268
берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан - жақты педагогикалық
өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір
бойы ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз
білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын
қолданудың да маңызы зор. Өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен
тәрбие аясында шебер қолдана білу педагогтың міндеті.
Еліміздің өскелең өрендеріне 30 жылға тақау саналы тәрбие мен сапалы білім беріп
келе жатқан Талдықорған қаласы әкімдігінің №45 «Арман» балабақшасының тарихы
қайталанбас деректерге толы. Мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын орталықтарға арналған
авторлық мектепке дейінгі жалпы білім беру
-
“Қарлығаш” бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №160 бұйрығымен бекітіліп,
бүгінгі таңда республика көлемінде қолданылуда. Бағдарламада ұлттық «Балбөбек»
бағдарламасының, «Тәй-тәй» білім беру технологиясының негізгі ережелерімен бірге
алдыңғы қатарлы педагогикалық жүйелердің идеялары мен қағидалары - М.Монтессори
әдістемесі, Вальдорф педагогикасы, жапондық мектепке дейінгі тәрбиесі, Корей
Республикасының мектепке дейінгі тәрбиесі, ресейлік «Балабақша – қуаныш үйі» әдістемелік
жүйесі және т.б. қолданылған.
"Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана педагог бола алады" деп
Конфуций
айтып өткендей, балабақшамызда ұйымдастырылған оқу іс
-әрекетінде халық
педагогикасымен қатар, алдыңғы қатарлы елдердің әдіс-тәсілдерін: «Step By Step»
технологиясын, Н.А.Зайцев, М.Монтессори әдістемелерін және Вальдорф, жапон халық
педагогикасының элементтерін үйлесімді жаңа технология бойынша жан-жақты
пайдаланып келеді.
Балабақшамыз 1996 жылдан бастап «Step by Step» технологиясымен жұмыс істеп
келеді. Осы технология бойынша тәрбиешілер күнделікті жұмыс жоспарын /кален.план/
түбегейлі өзгертті, барлық топта белсенділік орталықтары (әдебиет, ғылым, өнер, құрылыс,
желілі- рөлді ойын, қол ойындар) құрылып, әрбір баланың даму деңгейіне сәйкес іс-қимыл
түрлері жоспарланып, баланың қандай нәрсемен айналысуға болатындығы үшін белгілі бір
уақыт бөлінді. Өздерін қызықтыратын бейімділігі бар нәрсені таңдауды іске асыруға
мүмкіндік берді. Жүргізіліп келген арнай пәндер (табиғаттану, математика, тіл, дене тәрбиесі
және т.б.)оқытылмай, оларға сәйкес келетін ұғым белсенділік орталығының мазмұнымен
толықтырылып, біріктірілді. Ал тәрбиешінің рөлі – балалардың жұмыстарын қолдау
(фасилитация) болып табылады. Тәрбиеші ойынның мазмұныны байытып, қызықтыра білуі
керек. Сонымен қатар технология бойынша отбасымен жұмыс түрлері кеңейтілді. Ата-ана
үшін білім ашық, яғни баланың іс-әрекетін жоспарлауға тікелей қатыса алатындай, ерікті
көмекшілер, бақылаушылар ретінде топтың өміріне қатысуға мүмкіндік алды. Отбасымен
жұмыстың 38 ой-пікірін көрсетіп берді.
Жыл сайын әр бала ата-аналарымен бірлесіп өз отбасын таныстыру үшін «Отбасы»
газетін шығарады. Өз отбасының суреттері топта ілініп тұруы бала сезіміне қуаныш
ұялатады, әрі бала кез-келген сәтте өз құрбыларына отбасы мүшелерін таныстырып отырады.
Вальдорф педагогикасының өзі балабақшадағы балалар тек «бақытты балалық»
шақтың еш уайымсыз қызығына бату керек екенін көрсетеді. Ойын арқылы даму, ертегілер
елінде кейіпкерлер болып өмір сүру, сол кейіпкер арқылы жақсы мен жаманды айыру, бір-
біріне көмектесу, бірін-бірі аялау.
Ұжымның авторлық «Қарлығаш» бағдарламасының оқу-әдістемелік кешеніне
Вальдорф педагогикасы кіріктірілді. Вальдорф педагогикасына сүйене отырып, біз
тәрбиешілердің күнделікті жұмыс жоспарына өзгеріс енгіздік. Ертегіні негізге ала отырып
сол арқылы барлық дене, эстетика, адамгершілік т.б. тәрбиелерін жүргізуін қарастырдық.
Жапон бала-бақшаларының іс-тәжірибелеріне келсек, 5-6 жастағы балалар, бір кіші
топты қарамағына алған. Мысалы: туған күн т.б. Ата – аналармен тығыз байланыста болған,
яғни, балабақшадағы күделікті болып жатқан жағдайды ата-аналар балалардың өздерінен
269
естіп, біліп тәрбиешілермен бірге талқылап отырған (арнайы күнделік – дәптер бастаған).
Топтағы кезекшілердің міндеті: кезекшінің белгісін тағу; келген балаларды санау; түскі
тамаққа дайындау; бесін тамаққа дайындау; сабаққа қажетті құралдарды үлестіру; бөлмені
ретке келтіру; үйге қайтар алдынада кезекші белгісін келесі кезекшіге беру; ауладағы
кезекшілік; ересектер тобы балалары, сәбилер тобының балаларына ауланы тазартуға
көмектескен (сырғанақ, әткеншек тақтайларын, ауланы сыпырып, гүлге су құйған т.б.). Бұл
арқылы балаларды тек жолдастыққа ғана тәрбиелемей, сонымен қатар, бала өзіне қойылған
сенімді атқаруға үйренеді. Егер топтың белгіленген жұмысын кезекші бала орындамаса, онда
топтың басқа мүшелеріне де кедергі тигізеді деген ұғымды түсіндіруге тырысқан. Осы
негізде топтағы, ауладағы кезекшілікті атқара жүріп, балалар «кезекшілікті өзінің тобы үшін
ғана емес, бүкіл бала-бақша ұжымы үшін» атқару керек деген түсінік қалыптасады.
Амонашвили әдісі бойынша тек мына бір керемет аз ғана уақытқа назар аударуға
болады. Ертеңгісін келген сәбиді тәрбиеші қолын ұсынып, сәбидің алақанын аялап ұстап
тұру арқылы қабылдай отырып сәби алақаны арқылы сол күнгі көңіл-күйін сезу, соған
байланысты әдіс-тәсіл қолдана білу /міне нағыз адамгершілік тәрбиесі.
Қарапайым, қолдануға ыңғайлы Монтессори-материалдарын, балабақшада қолдану
көп қиыншылық тудырмайды. Монтессори жүйесіндегі сенсориканы дамытуға бағытталған
жаттығулар күнделікті қолдануға өте ыңғайлы, себебі оның материалдары әр отбасында
табылатын қарапайым заттар болып табылады. Жаттығулар жүйесі баланың бойында белгілі
бір іскерлік пен дағды қалыптастыруға, заттардың формасы, салмағы және түсі бойынша
айыруға, алуан түрлі дыбыстар мен иістерді ажырата білуге бағытталған. Бұл әдістің
мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен
тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» - дейді мұндағы бала.
Біздің елімізде де қазіргі уақытта Монтессори педагогикасының идеяларын қолданып
жүрген ұжымдар көптеп кездеседі. Біздің ұжым 1996 жылдан бері аталмыш жүйені өз іс-
тәжірибесінде қолданып келеді. Осы 17 жыл аралығында жинақталған іс-тәжірибелерімізді
облыс көлеміндегі әріптестеріміз арасында насихаттап келеміз. Сонымен қатар
М.Монтессори материалдарын таныстыру мақсатында жыл сайын ата-аналарға арнап
семинар-практикумдар өткізіп отырамыз. Біздің балабақшадағы топтарда, «Себеттегі
қысқыштар», «Түрлі-түсті қақпақтар», «Ұяшықтағы тамшылар», «Моншақтарды пинцетпен
ауыстыру», «Қайшымен қалай қияды», «Қатырма қағазды тігу» т.с.с. ұсақ қол қимылдарын
жетілдіруге арналған Монтессори материалдарымен балалар қызыға ойнайды. Қол
қимылдарын жаттықтыру туралы сөз болғанда, тек қолдын бұлшық еттерін жаттықтырып
қана қоймай, қолдын саусақтарын, сүйек буындарын жаттықтыруымыз керек. Себебі, қол
жоғары ми қабатына үлкен қызмет атқаратындықтан, қол қимылдарының дамуы тіл және
жоғары ми қабатының қалыптасуына маңызы зор екені дәлелденген.
Әр ата-ана баласының дені сау, бақытты, білімді болғанын қалайды. Көп жылғы
еңбектің нәтижесінде тәрбиеші Есельбаева Г.К. «Баланың денсаулығына зақым келтірмей,
ерте жастан оқу, санау, жазу білу қабілеттерін дамытуда жоғары нәтижелерге жету бола
ма?», «Үйрете отырып, балаға танымдық үрдістен бақыт, қуаныш сезімін ұялатып,
эмоционалдық тұрғыда жағымды қуат алуға, өз-өзіне сенімді болуына ықпал етуге бола ма?»
деген сұрақтар төңірегінде іздену барысында педагогикалық тәжірибеде инновациялық
технологиялардың бірі - Н.А. Зайцевтің әдістемесін қолдану болып табылады деген шешімге
келді.
Аталмыш әдістеменің басты құндылығы –денсаулық сақтаушылық қызметінің
басымдығы, мұның себебі бала дамуының табиғи заңдалығына қатаң сүйене отырып
құрастырылғандығында деп айтуға негіз бар. Өйткені бала әлемді ойын түрінде, іс-әрекет
арқылы, үнемі қимылда жүріп танып біледі. Ол бәрін қолымен ұстап көріп, зерттеп, тыңдап
жүретін дербес, белсенді, әрекет етуші рөлінде болады.
Н.Зайцев технологиясының ерекшелігі: оқыту үрдісінде балалардың табиғи
мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамыту, баланың миының танымдық
белсенділігін арттыру болып табылады. Автордың ойынша бала миының абстракциялық,
Достарыңызбен бөлісу: |