Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың



жүктеу 230,02 Kb.
бет25/41
Дата05.10.2022
өлшемі230,02 Kb.
#39522
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

Дәріс №7
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.

  1. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң.

  2. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру.

  3. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау.

  4. Президенттің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы: «Қазақстан – 2030» және : «Қазақстан – 2050»



1.«ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Мелекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы тарихи құжат болды. Заң КСРОның құлауына байланысты қабылданды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп танылды. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Конституциялық заңға сәйкес өз аумағында бүкіл өкімет билігін толық иеленеді, ішкі және сыртқы саясатты дербес белгілеп, жүргізеді. Конституциялық заңда мемлекеттік тәуелсіздіктің маңызды принципі орнықтырылды. ҚР-ның бүкіл аумағында оның Конституциясы мен заңдары қолданылады. Қазақстан Республикасының аумағы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігі басқа мемлекеттердің тануы үшін Қазақстан Республикасының ашық екені жарияланды. Конституциялық заңның бірқатар ережелері Қазақстан Республикасының халқы мен азаматтарының мәртебесіне арналды. Қазақстан халқы республикада егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады және ол тікелей де, өздері сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да жүзеге асырады. Республиканың барлық азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтарды иеленіп, бірдей міндеткерлікте болатыны мойындалды. Азаматтық тең құқылыққа қол сұғушылықтың заң бойынша жазаланатыны ерекше атап көрсетілді.
«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заңда мемлекеттік билік органдары хақында бірқатар жаңа құқықтық нормалар баяндалды. Декларацияның мемлекеттік егемендік, мемлекеттік билік туралы ережелерін жаңғырта отырып, Конституциялық заң, Декларацияда көрсетілгендей, тек Жоғары Кеңестің ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің де халық атынан сөйлеу құқығын баянды етті. Қазақстан Республикасының Конституцилық Соты - Конституцияны сот арқылы қорғайтын жоғары орган болып танылуы өз алдына жаңа ереже болды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты 1992 жылы құрылып, 1995 жылға дейін жұмыс істеді. Конституциялық заңға сәйкес жер және оның қойнауы, су, әуе, кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует Қазақстан Республикасының айрықша меншігіне берілді. Аталмыш объектілердің бәрі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрайды. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының өзінің қаржы-несие, ақша, салық және кеден жүйесін құруға, сондай-ақ өзінің алтын қорын, алмаз және валюта қорын құруға құқығы бекітілді. Сөйтіп Конституциялық заң жаңа тәуелсіз мемлекет құрудың негізін қалады, оның басты нысандарын айқындайды.
Конституциялық заңда мемлекеттік тәуелсіздікті қорғауды ұйымдастыру мәселеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында дербес қарулы күштерін құрады және өз аумағында әскерлерді, қару-жарақ пен техниканы орналастыру мәселелерін шешеді. 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз, егеменді Казақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясын қабылдады. Ол жаңа тәуелсіз мемлекеттің орнатуында және Республика заңдарының қалыптасуында белгілі бір тарихи рөл атқарды. Қоғамды түбегейлі қайта құрудың қажеттілігі жаңа Конституцияны әзірлеуді талап етті, ол 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданды. 1998 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша Парламент Конституцияға Парламенттің өкілеттіктерін, қоғамдық өмірдің демократиялық негіздерін кеңейткен жиырмаға жуық өзгерістер мен толықтылулар енгізді. Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2007 жылғы 21 мамырда Республика Парламенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Заң қоғамдық құрылысқа бірқатар елеулі өзгерістер енгізді. 1995 жылғы ҚР-ның Конституциясы кіріспеден, тоғыз бөлімнен және 98 баптан тұрады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің жоғары құндылықтары деп жарияланды. Мемлекеттік билік Конституция мен заңдар негізінде оның заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Конституция идеологиялық, саяси әралуандықты жариялады, ол түрлі сасяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік және жеке меншікті мойындау әрі тең дәрежеде қорғау туралы ереже елеулі ереже болып табылады. Жер және оның қойнауы, суы, өсімдіктер мен жанурлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігінде саналады. Конституцияда жердің заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін екені көрсетілген. Осы ережеге сәйкес жер кодексі қабылданды, онда жердің жеке меншікке берілуі көзделді.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы қыркүйектің 22-сіндегі кезектен тыс 14 сессиясында «Тіл туралы заң» қабылданды. Конституцияда азаматтық алу және оны тоқтату туралы, азаматтардың жекебасылық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ олардың міндеттері туралы нормалар баяндалған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың материалдық, саяси заңнамалық кепілдіктеріне, сондай-ақ ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Қос азаматыққа жол берілмейді. Қазақстан Республикасынын Конституциясы мемлекеттік органдар жүйесін, олардын өкілеттіліктерін орнықтырды. Олардың бәрі бірыңғай мемлекеттік билікті кұрайды. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандары негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Президенттің барлық заңдары, жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, барлық мемлекеттік органдардың басқа да нормативтік құқықтық актілері оның нормаларына негізделуге, оған қайшы келмеуге тиіс. Азаматтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын Конституциясының тиісті ережелеріне сүйене отырып, сот пен басқа да органдар да қорғауға құқылы. Ал мемлекеттік органдар даулы мәселелерді шешу кезінде Конституция нормаларын қолдана алады. Қазақстан Республикасының халықаралық шаралары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы республика қызметінің іргелі принциптерін тұңғыш рет тұжырымдады, олардың жаңа мемлекет пен қоғамды құруда және қызметінде айрықша маңызы бар. Қазіргі барлық саяси, қоғамдық бірлестіктер, соның ішінде оппозициялық бірлестіктердің де қызметі аталмыш мақсаттарға қол жеткізуге бағытталуға тиіс. Ұлттық қауіпсіздікке жахандық қауіп төніп тұрған жағдайда саяси, діни экстремизм мен лаңкестік жағдайында мұны мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік түрлі міндеттерін жүзеге асырудағы өзара іс-қимылының кең аясында қарау керек. Мемлекеттің экономикалық дамуы іргелі принциптерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік экономикалық қатынастарды ырықтандыру экономиканы ретке келтіріп отыратын мемлекеттік тетіктің жоқтығын білдірмейді. Экономикалық қатынастарды реттеу тұтастай алғанда экономиканың дамуына жәрдемдеседі. Мемлекеттік меншік тек оның қожайындарының мүдделері үшін ғана пайдаланылып ғана қоймай, сонымен бірге бүкіл қоғамның экономикалық дамуына да қызмет етуге тиіс. Мемлекет пен қоғам осы әлеуметтік-экономикалық сананың енгізілуі туралы, қалыптасу бағытында жұмыс істеуге тиіс. Сөйтіп, мемлекетті ұйымдастыру мен оның қызметінің жаңа принциптері Конституциялық тұрғыдан орнықтырылды.

жүктеу 230,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау