Сөзжұмбақты шеш:
1. ручка
2. окно
3. дверь
4. доска
5. тетрадь
6. класс
ІІІ. Ойын сабақ
«Мектеп» мәтінін әңгімеле.
«Артық сөзді тап» ойыны.
«Адасқан әріптер » ойыны. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар.
Р, О, Б (бор)
П, А, Т, І, К (кітап)
М, А, Л, А, Қ (қалам)
Р, Е, Т, П, Ә, Д (дәптер)
Ш, Ы, Ғ, З, Ы, С (сызғыш)
Ш, І, Г, Р, І, Ш, Ө (өшіргіш)
Жұмбақты шеш.
Үндемес серік,
Ақылы берік. (кітап)
Ауызы біреу, тілі екеу, жаны жоқ,
Сөйлейтұғын сөздерінің саны жоқ. (қалам)
Мақалды оқы.
Оқу- білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
«Түсіп қалған әріпті тап» ойыны.
О..ушы, д..птер, та..та, сыз..ыш, сын..п, қал..м, к..тап, өшірг..ш.
Серігіту сәті.
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық.
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып қалайық.
Сабақты қорытындылау.
Сабақта қандай өткен сөздерді қайталадық?
Қандай оқу құралдарын білесіңдер?
Ү/т Оқу, білім туралы мақал жаттау.
Шығармашылық есеп
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың
ойлау қабілеттерін және сөйлеу тілін
дамыту, жазу сауаттылығын арттыру,
білім сапасын жоғарлату.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Әбілбекова Гүлназ Халелқызы.
Қарағанды – 2012 жыл.
Іс – тәжірибемнің тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың ойлау қабілеттерін және сөйлеу тілін дамыту, жазу сауаттылығын арттыру, білім сапасын жоғарлату.
Педагогикалық ұстанымым:
Қазіргі жаңа технологияның әдіс-тәсілдері арқылы оқушыларға тілді үйрету;
Өздігінен жұмыс жасау қабілетін дамыту;
Оқытуды оқушы мен мұғалімнің бірлескен шығармашылық жұмысына айналдыру;
Қазақ тілінде еркін сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға, оқығанын, естігенін мазмұндай білуге үйретуге жағдай жасау.
Өздік әдістемелік жұмыстарым: сауат ашуға арналған дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар. Бұл тапсырмаларды2011-2012 оқу жылдарында бекіту сабақтарында қолдандым.
Белсенді оқытудың әдістемелері мен түрлері: Өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде оқутыда сабақта диалог, сөздік ойын түрлерін, тест сауалдарын, грамматикалық диктанттар жүргіземін. Әсіресе, сабақтарда жаңа сөздерді есте сақтауда, ол сөздердің синонимін, антоимін, омонимін тапқызып, сөз тіркестерін, сөйлем құратамын. Сонымен қатар, мақал-мәтелдерді жалғастыру, нақыл сөздердің мағынасын жалғастыру тәрізді тапсырмалар орындатамын. Бұл тапсырмалар менің ойымша –баланы логикалық ойлауға бағыттайды, сауатты сөйлеуін қалыптастырды.
Бастауыш сыныптарында мұндай тапсырмалардың түрлерін ойын түрінде қызықты өткізуге тырысамын.
Мысалы: «Кім жылдам ойыны», «Артық сөзді тап», «Адасқан әріптер» сияқты ойындар. Әр сабақты көрнекі құрал арқылы өткіземін, себебі көрнекі құрал арқылы түсіндірілген сабақ оқушының жадына ұзақ және берік сақталады. Әр сабақта күнтізбе жоспары бойынша тілдік материалдар мен сөйлесім әрекетінің түрлеріне тоқталамын.
Сонымен бірге өз тәжірибемде деңгейлік тапсырмаларды көбінен қолданамын. Деңгейлік тапсырмаларды белгілі бір тақырыпты аяқтаған кезде не бақылау жұмысын жүргізгенде қолдануға тиімді.
Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқутудың тиімділігі ол:
-қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен сапасы артады.
-оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.
Қазақ әдебиеті сабақтарында сабақты тірек сызбалар арқылы түсіндіргенді тиімді деп есептеймін.
Тақпақ, өлең, жұмбақ сияқты ауыз әдебиеті үлгілерінен алынған қысқа үзінділер жатталады.
Сондай-ақ Блум таксаномиясын оқып, әр оқушының білім дәрежесін анықтау диогностикасын қолға алдым және биыл әрі қарай жалғастырамын.
2012 жылы 09.01 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мектепшілік отырысында «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу және жазу қабілеттерін арттыру» тақырыбында баяндама оқыдым.
Баспаға келетін болсақ:
2011 жылы Қарағанды қаласында өткен «Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл» атты облыстық ғылыми – әдістемелік конференциясының мақалалар жинағына «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік тапсырмалар мен тірек сызбаларды қолдану жолдары » тақырыбына баяндамам шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |