Орынбасарлардың бағытталу әсерінің механизмі: статистикалық, динамикалық факторлар.
Бензол молекуласында электрондардың тығыздығы біркелкі. Бензол полюссіз молекула. Бензолдағы біркелкілікті сақинаға енгізілген орынбасар бұзады, молекула полюстенеді.
NO2 электронакцептор OH электрондонор
екінші бағыттаушы бірінші бағыттаушы
μ ≠ ОД μ = ОД μ ≠ ОД
Электрондонорлы орынбасарлар бензол сақинасының электрон тығыздығын көбейтеді, электронакцепторлы орынбасарлар бензол сақинасының электрон тығыздығын азайтады.
Электрофильдік орынбасу реакциясының бағыты, жылдамдығы екі түрлі факторлардың әсерімен анықталады: Статистикалық және динамикалық.
Статистикалық фактор – реакцияға дейінгі молекуладағы электрон
тығыздығының таралуы. Орынбасарлардың молекулаға әсері индукциялық (І) және мезомерлік (М) эффектілермен беріледі.
Бензол сақинасымен тікелей жалғасқан орынбасарлардың гетероатомында бос электрон жұбы болса; оң мезомерлік (+М) және теріс индукциялық (-І) эффектілері пайда болады. Mезомерлік эффектілер, индукциялық эффектілермен салыстырғанда күшті - +М > - І (галогендерде ғана +М < - I). Сондықтан мұндай орынбасарлар электрондонорлар, бірінші бағыттауыштар:
Ал орынбасардың гетероатомында оң заряд (+) немесе жартылай оң заряд (+δ) болса - теріс мезомерлік (-М) және теріс индукциялық эффектілер пайда болады. Сондықтан мұндай орынбасарлар электронакцепторлар, екінші бағыттауыштар.
Бірінші бағыттауыштар бензол сақинасының электрон тығыздығын арттырады, әсіресе орто (о-) және пара (п-) – орындарға, сондықтан электрофильді (Е+) о–; п – орындарға бағыттайды.
CH3 + I :OH +M > - I
-δ -δ -δ -δ
-δ -δ
Екінші бағыттауыштар бензол сақинасының электрон тығыздығын азайтады, әсіресе орто (о-) және пара (п-) – орындарда, сондықтан бұл орындарда электрофильдік орынбасу реакциясының жүруі қиындайды, электрофиль мета (м-) орынға барады.
CI
O
CI C CI - I N - I; - M
O
+δ +δ +δ +δ
-δ -δ -δ -δ
+δ +δ
Динамикалық фактор – реакция кезіндегі молекуладағы электрон
тығыздығының таралуы. Динамикалық фактор реакция кезінде түзілген σ – комплекстің тұрақтылығымен анықталады.
Электрондонорлы орынбасарлар σ – комплекстегі оң зарядтың (+) таралуын жеңілдетеді, σ – комплекстің тұрақтылығын арттырады, электрофильдік орынбасу реакциясының жүруін жеңілдетеді.
орто -
σ – комплекс
пара-
σ – комплекс
мета-
σ – комплекс
Сонымен о – және п – σ – комплекстер м – σ – комплекспен салыстырғанда тұрақты, себебі оң зарядтың (+) бензол сақинасында таралуына (делокализациялануға) мүмкіндік о - және п – σ комплексте (ІV – аралық күй) м – σ – комплекспен (ІІІ – аралық күй) салыстырғанда жоғары.
Электронакцепторлы орынбасарлар о – және п - σ – комплекстердің тұрақтылығын м - σ – комплекспен салыстырғанда кемітеді.
Себебі о – және п - σ – комплекстерде энергетикалық тиімсіз ІІІ – нші аралық күй түзіледі. Сондықтан электрофиль мета – орынға бағытталады.
орто
σ – комплекс
пара
σ – комплекс
мета
σ – комплекс
Достарыңызбен бөлісу: |