М ысалы:
1–сурет
4. Физикалық есептердің өзіндік, ерекше түріне тәжірибелік есептер жатады. Мысалы, сызғыш және микрометр көмегімен мыс сымның кедергісін R=ρι/s формуласын қолданып анықтау.
5. Физикалық есептердің ең маңызды ерекшелігі – физикалық шамалардың өлшемі болады. Өлшемдерді талдау физикалық есептер шығарудың мықты аппараты болып табылады.
6. Есепте кездесетін физикалық нысандардың сипаттарының көпшілігі – векторлар. Сондықтан есеп шартын талдағанда физикалық шамалардың скаляр немесе вектор екенін анықтайды, себебі қолданылатын математикалық аппарат осымен анықталады.
Физикалық есеп шығару үрдісінің мӘні.
Физикалық есеп шығару дегеніміз не? – деген сұрақ жауабы есеп шығару үрдісінің мәнін анықтайды.
Физикалық есеп шығару үрдісі күрделі ой әрекетіне жатады. Сондықтан оның психологиялық ерекшелігі бар. Екіншіден бұл үрдіс оқу-танымдық мақсатта жүргізіледі, сондықтан оның дидактикалық ерекшеліктері болады.
Физикалық есеп шығару үрдісінің психологиялық ерекшеліктері.
Физикалық есептерді шығарудың негізгі психологиялық механизмдеріне мақсаттану (мотив), ұстаным (установка), бағдарланулар жатады.
Мақсаттану – субъектің не себепті есеп шығаратыны – қажеттіктерінен туындап, оның есеп шығару қарекетінің белсенділік деңгейін анықтайды мақсаттану күшейген сайын, оқушының есеп шығармақ ішкі қажеттігі артып, көңіл-күйі көтеріледі, ал есеп шығарудағы жетістік мықты қанағаттану сезімін туғызады.
Ұстаным – есеп шығару үрдісін жүзеге асыру барысындағы – тұлғаның ахуалы. Ол тұлғаның есеп шығару әрекетіне дайындығын анықтайды.
Ұстаным қандайда бір қажеттіктерден туындайтын мақсаттануды күшейте де, әлсірете де алады. Мақсаттану өзгере алады. Ұстаным одан гөрі орнықтырақ, кейде мақсаттанудың болу-болмауына көрініс береді.
Физикалық, есеп шығару кезіндегі тұлғаның бағдарлануы – жаңа есеп қарастырғанда туындап, өзі үшін проблемдік болатын ахуалды дұрыс бағалау және пайда болған мәселені шешуге бағытталған әрекет тәсілдері туралы белгілі бір шешімді жүзеге асыру мүмкіндіктері.
Есеп шығару барысындағы бағдарлану – тұлғаның біліміне, дағдыларына және ебдейліктеріне, оның өз қарекетін ұйымдастыру қабілеттеріне негізделген ізденім әрекетінің ерекше сүлесі (типі).
Бағдарлану кезінде есеп талданады, нысандардың сипаттары мен параметрлері зерттеледі, ізделінді шамалар анықталып, олардың жеке белгілері салыстырылады. Кәдуілгі жағдайда тұлға өз жадынан шығарылмақ есепке ұқсас есептерді іздеп, оны бұрын шығарылған есепппен байланыстыруға әрекет жасайды.
Терең мақсаттанған ізденіс кезінде, тұлға – есеп шығарудың, өзіне белгілі, барлық әдіс, тәсіл, амалдарын теріп шығады.
Бағдарлану әрекеті кезінде тұлға ойында есеп шығару мүмкіндіктері жайлы болжам (гипотеза) – есеп шығарудың жалпы жоспары туындайды, оның бөліктері болжамды тексеру үрдісі кезінде нақтыланады. Нәтижеде есеп шығару жоспары айқындалып, жаңа бөліктермен толықтырылады, ізденім әрекетінің келер сатылары нақтыланады.
Егер есеп шығару жайлы ұсынылған болжам нәтиже бермесе, тұлға есеп шартын қайта талдап, жаңа болжам ұсынады.
Тұлға есеп шығару жоспарын жүзеге асырып, есеп талабын қанағаттандырған соң (сұраққа толық жауап берген соң), қорытынды бақылау және талдаумен, есеп шығарудың ортақ әдістері, тәсілдері және амалдарымен байланысты болатын есеп шығарудың жаңа кезеңі басталады. Есеп шығару үрдісінің әрбір кезеңдерінде тұлғаның ой әрекетінің түрлі ерекшеліктері көрініс береді. Есепті талдау және оны шығару жолы туралы болжам жасау кезеңінде ойлаудың бақылаушылық, жасампаздық, белсенділік және даралық қасиеттері көрініс табады. Есепті оны шығару қадамдарының тізбегіне жіктеу кезеңінде ойлаудың қисындылық, сатылық (сабақтастық) және жүйелік қасиеттері маңызды болады.
Осы ойлау қасиеттерінің даму деңгейлерінің үйлесуі тұлғаның физикалық есептерді шығарудағы жетістігін анықтайды. Екінші жағынан,тұлғаның барлық ойлау қасиеттері, тек есеп шығару үрдісі барысында ғана дамиды.
Физикалық есеп шығару үрдісінің психологиялық ерешелігін басқалай да сипаттауға болады. Физикалық есеп шығаратын тұлғаның барлық іс-әрекетін үш түрлі бөліктен тұрады деп қарастыруға болады:
1. Физикалық есеп шығару әрекетінің арнайы бөлігіне тұлғаның қарастырылатын есепті шығару барысында өзінің физикалық және математикалық теориялық білімдерін көкейтестендіруі: бұрынғы есептерді шығарғанда жинақталған өзінің арнайы білімдерін, ебдейліктерін және дағдыларын қолдануы: есеп шартын дұрыс талқылау және қолдану ебдейліктері жатады.
2. Физикалық есеп шығару әрекетінің логикалық (қисынды ) бөлігіне есеп шығару барысында есеп шартын түрлендіру сатысын жүзеге асыру үшін, физика мен математиканың жалпы теориялық ұстанымдарынан қорытынды жасаудың жалпы логикалық ережелерін қолдану жатады.
3. Физикалық есеп шығару әрекетінің эвристиктік бөлігіне есеп шығару тәсілдері ізделетін, есеп шығару сатылары анықталатын жалпы ережелер жатады. Эвристиктер деп аталатын бұл жалпы ережелер ықтималдық сипатты ғана болады. Олар есеп шығарудың ақылға қонымды жолдарын көрсеткенмен, есеп шығару әрекетінің нәтижелілігіне кепілдік бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |