Дін мен Діл
«жоқ»
деген сөзінің қатаң тыйымды білдірмейтіндігін
ескере отырып, иіліп сәлем беруге
«ширк»
яки
«харам»
деп емес,
«мәкрүһ»
деп қана үкім берген.
Жалпы, құрмет ниетімен иілудің Аллаға серік қосу
яки харам емес екендігін сахих хадистермен дәлелдеуге
де болады. Мәселен, Исламда тақуа яки сыйлы, қарт
кісіге құрмет көрсету ниетімен қолын сүюге рұқсат бар.
Сахабалардың пайғамбарымыздың, тіпті бір-бірінің
қолдарын сүйгендіктері жайлы көптеген сахих хадис-
тер бар. Бұл жайлы
«Тақуа яки, сыйлы қария кісілердің
қолын сүю арқылы оларға құрмет көрсетуге бола ма?»
деген сауалға берген жауабымызда Имам әл-Бухаридің
«Әл-адабул-мүфрад»
атты кітабында берген хадистерін
келтіргенбіз.
Қол сүйетін адамның кісі алдында бел бүгіп,
иілетіндігі сөзсіз. Ал мұндай иілуге ешбір ислам
ғұламасы
«ширк»
яки
«харам»
демеген. Егер жалпы иілу
харам болғанда қол сүю арқылы құрмет көрсету де ха
-
рам болар еді.
Мысыр елінің бұрынғы мүфтиі Атия Сақрдың
«Са
-
хынада өнер адамы тыңдаушылардың қошеметіне алғыс
ретінде иілуіне бола ма?»
деген сұраққа 1997 жылғы
май айында берген пәтуасынан үзінді келтіре кетейік:
«...Кейде үкімдер ниетке қарай бағаланады. Сондықтан
халыққа деген алғысын білдіріп, кішіпейілділік ниетімен
иіліп сәлем берудің еш оқасы жоқ. Бірақ қатты иілмеген
де жөн...».
Иә, Мысыр елінің бұрынғы мүфтиі Атия Сақрдың
жоғарыда келтірген пәтуасын негізге ала отырып,
келіндердің үлкендерге инабаттылық әрі құрмет көрсету
мақсатында иіліп сәлем берулерінің еш ағаттығы жоқ де
-
ген үкімді анықтауға болады. Бірақ намаздағы (ерлердің
жасайтын) рүкүғ деңгейінде болмағаны абзал. Ал егер
187
Дін мен Діл
«сәлем салу»
ғибадат ету, табыну мақсатында болса, онда
харам әрі ширк екендігінде шүбә жоқ.
Сөз түйіні, құрмет ниетімен сәлем салу исламда
харам яки Алла Тағалаға серік қосуға жатпайды. Бұл
– қазақтың әдет-ғұрпы. Діни міндет те емес. Қазақ
келіндерінің ешбірі табыну мақсатында сәлем салмайты
-
ны баршаға мәлім. Ендеше, ғасырлардан бері ислам дінін
жетік білген ғұламалардың көз алдында жалғасын тауып
келе жатқан бұл әдетті ширкке балап, елдің шырқын
бұзу – әсте дұрыс емес.
Тағы бір қаперге алатын жайт, келіннің ата-енесі мен
сол әулеттің үлкендеріне құрмет көрсетіп, ізет білдіруі –
тек қана сәлем салумен өлшенбейді. Оның жеке басының
имандылығы мен бойындағы басқа да адамгершілік
қасиеттерін басты назарда ұстаған жөн.
189
Достарыңызбен бөлісу: |