Дәріс №1 «Анатомия және физиология пәндеріне кіріспе. Организм – біртұтас жүйе. Жасуша. Ұлпалар. Мүше. Мүшелер жүйесі. Адам денесінің бөліктері, жазықтары мен біліктері»



жүктеу 22,4 Kb.
бет1/2
Дата04.01.2022
өлшемі22,4 Kb.
#31567
  1   2
Дәріс 1


Дәріс № 1

«Анатомия және физиология пәндеріне кіріспе. Организм – біртұтас жүйе. Жасуша. Ұлпалар. Мүше. Мүшелер жүйесі. Адам денесінің бөліктері, жазықтары мен біліктері»
Адам анатомиясы мен физиологиясы медицина ілімінің негізі болып саналады. Адам анатомиясы дененің және мүшелердің пішінін, құрылысын зерттейді.

Физиология бір тұтас дененің, мүшелердің, тіршілік әрекеттерін және олардың сыртқы ортаның әсерінен, организмнің түрлі жағдайында өзгеру заңдылықтарын зерттейді.

Адам анатомиясы және физиологиясы гистология пәні менде тығыз байланысты. Гистология – бұл ұлпалардың құрылысы, тіршілік әрекетін, тірі денедегі (жасушалардағы) зат алмасуын зерттейді. Histos – ткань, ұлпа деген мағынаны білдіреді.

Анатомия пәнінің алғашқы даму кезінде тек адам мүшелерін сипаттаумен ғана шектелген.

Себебі ол негізде анатомияның негізгі әдісі өліктерді (труп) кесу, жару болған. Осыдан «anatemne» - грек сөзінен алынған болып, «кесу» , «бөлшектеу» деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі кезде анатомия ілімінін бірнеше салалары дамыған, олардан:

Жүйелі анатомия – адам денесінің әрбір мүшесінің құрылысын, даму сатысын зерттейді.

Топографиялық анатомия – бұл мүшенің денедегі орнын дәл анықтайды. Осы саланың дамуы нәтижесінде күрделі хирургиялық емдеулерге жол ашылды.

Функциональдық анатомия – дене мүшелерінің атқаратын қызметін жинақтап зерттейді.

Адамның жас ерекшелігіне байланысты оның дене және мүшелерінің пішінін,құрылысын, оған сыртқы ортаның тигізетін әсерін зерттейтін саласы.

Адамдар ежелден-ақ адам денесінің, мүшелерінің құрылысына назар аударған. Бұған дәлел біздің эрамызға дейінгі 2550 жылдардағы ежелгі Египетте өмір сүрген Эверстің «Құпия дәрігер» кітабында адам жүрегі мен қан тамырларының құрылысы жөнінде деректер бар.

Анатомия ілімі ежелгі Грецияда жақсы дамыды. Бұл жерде дәрігерлерге құрметпенен қарады. Олардың құрметіне дәрігерлік құдайын Асклений деп атап, дәрігерлердің өздерін «асклениадалар» деп атады. (Эскулана-Аполон-ның ұлы). Біздің эрамызға дейінгі 460-370 жылдары ежелгі Грецияда өмір сүрген дәрігер әрі ғалым Гиппократ анатомияны медицинаның негізі деп есептеді. Ол адам денесіндегі бұлшық еттердің, жүрек қабырғасының құрылысын, ми сауытының қақпық сүйектерін, ішкі мүшелердің орналасуын, адам қаңқасының құрылысын анықтады.

Гиппократ адам денесінің негізі 4 сұйықтықтан:

Өттен


Қаннан

Шырыштан


Қара өттен

тұрады деп, осыған сәйкес адамдардың мінезін 4 түрге:

Флегматик

Холерик


Сангвиник

Миланхолик деп бөлді.

Гиппократтан кейін медицинаның дамуына үлкен үлес қосқан Рим философы, биолог-анатомы Галек ( 130-200ж.) өмір сүрген. Ол бұлшық еттер, сүйектердің құрылысын, бас мидың 12 жұп жүйкесінің 7-ін дұрыс сипаттаған. Сондай-ақ бас мидың, бауырдың, бүйректің, жүйкелердің құрылысы туралы мәліметтер жазған.

Анатомияның дамуына Платон (б.э. 427-347ж,) үлес қосты. Ол бас мидың жұлынның алдыңғы бөлігінен дамыды деген болжам айтты.

Және бір Грециялық ғалым Аристотель (б.э.384-324ж.) Эмбриология ілімінің негізін қалады, себебі ол бірінші рет ұрықтың дамуы туралы болжам жасады.

Шіркеу қызметкерлерінің құдалауына қарамастан медицина Орта Азия елдерінде де дамыды. Олардан медицинаның дамуына үлкен үлес қосқан Аль-Фараби Абунаср Мухаммед, Абу Али Ибн Сина. Тәжік философы , дәрігері Абу-Али-Ибн-Синаның «Дәрігерлік ғылымның заңы» кітабын ХVІ ғасырға дейін Батыс және Шығыстың дәрігерлері қолданып келді.

Сондай-ақ анатомияның дамуы «Қайта өрлеу» жылдарында өмір сүрген А.Везалий, Гарвий, Леонарда да Винчи есімдеріменде тығыз байланысты.

Леонардо да Винчи (1452-1519жж.) пластикалық анатомияның негізін қалады.

Андрей Везалий (1514-1564жж.) «Адам денесі құрылысының жеті кітабы» деген қолжазба қалдырды.

Вельям Гарвий (1578-1657жж.) «Хайуанаттар жүрегі мен қанының қозғалысын анатомиялық зерттеу» деген кітабында қан айналысын, артериямен вена қан тамырларының арасын өте ұсақ қан тамырлар қосып тұрады деген болжам жасады. Бұның дұрыстығын 1661ж. Мальничи дәлелдеді.

Бұлардан басқа да анатомияның дамуына Фалоний, Евстахий, Фабриций үлкен үлес қосқан. XVII-XIXғ. анатомияның дамуына орыс ғалымдары 1) Н.И.Пирогов (1810-1881), 2) Загорский (1764-1846), 3) Лесчафт (1857-1909ж.) үлес қосты.

Кеңес үкіметі дәуірінде анатомияның дамуына үлкен үлес қосқан:

1.Тонков В.И. (1870-1952)

2.Жданов Д.А. (1908-1971)

Қазақстанда Кеңес үкіметі дәуірінде анатомия ілімінің дамуына үлес қосқан дәрігер ғалым, профессор Халел Досмұхамбетұлы (1883-1938) болды. Ол бірінші рет қазақ тілінде медицина техникумына арналған анатомия оқулығын жазды.

Қазақстанда анатомия ілімінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым , Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының мүше-корреспонденті қазақ мемлекеттік медицина университетінің анатомия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы ,профессор Алшынбай Рақышұлы Рақышев.

Оның «Анатомия терминдерінің қазақша-орысша-латынша сөздігі», «Адам анатомиясы» атты оқулығы қазақ тілінің лексикалық бай мүмкіндіктерін жоғары көтерумен қатар мемлекеттік тілдің медицина саласында тезірек қолданылуына әсерін тигізді.

Мүше деп белгілі бір құрылысқа, пішінге, өзіне тән қызмет атқаратын дене бөлігіне айтылады. Әрбір мүшенің құрылысына ұлпаның бірнеше түрі қатысады. Бірақ мүшенің негізгі бөлігі өзіне тән ұлпадан пайда болады, осы ұлпа мүшенің негізгі қызметін атқарады. Кейбір мүшенің құрылысында екі-үш түрлі ұлпа басты қызмет атқарады, мысалы, асқазан мен ішектер.

Барлық мүше құрылысына, қызметіне, дамуына байланысты жүйелерге бөлінеді:

Қимыл жүйесіне барлық сүйек олардан жалғаушы шеміршек, буын мен бұлшық ет кіреді.

Ас қорыту жүйесі

Тыныс алу жүйесі

Несеп-зәр шығару жүйесі

Жыныс жүйесі

Ішкі секреция бездері

Жүрек-қан тамырлар жүйесі

Сезім жүйесі

Жүйке жүйесі

Денедегі жүйелер мен мүшелердің қызметі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Адам денесінің бүтіндігін сақтауда қан айналу жүйесінің маңызы зор. Қан мен лимфа тамырлары арқылы, қан бүкіл денеге жайылып, қоректік заттарды, гармондарды, ферменттерді, жүйелер мен мүшелердің қызметін реттейтін заттарды тасымалдайды. Денеге қажетті заттардың қан арқылы тасымалдануы – гуморальдық жолмен тасымалдану деп аталады. Гуморальдық жолмен гармондар метоболиттер, медиаторлар тасымалда-нады. Сондай-ақ адам денесінің бір тұтастығын сақтауда жүйке жүйесі негізгі қызмет атқарады. Жүйке жүйесі мүшелер мен жүйелердің қызметін реттейді, сыртқы ішкі ортаның тітіркеністерді қабылдайды, денені орта-ның өзгерісіне бейімдейді. Адам құрылысын үйренгенде мүшелердің орнынын, олардың өзара қатынасын, топографиялық орналасуын анықтаудың үлкен маңызы бар.

Ішкі мүшелердің шекарасын анықтау мақсатында денені шартты сызықтармен бірнеше бөліктерге бөлеміз.

Іш қуысы 2 горизонталь сызық арқылы 3 аймаққа бөлінеді. Жоғарғы сызық оң және сол жақтағы 12 қабырғаның ең төменгі нүктесінің аралығын төмегі сызық мықынның алдыңғы жоғарғы қыры аралығын қосады. Олар жоғарғы құрсақ үсті,ортадағы құрсақ, төменгі құрсақ асты. Іштің тік бұлшық еттің сыртқы шетінен жүргізілген сызық әрбір аймақты үшке бөледі. Жоғарғы құрсақ аймағы – оң, сол және ортаңғы, құрсақ аймағы – оң, сол бүйір және кіндік. Құрсақ асты аймағы оң, сол мықын және шат бөлігінен тұрады.

Кеуде қуысындағы мүшелердің шекарасын анықтау үшін тік сызықтар жүргізіледі. 1) Орталық төс сызығы төс сүйегінің екі шетінен.

2) Бұғананың орталық сызығы – бұғана сүйегінің ортасынан басталып төменге қарай бағытталады.

3) Алдыңғы, ортаңғы, артқы қолтық асты сызығы – қолтық асты шұңқырының алдыңғы, ортадағы, артқы шетінен.

4) Жауырын сызығы – жауырынның төменгі бұрышынан . 5) Омыртқа маңы сызығы омыртқа жотасының екі жағынан өтеді.

Мүшелердің орнын, бағытын көрсететін атаулар бар, оларға сагитал, фронталь, горизонталь жазықтықтар жатады.

Горизонталь жазықтығы денені жоғары және төменгі бөлшіктерге бөледі. Фронталь жазықтық маңдайға параллель сызық, ол дененің алдыңғы және артқы бөлшіктерге бөледі. Сагиталь жазықтық денені симметриялық оң және сол бөлшіктерге бөледі. Жазықтық ортасына жақын болса медиал, алыс болса – латериал, мүшенің басталған бас жағы болса- проксимал, алыстау соңы болса – дисталь деп аталады. Дененің алдыңғы бетіне жақын орналасқан бөлігі – вентраль, арқаға жақындауы – дорсаль деп аталды.

Физиология (physis-табиғат және logos-ғылым)-тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым. Ол жүйелер мен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі - адам ағзасының жұмысын, оның әр бөлігінің мәнін анықтап, олардың қалай байланысатынын , өзара қалай әрекеттесетінін және сол әрекет нәтижесінде ағзаның жалпы жұмысы қалай атқарылатынын түсіну.

Физиология анатомия, гистология пәндерімен өте тығыз байланысты.

Физиологияның мақсаттары.

1.Организмнің және оның әрбір құрылымының қызметіне ұғыну арқылы болашақ мамандардың әрекеттік және клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

2.Физиологиялық зерттеу әдістерін үйрету арқылы әрекеттік диагностика дағдыларын қалыптастыру.

3. Физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету.

4.Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен бағалау және нығайту тәсілдерін үйрету.

Физиологияның зерттеу әдістері.

Физиологиялық үрдістер өте үдемелі өзгеріп отыратын құбылыстар. Оларды анықтау тәсілдері физиологияның даму кездеріне және шектес ғылымдардың жетісіктеріне сәйкес қалыптасады. Сондықтан мұның бірнеше бағытын талдауға болады:

Физиологиялық зерттеу әдістері: 1. Бақылау

2.Эксперимент (тәжірибе)

Бақылау құбылыстың мәнін аша алмайды, сондықтан негізгі әдіс эксперимент болып табылады. Эксперимент 3 түрде жүргізіледі: жедел(вивисекция-тәнтілу), созылмалы және ағзалардың қызметін модельдеу. Жедел экспериментте жануарға наркоз беріп, хирургиялық операциялар жасайды да, ішкі ағзаларға әсер ету арқылы (тітіркендіру, тамырларды қию, дәрі-дәрмектерді жібері) олардың тіршілік әрекеттеріндегі өзгерістерді бақылайды. Жедел экспериментке ағзаларды бөлектеу әдісі де жатады. Бөлектенген ағзаларды( жүрек, бүйрек,бауыр) тамырлары арқылы қоректік заттар жіберіп немесе изотониялық ерітінділерде ұстап, олардың тіршілік әрекетін ұзартып, зерттейді. Кейбір жағдайларда ағзаларды денеден бөлектемей, олардың тамырларын арнаулы аппаратқа қосып, қолдан қоректендіріп, зерттейді. Жедел эксперименттің кемшілігі- көп қан жоғалады, наркоз, жарақат қалыпты қызметті бұрмалап жібереді.

Созылмалы эксперимент алдын ала арнаулы операция жасалған жануарларға жүргізіледі. Осы мақсатпен жануардың қарнына, ішектеріне фистула қойылады, бездердің өзектері сыртқа шығарылады, тітіркендіру немсе биоток тарту мақсатымен ағзаларға электродтар қондырылады, тамырлар катетерлендіріледі. Соңғы кезде организмнің физиологиялық қызметтерін арнаулы аппараттармен алыстан бақылауға мүмкіндік беретін әдістер қолданылып жүр. Мысалы, жануар организміне өте кішкентай радиотаратқыш қондырып, оның әр түрлі қызметтерін (тыныс алу, жүрек жұмысы, ішектердің жиырылуы т.б.) еркіндік жағдайында бақылайды.

Ағзалардың қызметін модельдеу физиологиялық болжамдардың дұрыстығын тексеруге немесе моделдер арқылы кейбір қызметтерді бейнелеуге, ағзаларды уақытша алмастыра алатын аппараттар жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс организмді биокибернетикалық жүйе ретінде қараудың негізінде қалыптасқан. Заманауи әдістер - УДЗ, компьютерлік томография және т.б. адам организміне зиянсыз түрде көптеген қызметтерді анықтауға мүмкіндік береді.

Организм-біртұтас динамикалық жүйе, онда жасушалар, тіндер ағзалар мен жүйелер әрекеттері байланысты, әрі келісімді болады. Адам денесінің біртұтастығын сақтауда жүйке жүйесі мен қан айналу жүйесінің маңызы зор. Жүйке жүйесі ағза мен жүйенің қызметін реттейді, сыртқы және ішкі ортаның тітіркенісін қабылдап, синтездейді, денені сыртқы, ішкі ортаның өзгерісіне бейімдейді. Қан тамырлары арқылы гормондар, медиаторлар, биологиядық белсенді заттар мен электролиттер тасымалданады. Бұл заттар ағзалардың қызметін күшейтеді немесе әлсіретеді. Денеге қажетті заттардың қан, лимфа және тінаралық сұйықтық арқылы тасымалдануы- гуморалды реттелу деп аталады (humor- сұйықтық) Сондықтан организмдегі ағзалар жүйесінің қызметтері нейрогуморалды реттеледі.

Қан, лимфа және тінаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Тіршілік үшін осы ішкі ортаның тұрақты болуы шарт. Француз физиологі Клод Бернар 1878 ж. организмнің ішкі сұйықтық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет екендігін мәлімдеді. 1929 ж. америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның тұрақтылығын гомеостаз деп атауды ұсынды. Гомеостаз - ішкі ортаның құрамы мен қасиеттерінің және негізгі физиологиялық қызметтердің салыстырмалы тұрақтылығы. Гомеостазды бірнеше биологиялық константалар ( қанның рН, қан құрамындағы глюкоза, осмостық, артериалды қан қысымының көрсеткіштері, дене температурасы) сипаттайды. Гомеостаз зат алмасуы, адаптация және компенсация арқылы қамтамасыз етіледі.

Адаптация - организмнің сыртқы орта әсерлеріне бейімделуі. Ол физиологиялық және патологиялық болады. Физиологиялық адаптация - сау организмнің бейімделу реакциялары (акклиматизация,температуралық адаптация, гипоксия мен биіктік жағдайына адаптация, әлеуметтік адаптация т.б.). Патологиялық адаптация - созылмалы ауруда, аурудың симптомдары мен синдромдарына бейімделу.


Негізгі физиологиялық түсініктер.

Физиологиялық қызмет - нақтыланған жасушалардың, тіндердің және ағзалардың арнайы іс-әрекеті. Қызметтер өзгергенде ағза қоршаған ортаның тіршілік жағдайына бейімделеді. Барлық қызметтер соматикалық және вегетативтік болып 2 бөлінеді. Соматикалық әрекеттер - қаңқа бұлшық еттері есебінде іске асырылады. Олар соматикалық жүйке жүйесімен жүйкеленеді. Вегетативтік қызметтер - зат алмасумен, сыртқа шығарумен, өсумен және өрбумен байланысты. Олар ішкі ағзалар жұмысымен атқарылады және вегетативтік жүйке жүйесімен жүйкеленеді.

Физиологиялық акт - организмнің әртүрлі физиологиялық жүйелерінің қатысуымен іске асырылатын күрделі процесс. мысалы, дем алу, ас қорыту, сыртқа шығару, қозғалу т.б. физиологиялық актыларын ажыратуға болады.


жүктеу 22,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау