тағайындауға болады. Консультанттар студенттің орындаған сәйкес тарауларын
тексеріп, қолдарын қояды.
Диплом жұмысының (жобаның) жетекшісі:
1) диплом жұмысына (жобаға) тапсырма береді;
2) студентке диплом жұмысының (дипломның жобалануы) орындалуының
барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;
3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік
материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін
ұсынады;
4) оның барысында студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын
қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады;
5) диплом жұмысының (жобаның) барлық тарауының көлемін белгілейді
және диплом жазушы мен консультанттың жұмысын үйлестіреді.
Әрбір диплом жұмысы бойынша жеке студентпен келісе отырып, ғылыми
жетекші белгіленген форма бойынша диплом тапсырмасын жасайды (Г
қосымшасы). Диплом тапсырмасында мыналар көрсетіледі: университет,
факультет, филиал мен кафедраның атаулары; диплом жазатын студенттің тегі, аты
және әкесінің аты; диплом жұмысы тақырыбының атауы; тақырып бекітіліп
берілген, университет бойынша бұйрықтың нөмері мен күні; диплом жұмысында
әзірлеуге жататын сұрақтар тізбесі немесе олардың қысқаша мазмұны; графикалық
материалдың және негізгі аналитикалық кестелердің тізбесі; ұсынылған әдебиеттер
және өзге де ақпарат көздері; жұмыстың соған қатысты тарауларын (немесе
параграфтарын) көрсете отырып, диплом жұмысы бойынша консультанттың тегі,
аты және әкесінің аты; тапсырма берілген күн; диплом жұмысының жекелеген
тарауларының (немесе параграфтарының) бірінші нұсқасын дайындау күнтізбелік
жоспары, ғылыми жетекшінің ескертулеріне және тілектеріне сәйкес оларды
жетілдіру, өңдеу, толықтыруы; түпкі нұсқада диплом жұмысын кафедраға табыс
ету мерзімі; ғылыми жетекшінің, консультанттың және диплом жазатын –
студенттің қолдары.
Диплом жұмысының тақырыбы студент атына бекітіліп және диплом
тапсырмасы жасалғаннан кейін, ғылыми жетекші, диплом жұмысын дайындауға
тікелей, үнемі жетекшілік жасайды және оны орындау кестесінің сақталуына
бақылауды жүзеге асырады; дайын болған диплом жұмысының жекелеген
тарауларын (параграфтарын) оқиды; материалдың мазмұны, баяндау жалғастығы,
нақты тәжірибелік материалды жинау, жинақтау, жүйелеу және әдістемелік өңдеу
бойынша студентке кеңес береді; студентпен бірге туындаған сұрақтарды
талқылайды; қосымша әдебиеттер және жаңадан қабылданған заңнамалық
актілерді, бекітілген нормативтік құжаттарды және т.б. ұсынады.
Шығарушы кафедра диплом жұмысы (жоба) орындалмас бұрын,
мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес
жасалған диплом жұмысына (жоба) қойылған талаптар белгіленген әдістемелік
нұсқау әзірлеп, олармен студенттерді қамтамасыз етулері қажет.
Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының (жоба) орындалуы бойынша
студенттің кезеңділік есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент
ғылыми жетекшінің және кафедра меңгерушісінің алдында есеп береді, олар есеп
бойынша диплом жұмысының (жобаның) дайындық дәрежесін назарға алып,
факультет деканына мәлімдеме жасайды.
Студент, белгіленген мерзімдерде ғылыми жетекшіге диплом жұмысының
орындалған бөлімдерін табыс етіп, оның ескертпелері мен тілектеріне сәйкес
уақытылы толықтыруларды енгізіп, диплом жұмысын дайындаудың күнтізбелік
кестесін қатаң сақтауы тиіс.
4. Диплом жұмысының мазмұнын (жоспарын) құру тәртібі
Диплом жұмысының мазмұны белгілі бір тәртіпте әзірленген оның құрама
бөліктерінің тізбесін (Кіріспе, тараулар, Қорытынды және т.б.) және диплом
жұмысында ашылуы тиіс негізгі сұрақтарды (параграфтарды) білдіреді.
Уақытылы және дұрыс жасалған жоспар да, ғылыми жетекшіден алған
алғашқы кеңес те ұйымдастырушы фактор болып саналады, ол ақпарат көздерін
дұрыс таңдауға, нақты ұйымдар бойынша тәжірибелік материалды жинауға,
диплом жұмысының материалын жүйелі және жалғастықпен баяндауға септігін
тигізеді. Соған байланысты студент жоспар жасауға ерекше назар аударуы тиіс.
Диплом жұмысының жоспарын жасағанға дейін студентке жұмыстың
мазмұнын айқындау мақсатында аталған тақырып бойынша ақпараттардың негізгі
көздерімен танысуға кеңес беріледі.
Мазмұнының (жоспарының) әзірленген жобасын студент ғылыми жетекшінің
қарауына береді, егер қажет болатын болса, оны түзетіп, нақтылайды. Құрылған
жоспар, соңғы редакциясы болмауы мүмкін, диплом тапсырмасында көрсетіледі
және жұмысты дайындау барысында онда бірқатар себептер бойынша ішінара
түзетулер жасалуы мүмкін (Д қосымшасы).
5. Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу
Зерттеу
тақырыбына
жататын
ақпарат
көздерін
байыпты
және
шығармашылықпен зерделеу диплом жұмысының ойдағыдай жазылуына оң ықпал
етеді.
Студент ақпарат көздерін зерделеуге диплом жұмысының тақырыбын таңдап,
бекітілгеннен кейін бірден кіріседі. Осы жұмыс барысында ол диплом жұмысы
үшін таңдап алынған сәйкес зерттеу пәнінің қазіргі жағдайын зерделеуі тиіс.
Зерделегенге дейін студент пәндер бойынша бағдарламаларда ұсынылған
негізгі және қосымша әдебиеттермен танысуы тиіс. Мәселелерді неғұрлым
тереңірек зерделеу үшін қосымша отандық және шетелдік дерек көздерімен,
сондай-ақ,
ведомствалық
нормативтік
құжаттармен:
нұсқаулықтармен,
нұсқаулармен және т.б. танысқан дұрыс. Мерзімді басылымдарда осы нақты мәселе
бойынша жарияланған мақалалар және материалдармен танысу қажет.
Дерек көздеріне объективті және дұрыс сілтеме жасау керек, оларға сыни
тұрғыдан, яғни ой елегінен өткізіп, назар қойып зерделеу, талдау және нормативтік
құжаттардың жекелеген қағидаларымен және авторлардың пікірлерімен негізді
түрде келісу немесе келіспеу қажет.
6. Тәжірибе материалын жинау және өңдеу
Диплом жұмысы нақты ұйым материалдары негізінде орындалады. Ол зерттеу
тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды, сол сияқты зерттеу объектісіне
қатысты тәжірибелік сұрақтарды қамтуы тиіс.