Дениеті мен білімін


«Ей, иман  келтіргендер! Намазға тұрарда жүздеріңді және



жүктеу 5,28 Mb.
Pdf просмотр
бет22/209
Дата09.10.2023
өлшемі5,28 Mb.
#43715
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   209
Дін мен діл

«Ей, иман 
келтіргендер! Намазға тұрарда жүздеріңді және 
қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа 
мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды екі тобыққа дейін 
жуыңдар»
17
– делінген аятында дәреттің парыздары 
көрсетілген. Ғұламалар арасында аты аталған ағзаларды 
реті бойынша жуудың парыз немесе парыз еместігіне 
байланысты екі түрлі пікір бар. Ханафилар парыз емес 
дейді. Себебі, аятта қолданылған «және» деген мағынаны 
білдіретін «уау» әрпі белгілі бір ретті білдірмейді. 
Яғни, 
«жүздеріңді және қолдарыңды жуыңдар және 
бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды 
жуыңдар»
делінген аталмыш аяттағы «және» сөзі белгілі 
бір ретті білдірмейді. Мысалы, 
«Мұхаммед және Ахмед 
келді»
десек, олардың қайсысының бұрын келгендігі 
«және» сөзімен білдірілмейді деген уәж айтады. Ал 
шафиғиларда ағзаларды жуу ретін сақтау – парыз. Өйткені 
Алла Тағала аятта қолдарыңды, жүздеріңді жуыңдар де
-
геннен кейін аяқтарыңды жуыңдар деп үш жууды бірге 
қосып айтпай, арасына мәсіх тартуды кіргізген. Егер рет
-
пен жуу парыз болмағанда, әуелі жүздеріңді, қолдарың-
ды, аяқтарыңды жуыңдар, сосын мәсіх тартыңдар деп 
17
«Маида»
сүресі, 6-аят.


35
Дін мен Діл
мәсіх тартуды соңына қалдырар еді дейді. Ханафилар: 
«Үш жуудың ортасына мәсіх тартудың кіруі реттіктің 
парыздығын білдіру үшін емес, керісінше, қол мен жүзге 
бас жақын болғандықтан, аяқтан бұрын басқа мәсіх 
тарту айтылған»
деген қарсы уәж айтады. Бірақ ха
-
нафи мәзһабында ретпен жуу парыз болмағанымен, 
сүннет амалға жатады. Енді, осы мәселеде екі түрлі 
көзқарастың болуы мұсылман үмбеті үшін рақымдылық. 
Мысалы, дәрет алуда ағзалардың рет бойынша жуылуын 
парыз санайтын Шафиғи мәзһабын ұстайтын бір адам 
қоғамдық қол жуғышта аяқ жууды тыйым салатын бір 
мекемеде жүргенде дәретін Ханафи мәзһабы бойынша 
алу арқылы бұл қиыншылықтан шығуына болады. Яғни, 
Ханафи мәзһабында ағзаларды реті бойынша жуу парыз 
болмағандықтан, ең әуелі дәретханада аяғын жуып, со
-
сын қоғамдық қол жуғышта қолы мен бетін жуып, басына 
мәсіх тарту арқылы дәретін тәмамдаса болады.

жүктеу 5,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   209




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау