Дәріскер: Х.ғ. к. Махмутова А. С. Тақырыбы: «Әрекеттесуші массалар заңын қышқылдық-негіздік тепе-теңдікке қолданылуы және аналитикалық химиядағы орны»



жүктеу 314,8 Kb.
бет2/4
Дата19.09.2022
өлшемі314,8 Kb.
#39315
1   2   3   4
лек2

Күшті электролиттер


Электролиттік диссоциация теориясы тек әлсіз электролит ерітіндісіне қатынасты орындалады. Күшті электролиттер ерітіндісіне қатысты мүлдем басқа көрініс байқалады. Күшті электролиттің толық диссоциациясы нәтижесінде түзілетін иондардың бәрі бірдей бос емес. П. Дебай мен Э. Хюккель ұсынған күшті электролит теориясы, электролит ерітіндісінің концентрациясын жоғарлатқан кездегі иондар арасындағы электростатикалық әрекеттесуі ескереді. Иондар арасындағы әрекеттесудің болуы, әрбір ионның заряд таңбасына кері таңбадағы иондармен қоршаған «иондық атмосфераның» қоршауына әкеледі. Теріс электрод жағына оң иондардың қозғалуы, ал оң зарядталған электродқа теріс зарядталған «иондық атмосфераның» тартылу күшімен тежеледі. Ерітіндіні шексіз сұйылтқанда иондар арасының алыстауы салдарынан ионаралық әрекеттесу әлсірейді, яғни иондардың қозғалғыштығы максималды болады. 1907 жылы Льюис ғылымдағы қолданысқа «белсенділік» түсінігін енгізуді ұсынады. Бұл түсінік иондардың өзара тартылуын, еріген заттың еріткішпен әрекеттесуін басқа электролиттер мен құбылыстардың қатынасуын, ерітіндідегі иондардың өзгермелі қозғалғыштығын жинақтай ескереді.
Белсенділік α деп заттың (ионның) эффективті, яғни барынша тиімді де пәрменді болуға тиісті концентрациясын айтады:
α ═ f∙ С
Мұндағы: С – ерітіндінің молярлық концентрациясы;
f - белсенділік коэффиценті, ол еріткіш пен еріген заттың табиғатынан, ерітіндінің концентрациясы мен температурадан тәуелді. Иондар арасындағы тартылыс күшті болған сайын, f мәні кішірейе түседі.
Иондар арасындағы әрекеттесу күші иондардың концентрациясы мен олардың зарядынан тәуелді - бұл иондық күш ережесі. Бұл ережеге сәйкес, ерітіндінің иондық күші І ерітінділердегі барлық иондар концентрациясы мен олардың зарядтар квадраттарының көбейтіндісінің жарты қосындысына тең:
І ═ 1/2ΣС1 ∙ Ζ21
Дебай-Хюккель теориясына сәйкес, электролиттің белсенділік коэффиценті () ерітндінің иондық күшімен келесі қатынаспен байланысқан:
Мұндағы: - белсенділік, ол иондар зарядынан, ортаның диэлектрлік өтімділігі мен температурадан тәуелді.
Мысалы:
0,01 моль алюминий сульфаты AI2(SO4)3 бар сулы ерітіндінің иондық күшін, белсенділік коэффициент және белесенділіктерін есептеңіздер.
Шешуі:
  • Диссоциациялану реакциясын жазамыз:

  • 2. Иондік күшін есептийміз:
    3. Әрбір ионның белсенділік коэффициенті есептийміз:
    4. Әрбір ионның белсенділігін есептийміз:

Қазiргi кезде қышқылдар мен негiздер туралы түсiнiктердi Бренстед және Лоури (1923 ж.) ұсынған протолиттiк теория бередi. Бұл теория бойынша протонды беретiн заттар қышқылдар, ал протонды қосып алатын заттар негiздер деп аталады. Протонның доноры мен соған сәйкес келетiн протонның акцепторы қабысқан қышқылды–негiздiк жұп түзедi.
қышқыл
негiз
Мұндағы: НВ - негізбен қабысқан қышқыл
В- - қышқылмен қабысқан негіз
Мысалы:

жүктеу 314,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау