5.Қаржылық есеп беру элементтері аудитінің мақсаттары.
Аудиттің мақсаты іргелі тұжырымдамаларға негізделеді:
-маңыздылық;
-аудиторлық тәуекелдік;
-қаржылық есеп беруді басшылықтың бекітуі ретінде қарау.
Аудитор өз пікірін білдіретін қаржылықесеп беруді кәсіпорын басшылығы, оның құрамдас элементтерін шын ұсыну негізінде құрайды. Бұл кезде, басшылық, қаржылықесепберу белгілі бір категорияларға сай келеді деп дәлелдейді:
-болуы (әрекет ету);
-құқықтар мен міндеттемелер;
-құбылыс;
-толықтық;
-бағалау;
-өлшеу (дәлдік);
-ұсыну және алу.
Аудиторлық мақсат, клиент басшылығын бекіткен бойдан қалыптастырылады және олармен тығыз байланысты болады. Сондықтан аудитордың басты міндеті – басшылықтың қаржылық есеп беру жөніндегі тұжырымдарының дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау.
Аудит мақсатының мәні – аудиторға қажетті көлемде дәлел жинауға көмектесетін құрылымды құру. Мақсат түрлі тексерулер кезінде бір болып қалады, бірақ нақты мәліметтер қалыптасқан жағдайға байланысты әртүрлі болады.
Аудиторлық тексеруді жүргізудің жалпы жолдарын дайындау кезінде қаржылық есеп беру әділдіген анықтау үшін пайдалануға болады:
- сәйкестігін тексеру;
- ішкі бақылау, тест жүргізу (бақылау кезеңдерін);
- мән бойынша бақылау;
-талдамалық реттемелер.
Сәйкестігін тексеру ішкі бақылау жүйесінің сапасына тест жүргізуге бағытталған. Сәйкестігін тексерудің мақсаты – елдегі нормативтік – құқықтық актілерге сай құрылған қаржылық есеп беруді дәлелдеу кезінде дәлелдердің оңтайлы санын жинау үшін клиенттің ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізу. Клиенттің ішкі бақылау жүйесімен танысудың реттемелері:
клиент қызметкерлеріне сұрақ қою;
құжаттар мен жазбаларды тексеру;
лауазымды нұсқаулар, ішкі аудит туралы ереже және т.б.;
осы клиентпен жұмыс істеген алдыңғы аудиторлық тәжірибесі.
Ішкі бақылауға тест жүргізу ішкі бақылау жүйесін түсінгеннен кейін аудитор қателіктер мен нормадан ауытқуды және оны болдырмауға болатын не болмайтындығын бағалайды.
Мән бойынша шаруашылық операцияларын тексеру мақсаты шаруашылық операциялардың қажетті түрде мақылданғанын, тіркелімдерде дұрыс ескеріліп, жинақталғанын және Бас кітапқа номерленгенін анықтауға болады. Егер аудитор шаруашылық операциялардың шотта дұрыс тіркеліп, көрсетілгеніне сенімді болса, онда Бас кітаптағы қорытындылар дұрыстығына сенімді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |