|
Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе
|
бет | 38/48 | Дата | 29.09.2022 | өлшемі | 250,7 Kb. | | #39454 |
| ОФД,Лекция жинағы, 2022ж. (1)Жүрек қасиеті: Қозғыштық – жүректегі электрлік, механикалық, температуралық, химиялық тітіркендіргіштердің әсерінен әрекетті, белсенді күйге көше алады. Қозуды өткізгіштік – серпіністерді тасымалдау. Жүрек автоматизмі – жүректің өздігінен жиырылуы. Жиырылғыштық – жүрек талшығының қозуға жауап беруі немесе жүрек бұлшықетінің қысқаруы. Рефрактерлік – жүрек талшығының қозбауы.
Жүректе пайда болған әрекет потенциалы бүкіл денеге тарайды, сондықтан арнайы сезімтал аспаптарды пайдалана отырып, осы потенциалдар толқынын қисық сызық бейнесінде жазып алуға болады. Жүрек еттеріндегі биоэлектрлік құбылысты зерттейтін әдісті электрокардиография, биотоктарды зерттеуде қолданылатын аспапты –электрокардиограф, ал биотоктарды бейнелейтін қисық сызықты –электрокардиограммадеп атайды.Жүректегі биоэлектрлік құбылыс – немесе жүректі зерттеу тәсілдері – электрокардиограмма (ЭКГ), вектрокардиограмма, фонокардиограмма.
Жүректің жиырылу жиілігін ЭКГ-дан білуге болады. Егер R-R тісше аралығы жақын болса, 80 соққыдан жоғары болса, тахикардия болғаны, ал R-R тісше аралығы алыс болса, 60-80 соққыдан төмен болса,брадикардия болғаны.
2. Қан тамырлары және қанның ағу себептері. Қанның жүректен капиллярларға ағатын тамырларды артериялар, ал тамыр арқылы қан жүрекке ағатын тамырларды вена деп атайды. Артериялар мен веналар капиллярлар арқылы жалғастырады. Бұлардың қабырғалары тек бір қабат эндотелийден құралғандықтан, капилляр қабырғалары арқылы зат алмасуы болады.
Тамырлар арқылы қан бір бағытта және үнемі ағып отырады. Бір бағытта қанның ағу себебі қан тамырларындағы қысым мөлшеріне және веналардағы бір жаққа ашылатын қалталы қақпақтарға байланысты. Қан тамырларға жүрек жиырылған кезде ғана құйылады да, олардың қабырғалары иілгіш болғандықтан кеңейеді. Ал, жүрек босаңсыған кезде ірі артериялар қабырғалары тарылып, қанды артериялар мен капиллярларға қарай жылжытады.
Қан ағысының негізгі себебі тамырлардағы қысым мөлшерінің әр түрлі болуынан. Қан қысымы дегеніміз жүрек жиырылғандағы қанға берілетін потенциальды энергия. Бұл энергияның мөлшері қан тамыры жүректен алыстаған сайын кеми береді.
Артериялық қысым қ.ж. 120/80 мм сынап бағанасында болады. 120 – систолалық қысым немесе жиырылу, 80-диастолалық қысым немесе босаңсу. Орташа қысым 120-80=40 мм сынап бағанасы.
3. Қан айналымының реттелуі. Қан айналуы тамырларды қозғалатын жүйкелер мен гуморальді факторлар арқылы реттеледі. Тамырлардың қалыпты жағдайын реттейтін жүйкелер тамырды тарылтатын және кеңейтетін болып екіге бөлінеді.Симпатикалық жүйкелерқантамырларды тарылтады, алпарасиматикалық жүйкелеркеңейтеді. Тамырларды кеңейтетін заттарға жататындардың бірі – гистамин. Ол қарын мен ішек қабырғасында пайда болады.
Қан қысымы депрессорлық және прессорлық рефлекстер арқылы реттелінеді. Депрессорлық жүйкесі сопақша мидан басталып аорта қабырғасы арқылы жүректің сол қарыншасын эпикард астында орналасқан. Бұл жүйке аортадағы қан қысым мөлшерін реттейді. Жалпы ұйқы артериясының екіге бөлінетін жерінде синускаротид аймағы орналасқан. Бұл аймақ тіл-жұтқыншақ жүйкелерін әр түрлі рецепторларынан құралған. Ұйқы артериясында қан қысымы көтерілген кезде тіл-жұтқыншақ жүйкесінің барорецепторлары тітіркеніп, осы арқылы сопақша миға беріліп, артерияға жауап кезеген жүйке арқылы жеткізіліп, артерия кеңейеді де, қысым мөлшері төмендейді.
4. Лимфа және лимфа айналымы. Лимфа – лимфа тамырлары мен лимфа түйіндеріндегі сұйық зат. Ол ұлпалық сұйықтың лимфа капиллярларына өтуінің нәтижесінде пайда болады. Лимфа ішкі ортаны қанмен байланыстырады. Лимфаның негізгі қызметі – белоктарды ұлпа аралық қуыстан қанға қайтару. Ол ағзада суды таратуда, сүт түзуде, асқорыту, зат алмасу процестерінде маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|