Дәрістер тезисі дәріс №1. Есептер шығарудың маңызы, олардың оқу үрдісіндегі орны


Әр түрлі сыныптардағы есеп шығарудың кейбір ерекшеліктері



жүктеу 0,54 Mb.
бет46/47
Дата12.01.2023
өлшемі0,54 Mb.
#40910
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Д рістер тезисі д ріс №1. Есептер шы аруды ма ызы, оларды о у

Әр түрлі сыныптардағы есеп шығарудың кейбір ерекшеліктері
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі сыныптарда есеп шығарудың әр түрлі тәсілдері туындайды.
7– 8 сыныптар ерекшеліктері:
1) физика курсы негізнен сипаттамалық бағытқа бағдарланған;
2) оқушылардың жалпы дайындығы мен жас ерекшеліктері. Кейбір есептердің шығарылуына математикалық дайындықтың төмендігі кедергі болады. Бұл сыныптарда сапалық және тәжірибе есептеріне көп көңіл бөлінеді.
Сандық есептерге де жеткілікті дәрежеде көңіл бөліп отыру керек. Бұл кезде есеп шығарудың алгебралық және графиктік тәсілдерін үйлестіріп, орындалатын әр бір амалдың мәнін, сұрақтар қою арқылы, дәл айқындап отыру керек.
Кейбір тараулар (Архимед күші, атмосфералық қысым) күрделі сандық есептер шығаруды талап етеді. Олардың ең қиындарын, жоғары сыныптарда, қайталау мақсатында қайта шығару керек.
Ең қиыны 9–сынып.
Мұғалім есептің біртіндеп күрделенуін қадағалап отыру керек. Күрделі аралас есептер «Жұмыс пен энергия» тақырыбын оқып-үйренгенде қолданылады. Өте күрделі есептерді, оқушылардың математикалық дайындығы жеткілікті болатын, 10–11 сыныптарда қарастырған дұрыс. Механика заңдарын оқып–үйренгенде жинақталған білімді Кулон заңына және электромагниттік толқындар тақырыбына есептер шығарғанда қолдануға болады.
10–11сыныптарда нәтижесі мен шарты жан-жақты талданатын есеп шығарудың жалпылама тәсілдері мен теңдеу жүйелерін құрастыруға арналған есептерге көп көңіл бөлу керек. Белгілі бір тақырыпты терең игеру мақсатында 7–8 сынып есептері толық талдана қайта шығарылуы керек.
ДӘРІС 15. Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстары. Студенттердің өзінше ойлана алу және алған білімді пайдалана білу икемділігін қалыптастыру.

Оқушылардың өзінше ойлана алу және алған білімді пайдалана білу икемділігін қалыптастыруда физика есептерін шығарудағы өзіндік жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру маңызды роль атқарады.


Физика есептерін өзінше шығара алмау, оқушылардың пән бойынша жақсы нәтижелер көрсетпеуінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Арнайы өткізілген зерттеулер көрсеткендей есеп шығара алмайтын оқушылардың пайызы сыныптан-сыныпқа көшкен сайын өседі екен.
Өздігінен есеп шығару икемділігін қалыптастыру мұғалімнің үнемі көңіл аударып отыруын қажет ететін күрделі мәселелердің бірі. Оқушыларды өздігінен есеп шығаруға үйретуді біртіндеп бастау керек. Алдымен жеңіл жаттығу есептерін, онан кейін күрделірек есептерге көшіп, тек сонан кейін өздеріне есеп шығартқан жөн.
Есеп шығару барысында өзіндік жұмыс элементтерін қиындығының өсуі бойынша біртіндеп қосады. Арнайы жүргізілген зерттеулер негізінде бұл жұмыстың мынадай деңгейлерін келтіруге болады:
1. Алдымен оқушыларды есеп мазмұнын жеке талқылауға үйретілуі, оларды есептің мазмұнын қысқаша жазу және оны шешу әдістерімен таныстыру қажет. Ол үшін оқушыларды есеп шартын жазуға жиі тақта алдына шығарып, содан кейін бірігіп талқылау арқылы оны жазудың тиімді тәсілдерін табады.
2. Есеп шығару бойынша өзіндік жұмыстың дағдыларын қалыптастырудың келесі деңгейі – шешуді жалпы түрде орындау икемдіктерін қалыптастыру және оның дұрыстығын физикалық шамалардың өлшем бірліктерімен жаттығулар орындай отырып тексеру.
3. Физика есептерін шығарудағы өзіндік жұмыстарды дайындаудың негізгі элементі – оқушылардың жуықтап есептей алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Мұндай дағдыны оқушылар алдымен математика сабақтарында алады, бірақ оны физика сабақтарында да бекіту қажет. Осы мақсатта 7 сыныпта алғаш физика есептерін шығарғанда, оқушылар бірігіп талқылаған есептің шығару әдісі мен шығару жоспарын тақтаға жазғаннан кейін, есептеулерін жеке орындауды ұсынған жөн.
4. Оқушылар есеп шартын қысқаша жазу тәсілдерін, сонымен қатар физикалық шамалардың өлшем бірліктерін түрлендіру тәсілдерін игергеннен кейін, өзіндік жұмысқа есепті шығару тәсілдерін табуды қосу керек.
5. Есепті шығарудың ең ыңғайлы тәсілін табу оқушылардың көп ізденуін қалыптастырады. Сондықтан есеп шығарудың жаңа тәсілін таба алуы үшін, оларға жүйелі түрде бір есептің әр түрлі шешілу жолдарын көрсеткен пайдалы. Мұны әсіресе, қиын есептер шығарғанда қолданады. Сонымен қатар бір есепті әр түрлі жолмен шығару, есептің дұрыстығын тексеру тәсілінің бірі болатындығын ескеру қажет. Бұл әдісті оқушылардың пайдалана білуі өте маңызды.
Оқушылар физика есептерін шығаруға байланысты әдіс-тәсілдерін толық игергеннен кейін, оларға есептерді өздеріне толық шығаруды, сонымен қатар алынған нәтижелерді тексеруді және талдауды тапсыруға болады.
Есеп шығаруға арналған әрбір сабақта өзіндік жұмыс орындалуы қажет. Мысалға, «Қысым» тақырыбы бойынша есеп шығару кезіндегі өзіндік жұмыс элементтерін енгізуді қарастырайық.

жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау