Дениеті мен білімін



жүктеу 5,28 Mb.
Pdf просмотр
бет40/209
Дата09.10.2023
өлшемі5,28 Mb.
#43715
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   209
Дін мен діл

Дін мен Діл
Ханбали мәзһабының үлкен ғалымы Ибн Құдама: 
«Әбу Абдиллаһтың (Ахмад ибн Ханбал) таңдаған 
көзқарасы бойынша тарауих намазы – жиырма рәкат. 
Бұл көзқарасты Сәури, Әбу Ханифа, Шафиғи да 
ұстанады» 
деп, Ханбали мәзһабында да тарауихтың жи
-
ырма рәкат екенін білдірген. 
Иә, тарауих намазының рәкат саны төрт мәзһаб 
бойынша да жиырма рәкат екені және мұсылман 
үмбетінің мұны іс жүзінде орындағанын байқадық. 
Тарауихтың жиырма рәкат болуының дәлелдері мынан
-
дай: Пайғамбарымыздың (с.а.у) аузынан тарауихтың 
рәкат санының жиырма екенін яки сегіз екенін білдірген 
ешбір сахих хадис жоқ. Ендеше, бұл жерде сахабалардың 
іс жүзінде тарауих намазын қалай оқығандығы негізгі 
дәлел болуға тиіс. Олай дейтініміз, барша сахабалардың 
іс жүзінде тарауихтың рәкат мөлшеріне байланысты 
белгілі бір санды таңдауы – кездейсоқтық, яки бидғат 
емес, керісінше, олардың бұл мәселеге байланысты 
Пайғамбарымыздың (с.а.у) берген қандай да бір үкімін 
біліп шығарған тұжырымдары. Яғни, олар белгілі бір сан
-
ды ойдан шығаруы мүмкін емес. Тарауих намазы Омардың 
(р.а.) заманынан бастап, жамағатпен жиырма рәкат етіп 
оқытыла бастаған. Язид ибн Руман: 
«Омардың (р.а.) за
-
манында мұсылмандар тарауихты (үтірді қосқанда) жи
-
ырма үш рәкат етіп оқитын»
деген. Абдур-Рахман ибну 
Абдил-Қари: «Омармен бірге рамазанның бір түнінде 
мешітке бардым. Әркім жеке-жеке әр жерде намаз оқуда. 
Адамдар шашыраңқы. Жеке намаз оқып жатқанның ар
-
тына келіп басқа бір топ адамдар ұйып жатыр. Мұны 
көріп, Омар (р.а.): 
«Адамдардың бәрін бір қаридың арты
-
на жинаған дұрыс-ау»
, – деді де, Убәй ибн Кәғбті имам 
етіп, жамағатты оның артына ұйытты. Сосын басқа бір 
түні мешітке Омармен (р.а.) бірге бардым. Адамдардың 


58
Дін мен Діл
бәрі бір қариға ұйып тұр. Мұны көрген Омар (р.а.): 
«Бұл 
қандай жақсы бидғат,» – деді»
37
дегенін жеткізді. 
Пайғамбарымыздың (с.а.у) заманында мұсылмандар 
рамазанның әр түнінде жамағат болып, тарауих намазын 
мешітте оқымайтын. Пайғамбарымыз (с.а.у) бастапқы 
кезде бірнеше күн тарауиқ намазын мешітте оқыса да, 
кейіннен мешітте оқымаған әрі тарауих үшін мешітке 
жамағатты жинамаған. Әбу Бәкірдің (р.а.) заманында да 
солай болған. Кейіннен Омар (р.а.) жамағаттың бәрін бір 
имамның артына жинап, тарауих намазын күнде мешітте 
өткізу үрдісін қалыптастырған әрі рәкат санын жиырма 
рәкат еткізген. Омардың (р.а.) бұл ісіне яғни тарауихтың 
күнде мешітте жамағатпен жиырма рәкат ретінде 
оқытылуына ешбір сахабаның қарсы шықпағандығы, 
олардың бұл мәселеге байланысты пайғамбарымыздың 
берген қандай да бір үкімін білгендіктерінде. Омардың 
(р.а.) қолға алған ісіне қолдау көрсетуі сахабалардың 
ислам заңдарының негізі бойынша «ижмағ» бо
-
лып есептеледі. Ал ижмағ Құран, Сүннет секілді 
шариғатымыздың негізгі дәлелдеріне жатады. 
Бұған қоса, Ибн Аббастан пайғамбарымыздың 
(с.а.у) Рамазан айында жиырма рәкат тарауих намазы 
мен үтірді оқығандығы риуаят етілген. Тарауихтың рәкат 
санына байланысты келген бұл риуаят әлсіз болғанымен 
сахабалардың фиғли ижмағымен (барлық сахабалардың 
тарауихты іс жүзінде жиырма рәкат оқуымен болған 
ижмағ) қуаттанып отыр. Айша анамыздың 

жүктеу 5,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   209




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау