Желілік хаттамалар байланыс қызметін қамтамасыз етеді. Бұл хаттмалар мәліметтердің бірнеше типтерін басқарады: адрестеу, қатені тексеру, маршруттеу т.б. одан басқа желілік хаттамалар нақты бір желілік ортада байланысты орнатуға арналған ережелерді анықтайды, мысалы Ethernet немесе Token Ring. Белгілі желілілік хаттамаларға мыналар жатады:
IP (Internet Protocol) — TCP/IP-пакеттерді тасымалдауға арналған хаттамалар;
IPX (Internetwork Packet Exchange) — пакеттерді тасымалдауға және маршруттауға арналған NetWare фирмасының хаттамсы;
DDP (Datagram Delivery Protocol) — AppleTalk-мәліметтерді тасымалдау хаттамасы;
Қолданбалы хаттамалар қолдануға желілік ресурстарға кіруді және мәліметттерді жіберуді жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Желіаралық хаттамалар әртүрлі аумақтық желілер арасындағы хаттамаларды жіберуді ұйымдастыруға көмектеседі. Солардың ең көп таралғаны әлемдік ғажап желісі Internet- ті қолданылатын IP(Internet protocol).
Достарыңызбен бөлісу: |