Диплом жўмыстарын ресімдеу жјне ќорєауєа табыс ету бойынша јдістемелік нўСЌаулар



жүктеу 237,42 Kb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата26.05.2018
өлшемі237,42 Kb.
#17982
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

Титул  беті,  диплом  жұмысына  тапсырма,  Мазмұны,  Кіріспенің  бірінші  бетін 

беттердің  жалпы  нөмірленуіне  кіргізеді.  Титул  бетіне,  диплом  жұмысына 

(жобасына)  Тапсырмада,  Мазмұнында  беттердің  нөмірі  қойылмайды.  «5»  цифры 

Кіріспенің екінші бетіне қойылады.  

Жекелеген  беттерге  орналастырылған  иллюстрациялар  мен  кестелер  диплом 

жұмысы беттерінің жалпы нөмерленуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарылады). 

А3  формат  парағындағы  иллюстрациялар,  кестелер  бір  бет  ретінде 

есептелінеді.  



Тараулар, параграфтар мен тармақтарды нөмірлеу 

Диплом  жұмысының  тараулары  шегініс  жасап  абзацпен  жазылады  және 

нүктесіз  араб  цифрларымен  белгіленеді,  бүкіл  жұмыс  шегінде  реттік  нөмірлері 

болуы  тиіс.  Параграфтардың  әрбір  тараулар  шегінде  нөмірлері  болуы  қажет. 

Параграф нөмірі, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың нөмірлерінен 

тұрады.  Параграф  нөмірінің  соңынан  нүкте  қойылмайды.  Тараулар  мен 

параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін. 

Параграфтардың немесе тармақтардың ішінде тізіп атаулар орын алуы мүмкін. 

Әрбір  тізіп  атаудың  алдынан  дефис  немесе  құжат  мәтінінде  сілтеме  жасау 

қажет болған кезде тізіп атаудың біріне кіші әріптер (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ қоспағанда) 

жазылып, соңынан жақша қойылады.  

Тізіп  атауды  одан  әрі  нақтылау  үшін,  соңынан  жақша  қоя  отырып,  араб 

цифрларын пайдалану қажет, ал жазу абзацтан шегініс жасау арқылы жасалады. 

Иллюстрациялар 

Иллюстрацияларды (сызбалар, карталар, графиктер, кескіндер, компьютермен 

басып шығарылған беттер, диаграммалар, түсірілген суреттер) диплом жұмысында, 

олар  жайында  алғаш  айтылған  мәтіннен  кейін  немесе  келесі  бетке  орналастыру 

көзделеді.  

Иллюстрациялар  компьютермен  орындалған  және  түрлі  түсті  болуы  мүмкін. 

Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасау қажет.  

Компьютерлік басуды пайдалану арқылы сызбалар, графиктер, диаграммалар, 

кескіндерді орындауға рұқсат етіледі. 

А4  форматынан  кіші  көлемдегі  түсірілген  суреттер  ақ  қағаздың  стандартты 

парақтарына жапсырылуы тиіс.  

Қосымшалардағы  иллюстрациялардан  басқа  иллюстрацияларды    жұмыстың 

басынан аяғына дейін қалдырмай араб цифрларымен нөмірлеу көзделеді.  

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1» болып белгіленеді. «Сурет» сөзі мен 

оның аталуы жолдың ортасында орналасады және нүктемен бөлінеді (Қосымша К). 

Қажеттілігіне  қарай  иллюстрациялардың  аталуы  және  түсініктеме  деректері 

(сурет астында мәтіндері) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның аталуы түсініктеме 

деректерден кейін орналастырылады. 

Әрбір  қосымшаның  иллюстрациясы  латын  алфавитінің  үлкен  әріптерімен 

жеке нөмерлермен белгіленеді.  

Иллюстрацияларға  сілтеме  жасау  кезінде  «...  2-суретке  сәйкес...»  деп  жазу 

қажет. 


Кестелер 

Кестелер  жақсы  көрнекілік  пен  көрсеткіштерді  салыстыруға  ыңғайлы  болу 

үшін қолданады. Кестенің атауы оның  мазмұнын  көрсетуі, дәл және  қысқа  болуы 

тиіс. Кесте атауын,  кестенің үстінен,  «кесте 1» сөзінен кейін келесі жолға шегініс 

жасап абзацтан орналастыру керек (Л қосымшасы). 



Кестені  өзі  ескертілген  мәтіннен  кейін  немесе  келесі  бетке  орналастыру 

қарастырылады.  

Барлық  кестелерге  диплом  жұмысында  сілтеме  болуы  тиіс.  Сілтеме  жасау 

кезінде, оның нөмірін көрсете отырып, «Кесте» сөзін жазу керек. Қосымшалардағы 

кестелерді қоспағандағы кестелер, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай 

араб цифрларымен нөмірленеді. 

Көп  жолдарды  алатын  кестені  келесі  параққа  (бетке)  ауыстыруға  рұқсат 

етіледі. Кестенің бір бөлігін келесі параққа көшіру кезінде «Кесте» сөзі мен оның 

нөмірі кестенің бірінші бөлігінің астынан шегініс жасап абзацтан, сол жақта бір рет 

көрсетеді,  өзге  бөліктерінің  астынан  «Жалғасы»  деген  сөз  жазады  және  кестенің 

нөмірін көрсетеді, мысалы: «1-кестенің жалғасы».  

Кестелерді  келесі  параққа  (бетке)  көшіру  барысында  тақырыбы  тек  қана 

бірінші  бөлігінің  үстіне  орналастырады.  Кестенің  бөлігін  көшіруде  кестені 

шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды. 

Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі. 

Графа  саны  көп  кестені  бөліктерге  бөлуге  және  бір  бөлігін  өзге  бөліктің 

астына  бір  беттің  шегінде  орналастыруға  рұқсат  етіледі.  Егер  кестенің  жолдары 

мен  бағаналары  беттің  форматынан  шығып  кететін  болса,  онда  бірінші  жағдайда 

кестенің  әрбір  бөлігінде  кестенің  басы,  ал  екінші  жағдайда  –  кестенің  екі  жағы 

қайталанады.  Көлемі  үлкен  кестені  А3  форматы  парағында  орналастыруға  рұқсат 

етіледі.  

Кесте  бағанасының  әрбір  жолында  қайталанатын  мәтін  бір  сөзден  тұратын 

болса,  онда  оны  бірінші  жазғаннан  кейін  тырнақшалармен  алмастыруға  рұқсат 

етіледі; егер екі және одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталану кезінде оны 

«ол  да  солай»  сөзімен  алмастырады,  ал  одан  әрі  қарай  –  тырнақшалармен 

алмастырылады.  Тырнақшаларды,  қайталанатын  сандардың,  маркалардың, 

белгілердің,  математикалық  және  химиялық  символдардың  орнына  қоюға  жол 

берілмейді. Егер  кестенің қандай да  бір жолында  сандық немесе  өзге де  деректер 

келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады. 

Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал 

графаның тақырыпшалары - кіші әріптермен, егер  олар тақырыппен бір сөйлемді 

құраса,  немесе,  егер  олар  дербес  мағынаға  ие  болса,  үлкен  әріптермен  жазылады. 

Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды. 

Кестелер  сол  жағынан,  оң  жағынан  және  төменгі  жағынан,  негізінен, 

сызықтармен  шектеледі.  Кестеде,  мәтіндегіден  кіші  шрифт  мөлшерін  қолдануға 

рұқсат  етіледі.  Графа  тақырыптарын,  негізінен,  кесте  жолдарымен  қатарлас 

жазады.  Қажет  болған  жағдайда  графалар  тақырыптарының  перпендикуляр 

орналастырылуына  рұқсат  етіледі.  Кестенің  басы  кестенің  қалған  бөлігінен  жеке 

сызықпен бөлінуі тиіс. Кестені ресімдеу мысалы Қосымша Л-де келтірілген. 

Ескерту 

«Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс. 

Егер,  мәтіннің,  кестелердің  немесе  графикалық  материалдың  мазмұнына 

түсініктеме  немесе  анықтамалық  деректер  қажет  болса,  жұмыста  ескерту 

келтіріледі. 

Ескертуді  ескерту  қатысты  мәтіннен,  графикалық  материалдан  кейін  немесе 

кестеге  орналастырады.  Егер  ескерту  біреу  болса,  онда  «Ескерту»  сөзінен  кейін 

сызықша  қойылып,  ескерту  бас  әріппен  жазылады.  Бір  ескерту  нөмірленбейді. 

Бірнеше  ескертулер  арап  сандарымен  рет-ретімен  нүктесіз  нөмірленеді.  Кестелер 



жүктеу 237,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау