Дін мен Діл
зыка аспабы егер адамды еліртіп, жаманшылыққа
жетелейтіндей кейіпте тартылмаса, онда оған – рұқсат.
4. Ән тыңдаған кейбір сахабалар мен табиғиндердің
есімдерін келтірейік:
А) Сахабалар:
Омар ибн Хаттаб, Абдуллаһ ибн Жағфар ибн Аби
Талиб, Осман ибн Аффан, Амр ибн Ас, Сағди ибн Аби
Уаққас, әл-Барәә ибн Мәлик, Абу Мәсғудул-әңсари,
Абу Убайдати ибн Жаррах, Билал ибн Рабах, Абдуллаһ
ибнул-арқам, Усама ибн Зәйд, Хамза ибн Абдул-
Мутталиб, Әбу Бәкір қызы Айша, Муғаууиз қызы
Рубайғ, Абдуллаһ ибн Зубайр, әл-Муғира ибн Шуғба
109
секілді сахабалардың аттарын жазуға болады.
Б) Табиғиндер (сахабаларды көрген мұсылмандар):
Сағид ибн Жубайр, Ъамир әш-Шаъби, әл-Хасан
ибн Иасарил-басри, Абдуллаһ ибн Мубәрак, Омар ибн
Абдил-азиз, Сағид ибн Мусаййаб, Омар Хаттабтың ба
-
ласы Салим, Ибн Хисан, Харижа ибн Зәйд, Қазы Шу
-
райх, Абдуллаһ ибн Әби Ъатиқ, Атаа ибн Аби Рабах
110
секілді атақты табиғиндердің атын жазуға болады.
Қорытынды:
Пайғамбарымыздың
музыкаға
байланысты
хадистерінің әр түрлі болуының астарынан тыйым
салынған немесе рұқсат етілген нәрсенің тікелей музыка
аспаптары емес, олардың қалай қолданылуы, сондай-ақ,
тыңдаушы мен орындаушының түпкі ниетіне байланысты
екенін аңғарамыз.
Себебі, кез-келген музыка аспабының жақсы-
жаман әркелкі тартылуына, бұған қоса, айтылатын ән
мазмұнының әр алуан болуына байланысты оның адамға
тигізер әсері де әр түрлі болады. Міне, сондықтан
109
Мухаммед Абдур-Рахман әл-Марғашли, әл-Ғина уәл-мәғазиф
фил-иғламил-муғасир уә хукмуһә фил-ислам, 229-бет.
«Дәрул-
мағрифа»
баспасы, Бәйрут. 2006 ж.
110
А.а.е. 232-бет.
108
Дін мен Діл
харам-халал үкімін музыка аспабынан гөрі оның қалай
қолданылуын негізге алып қарастырған жөн.
Мысалы, сіріңкені бейкүнә біреудің үйін өртеу
тәрізді қастандыққа да, от жағып үй жылыту, ас пісіру
сияқты игілікті істер үшін де қолдануға болады.
Адам табиғаты, ішкі сезімдері, жан дүниесі ерікті-
еріксіз көптеген нәрселерді қалайды. Мысалы, көркем
табиғат көріністерін тамашалағанда бойы сергіп рахат
-
танады. Өзеннің сылдырап аққан үні өне бойына ерек
-
ше әсер етеді. Теңіздің буырқанып тасуы, ормандағы
бұлбұл секілді жыршы құстардың сайрап ән салуы да
жан дүниесін рахатқа бөлеп, дем алдырады. Сондықтан
адамның жан дүниесі, ішкі сезімдері әрдайым көркем
табиғатты тамашалауды, судың сарқыраған дауысын
естіп, құстар салған әсем әндерді естуге құмартып
тұрады. Ислам діні адам баласының табиғатындағы
осындай сезімдеріне балта шауып жоқ ету үшін келген
жоқ. Керісінше, оларды реттеп, орта жолға бағыттау
үшін келді
111
.
Ендеше, музыка – егер адам баласының уақытын
босқа өткізіп, ғибадаттарына кедергі жасаса, нәпсісін
қоздырып, ойына харам нәрселерді салып, жа
-
ман пиғылдарға жетелейтін болса, даңғырығының
қаттылығынан мидағы клеткаларды өлтіріп, адам
мінезін ұшқалақтыққа тәрбиелесе онда – харам.
«Пайғамбарымыздың кейбір хадистеріндегі музыкаға
байланысты тыйымдар осындай теріс бағытқа
жетелейтін музыкаларға байланысты болса керек»
– дейді ХІ ғасырда өмір сүрген тақуалығымен таны
-
мал ханафи ғалымы Абдул-Ғани ән-Нәблууси өзінің
«Идахут-дәлалат фи самағил-әәләәт»
(музыка аспап
-
111
әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-
шуруқ, Египет. 2004 ж.
109
Достарыңызбен бөлісу: |