«Біз оларға (пұттарға) тек
бізді Аллаға жақындатулары үшін ғана ғибадат
етеміз»
деп айтатындықтарын дәлел көрсетіп, тәуәссул
де Аллаға жақындау үшін жасалатын болғандықтан,
ол да Аллаға серік қосу болып саналады деуде. Алайда
аятта қолданылған сөздерге үңілсек, оның тәуәссулмен
ешқандай байланысының жоқ екенін аңғарамыз. Аятта
мүшріктердің Аллаға жақындау үшін пұттарға тікелей
табынып, ғибадат ететіндіктері баяндалған. Яғни,
пұттардың ризалығы үшін құрбан шалып, олардың ал
-
дында тағзым ететіндіктері білдірілген. Ал шариғаттағы
рұқсат етілген тәуәссулде салиқалы адамға ешқандай та
-
206
Дін мен Діл
быну да, оған құлшылық ұрып ғибадат жасау да жоқ. Бар
болғаны, оның Алла алдындағы құрметі мен мәртебесін
шапағатшы етіп Ұлы Жаратушыдан қалағаныңды тілеу
ғана. Сондықтан Құрандағы мүшріктерге қаратылып
айтылған аятты бір Жаратушыға иман етіп, көмек пен
жәрдемді тек сол бір Алла Тағаладан күткен мұсылман
жандарға қолдану мүлдем дұрыс емес.
Біз бұл жерде сұрақ қоюшының сауалына жа-
уап ретінде тәуәссулдің дініміздегі орнын түсіндіруге
тырыстық. Әйтпесе, тілек-мінәжаттарымызда тәуәссул
жасау парыз яки, қабыл болуының бірден-бір шар
-
ты демедік. Қалаған адам тәуәссулсіз тікелей тілек,
мінәжатын атқара алады.
Тағы бір ескерте кететін жайт, тәуәссулді Алла
Тағалаға серік қосуға апарар жол ретінде қарайтын
ғалымдар да кездеседі. Әрине, қазіргі таңда осындай
тармақ мәселелерді алға тартып, тәуәссулді мойында
-
майтын адамдар мен оны қабылдайтын адамдардың
бір-біріне ала көзбен қарап, қызыл кеңірдек болуы әсте
дұрыс емес. Тәуассулді тармақ мәселеге жатқызып от
-
ырмыз. Себебі тәуассул ақида мәселесіне емес, дұға
жасаудың бір түрі болғандықтан, фиқһ мәселесіне жата
-
ды. Себебі, бұл жерде сұралатын нәрсе Алла Тағаладан
тікелей сұралып тұрғандықтан тәуассул сенім мәселесіне
кірмейді. Тіпті, бұл жайлы салиқалы кісінің құрметімен
тәуассул жасауды қабылдамайтын Насурддин Әлбани де
«Тахауи»
ақидасының кіріспе сөзінде тәуассулдің ақида
мәселесіне жатпайтындығын, оның тікелей фиқһ мәселесі
екендігін айтқан. Ал Мұхаммед ибн Абдулуәһһаб болса,
өзінің пәтуалар жинағының 68-69 беттерінде (Мәжмуғату
фатауа) тәуассул жайлы сөз қозғап, оның ақида мәселесі
емес, фиқһ мәселесі екенін әрі ғұламалар арасында
үлкен тартысқа ие тақырып екенін айтады. Әрі тәуассул
жасаудың көпшілік ғұламалар бойынша харам емес,
207
Достарыңызбен бөлісу: |