Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы



жүктеу 370,11 Kb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата15.01.2020
өлшемі370,11 Kb.
#26778
1   2   3   4   5   6

17 

 

•  Қолжетімділік және уәж. 



•  Онлайн әлеуметтену. 

•  Ақпаратпен алмасу. 

•  Білімді қалыптастыру. 

•  Даму. 

Бастапқыда  білім  алушыға  жетекші  және  сәйкесінше  қолдау  қажет, 

кейін  олар  оқу  ортасымен  (контактілік  және  онлайн)  жақынырақ  танысады, 

басқа  тыңдаушылармен  байланысады.  Кейін  жеке  оқу  және  өз  уақытын 

басқару  үшін  кеңістік  қажет  болады,  жаңа  білім  мен  дағдыға  ие 

болғандықтан  тыңдаушылар  күрделі  жаттығулар  мен  тапсырмалар  іздейді. 

Тәжірибесі  көп  және  алдағы  тренингтерге  қатысатын  тыңдаушылар 

тапсырмалардың  ұқсас  құрылымдарын  кездестіре  отырып,  барлық 

сатылардан тез өтеді немесе кейбіреулерін – әсіресе біріншісін мүлдем тастап 

кетеді. 

Қашықтықтан оқытатын оқытушылар түрлі рөлдерде таныла алады: 

 

Лектор 



 



Презентатор 



 

Нұсқаушы 



 



Куратор 



 

Комментатор 



 



Бақылаушы 



 

Модератор



Тыңдаушыларды  уәждендіру  үшін  оқытушылар  мынадай  құралдарды 



қолданады: 

•  Студенттерді бір-бірімен жұмыс істеген кезде көтермелейді

•  Тыңдаушылармен  ойынның  нақты  ережелерін  анықтайды  және 

келіседі; 

•  Білім алушыларды үнемі ақпараттандырады; 

•  Жауап беретін уақытты ұстанады; 

•  Тыңдаушыларға  қиын  болған  жағдайда  көмекке  жүгінуде 

көтермелейді. 

KISS  –  Keep  It  Short  and  Simple  (Қысқаша  және  қарапайым)  –  бұл 

оқытушылардың  өздерінің  тыңдаушыларымен  арадағы  қарым-қатынастың 

кез келген түрі үшін маңызды ереже: 

• Электрондық хаттар (email) және хабарламалар түсінікті болуы қажет; 

•  Тыңдаушылар  құралдармен  таныс  болуы  қажет  –  олай  болмаған 

жағдайда,  оларға  қандай  да  бір  құралды  қолдану  жөніндегі  қысқаша 




18 

 

нұсқаулықты жіберу қажет. 



 

Оқытушыларды (нұсқаушыларды) ҚО бойынша кәсіби даярлаудың үш 

негізгі стилін ажыратады. 

 

А нұсқаушы  

 

Мұндай  бағыт  негізінде  қызмет  ететін  нұсқаушылар  өзінің  рөлін  оқу 



процессін  бағыттаушы  оқу  пәнінің  маманы  ретінде,  оқу  жағдайына 

қатысушы  бедел  ретінде  және  төреші,  бағалауды  жүргізетін  тұлға  ретінде 

көреді.  Бұл  тәсіл  кезінде  нұсқаушы  өзіне  оқу  орны  үшін  негізгі 

жауапкершілікті алады. А стилін иеленген нұсқаушылар мынадай үрдістерге 

ие болады: 

• Жауап беру 

• Дәріс оқу және көрнекілік жасау 

• Оқу мақсаттарын қою 

• Курстың мазмұнын және оның нысанын жобалау/жоспарлау 

• Курсқа қатысты шешімдер қабылдау 

• Мазмұндау 

• Дұрыс қолданылысын көрсету 

• Бағалау және тестілеу жүргізу 

 

Мұндай  тәсіл  жағдайында  әрекет  етуші  тыңдаушылар  нұсқаушыдан 



құрылымды  ұсынуды,  бағытты  және  дұрыс  жауаптарды  күтеді. 

Тыңдаушылар  нұсқаушымен  өзара  әрекетті  жүзеге  асырғылары  келеді, 

сондай-ақ нұсқаушының  тарапынан құптауды және кері байланысты күтеді. 

Олар өз білімдерін негізінен нұсқаушыдан алуға  үміттенеді және білімді өзге 

тыңдаушылардан игеруге мүдделі емес. 

 

А  стиліне  сәйкес  кәсіби  даярлық  ақпаратқа  негізделген  оқу 



жағдайларына  жиі  қолданылады,  мұнда  нұсқаушы  тыңдаушының  қажет 

ететін және қалайтын нақты оқу пәні туралы ақпаратқа ғана ие болады. Бұл 

стильді  әдетте  кіріспе  курстарда,  жаңа  жұмыс  жағдайында,  кейбір 

техникалық пәндерде қолданады. 

 

Артықшылықтары 



• Қысқа уақыт аралығында үлкен көлемдегі мазмұнды қамти алады; 

•  Бір уақытта көп көлемдегі тәжірибеленушілермен айналыса алады; 

•  Тыңдаушыға «дұрыс» жауаптарды нақты және анық жеткізе алады; 

•  Берілген  оқу  пәнінен  «гуру»  типіндегі  маманның  тәжірибесін 

қолданады. 

Кемшіліктері 

• Нұсқаушылар  көп  көлемдегі  материалдарды  «қамти»  алатындықтан 

(олар  туралы  айту),  бұл  стильдің  көмегімен  адамдардың  шындығына 

келгенде қаншалықты меңгере алатындықтарын асыра бағалайды



19 

 

•  Нұсқаушының тәжірибесіне тәуелді; 



•  Тыңдаушының нұсқаушыға тәуелділігін тудыра алады; 

•  Тыңдаушы  оқуды  кепілдендіретін  мазмұнға  жеткілікті  белсенді 

қызығушылық танытпауы мүмкін. 

Б нұсқаушы  

Б  стилін  ұстанатын  нұсқаушылар  тыңдаушымен  бірігіп  мақсаттарды 

қою  және  кәсіби  даярлықтың  құрылымын  жасау  мақсатында  жұмыс 

жасайды.  Бұл  тәсілді  қолданатын  нұсқаушылар  тыңдаушыдан  олардың 

білімдері  мен  тәжірибесін  кәсіби  даярлықтың  проблемаларын  және 

сұрақтарын  дұрыс  шешуге  бағыттауын  күтеді.  Б  стилін  ұстанатын 

нұсқаушылар мынадай үрдістерге ие болады: 

•  Оқу бағдарламасының бастапқы құрылымын ұсыну; 

• Тыңдаушыларды мақсатты анықтауға немесе түзетуге тарту; 

•  Мазмұн 

сұрақтары 

бойынша 


шешімдер 

қабылдау 

үшін 

тыңдаушылармен серіктесу; 



•  Талқылауды жүргізуге ықпал ету; 

•  Сұрақтар қою; 

•  Оқу пәні туралы ақпарат беру; 

•  Кейбір жауаптар мен шешімдер ұсыну; 

•  Тыңдаушыларды  тыңдау  және  оларды  жеке  шешімдерді  табуда 

көтермелеу; 

•  Тыңдаушыларға игерілген білімді қолдануды жоспарлауға көмектесу. 

Тыңдаушылар Б стилін ұстанатын нұсқаушылардан оқу пәніне қатысты 

білімнің жеткілікті көлемін игеруін күтеді; алайда олар нұсқаушыдан кәсіби 

даярлықтың  барлық  процессінде  тыңдаушының  білімі  және  тәжірибесін 

есепке  алуын  да  күтеді.  Тыңдаушылар  нұсқаушымен  және  өздерінің 

сабақтастарымен  өзара  әрекеттесуді  күтеді.  Тыңдаушылар  курсты  әзірлеуге 

үлес  қосу  және  игерілген  білімнің  маңыздылығына  және  оны  қолдануға 

қатысты шешімдер қабылдау мүмкіндігін алуды күтеді. 

Б  стиліне  сәйкес  кәсіби  даярлық  бір  «дұрыс»  жауап  болмаған  кезде 

және  адамдармен  қарым-қатынас  дағдылары  және  талдауды,  пайымдауды 

және  басқару  дағдыларын  талап  ететін  техникалық  дағдылар  туралы  сөз 

болған  кезде  әсіресе  тиімді  болады.  Басқару  аясындағы  даярлық, 

басшылықтың  дағдысы,  адамдармен  қарым-қатынас  дағдылары  және 

уақытша  кестелерді  басқару  –  бұл  кәсіби  даярлықта  осы  тәсілге  бағынатын 

курстар. 

Артықшылықтары  

• Тыңдаушыларды  мақсат  пен  мазмұнға  қатысты  шешімдер  қабылдау 

процессіне  тартады,  бұл  шешімдердің  маңыздылығы  мен  олардың 




20 

 

қолданылуын арттыруы мүмкін; 



• Нұсқаушыға  оқу  пәніне  қатысты  тәжірибені  мәжбүрлемей  ұсынуға 

мүмкіндік береді; 

•  Тыңдаушылар кәсіби даярлықты жүргізуде белсенді қатысады

•  Тыңдаушылар  өздерінің  оқуларына  үлкен  жауапкершілікті  алады 

және нұсқаушыдан тәуелсіз болып табылады. 

Кемшіліктері  

• Тыңдаушы  мен  нұсқаушының  өзара  әрекеттесу  деңгейі  үлкен 

көлемдегі тыңдаушылардың жұмысына бөгет болады; 

•  Жетістік  топқа  көмек  көрсетудегі  нұсқаушының  дағдысына  тәуелді 

болады;  ықпал  ету  дағдысы  оқу  пәнінің  аясындағы  тәжірибеден  гөрі 

маңызды болып саналады; 

• Көп уақытты талап етуі мүмкін. 



В нұсқаушы  

В  стилін  ұстанатын  нұсқаушылар  өздерінің  негізгі  рөлдерін  кәсіби 

даярлыққа  ықпал  ететін  адамның  рөлі  ретінде  көреді.  Олар  кеңесші  және 

репетитор  ретінде  жұмыс  жасайды.  Олар  өздерін  катализатор  ретінде, 

тыңдаушылар  үшін  ресурс  ретінде  және  тіпті  оқу  тобының  мүшесі  ретінде 

көреді.  Нұсқаушы  тыңдаушыларды  олардың  оқудағы  қажеттіліктерін 

бағалауда  және  өздерінің  оқуларына  жауапкершілікті  алуда  көтермелейді. 

Нұсқаушы  тыңдаушыға  курстың  құрылымына  және  мазмұнына  қатысты 

сәйкес шешімдер қабылдауға көмектеседі. В стилін ұстанатын нұсқаушылар 

мынадай үрдістерге ие болады: 

•  Талқылауды жүргізуге ықпал ету; 

•  Шешімдерді талқылауға көмектесу

•  Сұрақтар қою; 

•  Ұсыныстар беру; 

•  Қажетті ресурстарды табуға көмектесу; 

•  Кері байланысты қамтамасыз ету; 

•  Өздерінің бақылауларымен бөлісу; 

•  Тыңдау; 

•  Кеңес беру; 

•  Жаттықтыру. 

Тыңдаушылар  бұл  бағытта  өздерінің  мақсаттарын  қою  мүмкіндігін, 

дербес  болуын,  өзіндік  шешім  табуды,  шешімді  қабылдап,  меншікті 

прогрессті  бағалауды  күтеді.  Олар  нұсқаушы  оқу  үшін  ресурс  рөлінде 

танылады  –  кеңес  береді,  тыңдайды,  оларды  жаттықтырады  және  кері 

байланысты  ұсынады  деп  күтеді.  Тыңдаушылар  жаңашылдықты  бір-бірінен 

және нұсқаушыдан білеміз деп күтеді. 




21 

 

В  стиліне  сәйкес  кәсіби  даярлық  тыңдаушылардың  айтарлықтай 



көлемде  білімі  мен  дағдылары  болып,  оларды  кеңейтуге  ұмтылғанда  және 

оларды  жұмыс  орындары  жағдайында  жұмыс  істеуге  мәжбүрлеуге 

уәждендірілген  жағдайда  қолайлы.  Проблемаларды  шешумен  және 

стратегияны құрумен байланысты жағдайлар, әсіресе В стиліне сәйкес кәсіби 

даярлық  үшін  қолданылады.  Тыңдаушылар  тақырып  жайлы  салыстырмалы 

түрде  білген  жағдайда  немесе  бұл  тақырыпты  зерттеуге  өздігінен 

бағытталмаған  және  уәжденбеген  жағдайда  бұл  стильді  қолдану  қолайсыз 

болып саналады. 

Артықшылықтары  

• Тыңдаушылар нұсқаушыдан тәуелсіз болады және өздерінің оқуларын 

қажет  болған  жағдайда  белгілі  бір  уақыт  кезеңінде  нұсқаушының 

қатысуынсыз жалғастыра алады; 

• Тыңдаушылар  сәйкес  бейімділікті  қамтамасыз  ете  алады  және 

өздерінің жағдайларына білім мен дағдыны қолдана алады; 

• Даярлық терең және ұласпалы үрдіске ие; 

•  Біріккен  қызмет  және  шығармашылық  үшін  мүмкіндіктерді  жиі 

жасай алады. 

Кемшіліктері  

• Уақытты көп алады; 

• Тыңдаушылар мұны жұмыс істету үшін жеткілікті дәрежеде өздігінен 

бағытталмауы мүмкін; 

• Тыңдаушы дағды мен білімнің сәйкес көлеміне ие болмаған жағдайда 

жұмыс істемейді; 

• Тыңдаушы өзге де шұғыл сұрақтармен бөгеліп, оқуға жеткілікті уақыт 

бөле алмауы мүмкін. 

Жоғарыда  айтылғанды  қорыта  отырып,  мынадай  тұжырымға  келуге 

болады: 

• А  стилін  орталық  рөлді  нұсқаушы  атқаратын,  тыңдаушыны  тарту 

және бақылаудың жоғары деңгейі және нұсқаушыны тарту және бақылаудың 

төмен деңгейі орын алатын стиль деп атауға болады. 

• В стилі орталық рөлді тыңдаушы атқаратын стиль ретінде сипаттауға 

болады. 


• Б  стиліне  нұсқаушыны  да,  оқуды  жүргізу  үшін  бірігіп  жұмыс 

атқаратын тыңдаушыны да кәсіби даярлау процессі кіреді. 

Кәсіби  даярлықтың  үш  тәсілі  де  тиімді  болып  табылатыны  белгілі. 

Әрқайсысының  артықшылықтары  мен  кемшіліктері  бар.  Нақты  оқу 

жағдайына  сәйкес  келетін  тәсілді  қолдану  қажет.  А  стиліне  сәйкес  кәсіби 

даярлық  В  стиліне  сәйкес  тәсілді  талап  ететін  жағдайларда  тиімді  жұмыс 




22 

 

істемейтін  болады.  Бұл  саладағы  білімге  және  шеберлікке  ие,  өздігінен 



бағытталған  және    өздерінің  оқуларына  жауапкершілікті  алуға  ұмтылатын 

тыңдаушылар  беделділікті,  бақылауды  енгізетін  және  өздерінің  «дұрыс» 

жауаптарын ұсынатын А стилін қолданатын нұсқаушыға ренжулі болады. Өз 

кезегінде, берілген тақырып бойынша білім мен шеберліксіз оқу сабақтарына 

келетін  және  нұсқаушыдан  мұны  беруді  күтетін  тыңдаушылар  В  стиліне 

сәйкес тәсіл кезінде түсінбестікке келер еді. 

Тиімді  нұсқаушылар  барлық  А,  Б  немесе  В  үш  стильді  де  қолдану 

арқылы  жұмыс  істей  алады,  және    олар  ұшырасатын  оқу  жағдайы  үшін 

қолайлы стильді таңдай алады. Олар А стилін шамадан артық қолданылуына 

орай  бұл  тәсілдің  қолайлы  сәтін  мұқият  таңдайды.  Олар  Б  стилін  көбінесе 

күнделікті  оқу  жағдайларына  қолдана  отырып,  оны  оңайлықпен  қолданады, 

сондай-ақ В тәсіліне ауысып, талап еткен кезде ғана оқу процессінде орталық 

рөлді атқара алады. 

Негізгі  жұмылдырылған топтар  – оқытушылар мен білім алушыларды 

қысқаша  талқылау  –  қашықтықтан  оқытудағы  сабақ  беру  және  оқытудың 

дәстүрліден айырмашылық танытатынын анық көрсетеді. 

Алайда  оқыту  жағынан  мақсатты  аудиторияның  сұрақтары,  оқыту 

мақсаттары,  мазмұнды  даярлау,  тәжірибенің  көлемі,  ұсыныстың  жалпы 

құрылымы ұқсас болғанмен, оларды басқаша қырынан талқылау қажет және 

олардың жауаптары да мүлдем бөлек болады. 

Өзгертілген  жағдайлар  оқытушылар  мен  білім  алушылардың  тәртіп 

үлгісіне қойылатын талапқа айтарлықтай әсер етеді және оқуда үлкен ынтаны 

талап  етеді.  Білімді  меңгерумен  қатар,  оқыту  процессінде  жеке 

құзыреттіліктер  дамиды.  Бұл  жеке  құзыреттіліктердің  мақсатты  дамуы  – 

жеке  қасиеттер  –  түрлі  әдістерге  тәуелді  болады.  Дәстүрлі  оқытуда 

қарастырылуға қажетті құзыреттіліктен басқа құзыреттіліктер: 

•  Әлеуметтік құзыреттіліктер (мысалы, ұжымдағы жұмыс, сыни ойлау); 

•  Коммуникативті  құзыреттілік  (мысалы,  бейнелеу  және  ұсыну 

дағдылары, риторика); 

•  Жеке құзыреттіліктер (мысалы, жеке мінездеме, өзін-өзі түйсіну); 

•  Жетекшілік  құзыреттіліктер  (мысалы,  уәкілдікті  беру  дағдылары, 

шешімділік); 

•  Психикалық құзыреттілік (мысалы, креативтілік, ым және мимиканы 

қолдану, стрессті басқару). 

Нәтижесінде басқа құзыреттілік дамиды: 

• Медиа сауаттылық. 

Медиа  сауаттылық  –  бұл  кең  сала.  Бұл  тек  стандартты  офис 

бағдарламаларын  білу,  немесе  аудио  -  және  бейнесигналдарды  біріктіруді 




23 

 

білу  ғана  емес.  Бұл  сондай-ақ  Интернеттегі  ақпараттың  үлкен  ағымын 



қолдануды, дүниежүзілік желідегі ақпараттың үлкен көлемімен тиімді жұмыс 

атқару қабілетін меңгеру болып табылады. 

 

Қашықтықтан оқыту курсының шамамен алғандағы құрылымы 

 

 Мазмұнды шолу 



 1-ден x-ке дейінгі 

бөлімдер

 

 



- бөлімдерді шолу – мақсаттар, ұзақтылық, оқытушы, студенттермен 

жүргізілетін жұмыс сағаттары – мазмұны 

 

 

 



 Мәтіндер /мәліметтер / кестелер / 

суреттер 

 



 Аудио- және бейнефайлдар 

 



Интерактивтілік және қарым-

қатынас 


 Тапсырмалар 

 

Жаттығулар



 

 

- тесттер / жазбаша тапсырмалар,  



- қорытынды,  

- кері байланыс,  

 Қосымша / Кітапхана



 

 



Глоссарий 



 

Аббревиатура 



 



Әдебиет 



 

Сілтемелер



 



Суреттердің, 

кестелердің 

және 

т.б. 


тізбесі. 

Оқу-


әдістемелік кешен 



 

Ақпараттық беттер



 



Ситуациялық тапсырмалар және мысалдар 



 

Жаттығулар 

Мысалы,  курстың  күрделілігіне  және  мазмұнына  қарай,  курстың  өзге 



де құрылымдары қолданыла алады. 

 




24 

 

ҚО бойынша нормативтік құқықтық құжаттар 



 



 



«Білім беру туралы» Заңы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 

27  шілдедегі  №  319  (2007  жылғы  24  қазанындағы  өзгертулер  мен 

толықтыруларымен); 

2.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  -  2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

3.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2005  жылғы  2  ақпанындағы 

№195  қаулысымен  бекітілген  «Жоғары  және  кәсiптік  бiлiмнiң  бiлiм  беру 

бағдарламаларын  iске  асыратын  бiлiм  беру  ұйымдары  қызметiнiң  үлгi 

ережелері»; 

 

4.  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2006 



жылғы  19  шілдедегі  N  404  бұйрығымен  бекітілген  «Қазақстан 

Республикасының  кәсiптiк  жоғары,  қосымша  кәсiптiк  бiлiм  беретiн  бiлiм 

беру  ұйымдарында  қашықтық  нысаны  бойынша  оқытуды  ұйымдастыру 

ережесi»; 

 

5.  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2010 



жылғы  13  сәуіріндегі  №169  бұйрығымен  бекітілген  «Қашықтықтан  білім 

беру технологиялары бойынша оқу процессін ұйымдастыру ережелері»; 

 

6.  ҚР  МЖБМС  5.03.004  –  2009  жылғы  4  маусымдағы  №266 



«Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру. 

Негізгі ережелер»; 

 

7. ҚР МҚБС – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 



2009  жылғы  26  қарашасындағы  №778  бұйрығымен  бекітілген  «Қоғамдық 

денсаулық  сақтау»,  «Денсаулық  сақтау  менеджменті»  мамандықтары 

бойынша мемлекеттік қосымша білім беру стандарты»; 

 

8. ҚР СТ 34.016 - 2004 «Техникалық және бағдарламалық құралдар». 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




25 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі 



 

1. Дистанционное  обучение  в  электронном  здравоохранении.  О 

дистанционном образовании.  

2. Е.А. 


Белозерова,  Б.В.  Кристальный,  М.Я.  Натензон,  В.И. 

Тарнопольский  

3. /В.С. Шаров Дистанционное обучение: форма, технология, средство/ 

Известия  Российского  государственного  педагогического  университета  им. 

А.И. Герцена. №94/2009  

4. Стандарт 

МУА. 

Интегрированная 



система 

менеджмента. 

Дистанционное обучение. 2012 г.  

5. All 


Things 

in 


Moderation 

– 

онлайн 



курсы, 

книги 


http://www.atimod.com/  

6. Horizon project – Horizon report 2011 http://www.nmc.org/horizon  

7.  Холопов 

М.В. 


Дистанционное 

обучение 



в 

медицине. 



http://www.mma.ru /article/id299005/from1  

 

 

жүктеу 370,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау