|
Дәрістер тезисі дәріс №1. Есептер шығарудың маңызы, олардың оқу үрдісіндегі орны
|
бет | 22/47 | Дата | 12.01.2023 | өлшемі | 0,54 Mb. | | #40910 |
| Д рістер тезисі д ріс №1. Есептер шы аруды ма ызы, оларды о у Интегралдау және дифференциалдау көбіне механикалық және электромагниттік тербелістерді зерттегенде қолданылады.
Яғни, физикалық есеп шығару мәні – бұл шығарылуы физикалық есептердің де шығарылуы болатын математикалық есептер құрастыру.
ДӘРІС №6. Студенттерді физикалық есептердің әр түрлі типтерін шығаруға үйретудің әдістемесі. Физикалық есептерді шығарудың жалпы алгоритмі. Физикалық шамалардың бірліктерін түрлендіру алгоритмі. Физикалық шамалардың туынды бірліктерін анықтау алгоритмі. Нақты тақтырыптағы есептерді шығарудың алгоритмі.
Оқушыларды есеп шығару дағдыларына үйрету әрекеті теориялық және практикалық екі құрлымдық бөліктен тұрады.
Бұл кезде мынадай педагогикалық мәселелер шешіледі:
Оқушының мұғалім басшылығымен меңгеретін білім көлемін анықтау;
Есеп шығаруға қажет ебдейліктер құрамын тұлғаның жинақталған білімдер мен дағдыға негізделген және белгілі мақсатқа бағытталған әрекеттер мен амалдарды орындауға дайындығын анықтау;
Оқушылардың дербес амалдарды орындау ебдейліктерін қалыптастыру сатыларын айқындау.
Мұғалімнің теориялық дайындығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) Физикалық есептерді шығару әдістері жайлы айқын және дәл түсінікті;
Физикалық есептерді шығару тәсілдерін білуді;
Есеп шығару тәсілдерінің құрылымы мен мазмұнын білуді;
Физикалық есептерді шығарудың жалпы алгоритмін игеруді;
( Жалпы алгоритм кез келген сандық есептердің шешімін іздеуге бағытталған оқушы әрекетінің құрылымын анықтайды және есеп шығарудың негізгі кезеңдерін белгілі бір әрекеттер арқылы жүзеге асырады);
Белгілі бір топтағы есеп шығару үшін, физиканың белгілі бір тақырыбының немесе бөлімінің жалпы алгоритмін нақтылыауды;
Белгілі тақырыптағы есеп шығару алгоритмінің құрылымдық бөліктерін және орындалатын амалдар мазмұнын ерекшелеуді
(Мұғалім әр түрлі оқу алгоритмдерін талдай және бағалай білу керек)
Оқу үрдісіне алгоритмдерді енгізудің рационал (ақылға қонымды, нәтижелі) тәсілін дұрыс анықтай білуді
Мұғалім әрекетінің практикалық құраушысына мыналар кіреді;
Оқушыларды есептің мазмұны мен құрылысы және есептердің түрлі сүлелері мен жүйелері жайлы біліммен қаруландыру;
Оқушыларды оқу есептерін шығару үрдісінің құрылымы жайлы біліммен қаруландыру;
Оқушыларды физикалық есептерді шығарудың жалпы құрылымына үйрету;
Оқушыларды әр түрлі есептерді шығарудың ерекшеліктеріне үйрету;
Нақты тақырыптық есептерді шығарудың алгоритмін жасап, соның негізінде есеп шығарудың жалпылама алгоритмін жасау;
Оқушылармен алгоритм құрылысын меңгеретін және нақты амалдардың мазмұнын айқындайтын арнайы жұмыс жүргізу;
Алдымен, шығаратын есептерді белгілі бір амалдар меңгеріліп, сонан соң оларды жалпылама әрекетке жинақтау үшін, шығарылатын нақты тақырыптық есептердің тізбегін анықтау;
Есеп шығару барысында, оқушылардың есеп шығарудың барлық кезеңдерін орындауын қамтамасыз ету;
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|