Бақылау жұмысы:
CorelDRAW экран элементтерін ата?
Түстіе модельдері қандай?
CorelDRAW12 бас терезесін он негізгі элементтері қандай?
Дәріс№22. Векторлық графикалық файлдар форматтары
WMF форматы
CDR форматы
PDF форматы
Векторлық форматтың растрлық форматтан айырмашылығы, векторлық графика ауқымында әр түрлі платформада, әр түрлі программаларда қолданылатын стандартты форматтардың жоқтығы деп айтуға болады. Векторлық суреттерді салудың арнайы алгоритміне сәйкес барлық векторлық графикалық программалардың өз форматтар болады. Векторлық форматтағы файлдар суреттерді сипаттаудан тұратын графикалық примитивтер құруға арналған командалр жиынынан және бірқатар қосымша ақпараттардан тұрады.
Әр векторлық формат командалр жиынымен және оларды кодтау тәсілімен ерекшеленеді. Бірақ векторлық графикада кейбір кездерде файлдарды әртүрлі қосымшаларда тасымалдау қажеттілігі туған жағдайда өздерінше стандарты болып табылатын WMF, CDR, AI форматтары қолданылады. Сонымен қатар, векторлық және растрлық суреттермен жұмыс істеуге арналған әмбебеп файлдар форматтары да бар, олар: EPS, PDF. Кез – келген векторлық форматтағы файлдарда растрлық графикалық суреттерді сақтауға болдаы. Бірақ ол түстің бұрмалануына әкеліп соқтырады, сондықтан да егер сурет векторлық нысандардан тұрмайтын болса, онда растрлық форматты қолданған тиімді.
WMF (Windows Meta File) форматы. Бұл Windows операциялық жүйесінің векторлық форматы. Онда барлық векторлық суреттер программадан программаға ауыстыру буфері арқылытасымалданған кезде конверттеледі. WMF форматының көмегімен векторлық картографиялық суреттерді Windows – тың офистік қосымшаларына экспорт жасағанда қолданылады.
Кемшілігі: полиграфияда қолданылатын стандартты түстік палитрамен жұмыс істеу мүмкіндіг жоқ.
CDR (CorelDraw Document) форматы. Ол – танымал Corel Draw графикалық редакторынын жұмыс форматы. Формат векторлық растрлық графиканы және мәтін жазуға мүмкіндік береді. CDR файлдарының жұмыс алаңы – 45 метр, мысалы сыртта ілінетін жарнамаларды құруға қолданылады. CDR форматының кемшілігі, талап ететін жадының үлкен көлемі және әртүрлі версия форматтарының үйлесімсіздігі.
AI (Adobe Illustrator Document) форматы. Бұл Adobe Illustrator графикалық пакетінің негізгі форматы. АІ форматы CDR форматына қарағанда әлсіздеу. Онда тек қана бір рет қана сақталады. Оның жұмыс алаңы – 33 метр. Ол барлық басылымдық – полиграфиялық қосымшаларда қолданылатын Adobe фирмасының Post Script тілімен үйлесімді.
EPS (Encapsulated Post Script) форматы. Файл атының кеңейтілуі .EPS. Ол Post Script тілінде векторлық және растрлық суреттерді сипаттау форматы, сонымен қатар әмбебап формат. Графикамен жұмыс істейтін барлық программалар бұл форматтағы файлды сақтай және оқи алады. EPS форматында бірмезгілде векторлық, растрлық графика, түстер, қаріптер сақталады. EPS форматы растрлық суреттермен шектелген векторлық контурды да сақтай алады. Фотосуретті кез-келген формада,мысалы овал түрінде алуға болады.Ол үшін EPS форматы экранда векторлық графиканы шығару үшін WMF форматын,ал расторлық графиканы шығару үшін TIFFматын қолданады.Бірақ экрандағы көшірмеде нақты суретті жалпы кескінде береді,бұл EPS форматының кемшілігі болып табылады.
PDF (Portable Document Format) форматы. PDF (Portable Document Format) (файл атының кеңейтілуі. PDF) форматын Adobe фирмасы ұсынған. Онда векторлық және растрлық суреттер, әр түрлі қаріптер жиынынан тұратын мәтін, гипермәтіндік сілтеме сақталады.Бұл форматпен жұмыс істеу үшін Adobe компаниясы Acrobat пакетін шығарды. Acrobat Reader тегін утилитасы құжатты оқуға, баспаға шығаруға мүмкіндік береді,бірақ құжатты құруға және жөндеуге болмайды. Көптеген программалар (AdobePageMaker,CorelDrow,FreeHand) өз құжаттарын PDF-қа экспорттауға мүмкіндік береді.Мысалы, CorelDrow –да-CDR, Adobe Photostop-та-PSD, Paint (стандартная программаWINDOWS)- BMP.Суретті файлда сақтау үшін оның форматының типін көрсету керек. Мысалы CorelDDRAW-да (Export/Экспорт)командасы қолданылады.
Дәріс №23 Объектілерге қолданылатын қарапайым амалдар
Объектімен жұмыс жасаудың негізгі дағдылары
Объектілерді байланыстыру
Қасиеттер панелімен танысу
Осы уақытқа дейін суреттегі әрбір обьектіні біз жаңадан салатынбыз. Бірақ сіздер кез келген фигураны көшіріп және көшірмені керек жерге орналастырып, сонымен қатар, жасалынған фигураны редакциялайда аласыздар. Төменде қарастырылатын, объектілермен жүргізілетін операциялар оларды белгілеуден (айқындаудан) басталады:
Объект таңдалған Нұсқағыш иструментімен белгіленіп реакцияланады.
Егер объектілер айқасатын болса, (жоғарғы екі элипс сияқты), онда ортақ аймақта шерткенде обектілердің кейін салынған таңдалады, өйтекені бағдарлама оны алдыңғысының үстіне салынған деп есептейді. (жоғары қабатта тұрған.)
Объектіні көшірейік.
Бесбўрышты белгілеѕіздер.
Ctrl+C пернелерін қатар басыңыздар. Объект Windows алмасу буферіне көшіріледі. Суретте ешқандай өзгерістер болған жоқ.
Ctrl+Р перналерін басыңыздар. Алмастыру буферіндегі объект жұмыс бетінде алғашқының їстіне кірістірілген. Суретте бұл көрінбейді, өйткені фигуралардың шекаралары беттесіп тұр.
Объектіні көшіріп Копировать (кґшіру, Сору) командасы Правка менюінде болады. Объектіні белгілеп, осы команданы таѕдаңыздар. Объектіні кірістіру үшін Правка менюіндегі Вставить (Кірістіру, Paste) командасын таѕдаңыздар. Кірістіру, көшіру және қиып алу командаларының батырмалары басқару панелінің сол жағында тұр.
Жылжыту
Көшірме кірістіргеннен кейін белгілеуді қалпында қалады. Оны керек орынға қозғап апару үшін қасиеттер панелінің Координаттар өрісін пайдалануға болады. Бұл тәсіл орналастырудың жоғары дәрежелі дәлдігімен қамтамасыз етеді. Бірақ жұмысты жылжыту үшін әдетте объектілерді интерактивті жылжыту қолданылады. Осылайша программаның кез келген объектілерін жылжытуға болады.
Егер ол белгіленбеген болса, онда бесбұрышты белгілеңіздер. Нұсқағышты орталық манипуляторєа әкеліңіздер. Нұсқағыш төртбасты стрелка пішінді болады.
Обектіні керек орынға жеткенше (эранда сіздер оның жылуын көресіздер.) тасып апарыңыздар. Объектінің көшірмесі орынан жылжиды, ал алғашқы фигура орынында қалады.
Көлденең және тік ығысу.
Егер объектіні жылжытқанда Ctrl пернесін басып ұстасаңыз, онда ығысу дәлме –дәл көлденең немесе тік жүргізіледі.
Масштабталу
Тәждің екінші кертші кішірек болуы керек. Өлшемдерді өзгерту үшін қасиеттер панелін тағы пайдалануға болады немесе өлшемдерді интерактивті өзгертуге болады.
Сол жақтағы басбұрышты белгілеңіздер. Бұрыштық манипулятордың бірінде шертіңіздер де, оны апарыңыздар. Нұсқағыш екібасты стрелка түрінде болады.объект нұсқағыштың қозғалуына ілесе отырып, өлшемдерін өзгертеді. Объектінің қажет өлшемдеріне жетіп, оны орнына қойыңыздар.
Объектілерді Ріск құралының кӛмегімен ғана белгілеуге болады. Егер Ріск құралын алдын ала тышқанның кӛмегімен алып алған болсаңыз, онда объектілерді мынадай тәсілдермен белгілеуге болады.
- бірнеше объектілерді Shift пернесін басып тұрып, кезек-кезек тышқан көрсеткішін басу арқылы;
- бірнеше объектілерді бірмезгілде тіктөртбұрышты пунктир контур арқылы. Белгіленген объектілер экранда сегіз тіктӛртбұрышты қара торлармен қоршалады. Бұл маркерлер объект ӛлшемін ӛзгертуге: созуға, үлкейтуге, кішірейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар объект контурында бір немесе бірнеше кішкентай квадратты түйіндер пайда болады. Олардың саны белгіленген объектер санына байланысты. Экранның төменгі жағындағы қалып-күй қатарында белгіленген объектінің түрі (тіктөртбұрыш, эллипс, көпбұрыш, қисық және т.с.с.) немесе белгіленген объектілер саны көрінеді.
Графикамен жұмыс істеу барысында Ріск құралын алсаңыз (сурет.1), автоматты түрде басқа құралмен жұмыс істеген соңғы объект белгіленеді. Объектінің белгіленгенін жою үшін тышқан көрсеткішін жұмыс бетінің кез келген бос жерінде шертуге болады.
Немесе келесі, басқа объектіні белгілеу, алдыңғы объектінің белгілеуін жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |