Үшінші бөлім С деңгейі.
Тіршілік ұғымына анықтама бер.
Алғаш тіршіліктің қалай пайда болғаны туралы өз көзқарасынды жаз.
И.С Миллер мен Г.Юри өз тәжірибелері арқылы нені дәлелдеді?
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
Қандай ғалым XVII ғасырда биогенез теориясын тәжірибе жүзінде дәледеді:
а) Парацельс; в) Ж.Б.Ламарк; с) Ф.Реди; д) А.Ван Левенгук.
Қандай ғалымдар абиогендік жолмен органикалық заттар синтездеді:
а) С.Миллер, Г.Юри; в)Х.Оро, С.Фокс;
с)Дж.Холдейн, А.И.Опарин; д) Дж.Бернал, С.Миллер.
Коацерваттар дегеніміз не?
а) нуклеин қышқылдарының жиынтығы; в) нәруыздардың жиынтығы;
с) майлардың жиынтығы; д) судағы алғашқы шоғырланған нәруыздар.
Опарин мен Холдейн теориясына байланысты Жердегі тіршіліктің пайда болуының екіншіі сатысы:
а) биополимерлердің түзілуі в) мембранасы бар структуралардың түзілуі
с) жасуша ядросының түзілуі.
Креационизм жақтаушылар тіршілік:
а) құдай жаратты дейді в) өлі денелерден пайда болды дейді
с) басқа планеталардан әкелінді д) мәңгі.
Екінші бөлім В деңгейі.
В1.А) Алғаш экспериментті түрде аминқышқылдарын синтезген ғалым..... Ә) Тіршіліктің алғышарттары...., ..., .... Б) Жердің алғашқы атмосферасында қандай бейорганикалық қосылыстар көптеп таралды?....
В5.Биогенез теориясына анықтама бер.
Сәйкестікті анықта: (В2)
Теориялар
|
Анықтамалары
|
Панспермия
Этернизм
Витализм
Абиогенез
|
А) Тіршілік мәңгі
Ә) Тіршілік бір «Тіршілік күші» әсерінен пайда болды
Б) Тіршілік өлі денеден пайда болды
В) Тіршілік космостан споралар арқылы келді.
|
(В4 ) Тіршіліктің пайда болу кезеңдерін дұрыс ретімен қой. 1) көпжасушалы аэробтар; 2) прокариоттар, анаэробтар, гетеротрофтар; 3)протобионттар; 4) фотосинтездеуші автотрофтар, прокариоттар; 5) эукариоттар, протистер, аэробтар.
5. Сөйлемдегі жіберілген сөздерді орнына қой. (В6)
А) 1862 жылы .... ...... тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеді.
Ә) Ғаламшарға .... ағысы бір қалыпты түспесе, тіршіліктің пайда болуы мүмкін емес.
Б) Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, органикалық қосылыстардың абиогендік жолмен түзілуін дәлелдеуде ..... жылы орыс ғалымы .... гипотезасының ғылыми мәні зор.
В) 1928 жылы ағылшын биологі ... жер бетінде органикалық қосылыстардың түзілуіне қажетті энергия Күннің .... сәулелері деп қорытынды жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |