Дәріс 1 Тақырыбы: Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорынның орны және оны жоспарлау негіздері



жүктеу 22,57 Kb.
бет1/3
Дата01.04.2022
өлшемі22,57 Kb.
#37976
  1   2   3
Лекция 1


Дәріс 1

Тақырыбы: ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ


КӘСІПОРЫННЫҢ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ


Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
Жоспар :

1. Жоспарлау түсінігі

2. Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіптің орны мен ерекшеліктері

3. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі
Мамандық бойынша өнеркәсіптік кәсіпорынды жоспарлау курсының негізгі міндеті –болашақ мамандарды, кәсіпорынның тиімді даму жолын қалай анықтауды, өндірістің экономикалық өсуінің қарқынын қамтамасыз ету мен өнім сапасын жақсартуды, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, еңбек өнімділігі өсуінің жолдарын таба білуді, айналым шығындары мен өнімнің өзіндік құнын азайтуды және осы негізде өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселелерін көтеру мәселелерін шешуге үйрету болып табылады.

кәсіпорынды жоспарлау, ғылым ретінде, объективті экономикалық заңдардың қызметі мен олардың іс-әрекетін зерттейді. Жалпы экономика заңдарын, индустриалды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасын басшылыққа ала отырып, өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы нақты жағдайлардағы олардың қызметтерінің айрықша екендігін ашып көрсетеді, өндірістік-шаруашылық тәжірибедегі пайдалану әдістерін үйретеді.


1. Жоспарлау – бұл болашақта өндірістің дамуы мен қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, шешімдерді дайындау мен қабылдау процесі.

Жоспарлы шешімдердің объектілері: мақсат қою және өндірістің стратегиясын дайындау, өндіріс қызметінің ішкі және сыртқы орта жағдайлары өзгерістеріне сай ресурстарды (материалдық, ақшалай, еңбектік) бөлу және қайта бөлу.

Кең мағынада, осындай шешімдерді қабылдау, жоспарлы шешімдердің маңызды жағы болып табылады.

Ал тар мағынада, жоспарлау дегеніміз алдағы (жоспарлы) кезең ауқымында алда тұрған мақсаттарға жету үшін өндірістің нақты іс-әрекетін анықтайтын арнайы жасалған құжаттар.

Өндіріс ішіндегі жоспарлау келесідей негізгі міндеттерді орындайды:

оның қызметінің мақсатын және оған жетуге көмектесетін нақты міндеттерді құрады;

өндірістің және оның басқару жүйесіндегі құрылымды қайта құру үшін қажетті негізді құрайды;

осы мақсатарға жету процесінде жұмысшылардың қызметін үйлестіру үшін негіз құрады;

шешімдердің жақсы нұсқасын таңдауды қамтамасыз етеді;

өндіріс қызметінің нәтижесін бағалауға көмектеседі, стандарттар мен көрсеткіштер жүйесін құрады.




жүктеу 22,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау