Тақырып: Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалар
Дәріс мазмұны:
1.Тірек-кимыл аппараты бұзылыстарының түрлері
2.Тірек –кимыл аппараты бұзылған балаларға сипаттама
Бұл категориядағы негізгі контингент балалар (ДЦП) ауырған балалар. ДЦП-аурулардың толықтай пісіп- жетілмеген, яғни әртүрлі әсер етуші зиянды факторлардың ішкі даму жағдайында және дүниеге келу әрі 1 жасқа дейінгі кезенде пайда болады.Бұл туғаннан және жүре бара пайда болған ауру және тірек қимыл аппаратқа зақым келу балаларда 5-7% кездеседі.Сонда тірек –кимыл аппаратының қызметіне зақым келу сипаты туғаннан және жүре бара пайда болады.Тірек-кимыл аппараты бұзылыстарының түрлері:
жүйке жүйесінің ауруы: ДЦП (детский церебральный паралич) полиомелит.
тірек-қимыл аппаратының туғаннан бұзылу патологиясы:туғаннан жамбастың тоюы омыртқа дамуының кемістігі .(сколиоз) қол-аяқ кемшілігі және дамымауы,саусақ ұштарының кемісті дамуы,ортрогрипоз (туғаннан кемістік).
жүре– бара пайда болған және тірек-кимыл аппаратының зақымдануы: жүлын,мойын,бас ,бойы,қол-аяқ , травмалық соққы полиартрит,қаңқа ауруы (туберкулез сүйек ісігі, остеомиелит) қаңқа ауруының жүйелілігі (хондродистрофия, рахит).
ДЦП–ның болу себебі негізінен қолайсыз факторлар әсерінен болады:
1. Преднаталдық (ішкі даму жағдайында);
2.Наталдық (дүниеге келу сәтінде);
3.Постнаталдық ( дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы кезенде).
Көп жағдайда ДЦП пайда болуы ішкі даму жағдайда мидың зақым алуы және дүниеге келу кезеңінде болады- 30 60-ішке даму дүниеге келу сәтінде, ал 10-туғаннан кейін болуы мүмкін. Ішкі даму жағдайында жұқпалы ауру анасының эндокриндық және жүрек ауруы жүкті болу кезеңіндегі токсикоз, денелік травма, жарақат алу, психикалық травма, жағымсыз эмоция, резус – фактор бойынша сәйкессіздік, антибиотикалық дәрі-препараттар.
Туғаннан кейінгі– нейроинфекция (менингит,энцифалит), бастың ауыр жарақат ауруы.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларда негізгі кемістік –қозғалыс кемшілігі (дамымау,бұзылу немесе қозғалыс қызмет жоғалуы).Мұндай балаларда қимыл-қозғалыс бұзылушылығы олардың психикалық және сойлеу тілінің бұзылуыменқабат келеді ,сондықтанда көпшілігі тек қана емдеу және әлеуметтік көмек қажет етумен бірге ,олар психологиялықпедагогикалық және логопедиялық түзетуді қажет етеді .Тірек-кимылы бұзылған кейбір балалардың танымдық қызметтері бұзылыс ыз келеді,олар арнайы оқыту-тәрбиелеуді қажет етпейді.Бірақта барлық балалар өмір жағдайын қажет етеді, яғни оқыту және біртіндеп еңбек әрекетін қамту.
№ 14 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |