Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе


Дәріс № 8-9 Дәріс тақырыбы: Қан және қан айналу жүйесінің физиологиясы, оның жасқа байланысты дамуы



жүктеу 250,7 Kb.
бет28/48
Дата29.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#39454
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж. (1)

Дәріс № 8-9

Дәріс тақырыбы: Қан және қан айналу жүйесінің физиологиясы, оның жасқа байланысты дамуы.
Дәріс мақсаты: Қан, оның құрамы, қызметі, қан топтары, қанның қан тамырлар арқылы қозғалуы, жүрек құрылысы мен қызметі, жүрек-тамыр жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктерін, гигиенасы туралы білімдерін кеңейту.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

  1. Қан құрамы және топтары.

  2. Жүректің құрылысы мен қызметі.

  3. Қан айналу жолдары.

  4. Жүрек-тамыр жүйесінің гигиенасы.



1.Қан және қанның негізгі қызметтері, қан құрамы мен мөлшері. Қан, лимфа және ұлпаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Қан адам және жануарлардың тіршілігіне қажетті аса маңызды сұйық ұлпасы. Қанның физиологиялық қызметтері:

  1. Тыныс алу (оттегіні өкпеден ұлапаларға және көмірқышқыл газын ұлпадан өкпеге тасымалдау);

  2. Трофикалық (асқорыту органдарынан ұлпаларға қоректік заттарды, минералды тұздарды, дәрумендерді жеткізу);

  3. Экскреторлы (метаболизмнің артық өнімдерін ұлпалардан шығару);

  4. Термореттеуші (қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады);

  5. Гомеостатикалық (организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайды);

  6. Қан мен ұлпа арасындағы су-тұз алмасуын реттеу;

  7. Қорғаныш (клеткалық және гумаралдық иммунитет, қан ұюға қатысады).

  8. Гуморалды реттеу (гормондар мен медиаторларды тасымалдау);

  9. Креаторлы (клеткааралық ақпараттардың алмасуын қамтамасыз ететін макромолекулаларды тасымалдау).

Ересек адам организмінде шамамен 4-6 л болады.
Қан реакциясы – рН сутегі (Н+) және гидроксил (ОН-) иондарының арақатынасына байланысты (7,36-7,42). Қышқыл жағына қарай ығысуы – ацидоз, сілті жағына қарай ығысуы – алкалоз деп атайды. Осы деңгейде сақталу қанның буферлік қасиетіне байланысты болады:

  1. Гемоглобин

  2. Карбонаттар

  3. Фосфаттар

  4. Плазма белоктары


жүктеу 250,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау