Дәлелдеу — қылмыстық істі шешу үшін маңызы бар барлық фактілерді, жағдайларды, қылмыстыңжасалғандығын немесе жасалмағандығын, белгілі бір адамның қылмыс жасаудан кінәлілігін немесе кінәсіздігін және қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін белгілейтін барлық өзге де жағдайларды дәлелдемелердің көмегімен анықтау.
Іс бойынша мәні бір фактілер мен мән-жайларды табудың, бекітудің, зерттеудің және анықтаудың нақты әдістерінен көрінетінтанымның жеке әдістері өзінің мынадай түрлерімен ерекшеленеді:
а) негізінен танылуы қажет тақырыптың сыртқы белгілерін анықтауға есептелген бақылау мен сипаттаудың тәжірибелік әдістері;
б) суретке түсіру, киноға түсіру, видео жазба арқылы арнайы химиялық технологиялық құралдарды пайдалануға байланысты жасалған қылмыстық әрекеттің материалдық белгілерін және сыртқы жай-күйін табу мен тіркеудің ғылыми-техникалық әдістері;
в) зерттеу объектісінің сандық сипатын алу үшін арнайы құрылғылардың көмегімен немесе оларды қолданбастан өлшеу мен есептеудің математикалық әдістері;
г) іс бойынша дәлелдеу материалдарының сапасы мен маңызын анықтау үшін колданылатын акпаратты (талдау, жинактау,тендестіру) өндеудің логикалық әдістері;
д) сот-медициналық кибернетикалық, графикалық, психологиялық және өзге де ғылыми құралдар көмегімен жүзеге асырылатын модельдеудің, өндеудің және қайта құрудың әдістері;
е) белгілі бір материалдық объектілердің және олардың бейнеленуінің ұқсастығы туралы мәселені шешу үшін жүргізілетін криминалистік тендестіру әдістері;
ж) қылмыстық істің белгілі бір мән-жайының деректерін тәжірибе жолымен алуға мүмкіндік беретін экспериментальдық әдістер.
Дәлелдеу субъектілері
— іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын мемлекетгік органдар мен лауазымды адамдар.
— өзінің немесе өзіне жүктелген құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылар.
— қылмыстық процеске қатысушы басқа адамдар.
ҚІЖК-нің 125-бабында дәлелдемелерді жинаудың амалдары және кімдер оны жүзеге асыра алатындығы көрсетілген. Осы бапқа сүйене отырып дәлелдемелерді жинаудың мынадай амалдары мен жолдары болатындығын айта аламыз:
1.Дәлелдемелерді жинаудың басты амалы тергеу және сот іс-әрекеттерін жүргізу болып табылады. Тергеуші және анықтаушы қылмысты ашу үшін заңмен көзделген тергеу әрекеттерін қолдана отырып, сол арқылы дәлелдемелер жинауды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер негізінен сотқа дейінгі өндіріс кезінде жиналады. Ал, сот алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу кезінде жиналған істің материалдары мен дәлелдемелердің негізінде үкім шығарады. Дегенмен, сотта істі қарау кезінде де дәлелдемелерді жинау мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
Мәселен, тараптардың жаңа куәларды шақыру немесе заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алдыру туралы өтініштеріне байланысты сотта қосымша дәлелдемелер жинау мүмкін болады.
2.Тергеу әрекеттерінен басқа да процессуальдық амалдарды қолдану. Ол амалдарға қылмыстық іс жүргізу органдарының ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, жедел-іздестіру қызметін атқаратын органдардан, сондай-ақ азаматтардан іс үшін маңызы бар құжаттарды немесе заттарды табыс етуді талап етуі жатады.
3.Қорғаушының өз өкілеттігінің шеңберінде қылмыстық іске маңызы бар мәліметтерді жинауы және дәлелдемелер тапсыруы. Бұл жөнінде ҚІЖК 125-бабының 3-бөлігінде былай деп көрсетілген: қорғаушы заң көмегін көрсету үшін қажетті дәлелдемелер тапсыруға және мәліметтер жинауға, адамдардың өз келісімдерімен білетіндерін сұрауға, ұйымдардан анықтамалар, мінездемелер және өзге құжаттарды сұратып алуға, қорғауындағы адамның келісімімен арнаулы білімі бір адамның пікірін сұратуға құқылы. 4.Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, жеке айыптаушының, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдардың дәлелдеме ретінде маңызы бар мәліметтерді (ауызша да, жазбаша да), заттарды және құжаттарды қылмыстық іс жүргізу органына өз еріктерімен тапсырулары.
ҚІЖК 125-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, дәлелдемелерді жинау оларды табу, бекіту және алуды қамтиды. Дегенмен, біздің пікірімізше, «жинау» деген сөздің өзі дәлелдемелердің алынатындығын білдіреді. Дәлелдемелерді табу бұрын айтылған тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы мүмкін болады. Мәселен, оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыстың іздері және басқа да заттай дәлелдемелер табылады. Куәдан, жәбірленушіден, сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу арқылы қылмыстық істін мән-жайларын көрсететін фактілі деректер анықталады.
Дәлелдемелердi зерттеу
Iс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективтi зерттеуге жатады. Зерттеу алынған дәлелдемелердi талдауды, оны басқа да дәлелдемелермен салыстыруды, қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелердi алу көздерiн тексерудi қамтиды.
Дәлелдемелердi бекiту
Iс жүзiндегi деректер олар iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiлгеннен кейiн ғана дәлелдеме ретiнде пайдаланыла алады. Анықтау және алдын ала тергеу барысында хаттамаларды жүргiзу жауаптылығы тиiсiнше анықтаушы мен тергеушiге, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысына жүктеледi. Тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға, сондай-ақ тараптарға сот талқылауында бұл iсәрекеттердiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлген хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгiзу, осы iс-әрекеттердi жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары жөнiнде ескертулер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың назарын iс үшiн маңызы болуы мүмкiн мән-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Хаттамаға тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға олардың құқықтары түсiндiрiлгенi туралы белгi қойылады. Ауызша айтылған толықтырулар, түзетулер, ескертулер, қарсылық бiлдiрулер, өтiнiштер және шағымдар хаттамаға енгiзiледi, ал жазбаша нысанда жазылғандары хаттамаға қоса берiледi. Сызылып тасталған немесе көшiрiлiп алынған сөздер немесе басқа түзетулер туралы хаттаманың соңына қол қою алдында ескерту жасалады. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың әр бетiндегi мәтiннiң соңғы жолының астына және оның соңына өзiнiң қолын қояды. Сот отырысы хаттамасының бөлiгiмен танысу кезiнде әр беттiң аяғына және осы бөлiктiң соңына қол қойылады. Анықтаушы, тергеушi немесе сот ескертулермен немесе қарсылық бiлдiрулермен келiспеген жағдайда ол туралы қаулы шығарады. Заңдарда көзделген жағдайларда процеске қатысушылардың бiреуi немесе басқа да адамдар тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы немесе тергеушi өзiнiң қолымен куәландыратын хаттамаға ол туралы белгi соғады. Сот отырысының хаттамасында жазылған соттың iс-әрекетi туралы жазбаларға заңда көзделген жағдайларда қол қоюдан бас тартылса, ол хаттамада сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы өз қолдарымен куәландыратын белгi соғылады. Хаттамаға қол қоюдан бас тартқан адам бас тартуының себебiн түсiндiруге құқылы және бұл түсiндiру хаттамаға енгiзiлуi тиiс. Егер iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысушы өзiнiң дене кемшiлiгiнiң салдарынан хаттаманы өзi оқи алмаса немесе оған қол қоя алмаса, онда оның келiсiмiмен оның қорғаушысы, өкiлi немесе ол адам сенетiн басқа азамат хаттаманы дауыстап оқиды және оған қол қояды, ол туралы хаттамада белгi қойылады.
Дәлелдемелердi бекiту үшiн хаттамалар жасаумен қатар дыбыс жазу, бейнежазба, киноға түсiрiп алу, фотоға түсiру, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер дайындау және ақпаратты бейнелеудiң басқа да әдiстерi қолданылуы мүмкiн.
Тергеу iс-әрекетiне немесе соттың талқылауына қатысушының дәлелдемелердi бекiтудiң көрсетiлген әдiстерiн қолданғандығы туралы тиiсiнше тергеу iс әрекетi хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамасы келтiрiле отырып белгi соғылады. Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң барысы мен нәтижелерiн басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса берiледi. Әрбiр қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң атауы, орны, күнi көрсетiлген түсiндiрме жазба болуға тиiс. Бұл жазбаны iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтаушы немесе тергеушi және қажет болған жағдайларда, куәгерлер, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысы өз қолдарымен куәландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |