Ағымдағы маркетингтік ситуация. Жоспардың бірінші бөлімінде мақсатты нарыққа сипаттама беріледі және фирманың осы нарықтағы жағдайы анықталады. Жоспар жасаушылар нарық көлемін, сигментті заказ берушінің мұқтажын және әсер ететін ерекше факторын анықтап, негізгі тауарға шолу жасалынады, конкуренттер аталады және жолдары көрсетіледі.
Қауіп-қатер мен мүмкіндіктер. Бұл бөлім басшыларды алдағы перспективаға қарауға мәжбір етеді, тауар өткізу жөніндегі кездесетін алдағы қауіп-қатер мен мүмкіндіктерді көре білу керек. Мұндағы мақсат басшыларды фирмаға күшті әсер ететін өзекті мәселелерді болжай білуге мәжбір етеді.
Фирма менгерушісі әр қауіп – қатерге және әрбір мүмкіндікке мән беріп, оның фирма үшін залалын білуі және оны жою жолдарын іздестіруі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |