Дін мен Діл
тарын тыңдауға байланысты дәлелдерді түсіндіру) атты
кітабында
112
.
Ал егер музыка керісінше адам бойындағы мүлгіп
жатқан жақсы сезімдерін жетілдіретін, рухын, миын
тыныштыққа бөлейтін, шаршағанда жүйкелерін дем ал
-
дыратын, ойына көркем пікірлер салатын, ішкі болмысы
-
на жақсы әсер ететін әуен болса, онда неге харам делінсін!
Абайдың:
«Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй»
113
, – дегеніндей, кейбір
әуендер мен әуездер ешбір сөз айтылмаса да адамның ішкі
дүниесіне ағыла құйылып, өзінше бір әлемге жетелеп
терең ойға шомдырады. Мысалы, қазақтың кейбір күйлері
орындалған уақытта көз алдыңа кең байтақ жер мен ондағы
әсемдіктер елес береді. Көктемдегі көңіл-күйді білдіретін,
жауған жаңбырдың тамшыларын елестететін, көңіліңді
дем алдырып, керемет ойға жетелейтін жұмсақ та нәзік
әуендердің бар екені баршаға белгілі. Отанды, бірлікті,
ерлікті уағыздайтын, ата-ананың қасиетіне байланысты,
адам баласын адамгершілік пен имандылыққа баулитын
музыка мен әндерді тыңдау немесе айту неліктен харам
болсын?
Қазіргі таңда кейбір жұмсақ әуендердің кісінің асқа
деген тәбетін оятумен қатар тамақтың жақсы қорытылуы-
на оң әсер ететіндігі анықталып отыр. Сондықтан бүгінде
кейбір мейрамханаларда арнайы жұмсақ әуендер ойнаты
-
луда. Сондай-ақ жұмсақ әуендерді емханалардың
«күту
залында»
үрей мен үміт арасында қиналып отырған ауру
112
әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-
шуруқ, Египет. 2004 ж.
113
Абай Құнанбаев, Қалың елім, қазағым, 194-бет.
«Атамұра»
баспасы, 2002 ж.
110
Дін мен Діл
кісінің туысқандарының жүйкесін жұбатып, қайғысын
жеңілдету үшін де қолдануға болады. Қазір бұл тәсіл
көптеген дамыған емханаларда қолданылуда. Сонымен
қатар экономика саласында да пайдалануға болады. Мы
-
салы, балық аулау, тауықтың жұмыртқалау, сиырдың сүт
беру пайызын жоғарылату үшін де кейбір әуендердің
әсерінің бар екендігі анықталған. Тіпті қазіргі таңда
мұндай арнайы әуендердің көмегімен алынған өнімдер
«музыка сүті», «музыка жұмыртқасы»
деген атпен ата
-
лады.
«Музыка мен интеллектуалдық дамуды ағзаның
гормонды дамуына қолдануға болады. Музыка қандағы
гормондарды көтеріп не азайтып, стрессті де баса алады.
Мәселен, гостроэнтероскоптық ческ зерттеуін жүргізу
науқастарда алаңдаушылық пен сенімсіздік тудырған.
Стресс жағдайын клиникалық анализдер де анықтаған.
Бұл науқастарға баяу музыка тыңдатылғанда, қандағы
кортизол құрамы азайған, үрей сейілген. Музыкалық
терапия жасалмаған келесі бір бақылау тобында
керісінше жағдай байқалған. Бұндай тәжірибе операция
алдында жасалған. Екі топқа да ертесі күні операцияға
түсетіндіктері ескертілген. Ескертпеден кейін тәжірибе
тобындағылар бір сағаттай уақыт музыка тыңдағанда,
қандарындағы кортизол деңгейі 50 пайызға көтерілген.
Бір сағаттан кейін бақылау тобындағы көрсеткіш өте
жоғарғы деңгейде қалып қойған, ал музыка тыңдаған
кісілердің қандарындағы кортизол көрсеткіші нормаға
дейін түскен. Бұл музыканың стрессті басатындығын
әрі оны науқастарды емдеуде қолдануға болатындығын
көрсетуде»
114
.
114
Құдайберді Бағашар, Әдемі әуеннің әсері,
«Аңсар»
журналы,
9-10 бет, № 10, 2007 ж.
111
Достарыңызбен бөлісу: |