Нақты ұйымның тәжірибелік материалымен «байланыстырылған», диплом
жұмысының мәтіні, бастапқы және жиын құжаттармен, аналитикалық кестелермен
және зерттеу объектісіне сәйкес есептермен көрнекіленуі тиіс.
Тәжірибелік материалдарды іріктеу кезінде студент қажетті қосымшаларды
ресімдеуге, оларды дұрыс дайындауға және оларды өзара байланыстыруға, диплом
жұмысының мәтінінде онда бар қосымшаға сілтеме жасауға ерекше назар
аударады.
7. Диплом жұмысының мазмұнына және ресімделуіне қойылатын негізгі
талаптар
Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- мұқаба (сыртқы беті) (Ж1 қосымшасы);
- титул беті (Ж2, Ж3 қосымшалары);
- диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма (Г қосымшасы);
- мазмұны (Д қосымшасы);
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі (Е қосымшасы);
- қосымшалар.
Мұқаба
Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы,
- студенттің тегі және инициалдары,
- диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы,
- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба),
- мамандықтың атауы және шифрі,
- қала, жыл (Ж1 қосымшасы).
Алғы беті
Титул беті диплом жұмысының бірінші беті болып табылады және құжатты
өңдеу және іздестіруге қажетті ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмысы (жоба) орындалған ұйымның атауы,
- диплом жұмысы (жоба) орындалған кафедра атауы,
- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы,
- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба),
- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының (жобаның)
тақырыбының атауы,
- мамандықтың атауы және шифрі,
- сол жағында - «орындаған» сөзі, қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі
мен инициалдары,
- бір жол төмен «ғылыми жетекші» деп жазылады және оның тегі мен
инициалдары, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және жетекшінің басқа регалилері
көрсетіледі,
- қала, жыл.
Титул беті диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмірленуі кіреді. Титул бетте
бет нөмірі қойылмайды.
Педагогика және психология мамандығы бойынша студенттердің диплом
жұмыстарын жазуы кезінде оның әрбір бөлімінің келесі үлгідегі мазмұнын
ұстанғаны дұрыс болады.
Диплом жұмысына (жобасына) тапсырма. Диплом жұмысына (жобасына)
тапсырма бастапқы материал мен көздердің сипаттамасын, студент әзірлейтін
сұрақтар тізбесін, ұсынылатын әдебиеттер тізімін, графикалық материал тізбесін,
диплом жұмысын (жобасын) жазудың толық күнтізбелік кестесін қамтуы тиіс.
Диплом жұмысының (жобасының) тапсырмасын, жұмысты аяқтау мерзімін көрсете
отырып, кафедра меңгерушісі бекітеді. Диплом жұмысының (жобасының)
тапсырмасы титул бетінен кейін нөмірлеусіз диплом жұмысына (жобасына)
тігіледі.
Мазмұны. Диплом жұмысының (жобасының) мазмұнына Кіріспе, барлық
бөлімдер, бөлімшелердің реттік нөмірлері мен атаулары, Қорытынды,
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен диплом жұмысының (жобасының) осы
элементтері басталатын беттердің нөмерлері көрсетіле отырып, қосымшалардың
атауы кіреді.
Кіріспе. Диплом жұмысы тақырыптарының өзектілігі негізделеді, жұмыстың
мақсаты белгіленіп, диплом жұмысының тақырыбын ашу үшін негізгі міндеттер
тұжырымдалады, жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері (жинақталған
түрде: сәйкес заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттар, оқу әдебиеті,
монографиялар, ғылыми еңбектер, мерзімді басылымдар материалдары және т.б.),
зерттеу объектісі (жұмыс соның материалдары негізінде орындалған ұйымдар
атауы) айқындалады, аталған зерттеу объектісіне сипаттама беріледі, егер бұл
мүмкін болса, қысқаша түрде (кестемен немесе мәтінде) қызметтің негізгі
көрсеткіштері (жұмыста осы сұраққа арналған арнайы тарау немесе жеке параграф
болмаған жағдайда) келтіріледі.
Бірінші тарау. Зерделейтін пәннің нормативтік-құқықтық базасы, осы пәннің
мазмұны мен жіктеу сұрақтары қарастырылады; зерттеу сұрағының нақты
міндеттері көрсетіледі.
Екінші тарау. Екінші және үшінші тарау диплом жұмысындағы негізгі
тараулары болып саналады.
Екінші тарауда зерттелетін пән бойынша қолданыстағы жағдайлар ашып
көрсетіледі, яғни жалпы теориялық қағидалар мен нақты ұйымдардың нақты
материалдары позициясынан сәйкес сұрақтардың мазмұны баяндалады. Егер ол
«Кіріспе» бөлімінде берілмесе, зерттеу объектісі болып саналатын ұйымның
ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы беріледі.
Үшінші тарау. Диплом жұмысының тақырыбына байланысты, бұл тараудың
мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, онда теория мен тәжірибе тұрғысынан
өзге мәселелер (екінші тарауда қарастырылмаған) зерттелуі мүмкін.
Аталған тарауда жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша зерттеліп отырған
мәселені жетілдіруге арналған, өзіндік және өзге авторлардың (осы авторларға
және ақпарат көздеріне міндетті түрде сілтеме жасай отырып) ұсыныстары ашып
көрсетіледі.
Алдындағы тараулардағыдай, теориялық қағидалармен тығыз байланыстыра
тәжірибелік материалды, яғни нақты ұйымның деректерін, зерттеу нәтижелері
бойынша, озық тәжірибе туралы, ең бастысы, зерттеліп отырған сұрақ бойынша