Дәрістер тезисі дәріс №1. Есептер шығарудың маңызы, олардың оқу үрдісіндегі орны



жүктеу 0,54 Mb.
бет5/47
Дата12.01.2023
өлшемі0,54 Mb.
#40910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Д рістер тезисі д ріс №1. Есептер шы аруды ма ызы, оларды о у

Шығармашылық есептердің өзі іздену (яғни, неге деген сұраққа жауап іздейтін) есептер, конструкторлық (яғни қалай жасау керек) есептер болып болып бөлінеді.
Шығармашылық есептер есептер жинағында жұлдызша арқылы ерекшеленіп тұрады. Оларды сыныптағы физика пәнін жақсы оқитын оқушымен жұмыс істеген кезде, олимпиядаларға (мектептегі сынып аралық, мектеп аралық) қатысатын оқушыларға беріп, шығартып үйреткен кезде пайдалануға болады.
Есептің берілу тәсіліне қарай (4 түрге бөледі) мәтінді, графиктік, сұрақ-есептер, сурет-есептер болып бөлінеді. Мұндай бөлінудің өзі шартты түрде, себебі кей есептер суретімен, графиктерімен қоса жүреді.
Есептер шығарылу әдістемесіне байланысты сапалық, сандық немесе есептеу-есептері, графиктік, эксперименттік болып бөлінеді. Мұндай бөліну қажетті және маңызды, себебі мұғалімнің оқушылардың математикалық дайындықтарына қарай есеп таңдауына көп септігін тигізеді.
Сапалық есептердің физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды оқып үйренуде маңызы өте зор. Мысалы, тербелісті оқып үйренгенде:
1) Алтыбақанға бір адам емес, екі адам отырса тербеліс периоды өзгере ме?
2) Серіппедегі дененің массасын екі есе арттырсақ, оның тербеліс периоды қалай өзгереді? 3) Егерде дене бекітілген серіппені қатаңдығы бұрынғыдан екі есе артық серіппемен ауыстырсақ, дененің тербеліс периоды қалай өзгереді? –деген сапалық есептерді шығару арқылы тербеліс периодын анықтауға берілген формулаларды оқушылардың естерінде қалдырып, бекітуге болады. Әрі олар оның практикада күнделікті өмірде қолданылуымен танысады.
Сапалық есептердің ерекшелігі мұнда оқушылардың ойын жинақтап, белгілі бір физикалық құбылыстардың мағынасын ашуға көмектеседі. Оларды логикалық ойлау арқылы физиканың заңдылықтарына сүйене отырып шығарады. Мысалы: суға көлемдері бірдей мыс және алюминий кубтар батырылған. Осы кубтарға шама жағынан бірдей кері итеруші күштер әсер ете ме?
Есептеу есептеріне тән қасиет берілген сұраққа жауапты тек математикалық амалдарды қолдана отырып табуға болады. Мұндай есептерді көбінесе жоғарғы сыныптарда қолданады. Шығарылудағы математикалық тәсілдерді қолдануға байланысты есептер арифметикалық, алгебралық, геометриялық болып бөлінеді. Осылардың ішінде көп қолданылатыны – алгебралық.
Есептеу есептері физикада жиі кездеседі. Соның ішінде шамалардың сан-мәнімен берілген есептер көп. Қазіргі кезде есептегіш құралдардың көптігін ескерсек, мұндай есептерді шығару көп қиындық туғызбайды. Әйтседе физика пәнінің мұғалімдері таза физикалық есептерді (шамалардың сан-мәндері берілмеген есептер) уақыт үнемдеу үшін көптеп шығарылғаны дұрыс. Мысалы:
1) Сыйымдылықтары С1 және С2 жазық конденсаторлар және потенциалдар айырымына дейін зарядталған . Осы конденсаторларды параллель қосқан кезде олардың электрстатикалық энергиясы кемитіндігін көрсетіңіздер. Неге олай болады?
2) Радиусы және сыну көрсеткіші мөлдір шарға бір диаметрлерінің бағыты бойынша жіңішке параллель жарық шоғы түседі. Жарық шоғы шар центрінен қандай қашықтықта қиылысады?
3) Қатаңдығы серіппеге ілінген массасы ыдысқа биіктіктен массасы дене құлайды да ыдыста қалады, яғни оның ыдыс түбіне соғылуын абсолют серпімсіз деп есептеуге болады. Ыдыс пен дене тербеле бастайды. Тербеліс амплитудасын анықтаңыздар (1-сурет).

1-сурет

4) Массасы , температурасы Т болатын бір атомды идеал газдың ішкі энергиясын есептеп табыңдар.


Мұндағы төртінші есепті идеал газдың ішкі энергиясы тақырыбын оқып үйренгенде, жаңа материалды өткен кезде, яғни жаңа сабақты түсіндіруге қолдануға болады.

жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау