Парентералды енгізу жолдарына тері астына,бұлшықетке, көк тамырға, артерияға, иитрастерналды, құрсақ қуысына, ингаляииялык, субарахноидалды, субокципидалды және басқалар жатады. - Парентералды енгізу жолдарына тері астына,бұлшықетке, көк тамырға, артерияға, иитрастерналды, құрсақ қуысына, ингаляииялык, субарахноидалды, субокципидалды және басқалар жатады.
- Тері астына, бұлшық етке, көк тамырға енгізу жолдары парентералды енгізудін ішінде ең көп таралғаны болып табылады. Әсірссе, көк тамырға енгізгенде әсері жылдам, ал бұлшық етке және тері астына енгізгенде біршама баяу дамиды. Дәрілік заттардың фармакотерапиялық әсерін ұзарту үшін енгізілген жердсн дәрілік заттың сіңуі баяулайтын, аз еритін (қоспа) майлы немесе басқа негіз түрінде бұлшық етке енгізеді.
- Бұлшық етке және тері астына айқын тітіркендіргіш әсері бар дәрілік заттарды енгізбеген жөн, өйткені мұнда қабыну реакцияларының, инфильтраттардың, тіпті некроздың себептері болуы мүмкін.
- Әдетте, дәрілік заттарды көк тамырға баяу енгізеді. Бір рет, бөліп, тамшылатып және инфузия жолымен енгізілуі мүмкін. Ерімейтін қосылыстарды, майлы ерітінділерді (эмболия болу мүмкіндігі), айқын тітіркендіргіш әсері бар дәрілік заттарды (тромбоз, тромбофлебит дамуына әкелуі мүмкін), қан ұюын және гемолизін шақыратын препараттарды көк тамырға енгізуге болмайды.
Көрсетілген 3 енгізу жолының жағымсыз жағы - оларды енгізудің салыстырмалы түрде қиындығы, сонымен қатар ауыру сезімі, препаратгын стерилдігін қажет етуі, медициналық қызметкердің қатысуы болып табылады. - Көрсетілген 3 енгізу жолының жағымсыз жағы - оларды енгізудің салыстырмалы түрде қиындығы, сонымен қатар ауыру сезімі, препаратгын стерилдігін қажет етуі, медициналық қызметкердің қатысуы болып табылады.
- Артерия ішіне енгізгенде, осы артерия қанымен камтамасьгз етілетін аймақта дәрілік заттың жоғары концентрациясын түзуге мүмкіндік береді. Кейде осындай жолмен ісіктерге қарсы дәрілік заттарды енгізеді. Олардың жалпы уытты әсерін азайту үшін қанның ағып шығуы жасанды жолмен қиындатылуы мумкін (венаны қысу аркылы). Артерия ішіне, сондай-ақ рентген контрастык препараттарды да енгізеді, ол ісікті, тромбты, тарылған тамырларды, аневризманы дәл анықтауға мүмкіндік береді.
- Интрастерналды (төс ішіне) енгізу жолын әдетте, көк там ырға техникалық енгізу мумкінлігі болмағанда (балаларда, кәрі адамдарда) қолданады.
- Препаратты құрсақ қуысына сирек енгізеді (мысалы, антибиотиктерді кұрсақ қуысына операция жасағанда).
Достарыңызбен бөлісу: |