Дәріс 11: Теориялық зерттеу әдістері



жүктеу 17,75 Kb.
бет2/2
Дата24.11.2022
өлшемі17,75 Kb.
#40323
1   2
зерт мад

Жіктеулік талдау - құбылыстарды жіктеуге, реттеуге, қайталану немесе ұқсастық негізіне байланысты бөлуге мүмкіндік береді.
Объект қатынастарын талдау. Объект қатынастарын талдау негізінде біз берілген объектілердің даму үрдісін зерттейміз және бүл кезде қарапайым салыстырумен жіктей алмаймыз. Қатынастарды талдау нәтижесі болып құбылыстың туындауы мен өту шарттары немесе құбылыстар арасындағы байланыс қызметтері туралы білім болып табылады.
Себептік талдау құбылыс, ғылыми заңдар себептері, бастапқы және тәуелді себептерден тұратын қатынастарға жол ашады. Алайда, себептік талдау педагогикалық құбылыс себептерін анықтауға көмектеседі, бірақ олардың салдарын табуға мүмкіндік бермейді. «Себеп- салдар»- бұл жүйелік ұғым: сыртқы әсер (себеп) - бұл күрделі үрдістер жүйесіне әсер ету, нәтижесінде ол өзгереді. Үрдістің өзгеруінің өзі салдар болып табылады. Себеп-салдарлы қатынастарды талдау үшін диалектикалық талдауға жүгінеді.
Сонымен, жіктеулік талдау нәтижесінде классификация мен типлология пайда болады; себептік талдау нәтижесінде – құбылыстардың пайда болу жағдайы мен міндеттері анықталады; Себептік талдау нәтижесінде педагогикалық құбылыстардын себебі анықталады; диалектикалық талдауға нәтижесінде - құбылыс арасындағы себеп- салдар қатынастар анықталады.
Алайда, зерттеудің талдау әдістерін абсолюттеу мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық құбылыстарды, педагогикалық үрдістерді оқу арқылы біз кең, жүйелі байланыстарға көңіл аударып, оның ішкі логикасын, біртұтас заңдылығын және оның барлық бөліктерінің байланысын түсінеміз. Талдау мен синтез қатынасы осылай қалыптасады.
Салыстыру әдісі – объектілердің ұқсастығын анықтау мақсатымен жүргізілетін салыстыру әрекеті
Салыстырусыз жалпылау болмайды. Түрлі объектілерді салыстыру арқылы олар туралы көптеген мәліметтер алуға болады.
Белгілі құбылыстарды салыстыру үшін зерттеуші олардың бұрын анықталған қасеттерді бөліп шығарып, салыстырылатың нысындарда олар қалай көрсетілгенін орнатады. Белгілер нақтырақ болған сайын құбылысты салыстыруда жеңіл болып келеді. Салыстыру талдаумен және синтезбен тығыз байланысты.
Педагогикалық зерттеуде салыстырудың үш түрін қолданамыз:
1. Педагогикалық құбылыстарды бір ғана белгімен салыстыру (тәжірбиелік оқытудан кейінгі бақылау жұмыстарының жауаптарын, тест нәтижелері);
2. Бір типті педагогикалық құбылыстарды бірнеше белгілер арқылы салыстыру;
3. Бір педагогикалық құбылыстың дамуының түрлі кезендерін салыстыру;
Индукция (лат.inductio-жетелеу)- кейбір жағдайлар болжамының нақты шешімге келуі. Бұл жеке құбылыстан жалпы ой қорытындысы болып табыады.
Бұндай қорытындыға келу үшінзерттеліп отырған элементтіңбар байланыстарын тереңінен оқытуды қолдайды. Индукция- берілген тәжірбие негізіндегі жалпылау, белгісізден белгіліге ауысуды эмпирикалық бөлігінің жиынтығы, бұл эмпирикалық деңгейден теориялық деңгейге жетелеуші танымның қозғалыс формасы. Индукцияның мақсаты- құбылыстар болмысына ену, олардың заңдылықтарына жету. Индукция- жекеден ортаққа ауысу нәтижесі.
Ғылыми зерттеуде индукциямен дедукция тығыз байланысты.
Дедукция- жалпыдан жекеге, яғни берілген білім пәні классынан бірлікке деген ой тұжырым; ортақ пікірден жеке ойға келу;
Индукция мен дедукция арасындағы байланыс келесілерден тұрады: біреуі екіншісін танымның эмпирикалық және теориялық деңгейінде толықтырады; индукцияға дедукция элементтері кіред; дедукция индукция нәтижелеріне сүйенеді.
Педагогикалық зерттеуді жасаушы күшті құралдардың бірі модельдеу болып табылады. Модельдеудің маңызды жағ ақпаратты біртұтас көрсету. Модельдеу синтетикалық жолға негізделеді: біртұтас жүйелерді бөледі және олардың қызметін зерттейді.
Модельдеу әдісі болып жалпы ғылыми әдісті жатқызуға болады. Онда таным объект оқытылмайды, оның модель түріндегі көрінісі оқытылады, бірақ зерттеу нәтижесі модельден объектіге ауысады. Модельдеу танымның әдісі ретінде тікелей зерттеу түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда ұсынылады.
Модельдеу- теориялық зерттеу әдісі. Модельдеу ғылыми танымның зерттеу объектілерін жасап, зерделеу арқылы түсіндіріледі.
Ғылыми модель- бұл ойша келтірілген немесе материалды түрде жүзеге асырылған жүйе және модельді оқыту объект туралы жаңа ақпарат алуға мүмкіндік береді. Модельдеудің басты ерекшелігі- ақпаратты біртұтас елестету.
Модельдеудің бірнеше түрлерін атап кетуге болады:
1. Заттық модельдеу (мысалы, кәсіби мектептің ғимаратын жобалау арқылы осы ғимараттың моделіне жүгінеді)
2. Белгілік немесе ақпараттық модельдеу (сызбалар, формулалар, алгоритмдер, зерттеу жоспары мен құрылымы0
3. Ойлау моделі (мысалы, орта жалпы білім беру мектебінің жеке түлегінің моделі, белгілі мамандықтығы жоғары оқу орнының түлегінің моделі және т.б.)
Модельдеу- педагогикалық зерттеудің аз кездесетін түрі. Дипломдық жұмыс кезінде міндетті түрде оған жүгінуге болады. Дайын курстық жұмысты және дипломдық жұмысты рәсімдегенде міндетті түрдеайқын жоспарды, құрылымды, мәтіннің ойша моделін өңдеу қажет.
Кейде модельдеуді қолдану үшін педагогикалық түсініктер жеткіліксіз болып келеді. Модельдеу көптеген жалпыпедагогикалық мәселелерді шешудегі теориялық зерттеу әдісі болып табылады.
Модельдеу әдісі түрлі құбылыстарды болжаудағы барлық жағдайларды талдауға және бақылау мен өлшеу жүргізуге болатын таптырмайтын құрал болып саналады. Педагогикада модельдеу ғылыми зерттеу ретінде, зерттеу пәні ретінде және болмыс құралы ретінде де қызмет етеді.
Соңғы уақыттағы педагогикалық модельдер дидактикалық құбылыстарға жатады. Тәрбиелеу үрдістері модельдеуде толық зерттелмейді. Дидактикада модельдеу көптеген міндеттерді шешуде қолданылады: оқулық материалдары құрылымын оңтайландыру, оқу үрдісін жоспарлауды жақсарту, болмыс танымын басқару,оқу- тәрбие үрдісін басқару, оқу жоспары, диагностикасы және болжау,
Модельдеу жемісті әдіс болып саналады, бірақ мәселесі көп. Модельдеу мәселесі өзінің тартымдылығына қарамастан жүйені толықтай қамтиды. Нәтижесінде модельденген қызметпен байланысы жоқ, бұрмаланған модельдер пайда болады. Оларды зерттеу- уақыт пен күшті босқа жоғалту: бірінші модельдің дұрыстығын дәлелдеу керек.
Педагогикалық зерттеудегі теориялық әңгімені аяқтай отырып, оның бір бірімен байланысу арқылы қолданылатынын ескеру қажет.
жүктеу 17,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау