|
Дәріс №2 химиядағы элементар процестер
|
бет | 10/10 | Дата | 27.09.2023 | өлшемі | 0,57 Mb. | | #43563 |
| 812514059089 Дәріс 2 химфизика6. Гетеролиздік реакциялар
Байланыстардың үзілуі мен түзілуі электрон жұбының сақталуымен өтетін реакциялар гетеролиздік реакциялар деп аталады. Олардың негізгі типтері:
гетеролиздік диссоциация:
X-Y → Xˉ + Y+
немесе A-H → Aˉ + H+
Мысалы: карбанионның түзілуі R-Me → Rˉ + Me+
карбкатионның түзілуі (CH3)3CBr → (CH3)3C+ + Brˉ
C6H5CH2Cl → C6H5CH2+ + Clˉ
Егер түзілген органикалық ион тұрақсыз болса, ол ион мен молекулаға ыдырайды. Протонның бөлінуі ионның еріткішпен реакциясы сияқты жүреді.
Мысалы, карбкатион олефин мен сутегі катионын түзе ыдырайды:
CH3CH2+ → C2H4 + H+
Карбанион олефин мен басқа анионға ыдырайды:
C6H5CˉHCH2OH → C6H5CH═ CH2 + OHˉ.
OH2+ тобы бар иондар су түзе ыдырайды:
NO2OH2+ → H2O + NO2+
RCOOH2+ → H2O + RCO+
ROH2+ → H2O + R+.
гетеролиздік ассоциация (координация) – гетеролиздік диссоциацияға қарама – қарсы реакция, мұнда екі бөлшек бір бөлшектің электрон жұбы арқылы химиялық байланыс түзе қосылады:
(CH3)3C+ + OHˉ → (CH3)3COH
гетеролиздік қосылу:
BF3 + NH3 → F3B:NH3
Катиондар қос байланысы немесе бөлінбеген электрон жұбы бар гетероатомы бар молекулаға қосылады:
NO2+ + C6H6 → C6H6NO2+
RCO+ + R/OH → RCOOR/H+
(CH3)3C+ + C6H6 → (CH3)3CC6H6+
Аниондар еселік байланыстар бойынша және сыртқы электрон қауызында бос орбитальдары бар атомдарға қосылады:
HOˉ + C6H5CHO → HOCH(C6H5)Oˉ
CNˉ + (CH3)2C═O → (CH3)2C(CN)Oˉ
ROˉ + CH2═CH-CHO → RO-CH2- CH═C-Oˉ
гетеролиздік орын басу:
Aˉ + BC → AB + Cˉ немесе Bˉ + AC → AB + C+
Мысалы: OHˉ + CH3Br → CH3OH + Brˉ
Brˉ + C6H6 → C6H6Br+ → C6H5Br + H+
иондық қайта топтасу – зарядтың бір атомнан екінші атомға ауысуы, бұл кезде бүтін бөлшек ретінде ион сақталып қалады:
(CH3)3C-CH2+ → (CH3)2C+- CH2CH3
Үшіншілік карбкатионға қарағанда тұрақтырақ, сондықтан изомерлену қайтымсыз өтеді:
RCH═N+ → R-C+ ═NH
C6H5CˉHOCH3 → C6H5CH(CH3)Oˉ
иондардың рекомбинациясы
Анион – радикалдардың жұптаспаған электроны болғандықтан бос радикалдар сияқты димерленеді:
2(C6H5)2CˉCH2• → (C6H5)2CˉCH2CH2Cˉ(C6H5)2
және диспропорциялану реакциясына түседі:
2C14H10• → C14H10²ˉ + C14H10.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|