Диплом жўмыстарын ресімдеу жјне ќорєауєа табыс ету бойынша јдістемелік нўСЌаулар



жүктеу 240,07 Kb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата01.12.2017
өлшемі240,07 Kb.
#2609
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7


ЕУРАЗИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 

 

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5В010300 «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» 

МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДИПЛОМ 

ЖҰМЫСТАРЫН РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТАБЫС ЕТУ 

БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

Астана  


1.  Диплом жұмысының жалпы ережелері 

 

Диплом  жұмысы  (жоба)  оқудың  соңғы  аяқталу  кезеңінде  орындалатын 

жазбаша  бітіру  жұмысы  болып  табылады,  егер  де  бұл  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  білім  беру  стандартында  және  мамандықтардың  оқу  жоспарында 

қарастырылған болса. 

Диплом жұмысы (жоба) мынадай мақсатта әзірленеді: 

1)  мамандық  бойынша  теориялық  білімі  мен  практикалық  дағдысын 

жүйелеуге,  бекіту  мен  кеңейтуге  және  оларды  нақты  ғылыми,  техникалық, 

экономикалық,  өндірістік,  сонымен  қатар  мәдени  арнаудағы  міндеттерді  шешуде 

қолдану; 

2)  өз  бетінше  жұмыс  жүргізе  алу  дағдысын  дамыту  және  өңдеу  үстіндегі 

мәселелер  мен  сұрақтарды  шешу  кезінде  ғылыми  зерттеу  мен  эксперименттеу 

әдістемесін меңгеру; 

3)  студенттің  қазіргі  заманғы  өндіріс,  ғылым,  техника,  мәдениет 

жағдайларында өз бетінше жұмыс жүргізуге  дайындығын және кәсіби құзырлылық 

деңгейін анықтау;  

Диплом  жұмысы  ғылыми  жетекшінің  жетекшілігімен  орындалады  және 

мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс: 

1.  ғалымдар,  аналитиктер,  практиктердің,  атап  айтқанда,  инженерлер, 

конструкторлар,  менеджерлер,  экономистердің  жүргізген  зерттеу  мен  жоба 

нәтижелерін қорытындылау;  

2. 


зерттеу 

обьектісі 

бойынша 

ғылыми 


негізделген 

теориялық 

тұжырымдардың қамтылуы; 

3.  қолданылуы  нақты  міндеттердің  шешілуін  қамтамасыз  ететін  ғылыми 

негізделген нәтижелердің қамтылуы. 

Диплом  жұмысы  (жоба)  мамандық  бойынша  әдебиеттерді  (оқулықтар,  оқу 

құралдары, монографиялар,  басылым әдебиеттері, лекциялық  курстар, журналдар, 

соның  ішінде  шет  тіліндегі,  нормативтік  әдебиеттер  және  т.б.)  терең  зерттеу 

негізінде орындалады.  

  Әрбір 


диплом  жұмысында  (жобада)  тапсырмаларға  сәйкес  жеке  

перспективалық теориялық немесе практикалық сұрақтардың өңдеуі болуы керек. 

 

2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту 

 

Диплом  (жоба)    жұмысының  үлгі  тақырыптарын  шығарушы  кафедрада 

әзірленеді  және  жыл  сайын  кем  дегенде  30%-ға  жаңартылып  отырылады, 

факультет кеңесінде қаралып бекітіледі. Диплом жұмысының тақырыптары (жоба) 

ғылым,  техника  мен  мәдениеттің  қазіргі  жағдайы  мен  болашақтағы  дамуына  сай 

болып, мазмұны жағынан диплом жұмыстарына қойылатын талаптарға жауап беруі 

қажет. 

Диплом (жоба)  жұмыстарының  тақырыптарын  анықтағанда,  өндіріс, ғылым 



және  мәдениеттің  шынайы  міндеттері  мен  мәселелерін  есепке  алу  ұсынылады. 

Диплом  (жоба)  жұмысының  тақырыптары  мамандықтарға  және  мамандарды 

даярлау бағытына сәйкес болуы қажет. 

Диплом  жұмысының  тақырыбын  студент  соңғы  оқу  жылының  басында  өз 

бетімен  таңдайды.  Бұл  ретте,  ол  бұрын  студент  орындаған  ғылыми  және/немесе 

курстық жұмыстардың жалғасы болуы жөн саналады.  




Диплом  жұмысының  тақырыбын  бекіту  үшін  студент  шығарушы  кафедраға 

өтініш  жазады,  онда  таңдалған  тақырыптың  нөмері  мен  атауын  көрсетеді,  ал 

мүмкіндік  болған  жағдайда  –  диплом  жұмысы  солардың  материалы  негізінде 

орындалатын ұйымның атауын көрсетеді (А қосымшасы). 

Диплом жұмысының тақырыбын, егер тіпті ол тақырыптар тізіміне кірмесе де, 

студенттің  өзі  ұсынуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  кафедра  меңгерушісінің  атына 

жазылған өтініште оны әзірлеудің себебі мен мақсаттылығы негізделеді.  

Бір  топтың  екі  және  одан  да  көп  студенттерінің  бір  ұйымның  материалдары 

бойынша, бір тақырыпқа диплом жұмысын орындауларына рұқсат етілмейді.  

Студенттердің  сәйкес  тақырыпқа  диплом  жұмыстарын  өз  аттарына  бекіту 

өтініштері  кафедрада  қаралады  және  бекітіледі.  Кафедраның  шешімі  негізінде  әр 

студент  атына  таңдалған  бекітілген  тақырыптың  тіркелуі  және  ғылыми  жетекші 

мен  рецензенттің  (сыртқы)  тағайындалуы  туралы  университет  бойынша  бұйрық 

шығарылады.  Бұйрықта  мыналар  көрсетіледі:  студенттің  тегі,  аты  және  әкесінің 

аты;  диплом  жұмысы  тақырыбының  дәл  атауы;  ғылыми  жетекішісінің  тегі  мен 

инициалдары (және кеңес беруші болуы мүмкін) және диплом жұмысы рецензентін 

тағайындау туралы бұйрық, олардың ғылыми дәрежесі, қызметі және жұмыс орны 

көрсетіледі. 

Студенттердің  тапсырыс  берілген  диплом  жұмыстарының  тақырыптарын 

таңдауы ерекше қолдауға лайық.  

Тапсырыс берілген диплом жұмысының тақырыбын студенттің таңдауы және 

кафедраның бекітуі кезінде диплом жазушы студент, диплом жұмысын орындауға 

сәйкес ұйымның жазбаша түрде ресімделген тапсырысын кафедраға табыс етуі тиіс 

(Б қосымшасы). 

Диплом  жұмысын  орындағаннан  кейін,  студент  тапсырыс  берушіге  есеп 

жасауға  (еркін  үлгіде)  тиіс,  ал  тақырыпқа  тапсырыс  беруші-ұйым  қаулы  (бұйрық 

немесе хаттама) ресімдейді, оған ұйым жетекшісі қол қояды және ол ұйым мөрінің 

бедерімен расталады (В қосымшасы). 

Сонымен  қатар,  ұйым  диплом  жұмысы  авторының  қорытындылары  мен 

ұсыныстарын пайдалану (енгізу) туралы акт ресімдеуі мүмкін.  

 

3. Диплом жұмысын дайындауға ғылыми жетекшілік 

 

Кафедралардың  ұсынулары  бойынша,  ректордың  бұйрығымен  диплом 

жұмыстарының  ғылыми  жетекшілері  тағайындалады.  Диплом  жұмыстарының 

(жобалардың)  ғылыми  жетекшілері  болып  профессорлар,  доценттер,  тәжірибелі 

оқытушылар  мен  сол  жоғары  оқу  орнының  ғылыми  қызметкерлері,  не  болмаса 

басқа  ұйымдардың  ғылыми  зерттеулері  мен  басылым  салалары  студенттің 

мамандығына  сәйкес  келетін,  ғылыми  қызметкерлері  мен  жоғары  білікті 

мамандары тағайындалады. 

Қажет  болған  жағдайда  диплом  жұмысының  (жобаның)  ғылыми 

жетекшісінің ұсынуымен кафедра, ғылыми жетекшілікке бөлінген  уақыт есебінен, 

диплом  жұмысының  (жобаның)  жекелеген  тараулары  бойынша  консультантты 

шақыра алады.  

Консультант  ретінде  профессорлар,  доценттер,  жоғары  оқу  орынының 

тәжірибелі  оқытушылары  мен  ғылыми  қызметкерлерін,  сонымен  қатар,  басқа  да 

ұйымдардың  жоғары  білікті  мамандары  мен  ғылыми  қызыметкерлерін 



жүктеу 240,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау