Диплом жұмысы тақырыбы: «Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны, қағидалары және даму шарттары»


ҚР-дағы кәсіпкерлікті бірінші кезеңде реттеудің қабылданған негізгі



жүктеу 1,64 Mb.
бет5/8
Дата21.01.2018
өлшемі1,64 Mb.
#7798
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

ҚР-дағы кәсіпкерлікті бірінші кезеңде реттеудің қабылданған негізгі


нормативті-құқықтық актілердің тізімі



Құжаттардың аталуы


Бекітілу мерзімі

1

2

3

1

“Жеке еңбек туралы” КСРО заңы

19.11.1986ж.

2

“КСРО-да коопериция туралы” КСРО заңы

01.07.1989ж.

3

“КСРО-да меншік туралы ” КСРО заңы

01.03.1990ж.

4

“Қазақстан КСР-да шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы” Қазақстан КСР заңы

11.12.1990ж.

5

“КСРО-да кәсіпорындар туралы” КСРО заңы

01.01.1991ж.

6

“1992-1994 жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы”

05.05.1992ж.

7

“Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” Қазақстан Республикасының заңы

04.07.1992ж.

8

“1995-1996 жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы ”

10.07.1994ж.

9

“Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі”

27.12.1994ж.

10

“Шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауды күшейту және дамытуды белсеңдету шаралары туралы” ҚР-ның Президентінің Үкімі

06.03.1997ж.

11

“Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктермен шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудің төменгі мөлшері туралы” ҚР-ның Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

08.04.1997ж.

12

“ Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер бөліктерін несиеге сату бойынша ашық конкурстарды ұйымдастыру және жүргізу туралы” ереже

17.04.1997ж.

13

“Болашақта меншікке беру құқығымен кәсіпкерлік субъектілерне қолданылмайтын өндірістік бөлмелерді және объектілерді, мемлекеттік кәсіпорындарда офистік бөлмелерді беру жөнінен тендерлерді жүргізу туралы” ережелер (және де шағын кәсіпкерліктің кәсіпкерлеріне аяқталмаған құрылыстың мемлекеттік объектілерін беру жөнінде)

17.04.1997ж.

1

2

3

14

“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы” ҚР-ның Үкіметінің қаулысы

26.04.1997ж.

15

“Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың маңызды және аймақтық бағдарламалары туралы” ҚР Президентінің үкімі

07.06.1997ж.

16

“Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” ҚР заңы

19.06.1997ж.

17

“Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР заңы

19.06.1997ж.

18

“Шаруа (фермерлік) қожалықтары туралы” ҚР заңы

31.03.1998ж.

19

“Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы”

31.12.1998ж.

20

“Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттігі туралы қаулы” ҚР Президентінің үкімі

15.11.1999ж.

21

“Қаржылық лизинг туралы” ҚР заңы

05.06.2000ж.

22

“Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудегі коммуналды меншік объектілерін кепілдеме ретінде пайдалану мәселелері туралы” ҚР Үкіметінің қаулысы

07.07.2000ж.

23

“Қазақстан Республикасында қолөнершілікті дамыту концепциясы туралы” ҚР Үкіметінің қаулысы

11.07.2000ж.

24

“Шағын кәсіпкерлік жөніндегі Республиканың ақпаратты-көрмелік орталығы” жабық акционерлік қоғамның құру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы

17.10.2000ж.

25

“Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы”

07.05.2001ж.

Ескерту: Кесте автормен құрылған.
Бұл заңға сәйкес меншіктік немесе заемдік қаржыларды тарту есебінен пайданы және табысты алуды көздейтін жеке меншік, әр түрлі бастамалар рұқсат етілді. Республика аумағында негізінен қызмет көрсету сферасында әрекет ететін, кооперативтер пайда болды: коммуналды-тұрғын үй шаруашылығында, тұрмыстық қызмет көрсетуде, медицина сферасында және т.б.

Қазақстан экономикасында мемлекеттік емес сектордың қалыптасуы 1989 жылдың 1 шілдесінде “КСРО-да кооперация туралы” заңның енуімен нығайды. Ол кооперативтердің шаруашылық жүргізу формаларын еркін пайымдады. Заң жұмыс істеді, оны Қазақстандағы кооперативтік қозғалыстың даму динамикасы көрсетті. Бұл қозғалыстың жандануы 1990 жылға келеді, ол кезде кооператив саны 15 мың бірлікке теңесті, жұмысшылар саны 300 мыңнан асты. Кооперативтік ұйымдардың көбісі құрылыста 31,4 %, 12% астамы көпшілік тұтыну тауарларын өндіруге, оныншы бөлігі ауыл шаруашылығында жұмыс істеді. Кооперативтер тауарлар мен өнімдердің ¼ бөлігін өндірді.[32.7б.] Әрі қарай 1990жылдың 1-наурызында “КСРО-да меншік заңы” қабылданды. Бұл заңның арқасында кәсіпкерлер құқықтары жерге, оның қойнауына, ғимарат, құрылыс, өсімдік және жануар әлемін, бағалы қағаздарды және т.б. меншік ретінде иелену құқықтары кеңейді. 1990жылдың 11-желтоқсанында қабылданған “Қазақстан КСР-да шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы” Қазақстан КСР заңы бұл құжаттқа негізгі толықтыру болып табылады. Ал 1991жылы “КСРО-да кәсіпорындар туралы” КСРО заңы қабылданды, ол сондай-ақ әр түрлі меншік формаларында кәсіпорындарды ұйымдастырудың жалпы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтады.

Сонымен, 1987жылдан бастап 1991жылға дейін кәсіпкерліктің еркіндігін шектейтін бірінші заңдар қабылданған болатын. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болуымен, 1991 жылдың желтоқсанынан бастап өз тәжірибесін және өзінің нарықтық реформаларының бағдарламаларын пайдалана отырып, елдегі кәсіпкерлікті дамытуды жалғастырды.

Тәуелсіз Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы экономикалық дағдарыс, өндірістік байланыстардың бұзылуы, көптеген кәсіпорындардың тоқтауы, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, өзгермелі инфляция және т.б. жағдайлар болды. Қалыптасқан қиыншылықтарға қарамастан, мемлекет кәсіпкерлік проблемаларымен айналысуда. Осы уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясы жас республикадағы кәсіпкерліктің құқықтық негізі болды. 1992 жылы ҚР Үкіметі «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заң қабылдады. Содан кейін, 1995 жылдың 1 наурызында күшіне енген, ҚР-ның Азаматтық Кодексінде кәсіпкерлік қызметпен тек жеке тұлғалар ғана емес, сонымен қатар меншіктің барлық формаларының заңды тұлғалары айналыса алады деп көрсетілген.

Уақыттың осы аралығында кәсіпорындарды мемлекет меншігінен шығару мен жекешелендіру жөнінен жүргізілген реформалар кәсіпкерліктің қалыптасуының алғы шарты болып табылды:

I-кезең (1991-1992 жылдар) - қызмет көрсету аумағында жүргізілді(сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру т.б.);

II-кезең (1993-1995 жылдар) - өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында және ауыл шаруашылығында;

III-кезең (1996-1998 жылдар) - бұл Қазақстан экономикасында жеке секторды орнықтыру;

IV-кезең (1999-2000 жылдар) – жекешелендірілген мемлекеттік мүлікті есепке алуды, басқару тиімділігін одан әрі жетілдіру және бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету. Республикада 1991-2000жылдар аралығында мемлекеттік меншіктің 34,5 мыңнан астам объектілері жекешелендірілді[33.170б.].

Кәсіпкерліктің дамуының екінші кезеңінде кәсіпкерліктің нормативтік-құқықтық базасының жетілдірілуі жалғастырылуда.

Кесте - 18

Екінші кезеңде кәсіпкерлікті реттеудегі ҚР-да қабылданған негізгі


нормативті-құқықтық актілердің тізімі



Құжаттардың аталуы

Бекіту мерзімі

1

ҚР Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы


28.03.2002 жыл

2

ҚР “Инновациялық қызметі туралы” заңы


03.07.2002 жыл

3

ҚР “Кешенді кәсіпкерлік лицензиялары (франчайзинг) туралы” заңы

24.07.2002 жыл

4

ҚР шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

29.12.2003 жыл

Бірінші кезеңде кәсіпкерліктің болашақтары мен міндеттері нормативті-құқықтық актілерімен, өзіндік проблемелар құрамында жеке қарастырылды, сондықтан бірін-бірі алмастырушы құқықтық құжаттар, мемлекеттік бағдарламалар, қағидалар экономиканың осы секторын орташа нәтижелерге әкелді, ал оның дамуының басында айда болған, проблемалар өткен он бес жыл уақыт аралығының өткендігіне қарамастан кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатындығын атап өту қажет.

2002 жылдың бірінші жартысында Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері қарастырылған, Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Н.А.Назарбаев “…біз көп жыл бойы шағын және орташа бизнесті, шикізаттық емес салаларды дамыту, импортты алмастыру, қосымша құнды көтеру, жаңа шектерді енгізу қажеттілігі туралы айтудамыз, бірақ бұл сферадағы жетістіктер әліде көп емес” деп айтып өтті. [34.3б.]

Кәсіпкерліктің екінші кезеңінде инновациялық процестермен, жаңа өнімдерді өндіруді қамтамасыз ететін, жаңа технологиялар, ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері және т.б. тығыз байланыстырылды. Инновациялық дамудың 2001-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасына, инновациялық жобаларды енгізу бюджеттен қаржыларды бөлуге, 03.07.2002 жылы “Инновациялық қызмет туралы” заңды бекітуіне қарамастан, Республикадағы инновациялық кәсіпкерлік дамудың бастапқы кезеңінде тұр. Менің ойымша Республикадағы кәсіпкерліктің дамуының бұл кезеңіне негізінен иммитациялық кәсіпкерлік тән, яғни жаңашылдардың жаңалықтарын белсеңді түрде пайдалану.

Республикада кәсіпкерлер үшін жаңа бизнес-үлгілерді енгізу тенденциясы байқалды. Оларға франчайзингтң жатқызуға болады. Қазіргі уақытта франчайзинг әлемдік кәсіпкерліктің әйгілі түрлерінің бірі болып табылады және Германия, Франция, Австрия, АҚШ және т.б. әлемнің 80 елдерінде кеңінен қолданылады. Қазақстанда халықаралық франчайзингті ұтымды қолданудың жеке мысалдары бар. Бұл – Coca cola, Pepci, Xerox, Kodak, Zepter, Hamle және т.б. Берілген бизнес-үлгісі ТМД жеке елдерімен салыстырғанда бұған дейін Қазақстанда кеңінен қолданылмаған атап өту қажет. Елде франчайзингтік қатынастарды кең тарату үшін “Кешенді кәсіпкерлік лицензиялар (франчайзинг) туралы” заң қабылданды, ол келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: елдегі өндірісті дамыту, халықтың жұмыс бастылық деңгейін көтеру, жоғары білікті мамандарды қалыптастыру, ішкі нарықты сапалы тауарлармен толтыру.

Кәсіпкерліктің дамуының үшінші кезеңінде нормативті-құқықтық актілерін әрі қарай жетілдіру мен оларды орындауды бақылауды күшейту, инфрақұрылымды және оны пайдалану тиімділігін көтеру, қаржылы-несиелік және инвестициялық қолдау, өңірлік деңгейде мамандарды дайындау мен үйрету процесі жалғасады. Ал үшінші кезеңнен күтілген нәтижелер – бәсекеге қабәлетті өнім мен қызметтерге деген халықтың сұранымын толық қанағаттандыру, жаңа жұмыс орындарын ұсыну, шынайы бәсекелестік ортаны отандық кәсіпкерлер арасында ғана емес сонымен бірге алыс және таяу шет ел кәсіпкерлерімен құру, меншік иелерінің көпшілік тобын әрі қарай қалыптастыру, елдің экспорттық потенциалын көтеру, шағын кәсіпорындар ірі және оташа кәсіпрындарды құру үшін негіз болады және де кәсіпкерлікке иммитациялық қызметімен бірге инновациялық қызмет қолдау алады.

Шағын кәсіпкерлік дамуының әлемдік тәжиребесіне ғылыми шолу жасау оның басты екі экономикалық ерекшелігін атауға мүмкіндік береді: а) өндірісті ұйымдастыру нарықтың сұранысына сай жүргізілетендіктен, шағын кәсіпкер соңғы тұтынушыға лайықтап қана өнім шығарады: ә) шағын бәсәкелестік ортада қозғаушы күш рөлін атқарады. Сондай – ақ оның неғұрлым көбірек жиынтығы ірі бизнеспен де бәсекелесе алады екен. Мысалы, АҚШ-тағы 1965-1985 ж аралығындағы шағын кәсіпкерлік пен бизнестің дамуы мәліметтеріне талдау жасаған Фю Дракер «Америкадағы басқарудағы экономикасында (ірі компаниялардың менежерлері билігін жүргізген кезең )кәсіпкерлердің екінші сатыға жылжығанын, мұның өзі АҚШ тарихында бұрын соңды кездеспеген революция » екендігін атап көрсеткен.

Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен мән беріледі.

БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санынан 95%-ке артық. Әлемдік экономикада мұндай кәсіпорындардың үлесіне жұмыспен қамтылғандардың 60%-тен астамы келеді, ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ке жетеді.

Рыноктық қатынастардың қалыптасуы кезінде әсіресе кәсіпкерлік мемлекеттік қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдік тәжірибе куә. Бұл ретте, бизнесті бәсекеден қорғауға немесе ол үшін ерекше “жұмсақ” жағдайлар құруға емес, технологиялық жетілдірудің генерациясы фирмаішілік процесті үнемі ынталандыратын және фирманың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оқытатын жағдайларды қамтамасыз етуге әкелуге тиіс шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатының нысаны мен мақсаты шешуші мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада ілгерілік жасаған көптеген елдердің тәжірибесі көрсетеді.



Кәсіпкерлікті қолдау шаралары:

        1. жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну, консультация және оқыту) қол жетімділікті жеңілдету;

        2. рынок капиталына (салық жеңілдіктері, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттік субсидиялар, рыноктық және жеңілдікті кредитті ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түріндегі жеңілдікпен кредит беру) қол жетімділікті жеңілдету;

        3. кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетін кластерлік-желілік ұстанымды енгізу арқылы шағын компаниялар мәселесі бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған.

Кластерлік-желілік ұстаным негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы іске асырылған елдер – бұл Италия, АҚШ, Германия, Жапония, Корея, Дания, Мексика, Чили, Бразилия. Бірқатар дамыған және дамушы елдерде кластаерлік-желілік ұстанымға негізделген шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын іске асыруды мысалға келтіремін.

              1. Италия. Бірінші рет кластерлік-желілік ұстаным Италияда 70 жылдары қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлік-желілік ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның бастау алатын “үшінші Италия” деген атқа ие болған Италияның тәжірибесі қызық. 70 жылдардың соңында “бірінші” және “екінші” Италия экономикалық дағдарысты басынан өткізді, елдің солтүстік-шығыс және орталық бөлігі экономиклық өсудің жоғары түрін көрсетті. Негізінен кәсіпорындар әрекет ететін (тоқыма және былғары өндірісі, аяқ киім, керамика және жиһаз өндірісі) бірқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері тек қана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қоймай, экспорт рыногына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның ірі кәсіпорындары құлдырауды басынан өткізіп жатты, “үшінші Италияның” кәсіпкерлік кластерлері өндіріс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, кәсіпкерлік кластерлері өндірістік процеске инновацияларды енгізуге қабілетті болып шықты.

              2. АҚШ. ЖҰӨ-нің 50%-нен астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы күшінің 2⁄3 астамы кәсіпкерлікке тартылған. АҚШ-та шағын және орта кәсіпкерлік ел экономикасын оңалтуда шешуші роль атқарады. Бұл үшін АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретін құрылым – АҚШ шағын бизнес әкімшілігі( 1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсіпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету – қызметтің мәні.

              3. Жапония. Шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі барлық компаниялар санының 99,6%-ін, ЖІӨ-нің 55%-ін және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80%-ін құрайды. Кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру үшін кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясатты іске асыратын мамандандырылған органдар желісі құрылды. Жапонияда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі шаралары:

  • ШОБ-ті жаңғыру үшін кредиттер мен жеңілдікті кредиттерге кепілдік беру және сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қол жетімділікті жеңілдету (20 жылға 1,05%-тік ставкамен);

  • Бизнес-инкубаторлар құру, салық салу және менеджмент, персоналды басқару және рыноктағы ахуал туралы ақпарат, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсыну мәселелері бойынша қысқа мерзімді негізде мамандарды ұсынумен инвестициялық жобаларды бағалау арқылы бизнесті қолдау жүйесін құру;

  • Техникалық көмек, қаржылық және заңнамалық қолдау арқылы жаңа және венчурлық бизнес құруды ынталандыру;

  • Жаңа әзірлемелерді коммерциализациялауды қолдау мен ғылыми орта, бизнес және үкімет арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру арқылы технологиялардың дамуын қолдау;

  • Пайыздық төлем ставкалар бойынша субсидиялау және кредит беру арқылы бизнесте инновацияларды қолдау, венчурлік жобаларға мемлекеттің қатысуы және зерттеу кәсіпорындары үшін патенттік төлемдерді төмендету.

Жапонияда зерттеулерді дамыту деңгейі бойынша жетекші ролді технопарктер алады.70% шамасында жапондық технопарктер өңірлердегі кәсіпкерлік кәсіпорындарын қолдау үшін құрылды, бұл ретте, 58%-і жоғары технологиялы өнімдер өндіруге бағытталған.

  1. Германия. Германдық кластерлік-желілік ұстанымды қолдаудың негізгі бағыты- бұл мынадай нарықтық тетіктерге:

  • Мемлекеттік қолдауға емес, шағын және орта кәсіпкерліктің дербестігіне басымдыққа;

  • Тиімсіз кәсіпорындар нарықтан кетуі тиіс;

  • Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің қаржылай көмек беруі үшін негізгі талап – кредитке қабілеттілікке тірек болады.

  1. Корея. Барлық компаниялардың 99,5%-ін құрайтын 3 млн. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Соның ішінде шағын компаниялардың үлесі 97% құрайды. Оңтүстік Кореяда шағын компаниялар жұмысқа орналастырудың маңызды көзі болып табылады, өйткені онла елдің экономикалық белсеңдң халқының 87%-і жұмыспен қамтылған (10 млн.астам). Шағын және орта кәсіпкерліктің үлесіне елдің ЖІӨ-нің жартысы және оңтүстіккореялық экспорттың 43%-і тиесілі.

  2. Израиль. Қолдау инфақұрылымының объектілері құрылған, олардың көпшілігі мемлекеттік. Кәсіпорындарды қаржыландыруға көмек беретін мемлекеттік және бірнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттік субсидия бизнесті жүргізу үшін қажетті қаражаттың 2⁄3-ін құрайды, 1⁄4- кәсіпкердің салған қаражаты. Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда жаңа инновациялық жобалар жасалады.

Осылайша, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың алдында шаруашылық жүйені оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне бейімдеу міндетті қойылған елдерде жақсы дамыған.

Ғылыми-өнеркәсіпкік парктер болашақтағы технополистердің – технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау-құрастыру әзірлемелері қалаларының қазіргі үлгілреі болып табылады. Өтпелі экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер үшін ғылыми-өнеркәсіптік парктерді дамыту басымдылығының стратегиясы – бұл жоғары технологиялық деңгейдің өңірлік орталықтар желісін дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендіру негізінде қызметтің жаңа салаларында ілгерілендіру.

Технополистер ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім тапқан және шығармашыл, жан-жақты дамыған, жаңа қоғамы құрылады.[23.58б.]

Нарық экономикасы жеткілікті дамыған елдердің өзінде соңғы уақытта кәсіпкерлік белсенділік артып отыр. Кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған адамдар бизнесті, әдетте өзінің жекеменшік жекеменшік ісімен бастаған. Айталық АҚШ-та 1950ж орташа есеппен 130 жылдары -600, осы ғасырдың алғашқы жылдары-900 мыңға жеткен.

Кәсіпкерліктің жедел дамуына жоғары сапалы технологиялардың көбеюі де, қоғамдағы және жеке адамдар арасындағы объективті қажеттілік те қатты әсерін тигізуде. Болашағы зор көптеген идеялар көбіне шағын фирмаларда дүниеге келіп, жаңа технология негізінде өндіріске қосылып жатады. Мәселен, жаңашыл идеялар АҚШ-тың ірі компанияларынан гөрі шағын фирмасында 2,5 есе көбірек туындайды екен.

Нарықтың дамуына байланысты тауарлы ақша қатынастарына негізделген нарық жүйесі шағын кәсіпорындардың дамуы мен толықуын тынымсыз талап етеді. Былайша айтқанда,нарық экономикасының ең қысқа түсінігін кәсіпкерлік экономикасы ретінде қарастыру керек. Сол себептен, кәсіпкерліктің саналуан түрлері мен нысандарының дамуынсыз толыққанды экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес.

3.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің

проблемалары және кәсіпкерліктің дамуы


Қысқы мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам еліне шағынданған болатын. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 150-дей біріккен кәсіпорын құрылған болатын. Кәсіпкерлік табиғи жолмен қалыптасқан, ол оны мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістері әлеуметтік-экономикалық ұзақ реформаларды жүргізу барысында жетілдірілген экономикасы дамыған елдерге қарағанда, Республикада кәсіпкерліктің даму тарихы не бары 15 жылдан астам мерзімді құрайды. Осы кезде кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың алты мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және іске асырылды. Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында жеке секторды қамтыған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын кәсіпкерлікті қолдаудың таяу перспективаға айналған, оның ішінде кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары қойылған құны бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындады.

Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жыл, 1994-1996 жыл, 1999-2000 жыл, 2001-2002 жыл, 2005-2006 жыл) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті.

Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық құқықтары шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізді, ол үшін мемлекеттік қажетті жағдайларды жасады.

Республикадағы кәсіпкерлік өтпелі кезеңінің күрделі және әрқашан жағымды емес әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайда қалыптасты. Түрлі сипаттағы бірқатар қиыншылықтар оның динамикалық дамуына кедергі жасады. Прблемалар экономиканың жалпы дағдарысының жағдайына және бюджет тапшылығына, кәсіпкерліктің кең масштабты дамуына күшті әсер беруге арналған қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігіне, жетіліңкіреген өнім мен қызмет көрсетуді шығаруды дұрыс жолға қою есебінен толған тапшылықсыз рынок кезінде өз орнын таба алмауға, іскерліктің жоқтығына, қазіргі менеджмент пен маркетинг әдістерін білмеуге байланысты болды. Социологиялық сұрақ-жауапқа сай АҚШ-та бизнесмендерді тек кәсіпкерлік проблемалар аса аландатады: пайда алу, бизнес өсуін басқару мен қолдау, ақша ағымдарын реттеу, жаңа технологиялар. 15 маңызды сұрақ ішінде ел экономикасы жағдайы туралы сұрақ-5, капиталға қол жеткізу 11 орындарда болса, сыбайластық пен инфляция тіпті аталмаған.

Ресейде керісінше, негізгі шектер бизнес шеңберінен тыс орналасқан: сұраққа жауап берген кәсіпкерлердің 90-% олардың бизнесті дамыту жолындағы басты кедергі ретінде мемлекеттің салық саясатын, 80-% дұрыс заң жоқтығын, 67-% капиталға қол жеткізудің аса қиындығын, 66-% банк жүйесінің тұрақсыздығын, 55-% өкімет құрылымдарындағы сыбайластықты атайды.

Ресейдегі сияқты Қазақстанда бірінші орында салық саясаты, екінші орында жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, үшінші орында несие саясаты, содан кейін сату, шикізатпен қамтамасыз ету проблемалары соңғы орында мемлекеттік органдармен өзара әрекеті тұр.[35.56б.]

Кәсіпкерлік қызметінің табыс критерийіне болып, кәсіпорынның жеткілікті пайда және табыс табу қабілеті жатады, яғни тек өзінің шығындарын жауып қана қоймай өндірісті кеңейту мүмкіндігінің болуы керек. Кері жағдайда кәсіпкер өзін жұмыс істеуге қажетті қаражатпен әрең қамтамасыз етіп, өмір сүру үшін күресуіне тура келеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлердің көбісі мұндай жағымсыз жағдайдан сәтті құтылуда, бірақ банкротқа ұшырау құбылысы кәсіпкерлік әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Зерттеулер бойынша алғашқы жылдар ағымында 23,7%, алғашқы төрт жыл ішінде – 51,7%, алғашқы 6 жыл ішінде – 62,7% банкротқа ұшырағандығын көрсетіп отыр. Банкротқа ұшыраудың негізгі себептері мыналар:


  • Экономикалық факторлар – 47,4%;

  • Қаржылық қиыншылықтар – 38,4%;

  • Кәсіпкерлік тәжірибенің болмауы – 7,1%;

  • Кәсіпкерлік ниеттің жаман болуы – 3,4%;

  • Басқалар – 3,7%

Банкротқа ұшырау себептері сыртқы және ішкі де сипатқа ие болуы мүмкін. Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау, процент ставкасының өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, анағұрлым жетілген құрылыс материалдары мен өндіріс технологиясының пайда болуын жатқызуға болады. Іс жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық фирмаларға бірдей, бірақ кейбіреулері оларға төтеп беріп, қызметін одан әрі қарай тиімді жүргізе алуда, ал басқалары сәтсіздікке ұшырауда. Кәсіпорынды банкрот болуға алып келетін көптеген себептер тиімсіз менеджментпен байланысты және оларды үш бағытта топтауға болады:

  • Стратегиялық сипаттағы қателіктер;

  • Жалпы менеджмент проблемалары;

  • Қаржы есептік жүйе мен тәжірибедегі кемшіліктер.

Қазіргі зерттеулерде бизнес сәтсіздігінің не екендігін дәл түсіндіретін бір мәнді түсінік жоқ. Біреулер бұл түсінікті банкротқа ұшыраумен қатар кәсіпорынның бірігуі,басқа компания тарапынан сатып алынуы сияқты әр түрлі себептерден кәсіпорын қызметінің тоқталуын да қосады.

Егер кәсіпорын тапсырыс берушілердің, акционерлердің, жұмысшылардың, жеткізушілердің және тұтынушылардың алдында өз міндеттерін орындамаса, онда ол сәтсіз кәсіпорын қатарына жатады деген пікір бар. Көптеген зерттеушілер кәсіпорын қызметінің тоқталуын келесі бағыттар бойынша бөліп қарастырады:



  • Банкротқа ұшыраумен байланысты;

  • Алдағы залалдардың алдын алу мақсатымен;

  • Қажетті нәтижені ала алмау себебіне байланысты.

Қазақстан экономикасының нарық қатынастарына өтуі ең басынан жаңа кәсіпкерлер тобының өз ісін ашу және жеке кәсіпкерлікпен айналысуға ұмтылу сипатына ие болды. Бірақ бүгін сол құрылған кәсіпорындардың азы ғана пайданы және құрылыс бизнесін әрі қарай қаржыландыруды қамтамасыз етуге қажетті өндіріс көлеміне шыға алғаның айта кету керек.

Бұл келесі факторлармен түсіндіріледі:



  • әлеуметтік-экономикалық;

  • саяси;

  • құқықтық;

  • психологиялық;

  • кадрлық;

  • ұйымдастырушылық;

Әлеуметтік-экономикалық факторларға демонополиялау қарқынының төмендігі, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, дамыған нарықтық инфрақұрылымы мен ашық қаржыландыру көздері, коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру жүйесінің болмауы сияқты факторлар жатады. Саяси факторларға кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдаудың жетіспеушілігін, бюрократиялық аппарат кедергісін жатқызуға болады. Әлеуметтік сауалнама бойынша кәсіпкерлердің көпшілігі, реформаны республикалық министрліктер мен жергілікті билік органдары ұстап отыр деп есептейді. Құқық мазмұнындағы факторларға бірінші кезекте салық жүйесінің жетілмегендігі және нормативті құқықтық базадағы қарама-қайшылықтар жатады. Заң базасында жиі болатын өзгерістер ертеңгі күнге деген сенімсіздікті тудырады, осыдан барып ұзақ мерзімді болашақ емес, бір күндік пайдаға бағдарланушылық орын алады. Өткір бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болу мақсатында кәсіпкерлік құрылымдардың құқық қорғау органдарымен бірігуі жаңа кәсіпорындардың салаға кіруіне тосқауыл болып отыр.[36.102б.]

Құнның бәрі мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көмек қажеттілігін көрсетеді.

Қажетті нарықтың құрылымдарымен өзара байланыстарды құрмай кәсіпкерлік дұрыс әрекет ете алмайды. Бұл жағынан біздің экономикамызға бірқатар проблемаларды шешуге тура келеді.

Біріншіден, экономиканы басқарудың командалық-әкімшілік жүйесін қирату кезінде кәсіпкерлерді мемлекеттік органдармен түрлі деңгейдегі аппараттық сыбайластық бөлігі диктатынан қорғауды қамтамасыз ету қажет.

Екіншіден, коммерциялық банктер, сақтандыру және биржалық мекемелер, аудиторлық және кеңес беру фирмалары мен басқа мекемелер түріндегі кәсіпкерлік инфрақұрылымын жетілдіру.

Үшіншіден, кәсіпкерліктің уәждік базасын құру үшін экономика әрекет етуінің бәсекелес-жарыстық режимі қажет.

Төртіншіден, өркениетті кәсіпкерлік үшін жағдай жасау туралы айтқан кезде, оның қалыптасуындағы заңдық және шаруашылық қызметтер арқылы мемлекет ойлауы қажет елеулі рөлді ұмытуға болмайды.

Осылардың барлығынан Қазақстанның өркендеген экономикасында кәсіпорындардың орны ерекше екенін байқаймыз. Себебі, ол өз қызметін стратегиялық маңызды салаларды жүзеге асырады, кәсіпкерліктің дамуы ұлттық байлықтың маңызды бөлігін құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға кері әсер ететін бір қатар факторларды атап көрсетуге болады. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған неғұрлым күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Банктер кәсіпкерлік субъектілерінің кепіл қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша проценттік ставканы арттыру жолымен тәуекел құның кредиттерге айналдыруға мәжбүр.

Кәсіпорындардың қорымен жарақтануының төмен деңгейі оның еңбек өнімділігінің төмендігі салдарынан кәсіпкерлік секторының экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізбейді және негізгі құралдарды кепілдікке қойып кәсіпкерге кредит бермеуін тежейді.

Осы сабаптенде біраз жылдар бойы сауда делдалды қызмет кәсіпкерлер үшін өзіне қаржы құралдарын жинақтаудың бірден-бір қол жетерлік әдіс болып қалуда. Кәсіпкерлік субъектілерінің сауда саласында тауарлар сатудан, қызметтер көрсетуден алатын кірісі олар алған кірістің жалпы көлемінің 60%-тен астамын құрайды.

Кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.

Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі кәсіпкерлердің жарыққа кіру кезінде сыртқы және ішкі ортадағы барлық шартқа қатысушы агенттермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау қажеттілігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі.

Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі кәсіпкерлердің жарыққа кіруі кезінде сыртқы және ішк ортадағы барлық шартқа қатысушы агенттермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау қажеттілігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі. Сыртқы – бұл мемлекеттік органдармен, қаржы-несие ұйымдарымен, жеткізушілермен, тұтынушылармен және бәсекелестігімен өзара қарым-қатынас ішкі қызметінің түрін және ұйымдық-құқықтық нысанды таңдау; жарғылық капиталды қажетті шешімдерге қалыптастыру; кадрларды іріктеу және қызметкерлерді басқару; әріптестер командасын іздестіру және нарықты білу.

Көптеген өнірлерде кәсіпкерлердің биліктігі мен оларды оқыту проблемасы шешілмеген күйде қалуда, кәсіпкерлік бизнес үшін инженер-техник және жұмысшы мамандықтар саласындағы білікті кадрлардың үлкен тапшылығы байқалады. Кәсіпкерлікте туындаған осындай проблемаларды шешу үшін,және кәсіпкерлікті одан әрі дамып жетілуі үшін мынадай шараларды жүргізу керек:


        1. Кәсіпкерлікке салық әкімшілігін жүргізу әсерін жетілдіру;

        2. Кәсіпкерліктің несие ресурстарына қол жетімділігін жеңілдету, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарының тиімділігін арттыру;

        3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді оңайландыру;

        4. Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай білім беру және кәсіпкерлікті тиімді ақпараттық-әдістемелік қолдау жүйесін құру;

        5. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

        6. Кәсіпорындарға арнайы кадрлар дайындау.[37.21б.]

Қазақстан кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрылудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайында дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Кәсіпкерліктің қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметтері туралы» заңы алғаш рет ресмиленді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды бір шама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсеңділікке жағдай жасады.

3.3 Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының тиімділігі
Экономикалық саясаттың тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрылымның дамуы, интелектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамашылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар жене тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайыұйым Шағын Бизнес Әкімшілігі бар; Жапонияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөнінде ассоциация құрған,Канадада бизнесті дамытудың федералды банкті арқылы кәсіпкерлерді несиемен және кепілдемемен қамтамасыз етеді,

Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі алғаш рет 1992 жылғы «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңында көрініс тапты. Соңғы уақытта шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ҚР-ның Президентінің бастамасымен 5 заң, зандық күші бар 7 жарғы, бірнеше бағдарламалар қабылданған:1999-2000,2001-2002ж.ж. арналған шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік дамыту мен қолдау туралы.

Дегенмен, оған қажетті жағдайлардың біртіндеп қалыптасып келе жатқанына қарамастан, шағын кәсіпкерлікті баяу қарқынды және қиын түрде дамып келеді. Қазіргі кезде нарықтық экономиканың ерекшке секторы ретінде шағын кәсіпкерлік қалыптасуының алғашқы қадамдары ғана жасалды.

Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен ынталандыру бүгінгі күнгі мемлекетіміздің алдындағы шешетін өзекті мәсәлелерінің бірі. Бұл тұлғыда негізгі мақсат-шағын кәсіпкеліктің экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету болып табылады.

ҚР-ның аса нараз аударып жатқан аясы кәсіпкерлікті дамыту мен оны басқару және материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті проблемаларын шешу қажеттігі. Ол мемлекеттің көмегі керек:

1-ден, құқықтық реттеудің түрлері мен шегін белгілеу;

2-ден, кәсікерліктің қарқыны өсіру мәселесі;

3-ден, салық салу жүйесін шешу жолдарын дамыту;

4-ден, бақылау органдарының кәсіпкерлік субьектілірін тексеру жөніндегі қызметтерін бәсеңдеу.[38.268б.]

Сондықтан бұл мәселе ҚР-ның Президентінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында да көрініс тапқан: экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты - оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Негізгі басымдылықтар:



  1. мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзара іс- қимылы;

  2. несиелендіру тиімді және қол жеткізілетін жүйелерін қалыптастыру;

  3. шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылым дамыту;

Белгіленген шараларды іске асырудың нәтижесінде кәсіпкерлік субьектілері санының өсуі; жаңа жұмыс орындарының құрылуы; шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер санының артуы; нақты бәсекелестік орта құру; қоғамның орта негізі ретінде меншік иелерінің жаппай жігін қалыптастыру күтіліп отыр.

Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытудағы ынталандыру мақсатында 2001-2002ж.ж. арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы қабылданған /07.05.2001 ж/. Бұл бағдарлама шағын бизнесті қолдау, бәсекені және табиғи монополияны реттеу жөніндегі Агенттігінің негізінде жүзеге асқан. Негізгі мақсат –шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының дамуының қамтамаыссыз етуін белгілейтін мемлекеттік қолдау саясатын ынталандыру. Бағдарламаның нәтижесінде екі жылдан кейін шағын кәсіпкерліктің жалпы ұлттық өнімдегі үлесі 22%-ке дейін өседі деп болжам жасайды.

ҚР-дағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекетік шараларының бірі «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау күшейту және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ҚР-ның Президентінің Жарлығы /06.03.1997 ж./. Бұл жарлық бойынша :


  1. шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау институты құрылды: ҚР-ның Экономика және Сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті (бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті қолдау функциясы Индустрия және Сауда Министірлігіне жүктелген );

  2. шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры құрылады;

  3. мемлекеттік тексеруші органдар саны азайтылады;

  4. екінші деңгейлі банктердің минималды көлеммен несиелендіру бекітілді.

Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекетік саясатының негізгі үйлестірушісі мен серігі болып 1997 жылы мамырда құрылған Шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті болып саналады. Оның құрамында 2 сараптау кеңесі бар:

Біріншісі –нормативті және құқықтық актілерді зерттеу үшін шағын бизнесті қолдау жөніндегі кісіпкерлік құрылымының өкілдерінен тұрады;

Екіншісі – кәсіпкерлік қызметті жандандыру жөніндегі Президент жарлықтарын жүзеге асырумен айналысатын ведомствоаралық , министірлік өкілдерінен тұрады;

Жоғарыдағы аталған кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлекет тарапынан келіп, экономикалық негіз ретінде заңдар мен құқықтық –нормативтік құжаттармен қатар қаржылай, салықтық инвестициялық және тағы басқадай қолдаудың түрлері бар. Соның бірі –ақша несие саясаты, оның кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асуына ықпал өте жоғары.

Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселе қозғалғанда несие меселесі маңызды, өйткені несие кәсіпкерлер үшін басты қаржы көзі.

Республикада шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несие жолдары қалыптасқан. Бұл тұрғыда шағын кәсіпкерлік субьектілері банктердің несиелері мен халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік арнайы бағдарламаларына сүйенеді. Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жалпы несие саясаты негізінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру жүйесі жүзеге асырылған. Мысалы, Казкомерцбанк жеке тұлғаларға 500доллардан жоғары көлемде және 12 айдан асатын уақытқа белгілі бір пайыз мөлшерлемесімен несие беруді жүзеге асырады.

Сонымен қатар Европалық Қайта Құру мен Даму Банкі ҚР-ның шағын бизнесті қолдау Қорымен бірлесе отырып шағын кәсіпкерлікті несиелендіру бағдарламасын қалыптастыруда. Бұл бағдарламаның мақсаты – шағын және орта кәсіпорындарға қысқа мерзімді және орта мерзімді несиелер беру арқылы бәсекелі жеке секторды кеңейту және жақсартуға ықпал ету. Несиелік линия көлемі 775 млн. долл. және несиенің үш түрін беруді ұсынады:


  1. micro (10 мың долларға дейін )-бұл теңгемен, шетел валютасымен де 12 айға дейін беріледі;

  2. large-micro(10- нан 30 мың долл. дейін ) шетел валютасымен 12 айға дейін;

  3. small(30-нан 125 мың долл.дейін / шетел валютасымен 30 айға дейін; ал теңгемен 12 айға дейін беріледі.

Бұл бағдарлама бойынша келесі банктер жұмыс аққарады: «Казкоммерцбанк », «Банкцентркредит», «Тұран Алем Банк »және т.б.

Жалпы шағын кәсіпорындарға несите берушілердің 37%-коммерцияляқ банктер, 21%-жеке қарыз берушілер(достары,туыстары), 18%-шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау Қоры;12 %-Ұлттық Банк қаражаттары құрайды.

Тағы бір маңзды мәселе шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау ретінде 2002 жылы 27 желтоқсанда ҚР-ның Үкіметінің «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мараторий жариялау туралы» Қаулысы қабылданды. Бұл Қаулысы сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар 2003жылдың 1 қаңтар мен 1қазаны аралығында кезеңде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтата тұрады. Тек төрт түрлі жағдайда ғана тексеру жүргізіледі:


  1. Салық қызметі тексеруі, бұл тексеру жүргізудің негізгі салық төлеушінің өтініші болып табылады. Яғни аталмыш тексеру салық төлеушінің мүддесін заң жүзінде қорғауға бағытталады.

  2. Заңдарға сәйкес, қылмыстық іске және әкімшілік құқық бұзушылыққа тоқтауыл қою мақсатында тексеру.

  3. Мемлекетіміздің конституциялық құрылысы, қоғамдық тәртіп,адам құқығы мен бостандығына қарсы құқық бұзушылыққа бағытталған іс-әрекеттерді әшкерлеу мақсатындажүргізілетін тексеру.

  4. Халықтың санитарлық –эпидемиологиялық жағдайы туралы заңнамалардың талабын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді анықтау бағытында жүргізілетін тексеру.

Аталған қаулы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еркін жұмыс атқаруына мүмкіншілік тудырып отыр деуге болады.

Сонымен бізге 2003жылы сәуірде ҚР Президентінің Қазақстан халқыны өсу және дамыту бағдарламасы ретінде Жолдауды жарияланды, яғни 2004 жылға арналған кезекті және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы бағдарламасы. Бұл тұрғыда экономиканы дамыту негізінде негізгі 4 бағыт аталынған :



  1. аграрлық;

  2. индустриалды-инновациялы;

  3. инфроқұрылымдық;

  4. әлеуметтік.

Осы бағдарламаға сәйкес мемлекет 2003-2005 ж.ж. ауыл экономикасына 150 млрд. Теңгені жұмсауды жоспарлады. Сонымен қатар 2004-2005 ж.ж. жыл сайын бұл сомма 10 млрд. теңгеге көбейіп отырды. Мұндағы негізгі тапсырма 2000 жылмен салыстырғанда Жалпы Ішкі Өнімді 3,5 есе көбейту болып табылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – жеке сектордың дамуын ынталандыратын кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру. Кәсіпкерлік пен ғылыми – техникалық салалардың өзара қарым-қатынастарының тұрақты қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық Қор құрылады.

Сонымен қатар Қазақстандағы кәсіпкерліктің осындай мемлекеттік қолдауларға ие болуына байланысты оны басқарудың көп деңгейлі жүйесін көрсетуге болады.

ҚР-дағы кәсіпкерлікті басқарудың көп деңгейлі жүйесі мемелекеттік қолдау жүйесінің құрылымы үш деңгейде қалыптасады: республикалық, аймақтық, жергілікті.

Әрбір деңгей өзіндік жүйе құрып, үш блокқа бөлінеді:


  1. концептуалды - бағдарламалық;

  2. ұйымдық – ресурстық;

  3. функционалдық.

Концептуалды – бағдарламалық блок шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мақсаттарын, әдістерін, принциптерін, тұжырымдамалары мен бағдарламаларын қамтиды.

Ұйымдық – ресурстық бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдаудың арнайы мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ тиісті ресурстармен және мамандармен қамтамасыз етілген инфрақұрылым нысандарын біріктіреді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау іс шараларын республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейде ұйымдастыру бағыттарын мақсатты түрде қол жеткізуге арналған бағдарламалар негізінде қалыптастыру қажет.[39.22б.]


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау