға берумен қатар, қазақ тілімен байланысты жүргізілетін кластан тыс уақыттағы жұмыстарға да үлкен мэн беріледі. Екеуінің де алдына қоятын мақсат-міндеттері бір, ол оқушы жастарымызға әрі білім, әрі тәрбие беру .
Көркем туынды тек жағымды қаһармандарының іс үлгісімен тәрбиелеп, шабыттандырып, қанағаттандырып қана қоймайды, ол өзінің әлеуметтік, азаматтық, адамгершілік әуенінің биіктігінен де әсемдікті әлпештеп, дәріптеумен де адам бойындағы асқақ сезімдерді ардақтап, оған мораль талаптарын қатаң түрде қоя білуге де игі әсер етеді.
Республикамызда қазақ мектептері жағдайында кластан тыс жұмыстар мәселесі бір жүйеге түскен нәтижелі тәжірибелер аз. Бірлі-жарым,тәуір деген тәжиребелер көрінсе, оның өзі республика мектептеріне кеңінен таратылып, пайдаланылмай келеді.
Бүгінгі өмірдің барлық салаларын қамтитын жаңару рухы жастармен жүргізілетін бүкіл кластан тыс тэрбие жүмысын мүлде жақсартуды талап етеді. Ол талапты орындау үшін, төмендегі жүмыстарды жүзеге асыру қажет деп санаймыз . Олар :

  1. Кластан тыс жүмыстарды үйымдастыруды бір ізге түсіру, оған
    жүйелі, мақсатты түрде сипат беру;

  2. Кластан тыс жүмыстардың түрлерін кеңейтіп, мазмүнын жаңарту,
    "Атамекен" бағдарламасы бойынша үнемі толықтыру;

  3. Кластан тыс жүмыстарға оқушылардың мүмкіндігінше толық түрде
    қатысуын қамтамасыз ету.

Барлық қазақ мектептерінде кластан тыс жүмыс жүйелі түрде сапалы іске асырылып жүріп жатыр деп біз қазір айта алмаймыз. Сонымен бірге, кластан тыс жүмыстар мүлдем жүргізілмейтін мектептер бар деуге тағы болмайды. Кластан тыс жүмыстардың эйтеуір бір түрінің мектепте көрініс беретінін тэжірибеміз көрсетіп отыр. Олай болса, қазіргі заманның талабына сай кластан тыс жүмыстардың мазмүны мен түрлерін сапалы, бүкіл жүмысын жүйелі қалыпқа келтіру басты мақсаттардың бірі болмақ.
Кластан тыс жүмыстың сапасы артып, жүйелі іске айналуы оқушының білімін тереңдетуді, оқытудың ізгілік, үлттық сипат алуына зор ықпал ететініне біздің өткізген арнайы үйымдастырған ізденістеріміз дэлелдей түсті.
Осыған дейінгі кезеңдерде өткізіліп келген кластан тыс жүмыстарының көпшілігінің мазмүны мен түрі қазіргі заманның талабына сай өзгергенін, оқушылардың үғым түсінігіне сэйкес келе бермейтінін көреміз .

жүктеу 126,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау