FTP -да клиент б.т (FTP- клиент) программаның болуы;
FTР қызметтерін көрсетуді қамтамасыздандыратын (FTP-сервер) сервермен байланыс орнату;
ІР адресі екі бөлімнен тұрады: желі адресі және хост нөмірі. Хост деп тек қана желідегі компьютерді түсіну емес, сонымен қатар өзінің желілік интерфейсі бар кез келген құрылғыны айтады. ІР адресінің құрылысын өңдеу кезінде олар әр түрлі қолданылады деп болжайды. А класының адресі ортақ үлкен желіде қолдану үшін жасалған. В класының адресі орташа өлшемдегі желіде қолдану үшін арналған (жоғары оқу орындарында, үлкен мекеме және кәсіпорындар желісінде) С класының адресі компьютерлер саны аз желіде қолдануға арналған. ІР хаттамаы ІР технологиясының үш негізгі компонентін суреттейді: ІР пакетінің форматы, ІР адресінің форматы және ІР пакетінің маршруты.
Ұзындық пакетпен (байтпен) өлшенеді. Идентификация жолы хабарламаны жинау кезінде көмеектесуге арналған. Флагтар жолы хабарламадағы датаграманың орынын анықтайды.Сақталу уақыты жолы мерзімда анықтауға арналған.Одан кейін пакет желіден жойылуы керек.
Хаттама жолы датограмма типін анықтайды.Бақылау сумма жолы пакет тақырыбы бойынша есептелінеді. Қабылдаушы адрес жолы жіберушінің ІР адресі. Толтырушы – тақырыпты 32 биттік шекараға түзеу үшін қолданады. Опциялар пакеттердің трассирофкасы үшін қолданылады.
TCP/IP хаттамалар негізінде Internet – тің басқа да қосымша протоклдары жүзеге асырылады. Internet – та электрондық почтаны қамсыздандыру үшін SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) арнайы хаттама өңделген. Ол қабылдаушының машинасымен байланысты орнатады және On – Line режимінде почтаны жібереді.
Internet – те почталық хаттаманың денесін бейнелейтін MIME стандарты қолданылады. ASCII кодтаудың 7 биттік текстік ақпаратты жіберуді қамтамассыз ететін RFC-822 стандартынан айырмашылығы MIME стандарты жіберуші машинаға электрондық хаттың тақырыбында ақпараттық бірліктіңтипін көрсетеді. Ол қабылдаушы машинаға дұрыс интепритацияны қамтамассыз ету үшін керек. Қазіргі уақытта хат денесінде беру мүмкіндігі бар деректердің түрлері қолданылады:
Текст (Text)
Аралас тип (Multipart)
Почталық хат (Message)
Графикалық бейне (Image)
2. Стандарт бойынша халықаралық ұйым (International Standarts Organization - ISO) есептеу желілері үшін халықаралық стандарт құру мақсатымен, 1984 жылы ашық жүйе әрекеттестігінің (Open System Interconnection) үлгісін жасап шығарған.
Ашық жүйелер әрекеттестігінің (АЖӘ) үлгісі операциялық жүйелер, жүйелік утилиттер және жүйелік аппараттық құралдар арқылы жүзеге асырылатын әрекеттестіктің тек жүйелік құралдарын сипаттайды
АЖӘ-нің үлгісі – есептеу желісі жұмысының жеті деңгейлі логикалық үлгісі (1-сур). АЖӘ-нің үлгісі байланыстың бірнеше деңгейге біріктірілген хаттамалар мен ережелер тобы болып саналады. Әрқайсысы өзінен төмен орналасқан деңгейге сүйенеді. Сервис әрбір деңгейдің қандай қызмет атқаратынын анықтайды, бірақ оның қалайша жүзеге асырылатынын көрсетпейді.
Деңгейлердің өзара әрекеттестігі тиісті хаттамалармен қамтамасыз етіледі.
Хаттамалар сервистің жүзеге асырылуын анықтайды.
Әр екі деңгей арасында интерфейс бар. Ол төменгі деңгей жоғарғы деңгейге қандай қарапайым операциялар мен қызметтер өтей алатындығын көрсетеді.
Пайдаланушылардың деректерді жоғарғы деңгейден бастап бір деңгейден екіншісіне жіберген кезде, әрбір деңгей хабарға өзіндік бастамасын (Header) қосып отырады. Осылайша дестені дайындау үрдісі инкапсуляция (encapsulation) деп аталады. Осы үрдіс арналық деңгейге жеткенше қайталанады да, бастапқы хабар қосылған бастамалар жиынымен бірге физикалық деңгейді қолдана отырып келесі түйінге жеткізіледі.(1-сур.)
Қабылдауышқа келіп түскен ақпаратқа талдау жүргізіліп, хабар жіберуші жақта қосылған бастамалардан тазартылады. Символдық ақпаратты тасымалдау 8-биттік кодалау арқылы жүргізіледі.
1-сурет. АЖӘ жұмысы
Достарыңызбен бөлісу: |